Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы



Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы

АГРАРЛЫҚ ЗАҢНАМА -
Ауыл шаруашылығы қызметі аясындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер жиынтығы.

Аграрлық заңнамалардың даму тарихы
І кезең
революцияға дейін
ІІ кезең
1918 ж. - 1990 жылдар аралығы
ІІІ кезең
1990 жылдан қазіргі кезге дейін

І кезең - революцияға дейін
Ауыл шаруашылығын реттеу барысында әдет - ғұрыптық құқықтық нормалар қолданылды.

ІІ кезең - 1918 ж. - 1990 ж. д. (социалистіктен бастап тәуелсіздік алғанға дейін)
1917 ж. -1929 ж. д. - ауыл шаруашылығының тауар өндірушілердің қызметі. Артель-р, жерді өңдеу бірлестіктері, коммуналар құрылды.
1930-1935 ж. - жаппай ұжымдастыру, Артель-р, колхоздар.
1936-1956 ж. - социализмнің толық орнауы, колхоздың үлгі жарғысы.
1957-1985 ж. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына реформалар жүргізілді. Совхоздар құрылды.
1986-1990 ж. - қайта құру. Ауыл шаруашылығындағы тауар өндірушінің құқығының кеңеюі.

ІІІ кезең-1990жылдан қазіргі кезге дейін
1990 ж. -1994 ж.
«Ауылды, селоны және өнеркәсіптік кешенді басым дамыту туралы» Заң 1993 ж. 13 ақпан.
“Шаруа шаруашылығы туралы” Заң 1990
жыл 16 мамыр
“Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мүлігін жекешелендіру ерекшелігі туралы” Заң 1991 жыл 14 қаңтар

1995ж. -2003ж. дейін
ҚР-ң Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз
«Жер туралы» Президенттің заң күші бар Жарлығы
“Шаруа (фермер) қожалығы туралы” Заң 1998 жылы 31 наурыз
“Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың одақтары (ассоциациялары) туралы” Заң 2000 жылы 25 желтоқсан

2003 жылдан - қазіргі кезеңге дейін.
“ҚР Жер Кодексі” 2003 жылы 20 маусым
“Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Заң 2005 жылы 8 шілде
“Мақта шаруашылығын дамыту туралы” Заң 2007 жылы

АГРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ.
Аграрлық құқығы құқық саласы ретiнде 20 ғасырдың 70-80 жылдарында қалыптасты ол кезде бұл сала ауыл шаруашылық құқығы деп аталды. 1993 жылдан бастап аграрлық құқық деп жаңа атауға ие болды. ”Агро” деген сөздiң латын сөзiнен аудармасы “Жер” деген ұғымды бiлдiредi. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi жер арқылы жүзеге асырылады. Онсыз ол мүмкiн емес. Сондықтан да ол аграрлық құқық деп аталы. Аграрлық құқықтың қалыптасуына объективтiк және субъективтiк Совет Одағы кезеңiнде ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң жақсы деңгейде дамығандығы және оны құқықтық жағынан қамтамасыз ету керектiгi болды.

Аграрлық құқық - аулы шаруашылығы тауар өндірушілердің қызметін ұйымдастыру бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын көрсететін, нақты құқықтық қағидаларға негізделегн және өзіндік қайнар көздері және әдістері бар қазақстандық құқық жүйесінің бір саласы.

Аграрлық құқықтың қағидалары - аграрлық қатынастардың құықтық реттелу сипатын және бағытын анықтайтын, негізгі басшылыққа алатын идеялар.
Агралық құқық негізгі қағидалары
аграрлық кәсіпкерлік екіндігі және шаруашылық нысанын таңдау еркіндігі;
ауылдағы меншік нысанының жіне шаруашылық нысанының көптігі;
аграрлық кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі және өнеркәсіптік кешендегі әр түрлі меншіік нысандарының тең дәрежеде құқықтық қорғалуы
агроөнеркәсіптік кешен дамуының артықшылығы;
агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау;
азаматтардың толық тамақтануға құқығы;
ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өндірістік шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдардың араласпауы.

Аграрлық құқықтың ғылым және оқу пәні ретіндегі жүйелері бірдей. Олар жалпы, ерекше және арнайы бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлiм келесi мәселелердi қарастырады:
аграрлық құқықтың түсiнiгi және қайнар көздерi.
агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк құқық механизмi.
ауыл шаруашылық ұйымдарының құқықтық жағдайы.
шаруа фермер қожалығының және азаматтардың өзiндiк қосалқы үй щаруашылығының құқықтық жағдайы.
Ерекше бөлiмде:
ауыл шаруашылығы қызметiнде пайданылатын жерлердiң құқықтық жағдайы.
ауыл шаруашылығы қызметiнiң жекелеген түрлерiн құқықтық реттеу.
ауыл шаруашылығы ұйымдарының шарттық қатынастарын құқықтық реттеу.
ауыл шаруашылығын қаржыландыру мен салық салуды реттеу.
Аграрлқ заңдарды бұзғаны үшiн заңды жауапкершiлiк.

Арнайы бөлiмде:
Қазақстанның дүние жүзiлiк сауда-саттық ұйымына кiрудi құқықтық реттеу.
ҚР басқа шет елдермен халықаралық аграрлық ынтымақтастығын құқықтық реттеу.

Аграрлық құқықтың қайнар көздері.
«Құқықтың қайнар көзі» термині тиісті құқықтық норманың мазмұнын анықтайтын нысандар мен әдістер ретінде қолданылады.
Аграрлық құқықтың қайнар көздері дегеніміз аграрлық құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық келісім шарттардың жиынтығы болып табылады.
Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің мынадай ерекшеліктері бар:
1. Кодекс түрінде жүйеленген арнайы заңдардың жоқтығы.
2. Әдет ғұрып ережелері мен сот ережелері аграрлық құқықтың қайнар көздері ретінде танылмайды.
3. Аграрлық қатынастарды реттеуде басқа құқық салаларының заңнамалары қосымша қолданылып отырады. Мысалы, жер, азаматтық, т. б.
4. Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің ішінде халықаралық келісім шарттар маңызды орын алады. Себебі дүниежүзілік азық түлікті қамтамасыз ету үшін әр мемлекет ат салысуда.

Заңдық күшіне байланысты:
А) Заңдар - ҚР Парламентімен қабылданған нормативтік актілер.
Б) Заңға сәйкес актілер - қалған барлық нормативтік актілер. Яғни, ҚР Президетімен, Парламентімен, өкілді және атқарушы билік органдарымен, министрліктермен және ведомстволармен, жергілікті өзін өзі басқару органдарымен қабылданған актілер.

Қолданылатын аумақтық кеңістігіне байланысты:
А) Республикалық - Республиканың барлық аймағына таралатын, заңда белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік актілер. Мысалы: ҚР Жер Кодексі.
Б) Жергілікті немесе локальды - жергілікті атқарушы, жергілікті өкілді және басқа да органдармен қабылданып, белгіленген жерде әрекет ететін нормативтік актілер. Бұл актілер ауыл шаруашылық кәсіпорындарының нарықтық аграрлық қатынастарға өтуімен агралық құқықта құқықтың қайнар көзі ретінде ерекшеленеді. Ауыл шаруашылық кооперативтерінің, акционерлік қоғамның, серіктестіктің және тағы басқа ауылшаруашылық кәсіпорындарының аграрлық кәсіпкерлік еркіндігін, өз мүлкің еркін басқару құқығын нақты жүзеге асырылын қамтамасыз ететін локальді актілердің ролі артуда. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының локальдық нормативтік актілерді қабылдауы ішкі шаруашылық қатынастарды реттеу үшін бекітілген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

Реттейтін қатынастың түріне байланысты:
А) Унификация - аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу интеграциясы нәтижесәнде бірыңғай заңдық мазмұнға ие, салалық нормативтік актілердің біртектес органикалық жүйесін құру үшін негізгі нормативтік материал болып табылатын бірегейлендірілген нормативтік акт.
Бірегей нормативтік құқықтық актілер ауыл шаруашылық заңдарының ядросы болып табылады.
Аграрлық экономиканың нарықтық басқару моделіне ауысу механизмін құратын маңызды бірегей нормативтік қайнар көздердің қатарына агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеуге және ауылды әлеуметтік қайта құруға бағытталған актілер жатады.

Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу дегеніміз ҚР азық-түлік қауіпсіздігін ауыл шаруашылығында жер нарығын, кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің құқықтары мен міндеттерін, мүдделерін, ауыл шаруашылық өндірісін басым дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын іс шараларды айтамыз.

Қазақстан Республикасының нарық жағдайында ауыл шаруашылық қатынастарын дамыту кезеңдері
1991-1994 ж. ж. жекешелендіруді жүзеге асыру кезеңі
1995-1998 ж. ж. Қазақстан Республикасында жерге жеке меншікті енгізу және оның негізінде көптеген салаларды дамытуға жол беру
1998-2003 ж. ж. ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясының қабылдануына байланысты
2003 ж. ж. және қазіргі кезең.
А) тұңғыш рет ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беру мәселесі
Б) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі
В) дүниежүзілік сауда саттық мәселесі туралы

Мемлекеттің белгілі бір мақсатқа жетуі үшін ішкі бірлігін, негізгі құрылымын, мәнін анықтайтын бастаушы идеялар мемлекеттік басқарудың қағидалары деп аталады. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында және аграрлық заңдарда көзделген.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу қағидалары мынадай болуы керек:
мемлекет ішінде сыртқы экономикалық және сала аралық қатынастарды ауыл шаруашылығына белгілі жеңілдіктер бекітетін аграрлық протекционизм қағидасы;
реттеудің индикативті әдістерін пайдалану;
әр түрлі деңгейде қабылданатын мақсатты бағдарламалардың орындалуына бақылаудың негізінде бағдарламалық реттеу қағидасы;
ауыл шаруашылығы өндірісін және агроөнеркәсіптік кешенді толығымен басым дамыту;
ауыл шаруашылығы мен басқа экономиканың салалары арасындағы экономикалық сәйкестікті қолдау, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің және өнеркәсіп еңбеккерлерінің табыс деңгейін жақындастыру;
агроөнеркәсіптік өндіріс саласында отандық тауар өндірушілерді қорғау, мемлекеттік реттеуді экономикалық әдіске басымдық бере отырып жүзеге асыру;
ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметіне мемлекеттік және басқа да шаруашылық құрылымдардың тікелей араласуына жол бермеу;
ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік шаруашылық қызметті өз бетінше жүзеге асыруына кепілдік беру, т. б.

Мемлекеттік басқарудың нысандары үш негізгі түрден көрінеді:
құқық шығармашылық - мемлекеттік органдардың басқару қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік актілер жасауы және қабылдауы;
құқық қолданушылық - нақты әрекеттерді жүзеге асыру жолымен басқарушылық нормативтік актілерін қолдануға бағытталған мемлекеттің қызметі;
құқық қорғаушы - мемлекеттік нормативтік актілерде көрсетілген талаптарды бұзған немесе орындамаған тұлғаларға жазалайтын шаралар бойынша мемлекеттің қызметі;

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын реттеу және басқару органдары құзыреттеріне байланысты төртке бөлінеді:
жалпы құзыретті реттеу және басқару органдары;
арнайы құзыретті басқару органдары;
сала аралық құзырет органдары;
қызметтік басқару органдары.

Нарық жағдайындағы ауыл шаруашылығын мемлекеттік құқықтық реттеу.
ҚР ауыл шаруашылығы елдің экономикалық және әлеуметтік өмірінде ерекше орын алады және мемлекеттік органдар тұрғысынан мемлекеттік реттеу және басқару арқылы жүзеге асырылатын ықпал етудің маңызды объектісі болып табылады.

ҚР-да ауыл шаруашылығын реттеу және басқару органдары құзыретіне байланысты төртке бөлінеді:
жалпы құзыретті реттеу және басқару органдары
( ҚР Парламенті, ҚР Президентінің аппараты, ҚР Үкіметі, мәслихаттар, аумақтық атқарушы органдар) ;
арнайы құзыретті басқару органдары ( Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның құрылымдық бөлімшелері, ауыл шаруашылығын басқарудың аумақтық органдары, мемлекеттік ауыл шаруашылық инспекциялары және т. б. ) ;
сала аралық құзырет органдары;
қызметтік басқару органдары.

Ауыл шаруашылық ұйымдарының құқықтық жағдайы және олардың мәртебесі.
Ауылшаруашылық ұйымдардың ұйымдық құқықтық нысандары
Ауылшаруашылық коммерциялық ұйымдарға: толық серіктестіктер; сенім серіктестіктері; акционерлік қоғамдар; өндірістік кооперативтер және т. б.
Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдарға: тұтыну кооперативтері; қоғамдық ұйымдар; мекемелер; заңды тұлғалардың қауымдастықтары (ассоциациялар және одақтар) ; қайырымдылық қорлары және тағы басқа заңдармен анықталған ұйымдар.

Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық жеке кәсіпкерлік және өзіндік қосалқы үй шаруашылығын құқықтық реттеу.
Адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бiрлестiгi шаруа (фермер) қожалығы деп танылады.
Шаруа (фермер) қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкiн:
кәсiпкерлiк қызмет бiрлескен ортақ меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермер қожалығы;
бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шарт негiзiнде, жалпы үлестiк меншiк базасында жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.

Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығы- бұл азаматтардың жеке меншік құқығы мен уақытша жер пайдалану құқығына берілген жер учаскелерін пайдалануға байланысты мемлекеттің ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдардың өндірістік қызметін ақылы түрде пайдалану және жеке еңбек нәтижесінде алынған және жеке меншігіндегі өндіріс құралдарына, өнімдеріне, табыстарына негізделген ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге байланысты шаруашылық-еңбектік қызметтің ерекше нысаны.

Ауыл шаруашылық қызметіндегі жерлерді пайдаланудың құқықтық жағдайы.
Ауыл шаруашылығының қажеттіктері үшін берілген немес осы мақсатқа арналған жер ауыл шаруашылығына мақсатындағы жер деп танылады
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:
Жеке меншікке Қазақстан Республикасы азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрлысын дамыту үшін;
Жеке меншікке немесе пайдалануға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларға шаруа (ферсер қожалығын жүргізуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылыңын жүргізу үшін;
Шетелдіктер мен азаматығы жоқ адамдарға он жалға дейінгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

Ауылшаруашылық ұйымдар заңды тұлға болып танылады. Ауылшаруаышлық тауар өндірушілер түріне және нысанына байланыссыз өз қызметін және ауылшаруашылық өндірісін негізгі өндіріс құралы - жер және табиғи ресурстар негізінде жүзеге асырады.
Ауылшаруашылық ұйымдар заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33- ші бабына сәйкес, жеке меншік құқығында, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болады және өз міндеттмелері бойынша өз мүлкімен жауап береді, өз атынан мүліктік немесе жеке мүліктік емес құқықтарды иеленеді және жүзеге асыра алады, сотта талапкер немесе жауапкер бола алады, жек баллансы және сметасы болады.
Ауылшаруашылық ұйымдар өз қызметін жарғының не құрылтай шарты мен жарғының негізінде жүзеге асырады.

Ауылшаруашылық кәсіпорындардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері:
Кешенді құқық субъектілікке ие, өйткені олар кешенді құқық қатынастардың қатысушысы болып табылады, яғни жер, азаматтық, еңбек және т. б. құқықтық қатынастар.
Бұл кәсіпорындар өз қыөметін жермен байланысты жүзеге асыратындықтан олар ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерді пайдаланушылар ретінде ерекше құқықтық статусқа ие.
Аталған кәсіпорындар еңбек құқықтық қатынастар саласында ерекше құқықтық субъектілікке ие. Қазіргі таңда ауылшаруашылығында еңбек қатынастарын реттеуде орталықтанған реттеу әдісінен бас тарту байқалады. Шаруашылық субъектілері локальді әдіс бойынша өздерінің еңбек режимін қалыптастыруға, жұмыс уақытын анықтауға, еңбек ақы мөлшері мен шарттарын анықтауға құқылы.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарда өзіндік қосалқы шаруашылықпен айналысатын ауылдық жерлерде тұратын адамдар жұмыс істейді.
Ауылшаруашылық уәсіпорынның еңбек ұжымының мүшелері көп жағдайларда өзінді қосалқы шаруашылықты жүргізгендіктен бұл кәсіпорындар өз құжаттарында агроөндірістік кешеннің қалыптасуы мен дамуына көмектесетін әрекеттер көрсетілуі мүмкін (мысалы: жерді өңдеуге көмектесу, жемді жеткізуге көмектесу)

Меншікке құқығына байланысты ауылшаруашылық мемлекеттік кәсіпорындар екі түрге бөлінеді:
Мемлекеттік кәсіпорындарынға: 1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; 2) жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады.

Ауылшаруашылық акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы.
Ауылшаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға ауылшаруашылық акционерлік қоғамы болып табылады.
Ауылшаруашылық акционерлік қоғам құрылтай жиналысының шешімінің негізінде құрылады. Қоғамды жалғыз тұлға құрған жағдайда оны құру туралы шешімді осы тұлға жеке- дара қабылдайды.

Ауылшаруашылық серіктестіктердің құқықтық жағдайы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz