MS Word: орнату және мәтін, формула, кесте мен графиктерді өңдеудің негіздері


Slide 1

Word редакторы туралы негізгі түсінік

MS WORD-текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол-текстік және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған текст редакторларының бірі.

Slide 2

Word редакторын орнату, оны іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау

Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программаларды сияқты оны бастапқы нұсқалық дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютер жазып орнатып алу, яғни құру керек. Орнатылған Word редакторын іске қосу бірнеше жолмен орындалады:

Басқару панеліндегі Іске қосу менюінің Атқару командасы арқылы, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін бекіту мүмкіндігін береді.

Программалардың Microsoft Office тобындағы Word шартбелгісінде тышқанды екі рет сырт еткізу арқылы.

Slide 3

Символдарды форматтау

Символдарды форматтауға шрифт параметрлерін, символдар аралығындағы бос орындар мен оларды қатарға байланысты жоғары не төмен жылжу мүмкіндіктерін анықтау жатады. осылар арқылы құжаттарға маныздырақ деген элементтерді белгілеп алып, олардың параметрлерін өзгерту және оған қоса кейбір символдарды жоғарғы не төменгі индекс ретінде жылжытып жазу, кішіркйтілген бас әріптер бейнелеу мүмкіндіктері де бар.

Slide 4

Формулалар редакторын іске қосу

Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін, енгізу курсорын текстің формула енгізілетін жеріне орналастыру қажет және Енгізу-Обьект-Microsoft Equation менюі арқылы командаларды орындау керек. Осыдан барып теңдеулер редакторының терезесі пайда болып, сол терезе арқылы қажетті формуланы енгізуге кірісеміз.

Slide 5

Формуланы форматтау

Формулалар редакторының программасы формуланы даярлауда әртүрлі стильдерді қолданады. Нақты стильді қолдану енгізілетін формуланың түріне байланысты автоматты түрде анықталады. Формуланың сыртқы түрін өзгерту үшін теңдеудегі кейбір символдарүшін өзге стиль сипаты енгізіледі немесе оларға басқа стиль тағайындалады. Формулалармен жұмыс істеу барысында:

-белгіленіп көрсетілген обьектіге басқа типтегі стильді тағайындауға болады. Безендіру стилін өзгерткіңіз келетін символдарды белгілеп көрсетіңізде оларға басқа стильді Стиль менюі командасымен тағайындаңыз.

Slide 6

Кестелерді жасау

-Кестені енгізу Кестені алғаш рет құру үшін Кесте командасын немесе стандартты саймандар панелінің Кестені енгізу батырмасын пайдалану қажет. Кесте құрылған соң, алдын ала жасалып қойған олардың стандартты ықшам формарттары жиынынан өзіңізге қажетті форматты таңдап алуға болады, ол үшін Кесте-Кестені автоформаттау командасын орындаған жөн. Бұл тәсіл кестелерді форматтау процесін анағұрлым жеңілдетеді.

Slide 7

Word редакторында графиктерді пайдалану

Word басқа программалардан графиктер енгізуге және өзінің де сол тәрізді график түріндегі бейне-көріністерін тұрғызуға мүмкіндік береді. Текстік құжат ішіне сыртта даярланған графикті ол сиятындай етіп орналастыру үшін, Енгізу-Сурет командасын орындап, ішінде сол сурет орналасқанфайылдың атын көрсету керек. График түріндегі суреттерді алдымен алмастыру буферіне көшіріп алып, соңынан барып оны курсор тұрған орынға бұферден енгізу арқылы да орналастыруға болады

Slide 8

Графиктерді орналастыру принциптері

Word сырттан келген графикті текст элементі ретінде қабылдайды, яғни оны басға шамадағы текстік символ ретінде ғарастырады. График бастапқы құрылған кездегі көлемімен текстке енгізіледі. Егер график көлемі текст жолынан ені бойынша асып кетсе, онда ол сол текстегі жол еніне қарай масштабын кішірейтіп барып орналасады. Графикті енгізу барысында текст қатарларының оны орналастыру үшін автоматты түрде аралары ашылады. Құрамына график енгізілген тексте жаңа қатарлар қосу барысында, сурет текстпен бірге төмен жылжып отыратын болады.

Slide 9

Кестелерді құру және өңдеу

Текстік редакторлармен жұмыс істеу барысында реттелген информацияны жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам информацияны сақтаудың ең бір қолайлы тәсілі кестелер болып табылады.

Word редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердіңорындалуын жеңілдететін, әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын

кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады. Кестелермен жұмыс істеуге арналған командалар кестені жасау мен оны өңдеуді жеңілдетуге, сондай-ақ ондағы сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік береді.


Ұқсас жұмыстар
MS Word редакторы: кестелерді құру, өңдеу және форматтау негіздері
Дербес компьютердің программалық қамтамасы: операциялық жүйе және Windows-тағы MS Word пен MS Excel негіздері
Microsoft Access: кесте құру, байланыстарды орнату және SELECT сұрауының негіздері
MS Word редакторында кесте құру және ұяшықтарды біріктіру мен бөлу: №19 жалпы орта мектеп, 8-сынып информатика сабағы
Информатика сабағы: алгоритм, MS Word негіздері және PowerPoint презентациясын құру
MS Word мәтіндік редакторы: негізгі түсініктер мен мүмкіндіктері
7-сыныптың информатика сабағы: Microsoft Word редакторында кесте құру және пішімдеу
Microsoft Word: орнату, пернелер комбинациялары және ақпарат өлшем бірліктері
MS Word мәтіндік процессоры: мүмкіндіктері, мәтінді пішімдеу әдістері және кестелермен жұмыс
MS Word мәтіндік редакторында кестелерді құру және форматтауға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz