Газ өнеркәсібі жайлы




Презентация қосу
Газ өнеркәсібі

Табиғатта мұнай шыққан жерлерде газ да көп мөлшерде кездесіп
отырады. Адамзатқа ол ертеден белгілі болғанымен, тұрмыста
мұнайға қарағанда едәуір кеш қолданылды. Тарихи мәліметтерге
қарағанда, 615 жылы Жапонияда алғашқы газ скважиналары
бұрғыланған. Шамасы осы кезеңде Үндістан, Парсы елдері мен Баку
Каласы төңірегіндегі елді мекендер газды тұрмыста, көбінесе шырақ
жағу үшін пайдаланса керек.

Алғашқы газ шамдары Лондон, одан кейін Париж, Нью-Йорк, Берлин
қалаларында пайда болып, 1865 жылы Москваға, да жеткен. Бұл
уақытта газды көмір мен тақтатастарды жандырып алатын
болғандықтан, ол кең көлемде қолдану таба қоймады.
Қазіргі уақытта табиғи газ ең арзан, әрі ең қуатты энергетикалық
отын көзі болып табылады. Негізі көміртектерден тұратын табиғи таз,
сонымен бірге өндіріс салалары мен химия кәсіпорындары үшін
бағалы шикізат. Мысалы, мұнай меи газдан синтетикалық каучуктар
алынып, олардан автомобиль дөңгелектері, өндіріске қажетті резина
бұйымдары жасалады, ал «Москвич» жеңіл машинасының
дөңгелегіне 24 кг каучук, қазіргі алып БелАЗ машиналарының
дөңгелегіне 2 т каучук кетеді.
Күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылып жүрген ыстық пен суықка
төзімді, әрі жеңіл, тоттанбайтын, сынбайтын, әрі иілгіш бұйымдар негізі де
мұнай мен газ өнімі — пластмасса. Қазіргі уақытта пластмасса
материалдары самолет, тіпті ракета жасауға да кеңінен пайдаланылуда.
Олардан алынатын синтетикалық талшық-тар әрі төзімді, әрі сәнді капрон,
нейлон, лавсан сияқты материалдар алынуы негізінде тұрмыста
пайдаланылса, синтетикалык заттар өңдіріс пен техникада кеңінен қолдау
табуда. 1976 жылы Батыс Германия фирмаларының бірі синтетикалық
талшықтардан «аренка» аталатын жаңа материал алды. Ол ежелден таныс
болаттан бес есе қатты болып шықты. Мұңдай синтетикалық материалдың
болашағы зор.

Орыстың ұлы оқымыстысы Д. И. Менделеев:...мұнай мен газды жылу үшін
жағу, пешке қып-қызыл ақша жаққанмен бірдей»—деген екен. Жоғарыда
айтылған мұнай газ өнімдерінің

қатарына синтетикалык, әр түрлі кір жуатын ұнтақтар, спирттер,
гербицидтер мен медициналық препараттар, аммиак және күкірт қышқылы,
тағы да басқа алынатын көптеген заттарды қосатын болсақ, онда Д. И.
Менделеев айтқандай, «қып-кызыл ақшаны отқа жағып» отырғанымызды
мойындауға тура келеді.
Әйтсе де, қазіргі уақытта мұнай мен газды жағып энергия мен жылу өндірудің
маңызы ерекше. Энергетика саласында газ негізінен бу қазандары мен
пештерді жағуға, ал мұнай қозғалтқыш отыны ретінде пайдаланылады.
Табиғи газдың басқа энергетикалык отын түрлерінен ерекшелігі:
--- газ жанғаннан кейін басқа отын турлері сияқты түтін, қүйе, күл, болмаса
басқадай .қалдықтар қалмайды;

— газ жанғанда бөлінетін жылу мөлшері өте жоғары, көмірмен салыстырғанда
1,5—2 еседей артық;
— газ өндірісіне жұмсалатын шығын басқа отын түрлерін ендіруге жұмсалатын
шығыннан әлдеқайда аз, күрделі құрылыстың өзіндік құны темен және оны кен
орындарын пайдаланудың алғашқы жылдарының өзінде-ақ қайтарып алуға
болады. Дүние жүзі елдеріндегі энергетикалық отын балансындағы газдың
үлесі 1935 жылы 3% болса, 1950 жылы 9%, ал 1975 жылы 18,5% болды,
Ғылыми болжамдарға қарағанда, 2030 жылы оның үлес салмағы 19%
шамасында болмақ. Жалпы газ өндіру көлемі жылдан жылға артуда. Егер де
1950 жылы 185,7 млрд. м3 газ өндірілсе, 1960 жылы 513 млрд м5, 1970 жылы
1145 млрд. м3, І980 жылы 2,5 трилл. м3 газ өндірілді, ал үстіміздегі ғасырдың
аяғына қарай өндірілген газдың көлемі 3,8 трилл. м3-қа жетіп, одан кейінгі
жылдары біршама төмендейтін болады.
Табиғатта газ түрлері көп, бірақ олардың ең көп тарағаны — метан
газы. Бұл газ көмір шахталарында, кейде шымтезек пайда болған
жерлерде жиі кездеседі. Дегенмен табиғи газдың мол қоры мұнай кен
орындарымен байланысты. Мұнай кендеріндегі мұнай мен газдың
өзара қатынасына байланысты табиғи газ орындары бірнеше топка
бөлінеді. Егер бір тонна мұнайға келетін газ мөлшері бірнеше жүз текше
метрден ,аспаса, онда газ «қосалқы», ал газ мөлшері 1000—20000 м3-
қа жетсе, ол газ конденсатты кен орны деп аталады. Ал 1 т мұнайға
20000 м3-тан астам газ келген жағдайда, ондай

жерлерді таза газ кендері деп
атайды. Міне, осыған қарағанда табиғи газдың ,жер қойнауында
қалыптасқан орындары өте көп. Олардың жалпы қоры да орасан мол.
Өкінішке орай, барлық табиғи газ түрлерінің корын анықтау оңай емес,
кейбір мұнай кен орындарындағы қосалқы газдар есепке де
алынбайды, олар бұрғыланған скважиналардан шығып, тегіннен-тегін
факел болып жанып жатады. Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда,
тек осындай қосалқы газдардың қоры табиғи кендеріндегі газдың 40%
-ін құрайды екен.
Академик Н. В. Мельниковтың пікірі бойынша, егер де өндіру коэффициенті 80% -ке
жеткізілетін болса, онда планетамыздағы табиғи газ қоры 500 млрд, т шартты
отын болады.
Ғылыми деректерге қарағанда, газ қорлары жер бетінде біркелкі орналаспаған (2.5-
кесте), оның геологиялык, қоры шамамен 140 — 170 трилл. м3 және ізденіс
жұмыстары негізінде бұл шама үнемі айқындалып отырады.
Мемлекет, аудан Дүние жүзінде Мемлекет, Дүние жүзінде
нақтылы анық-талған газ аудан нақтылы анық-
қо-рындағы үлесі талған газ қо-
рындағы
үлесі.

АҚШ 27,5 . Орта және 20,6
Канада 4,3 Таяу Шығыс
Латын Америкасы 6,2 елдері
елдері Африка 25,1
мен Кариб теңізі ауданы Қиыр Шығыс 2,3
елдері
ТМД және 14,4
жоспарлы эко-
номикасы бар
елдер
Тәуелсіз Мемлекеттер табиғи газға өте бай.
Ғалымдардың болжамына карағанда, мұнда
шамамен 60 трилл. м3-тан астам газ қоры бар және
оны өндіруді интенсивті турде жүргізуге болады.
Тәуелсіз Мемлекеттерде алғашқы газ құбыры Ұлы
Отан соғысы жылдары іске қосылды. Үзындығы 160
км-ден астам газ құбыры Бугуруслан кенінен
Куйбышев каласына тартылды. Қазіргі уақытта
мыңдаған километрге созылған газ құбырларының
тарам-тарам желі-леріне барлық дерлік ірі өнеркәсіп
орталықтары қосылған. Мысалы, Москва қаласына
газ құбырының төрт тармағы қосылған, соның ішінде
атақты Орта Азия — Орталық құбыры бар.
Өзбекстанның, Түркменстанның және Қазақстанның
бай кен орындарынан Москваға дейін тартылған газ
құбырының ұзындығы 2700 км-ден ақады.
ТМД-да тартылған газ құбырлары кейбір Европа
елдерін де «көгілдір отынмен» қамтамасыз етіп
отыр. Орынбор кен орындарынан тартылған
ұзындығы 3000 км-ден астам газ құбыры көршілес
Шығыс Европа елдерін газбен жабдықтап отыр.
Қазір мұнай мен газ дүние жүзі елдерінің
энергетиқалық отын балансының 75%-ін құрайды, ал
транспорт түрлері толығынан мұнай мен газды
пайдаланып отыр.
ТМД-ның кең байтақ жерінде жыл сайын ондаған ірі
ірі газ кендері ашылып, халық шаруашылығы салала-
рын арзаң газбен қамтамасыз етуге көптеген
мүмкіндіктер туып отыр.
Орта Азия республикалары мен
Қазақстан аса ірі мұнайлы және газды
аудандардың қатарына жатады.
Есептеулерге қарағанда, бұл аймақта
жылына 60— 100 млрд. м3-тан, астам газ
өндіруге болады.
Қ а з а қ с т а н д а Маңғыстау түбегін
зерттеу жұмыстары 1957 жылы басталды.
1961 жылы түбекте бұрғыланған
скважиналардан алғашқы газ
фонтандары атқылап, бұл өнірдің мұнай
мен газ кендеріне бай екендігі белгілі
болды. Атырау, Батыс Қазақстан және
Ақтөбе облыстарының жерлерінен, Орал-
Ембі алқабынан қазірдің өзінде елуден
астам мұнай мен газ кең орындары
ашылып отыр. Мұнай мен газдың
барланған қоры бойынша Каспий өңірі
алдыңғы қатарлы орынға шықты, мұнда
ірі мұнай-газ кешені қалыптасуда, ал Шу
—Іле, Балқаш — Алакөл ойпаттары,,
Қызылорда облысындағы Сексеуіл
ойпаты, Торғай даласы мен Солтүстік
Қазақстан облысынын солтүстік
жазықтары мұнай мен газ кеніне бай
аудандар ретінде бағаланып отыр.
Қазақстандағы газ өнеркәсібі
Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады десе
болады. 1981 жылғы «Қазақ Совет энциклопедиясында» былай делінген:табиғи газдың көптеген
өнеркәсіптік қорының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі мен салыстырма түрдегі төмен
капитал сыйымдылығы қысқа мерзімде республиканың отындық баланс құрылымын газға қарай
өзгертуге мүмкіндік туғызады. Қазақстанда газ өнеркәсібінің даму болашағы зоpзоp. КСРО-да бірегей
халық шаруашылығы кешенін құру Қазақстанның аумағында Бұқар-Орал, Орталық Азия-Орталық және
Бухара-Ташкент-Фрунзе-Алматы ірі магистралдық газ құбырларын салуға себеп болды, олар бойынша
осы уақытқа дейін тұтынушыларға көгілдір отын жеткізілуде. Бірегей газ тасымалдау жүйесі орталықтан
басқарылды, республикада негізгі басқаруды Қазбасгаз жүзеге асырды. Түрікмен мекн өзбек газын
Қазақстан аумағы бойынша солтүстікке жеткізу керек болды. Магистралды газ құбырлары қазақстандық
көмірсутегінің негізгі кен орындары орналасқан Қазақстанның батыс өңірлері бойынша жобаланып,
өткізілгендігін атап өткен жөн. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге газ тасымалдау жүйесінің
магистралдық жүйесін басқарумен «Қазақгаз» отандық мемлекеттік құрылымы айналысты . Алайда
тиімді шаруашылық ету жедел жұмыс жасау және желілерді жарамды күйінде ұстау үшін ғана емес,
оларды дамыту үшін де күрделі салымдарды талап етті. «Қазақгаз» қалыптасқан жағдайға байланысты
осы проблемаларды шеше алмады да үкімет деңгейінде шетелдік инвесторларды тарту туралы шешім
қабылданды. 1997 жылдың жазында бельгиялық «Трактебель С.А.» компаниясы мен Қазақстан
Республикасы Ішкі және халықаралық газ тасымалдау жүйелері концессиясы шартын жасасты. Шартта
бастапқы мерзім — барлық талаптар сақталған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен 15 жыл көзделді.
Жүйенің айтарлықтай бөлігі — 10 магистралдық газ құбыры, газ қотару қондырғыларымен 21
компрессорлық станциясы мен үш жер астындағы газ қоймасы концессияға түсті.
• Үстіміздегі жылдың 10-11 қарашасында Астанада “ҚазМұнайГаз” ұлттық
компаниясының еншілес компаниясы болып табылатын “ҚазТрансГаз”
акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен “Магистралды газ құбырларын
пайдалану: жетістіктер мен перспективалар” деген тақырыпта ғылыми-
практикалық конференция болып өтті.

• Жалпы отырыс барысында Қазақстан Республикасында газ тасымалдау
жүйесін дамытудың келешегі, компаниядағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік
техникасы мәселелері жан-жақты әңгіме арқауына айналды.

• Конференцияға қатысушылар газ айдайтын агрегаттарды және магистралды
газ құбырларының желілік бөліктерін пайдалану, газ тасымалдау жүйесі
нысандарын энергиямен қамтамасыз ету, газды жер астында сақтау және
табиғи газды қорландыру тәсілдерінің тиімділігі, магистралды газ
құбырларының желілік бөліктерін диагностикалау тәсілдері және техникалық
жағдайға мониторинг жүргізу тәрізді көптеген көкейкесті тақырыптарды
кеңінен талқылады.
Магистралды газ құбырларының техникалық-
экономикалық көрсеткіштерін қайта қалпына
келтіріп, оның сенімділігі мен тиімділігін
арттыру үшін “Интергаз Орталық Азия” АҚ
құбырлардың түрлі нысандары мен
жабдықтарын жөндеу және модернизациялау
жөнінен іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Атап айтқанда, 2001 жылдан 2005 жылға
дейінгі кезеңде 330 шақырым газ құбыры
салынған және жөнделген, оның ішінде 131
шақырым құбыр алмастырылып, сыртқы
қорғаныш қабаттарына жөндеу жүргізілген.
Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 175
шақырым болатын жаңа газ құбыры тартылған.
Ақтөбе облысының үш селосына
магистралды газ құбыры тартылды

• Алға ауданы Алға қаласының маңында ұзындығы 62 шақырым болатын
«Жаңажол-Ақтөбе» газ құбыры пайдалануға тапсырылды. Ол аймақтың елді
мекендерін «Бұқара-Орал» магистралды газ құбырымен жалғады.

• Онымен газ Алға ауданының Тамды, Павловка және Тоқпансай селоларына
жеткізіледі. Бұл аймақта 5,5 мыңнан астам адам тұрады.

• «Осы арқылы аймақты газдандырудың 2006-2010-шы жылдарға арналған
аймақтық бағдарламасының тағы бір тармағы орындалды», - деп Ақтөбе
облысының әкім орынбасары Қалижан Әбдраимов мәлім етті.

• Газ құбырының құрылысы мен үш ауылды газдандыруға республикалық
бюджеттен Т1 млрд 13,6 млн теңге бөлініп, ол қаражат толығымен игерілді.

• Бүгінге Ақтөбе облысының территориясында 62 ауылға газ тартылған. Ол елді
мекендерде 465 мың адам тұрады.
Қазақтсан қазіргі кезде және болашақта алғашқы энергетикалық
қормен өзін-өзі қамдап сыртқа сатуға шығара алатын елдердің
қатарына жатады, ондай елдер дүние жүзінде көп емес. Жердің
құрғақ аумағының 1,8% алып жатқан біздің Республикада
дүниежүзілік отын қорының 0,5%-тейі шоғырланған, ол 30 млрд.
т. ш. о. құрайды. Одан көмір үлесіне 80%, мұнай мен газ шығына
13%, табиғи және ілеспе газға 7% келеді.
Республиканың отын-энергетикалық кешенінің мүмкіншілігі әлі
жеткілікті толық пайдаланылмай отыр. Мысалы, 1993 жылы
өзіндік өндіру арқылы Қазақстан электр энергиямен 90%,
мазутпен 87%, бензинмен 86%, дизельдік отынмен 74%, табиғи
газбен 42%қана қамданды. Бұл жағдай бұрынғы ССРО-ғы
Республика халық шаруашылығын сол Республика мүддесімен
санаспай бір орталықтан жоспарлаудың салдары.
Отын – энергетикалық қорлар Қазақстан жерінде орналасуы біркелкі емес:
көмірдің негізгі қорлары Қазақстанның Солтүстік және Орталық бөлігінде
шоғырланған, Батыс алқап мұнай мен газдың айтарлықтай қорына ие,
Оңтүстік Қазақстанда өте ірі төменгі Іле қоңыр көмір кені мен бірнеше ұсақ
газ және көмір кендерібар.
Негізгі суэнергетикалық қорлар Шығыс және Оңтүстік Шығыс Қазақстанда
шоғырланған. Зерттелуі және өнеркәсіптік пайдалануға дайындығы бойынша
теңестік отын – энергетикалық қорларын мына категорияларға бөледі:
А – барланған және өндіруге дайындалған (өнеркәсіптік өндірілетін);
В - өнеркәсіптік өндіруге дайындалған (геологиялық негізделген, салыстырмалы
барланған және шекарасы белгіленген, алдын ала өндірілген);
С1 – геологиялық зерттеулер негізінде анықталған (бұрғылап барланған);
С2 – геологиялық болжау негізінде анықталған
Үш категорияның А+В+С, қосындысы кенның өнеркәсіптік қоры болады, ол
отын – энергетикалық кешеннің дамуын болжағанда есепке алынады.
Қорыта айтканда, болашақта Казақстан энергетикалық отын қорларын өндіру
жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатардан орын алары сөзсіз. Қазақтсан қазіргі
кезде және болашақта алғашқы энергетикалық қормен өзін-өзі қамдап сыртқа
сатуға шығара алатын елдердің қатарына жатады, ондай елдер дүние жүзінде көп
емес. Жердің құрғақ аумағының 1,8% алып жатқан біздің Республикада
дүниежүзілік отын қорының 0,5%-тейі шоғырланған, ол 30 млрд. т. ш. о. құрайды.
Одан көмір үлесіне 80%, жолай газ шығына 13%, табиғи және ілеспе жолай газға
7% келеді.
Республиканың отын-энергетикалық кешенінің мүмкіншілігі әлі жеткілікті толық
пайдаланылмай отыр. Мысалы, 1993 жылы өзіндік өндіру арқылы Қазақстан электр
энергиямен 90%, мазутпен 87%, бензинмен 86%, дизельдік отынмен 74%, табиғи
жолай газбен 42%қана қамданды. Бұл жағдай бұрынғы ССРО-ғы Республика халық
шаруашылығын сол Республика мүддесімен санаспай бір орталықтан
жоспарлаудың салдары.
Отын – энергетикалық қорлар Қазақстан жерінде орналасуы біркелкі емес: көмірдің
негізгі қорлары Қазақстанның Солтүстік және Орталық бөлігінде шоғырланған,
Батыс алқап жолай газдың айтарлықтай қорына ие, Оңтүстік Қазақстанда өте ірі
төменгі Іле қоңыр көмір кені мен бірнеше ұсақ жолай газ және көмір кендерібар.

Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Американың халқы, елдері. АҚШ
Қарағанды көмір бассейні жалпы қоры
Отын-энергетика кешені. Отын өнеркәсібі. Электр энергетикасы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Электр қуаты
Мұнай ЖЭС құбырлары және газ құбырлары
Мұнай және газ өнеркәсібі
Мұнай өнеркәсібі
Газ өңдеу өнеркәсібі
Газды жер асты сақтау
Пәндер