Абай Құнанбаев туралы




Презентация қосу
Абай Құнанбаев

Кіріспе
Оның өмірбаяны
Абай-публицист
Абай әлемі
Қорытын
Жасымда ғылым бар деп ескермедiм,
Пайдасын көре түра теқсермедiм.
Ер жеткен соң түспедi уысыма,
Қолымды мезгілiнен кеш сермедiм.

• Абай қазақ мәдениетінің иман биіктігінің, шығармашылық шоқтығының, көркемдік-эстетикалық
тұрғысының, дүниетаным парасатының жарқын үлгісі. Өз халқының болашағына қабырғасы қайыса
уайым жеген Абай қазақ публицистикасының да негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі қазақ баспасөзі
осы Абай салып берген публицистикалық арқаудың негізінде дамып келеді және болашақта да дами
бермек. Абай қозғаған әлеуметтік проблемалар бүгінгі күні де өзекті, бүгін де көкейкесті.
Абайдың өмірбаяны
• АБАЙ (Ибраһим) Құанбаев (9.7(10.8).1845, казіргі Шығыс Казақстан обл. Абай ауд. Қасқабүлақ жайлауы—23.6(6.7).1904, сонда. Балашақпақ
жайлауы,бейіті Жидебайда) - ұлы акын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы — Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Қайдос,
Жігітек. есімді 3 ұрпақ тарайды. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ, Топай. Торғай туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа
адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған.
• Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен
ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін
ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят
болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз
тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып,
өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан
оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған,
Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің
"Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты
молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды.
Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан
барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп,
ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп,
тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен
шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері
Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин,
Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең
таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді.
Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері
болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады.
Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды.
Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы
әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті
жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда
оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық
саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы
күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы
билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық
статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-
қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.«
• 1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5
уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары
үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3
түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген
заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ
Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16
атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған
дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандық жасауға әкеп
соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатка жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп
береді". (Абай. Эн-циклопедия. А., 1995,49-бет). Ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок,
принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған.
• Абай үш өйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан-Ақылбай, Әбді-рахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші өйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл,
Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан - ұрпақ, көрген жоқ.Абай өлең жазуды 10 жасында ("Кім екен деп келіп ем түйе қуған...")
бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -"Йузи-рәушән", екіншісі - "Физули, Шөмси". Өлеңдерін кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре
бастайды. "Сап, сап, көңілім", "Шәріпке", "Абыралыға", "Жақсылықка", "Кең жайлау" өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын
танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылган. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең казак өдебиетінде калыптаскан дәстүрлі
ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы,көп кырлы болып келеді. Ол казақ поэзиясында
тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарыткан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан
қүбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және баска да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі - өрнектері мол. Мыс., "жүректің
көзі", "жүректің оты", "көңілінің көзі ашық", "көңілдің жайлауы", "ой өлкесі" деген ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерді -метафораларды қолданады.
Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: "Жүрегім менің - қырық жамау". Осындағы жұлқыланып, кескіленген, қырықка бөлінген, парша-парша
болып бөлектенген жүрек бейнесі акынның өкінішін, арманын, қастандық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп налуын, т.б. көркемдік
шеберлікпен жеткізіп тұр. Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі - "Өлсе елертабиғат, адам өлмес". Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне
үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен үзақ екені талассыз. Ескі
филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне-бірін қарама-қарсы қою кездеседі. Мыс., Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып,
әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге түрмайды деп санаған. Таби ғат өзгереді, құриды,
мәңгі өзгермейтін жаратушы бір Алла ғана деген үғым бар.
• Бүдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы жаңа, соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай кдбылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл
қоятын кдуымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең
түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп са-наған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік
туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Кдлыңелім, қазағым, кайранжүргым", "Жаз", (Жаз-дыгүн шідде болғанда)
"Жел-сіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сүрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк түман -
алдындағы ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз
куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес",
аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықгым біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім үзын қайың қүлағанын" сияқты тағы сан
алуан шығармалар-ды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып
келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін
туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп
отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы,
оның қолынан шыққан кемеліне келген, коркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын, жаңаша сипатты
дүние болып келетіні. Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз"
("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын қлендерініңі де әрқақайсы мазмұн-мағынасы,
суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күЙДІҢ мәнін. ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-
біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр шартарапқа".
••Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір
бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер
табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абайойшыл акын екен деп
танысак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсін. көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай аскан сыршыл лирик акын-ау
деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға". Жаздыгүн шілде болғанда". "Желсіз түнде жарык, ай".
Абай-публицист


Абайды публицист ретінде қарастырған ғалым-зерттеушілер, олар көп емес — саусақпен санарлық қана, негізінен қарасөздеріне
тоқталып, солар жөніндегі пікірлері мен пайымдауларын білдірумен шектеледі. Мәселен, тамаша ғалым М. И. Фетисов
«Национальное и жанровое своеобразие публицистики Абая Кунанбаева» деген мақаласында әңгімені «Абаю Кунанбаеву и по
стилью цикл назидательных рассуждении под общим названием «Гаклия», деп әңгімені бірден қарасөздерден бастайды. Ол
Абайдың публицистік сипатын ең алғашқылардың бірі болып ашып көрсетті. Әйткенмен, бұл ғалым Абайдың қоғамдық ой-
пікірлерін білдіретін шығармаларына тек қарасөздерін ғана жатқызумен жаңсақтыққа ұрынды деп есептейміз. Аталған зерттеушінің
еңбегінде Абай қарасөз жазбаса публицист болмас та еді деген пайымдаулар бой көрсетеді... Абайды публицист ретінде
қарастырған ғалым-зерттеушілер, олар көп емес — саусақпен санарлық қана, негізінен қарасөздеріне тоқталып, солар жөніндегі
пікірлері мен пайымдауларын білдірумен шектеледі. Мәселен, тамаша ғалым М. И. Фетисов «Национальное и жанровое
своеобразие публицистики Абая Кунанбаева» деген мақаласында әңгімені «Абаю Кунанбаеву и по стилью цикл назидательных
рассуждении под общим названием «Гаклия», деп әңгімені бірден қарасөздерден бастайды. Ол Абайдың публицистік сипатын ең
алғашқылардың бірі болып ашып көрсетті. Әйткенмен, бұл ғалым Абайдың қоғамдық ой-пікірлерін білдіретін шығармаларына тек
қарасөздерін ғана жатқызумен жаңсақтыққа ұрынды деп есептейміз. Аталған зерттеушінің еңбегінде Абай қарасөз жазбаса
публицист болмас та еді деген пайымдаулар бой көрсетеді...
Бүгінгі жаһандану заманында Абай шығармашылығы, Абайдың бізге ұсынып отырған «толық Адам» концепциясы
өзінің көкейкестілігімен көз тартады. Абай шығармашылығы сақ заманында өмір сүрген Анахарсистан, көне түрік
заманында өмір сүрген Күлтегіннен, Иолығтегіннен желісін үзбей жалғасып келе жатқан төлтума мәдениеттің
жемісі, заңды жалғасы. Абай шығармашылығы қуат көзін сырттан іздемеуге, жат мәдениетке ойсыз телмірмеуге,
жақсысын алып, жаманынан жиренуге үйретеді. Абай арқылы қазақ мәдениеті ішкі қуат көзін табады. Абай
ұсынған жолды игерген адам осы жерде-ақ, осы топырақта-ақ адамшылықтың кәмалаттығына жетуге мүмкіндік
алады. Абай ұсынған жолмен кемелденген адам тамырын тереңге жайған алып бәйтерек сықылды ұлттық
топырақта жайқалып өседі, өсіп қана қоймайды, күннің нұрын, желдің самалын, судың кәусарын (ғаламдық
өркениет жемістерін деп ұғыңыз) сіміріп жеміс береді.
Абай ұсынып отырған жол – ғылымның жолы (ғылымды сүйгенің – Аланы сүйгенің). Осылайша ұлттық
құндылықтарға негізделген біртұтас жүйе арқылы ғана біз өзімізді бүгінгі ғылым мен технология тасқынына
негізделген, ақпарат тасқынына негізделген басқыншылықтан аман сақтап қала аламыз. Имандылыққа
негізделген Абай концепциясы, нәпсіге негізделген, нәпсінің сансыз қалауына негізделген ғаламдық жаһанданудан
аман алып қалатын жалғыз жол.
Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу құрметіне арналған бес
монеталар сериясы

Номиналы 100 тенгелік монета
Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі. (1995 жылы айналысқа жіберілді)
Қыры (гурт) тегіс, бедерленбеген және жазу жоқ.
Монета 925 сынамды күмістен жасалған.
Диаметрі - 100 мм, қалыңдығы - 2,7 мм, массасы - 24 грамм.
Таралымы - әрбір монета 6 мың данадан, "proof" сапасымен шығарылған.

Бес ескерткіш күміс монетаның бәрінің сыртқы беті (реверсі) бірдей ортақ бейнеленген .

Ортада Абай Құнанбайұлының қырынан түскен бейнесі салынған. "Ана" деп аталатын монетаның бетіне қолына бала ұстап отырған ананың
Бейненің оң жағы мен сол жағында оның өмір сүрген жылдарын бейнесі салынған. Бұл бейне Абай жан тебіренте жырлаған барлық адамға ортақ
білдіретін "1845- 1904" сандары жазылған. Монетаның жоғары жағында тақырып - ана махаббаты туралы тақырыпты ашады. Монетаның төменгі тұсына
радиус бойымен "АБАЙ. ИБРАhИМ. ҚҰНАНБАЙҰЛЫ" деген жазу бар. монетаның номиналын білдіретін "100" саны орналастырылған. Монетаның
Төменгі жағында - Абай шығармаларының желісі бойынша көп бейнелі бедерлі сыртқы жиегінің ішінде дөңгелекті бойлай "ТЕҢГЕ", "1995", ҚАЗАҚСТАН"
деген сөздер әшекейлі элемент арқылы бөлініп жазылған. Сыртқы шеңбері
композиция салынған . тізілген моншақ іспеттес болып әдіптелген.
Абай (Ибрагим) Құнанбаев шын мәнінде жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы болып
есептеледі. Ұлы ойшыл, теңдесі жоқ сөз зергері, сазгер, қажымас ағартушы, Абай өз
заманының, өткен ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық және әдеби өміріндегі аса көрнекті
адамы болған. Оның әдеби мұралары - қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол қазіргі
ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып саналады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Абай
әлемі біздің жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап, тірлігіміздің дұрыс-
бұрысын сараптай аламыз», — дейді.

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары
Отыз бірінші қара сөзін тыңдау
Абай "Табиғат туралы өлеңдер"
Абайдың табиғат лирикасы жайлы
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Абайдың Қыс өлеңінің шығу тарихы
XIX ғасырдағы қазақ ағартушылары және рухани мәдениет
Ағартушылар философиясы
Қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Өлеңнің тақырыбы
Пәндер