АТАМЕКЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ


Slide 1

«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚҰРСАБАЕВ

МҰХАМЕДРАХИМ ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ

1985 жыл

Slide 2

«Атамекен»

бағдарламасы- әр халықтың сан ғасырлар бойы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде қалыптасқан озық тәжірибелерге негізделген-адамгершілік, парасаттылық ћәм жалпыадамзаттық құндылықтарды бүгінгі жас өркеннің сана-сезіміне тәлім-тәрбиелік әдістер мен технологиялар арқылы жүзеге асыруға бағытталған ғылыми-тәлімнамалық тұжырымдама

Slide 3

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР МЕН МАҚСАТТАР

Өз Отаны мен туған жеріне пайда келтіретін, Елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын, білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, өз мемлекетінің Рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, басқа заңдары мен халықтар достығын құрметтейтін, өз халқының тарихы мен мәдениетін, тілін дінін, ділін, салт-дәстүрлерін қастерлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу ісіне ғылыми-әдістемелік тұтқа болу. Қазақстан Үкіметінің білім мен тәрбие саласындағы күрделі іс-шараларына ұйытқы болу, қолдау көрсету.

Slide 4

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР

Slide 5

САЛТ-ДӘСТҮР

Халық тұрмысындағы бесікке салу, тұсау кесу, құдаласу дәстүрлері. Тоқым қағар һәм бата-тілек. Сәлем салты һәм көшпенділер этикасы. Қаза салты. Қоғам һәм отбасы ғұрыптары. Халықтық һәм діни мейрам-жоралар. Жаңа заман дәстүрлері.

«Ата Салты» іс-шарасы.

Slide 6

ШАҺАР

Көне шығыс һәм Орта Азия құрлықтарында орналасқан көне қалалар. Шаһарлар архитектурасы, құрылысы әлеуметтік маңызы. Көне тұрғындардың географиялық орны және топономикасы. Қала-шаһарлардың топономикалық атаулары. Мемлекеттер Астаналары һәм саяси жағдайлары.

«Астана» ойын-сайысы.

Slide 7

ЖІБЕК ЖОЛЫ

Жер планетасының шығысы һәм батысының дәнекері-Ұлы Жібек жолының мыңғасырлық тарихнамасы. Ежелгі сауда-керуен жолдары һәм тарихы маңызы бар жер-су атаулары. Этнотопономикалық шығыс картографиясы. Қиелі жерлер мен ата-бабалар жұрттарына этножорық. Халықаралық “Атажұрт” керуені.

Slide 8

СӨНБЕС ЖҰЛДЫЗДАР

Ұлы Дала төсіндегі адамзат өркениетінде айырықша із қалдырған алып тұлғалардың ғұмырнамалары. Шығыс ғұламалары һәм данышпан-абыздары. Баһадүрлер, Қағандар һәм жыраулар дәстүрлері. Қазақ батырлары һәм шешендері. Өнер, мемлекет, қоғам, ғылым һәм білім қайраткерлері.

“Сөнбес жұлдыздар” атты ойын-сайыс.

Slide 9

ТОЛҒАУ

Далалық ауызша тарихнама.

Ел арасындағы данышпандық, жыраулық һәм салгерлік дәстүр. Ел ауызынан. Қазақ халқының айтыс өнері. Ұлттық қисыннама, тұспалдау һәм зерделеу. Жоқтау һәм зарнама. Батырлар жыры.

Этнофольклористика һәм елтану.

“Қорқыт-нама” іс-жарасы.

Slide 10

АСЫЛ МҰРА

Ұлттыќ болмысыздың жұмбаќ дүниесімен ұштасќан этнокөріністер: мазар, мүрде, зират, ќұлыптас, таңбалы тастар. Көне обалар мен мүсіндер ќұпиясы. Тас таңбалар мен жазулар.

«Ќозы Баян» этножорығы.

Slide 11

ДОМБЫРА - ДАСТАН

Жаратылыстың биотикалыќ ћәм абиотикалыќ ќұдыретін жалғастырушы дәнекер киелі домбыра ћәм ќобыз ћаќындағы этномузыкалыќ аспаптар тарихнамасы. Ән мен күйдіү ќұпия әсем дыбысы. Саз бен әуен өлшемі ћәм таралу жиіліктерінің ареалы.

Ќазаќ күйініњ әфсанналары. Әлем этностарының музыкалыќ мұралары.

«Тәңір күбірі» этномузыкалыќ саз кеші.

Slide 12

НАУРЫЗ

Жаратылыстану тарихнамасында ерекше орны бар шығыс халыќтарының жања жылды тойлау мерекесі. Күн мен түннің теңелу өрісіндегі Наурыз рәсімі. Табиғи өліара фәлсафасы. Тасаттыќ, ќұрбандыќ шалу рәсімдері. Көктеу, жайлау, күздеу ћәм ќыстау дәстурлері. Халыќтыќ мереке - думандар мен әлем этностарының мейрамдары.

«Наурыз - нама» ойын - сайысы.

Slide 13

ЗЕРГЕР

Кең жаћан жәмиғатының ќұпия көрінісі сәндік - ќолданбалы халыќ өнері. Киіз үй ћәм шаныраќ белгілерінің ғарышнамалыќ ќұпиясы. Жићаздар мен әшекей - бұйымдар. Көшпенді бабаларымыздың аң бейнелі ћәм полихромдыќ өнерлері. Көрмелер ұйымдастыру.

«Алтын Адам» іс - шарасы.

Slide 14

ТӨРТ ТҮЛІК

Ұлы Дала перзенттерінің ерекше салты: төрт түлік малды күтіп-баптау дәстурлері. Мал атауласының Пірлері: Ойсыл қара, Қамбар ата, Шопан ата, Сексек ата танымдық-мифологиялық құндылықтар. Мал шаруашылығы жөніндегі халық білімі. «Төрт түлік» іс - шарасы.

Slide 15

КӨКПАР

Ұлттыќ ойындардың тарихнамасы. Тұрмыс-салт, танымдыќ, әскери- спорттыќ, есеп-ќисап, ќозғалыс ойындары. Көкпар, аќ сүйек, алтыбаќан, асыќ, аламан бәйге, теңге алу, бүркіт салу, ќазаќша күрес жєне басќа ойындар. Әлем халыќтарыныњ ойындары. Халыќаралыќ

«Алтын Саќа» ойын - сайысы.

Slide 16

ДУЛЫҒА

Ел ќорғаны болған батырлар мен баћадұрлердің аќ сауаттары ћәм ќару - жараќтары. ұлттыќ киім - кешектер мен ер-тұрман әбзелдердің этнотарихнамасы. «Ќырыќ батыр ћәм Манас»

атты іс - шаралар

Slide 17

ҚАСИЕТ

Жаратқан Ие һәм киелі рухтардың - ғарыш жиеліктерімен ұштасқан адамзат перзенттерінің ғажайып биоэнергетикалық қуаты. Қазақ және басқа халықтардың көріпкелдік һәм болжамнамалық қасиеттері. Емші, тәуіп, бақсы-балгерлердің ем-домдық дәстүрлері. Құмалақ ашу, дұға салу. Тіл-көз һәм қарғыс қасиеттері. Ұшықтау. Чакра һәм астралдық қуат дүниесі.

«Авиценна» ем-дом шарасы.

Slide 18

АС

Ата-бабаларымыздың салтанатты ас беру рәсімі. Дастархан мәзірі һәм этикеті. Қонақ күту дәстүрі мен сөз беру. Табақ тарату және оның түрлері. Сәлемдесу, көрісу һәм қоштасу салты. Мал еті және оны мүшелеу өнері. Сусын һәм шарап. Қазақстан және әлем халықтарының ұлттық тағамдары. «Ас» іс-шарасы

Slide 19

БАБАЛАР ӨСИЕТІ

Ата-бабалар Аманаты. Өсиет һәм бата-тілек. Мақал-мәтелдер мен көсемсөздер. Ырым-сырым һәм тыйьм сөздер. Ақыл-нақыл һәм шешендік сөздер. Сыннама һәм ғибрат. Ұлттық сөздік қор ойлау һәм сөйлеу мәдениеті. «Балалар» өсиеті іс-шарасы.

Slide 20

ЗЕРДЕ

Адамзат өркениеті мен мұсылман Ренессансының өкілдері. Ұлы Дала ғұламаларының ғылыми жетістіктері. Ғылыми жаңалықтар һәм ғақлиятты ойлар әфсаналары. Мұсылман һәм Тұран Ренессансы. Орта ғасырлардағы арифметикалық, жаһаннамалық, медициналық һәм фәлсафалық ғылыми жаңалықтар. «Зерде» іс-шарасы

Slide 21

ҚҰСБЕГІ

Ұлы Дала перзенттерінің тамаша дәстүрлері: аңшылық, құсбегілік һәм саятшылық өнер. Казақ халқының қыран құс - Бүркітті баулау дәстүрі. Табиғат пен адам байланысындағы антропогендік көріністер. Номадтар турмысындағы жүйірік ат, қүмай тазмы һәм қыран бүркіт үйлесімдігінің этнокөріністері.

«Бүркітші» ойын-сайысы

Slide 22

ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ

Қазақ қызы мен жігітінің сегіз қырлы бір сырлы һәм оң қолынан өнер тамған этноерекшеліктері. Тәккәпарлық - пен кісілік. Ұлтжандылық қасиет һәм сенім мен намыс әфсанналары. Беріктік дәстүрі мен неке салты Мәнгілік махаббат фәлсафасы. Ғашықтық сезім һәм жыныстық тәрбие.

Гигиеналық һәм тазалық дәстүр,

«Қыз сыны» һәм «Жігіт сұлтаны»

іс-шаралары

Slide 23

ЗАМАН-АЙ

Жалпы планетарлық глобальды экология қасыреттері Антропогендік ықпалдар тафихнамасы. Жертану һәм мухит экожүйесі. Атмосфералық һәм ноосфералық қабаттар. Эндогендік, экзогендік, тектоникалық һәм техногендік күштер мен факторлар. Адамның экологиялық мәдениеті мен психологиясы. Катастрофалар мен зұлматтар. Зооэкологиялық, неоэкологиялық, ихтиоэкологиялық, антропоэкологиялық, палеоэкологиялық, фитоэкологиялық, биоәкологиялың, аугэкологиялық, техноэкологиялық, гилроэкологиялық һәм геоэкологиялық ауқымды проблемалар. Этноэкологиялық білім мен тәрбие негіздері. Арал-Балқаш экологиялық іс-шарасы.

Slide 24

АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЛАР

Шет елдердегі. қазақ диаспоралары. Миграция, эммиграция, демография, депортация, этноцид, геноцид, резервация мәселелері. Халықтық дипломатия, Дүниежүзі қазақтарының Қурылтайы. "Алыстағы бауырлар" іс-шарасы,

Slide 25

ДОСТЫҚ

Қазақ-түркі тарихнамасы һақында зерттеулер жүргізген араб, парсы, қытай, орыс һәм европалық ғылымдардың ғұмырнамасы. Қазақстан халықтары және ТМД мемлекеттеріндегі әтностар арасындағы достық байланыс. Бейбітпілік үшін күрес, Бірлікті, татулықты һәм ынтымақтастықты көксеуге бағытталған іс-шаралар. Халықтар достығын нығайту. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.

"Достық" іс-шарасы.

Slide 26

АРДАГЕР

Ежелгі дәуірден жаңа заман тарихына дейінгі үлтазаттық соғыстарға: грек, қытай, рим, парсы, орыс, моңғол, ойрат, қалмақ, шүршіт, таңғұт, араб, өзбек, түрікпен, казачество, нөміс, француз, фашистер мем ваххабистерге карсы соғысқан ардагер ата-бабаларымиздың ғумырнамасы. Отаршылыққа қарсы және І9І2, 1916, 1932, 1941, 1979 және 1986 жылғы Өқиғаларға қатысқан ардагерлер мөн Қаһармандар, "Ардагер" іс-шарасы.

Slide 27

ОЮ-ӨРНЕК

Ұлттық таным мүхитының қайшылық қағидасымен ұштасқан ою-өрнектің ғарыштық, эооморфтық, геометриялық, ихтиологиялық танымдық - фәлсафалық түрлерімен танысу. Ою-өрнектің киізде, текеметте, алашада, кілемде, көрпеде орналасу көрністері. Көрмелер ұйымдастыру. "Ою-Өрнек" іс-шарасы.

Slide 28

БЕЙНЕЛЕР СЫРЫ

Тылсым дүниемен байланысқан көне: руналық, мифологиялық, тотемдік, геральдикалық, петроглифтік, иероглифтік таңбалар мен кескіндер сыры. Еліміздегі киелі жерлер: Арпаөзендегі, Тамғалыдағы, Тәңірқазғандағы, Ботайдағы, Берелдегі, Бесшатырдағы, Таскескендегі үңгір бейнелері мен сызба-шимайлары.

«Ескінің көзі» атты этножорық.

Slide 29

АТА-АНА

Ұлттық таным һәм тәлімнің қайнар бастауы ата бабаларымыздың ұрпақ тәрбиесі жөніндегі мыңғасырлық тәжірибелері мен рухани - мәдени мұралары. Туыс, ағайын, отбасы, әке-шеше, бауыр-қарындас, балдыз-бажа дәстүрлері һәм жұрт салттары. Ата салты һәм ана шапағаты. «Ата-ана» іс-шарасы.

Slide 30

ШАРИҒАТ-ҚҰРАН

Мыңдаған ғасырлар бойы адамзат перзентіне Аллаһ тағаланың шапағат - нұрьн шашып келген қасиетті Құран шариғаттарының тәлімдік-танымдық әфсанналары. Мұсылман пайғамбарлары мен ғұламаларының ғұмырнамасы. Діни-танымдық һәм мұсылмандық дәстүрлер. Киелі Рухтар әлемі. Ораза, рамазан, Қыдыр түні, садақа беру рәсімдері: Сенім мен парыз. Қажылық фәлсафасы һәм намаз тағылымы.

«Мұсылман Әлемі» іс-шарасы.

Slide 31

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҺӘМ СӘБИ

Қатал тағдырдың мәңгілік құрбандары: мүгедек, кемтар, зағип жандарға, қарттар мен жетім балаларға қол ұшын беру. Қолдан келгенше жақсылық жасау. Балалар мен қарттар үйіне сапар шегу. Бүкілқазақстандық "Қайырымдылық" және «Ауыл» операциясын ұйымдастыру .

Slide 32

САУДА - ЭКОНОМИКА.

Тәуелсіз Қазақ Елінің мәдениетін өркендетуде жаңа инфоқұрылымдық жуйеге негізделген менеджмент, маркетинг, аудиторлық және қаржы-банк мамандықтарын игеру мәселесі. Әлемдік һәм еуроазиялық экономикалық кеңістік пен интеграция. Жалпыадамзаттық экономикалық даму Стратегиясы. Интернет жүйесін пайдалану. Ауыл экономикасының даму стратегиясы. «Сауда» іс-шарасы.

Slide 33

ҒҰМЫР ҺӘМ ҒАЛАМ

Аспаннама һәм жаратылыстану негіздері. Планеталар һәм жұлдыздар шеруі. Уақыт пен кеністік, Адамтану әфсаналары. Нүктелер, толқындар һәм ғарыш денелері, Қатты, сұйық, ыстық - суық құбылыстар фәлсафасы.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Slide 34

АНА ТІЛІ

Көнетүркі, соғды, сақ-гұн һәм Орхон-Енисей руналық жазбалары. Есік және Пазырық қорғандарындаѓы мұралар. Тоныкөк, Мойыншор, Күлтеген тасының жазба ескерткіштері. Көнетүркі иеороглифтері.

«Ұмай Ана» іс-шарасы.

Slide 35

ТҰРАН КҮНТІЗБЕГІ

Халыќтыќ астрология. Көне болжамгер даналар, жұлдызшылар мен көріпкелдер. Жыл кайыру әфсаналары. Мүшел жас кағидасы. Ай, апта, сағат һәм өлшем қағидалары. Сары-Арқадағы «Мұртты обалар»-Ұлы Дала обсерваториясы. Этножұлдыз жорамал. Тұран этноастралогиялыќ картасының сүлбесін жасау.

«Тұран Күнтізбегі» іс-шаралары.

Slide 36

ЖАЌСЫЛЫЌ ЋӘМ ЖАМАНДЫЌ

Ұлы Жаратылыстың ќайшылыќ нысандарынан жасанды - табиғи тұрғыда реттелген болмыс ћәм болмас ұғымдары. Антропогендік кезеңдер мен тєжірибелер жиегінде ќалыптасып келген адамзат перзентінің ќарама- ќайшылыќ: жаќсы-жаман, мейірімділік-ќатыгез, парасатты - ќанішер, аќылсыз-аќымаќтыќ: және басќа әрекеттерінің әфсанналары салыстырмалы зерделеу ћәм пайымдау. Адамтану негіздері .

Slide 37

ЖАС ҚЫРАН

Еуразия даласын мыңдаған ғасырлар мекендеген кµпшенді - номадтардың ұрыс-соғыс ћәм ел ќорғау дәстүрлері. Ата бабаларымыздың әскери өнері. Әскери тактика ћәм стратегия. Ұлттыќ әскери Доктрина. Әскери - жауынгерлік тәртіп, білім ћәм тәрбие негіздері. Соғыснама саясатының шежіресі. Мыңбасы, түменбасы жүзбасы ћәм елубасы онбасы әскери саптары мен жауынгерлік дәстүрлері . «Мың бала» әскери жауынгерлік ойын - сайысы.

Slide 38
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ - ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ
Атамекен бағдарламасының бағыттары
Балалардың және жас жеткіншектердің дамуына маңызды фактор - құрбылар қауымдастығы
Менің Отаным - Қазақстан тәрбие сағаты
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Отбасы ұйымдар
Этнопедагогика оқулықтары
Қазақстан республикасының білім беру бағдарламалары
2008-2009 оқу жылында жүргізілген тәрбие жұмыстары
Мақал-мәтелдер мен мысалдарды оқытудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz