Жер салығының жалпы сипаттамасы, төлеушілер мен есептеу тәртібі


Slide 1

ЖЕР САЛЫҒЫ

Slide 2

Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері

Жер салығы - меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына жатады.

Slide 3

Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар:

Бірыңғай жер салығын төлеушілер;

Мемлекеттік бюдет есебінен ғана қамтылатын ұйымдар;

Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, о. і. құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша - “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар;

Діни бірлестіктер.

Slide 4

Жер салығы Қазақстанда 1992 жылы 1 қаңтарда енгізілді. Оның мақсаты - экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.

Салық мақсаты

Slide 5

Бонитет балы - топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты.

Жер салығын есептеуге негіз болып:

меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытына жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері;

жер учаскесін иелену және пайдалану бойынша құқықты іс жүзінде жүзеге асырылуы табылады;

Slide 6

Жеке меншік және тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

Жер салығын төлеушілер

Slide 7

Елді мекен жерлеріне салынатын салық

Қалалық жергілікті өкімет органдарының қарауындағы қала мен поселке шегі шеңберінде орналасқан бүкіл жер қалалар мен поселкелердің жеріне жатады.

Селолық (ауылдық) елді мекендердің жеріне осы мекендерге арналып жерге орналастыру тәртібі бойынша белгіленген шегі шеңберіндегі барлық жерлер жатады.

Slide 8

Өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық

Базалық салық ставкалары елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне 1 гектарға есептеліп, бонитет балына бара-бар мөлшерде белгіленеді.

Slide 9

Жеке тұлғалардың жер учаскелеріне салық салу ерекшеліктері

Жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шарушылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

- көлемі 0, 50 гектарға дейін қоса алғанда - 0, 01 гектар үшін 20 теңге;

- көлемі 0, 50 гектардан асатын алаңға - 0, 01 гектар үшін 100теңге.

Slide 10

Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі

Жер салығын есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.

Slide 11

Қорытынды

Жер салығы - бұл жерді пайдалануға ақы төлеу нысаны. Оның мақсаты - экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.

Жер салығының ерекшелігі сол, салық мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты болмайды.

Жерге салық салу бонитет балына жүзеге асырылады.

Бонитет балы - топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты

Slide 12

Пайдаланылған әдебиеттер:

Абдыманапов А., Раимов С. - Принципы бухгалтерского учета и финансовой отчетности. Алматы, 2005.

Налоговый кодекс. О налогах и других обязательных платежах в бюджет. - Алматы, Юрист, 2003

www. wikipedia. ru

Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева-Мемлекет және құқық теориясы, Алматы, Жеті жарғы, 1998

Slide 13

Орындаған Туйтебаева Д. туризм 3-топ


Ұқсас жұмыстар
Жер салығының экономикалық мазмұны, есептеу мен төлеу тәртібі және салық есептілігі
Қазақстандағы меншікке салынатын салықтар: жер, мүлік және көлік салығының құқықтық және есептеу негіздері
Қазақстандағы мүлік салығы: төлеушілер, жеңілдіктер, салық базасы және есептеу тәртібі
Әлеуметтік салық: экономикалық мәні, төлеушілер, салық салу объектісі және есептеу-төлеу тәртібі
Жер салығы: анықтамасы, мақсаты және уақытша жерпайдалануға байланысты есептеу мен төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасының акциздік салығы: төлеушілер, объектілер және салық салу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы: тұжырымдама, төлеушілер, салық салу объектілері және есепке қою тәртібі
Мүлік салығының функциялары мен қағидалары: экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы салықтар, алымдар және мемлекеттік баж: түрлері мен есептеу тәртібі
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджет кірістерін қалыптастырудағы мүлік салығының орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz