Ауыл шаруашылық кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу




Презентация қосу
Ауыл шаруашылық
кәсіпкерлік қызметінің
жекелеген түрлерін құқықтық
реттеу.
Жоспары
Ауыл шаруашылық салалары заңдарының ерекшеліктері.
Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы дамуы туралы
нормативтік актілер. Селекция – селекцияның түсінігі,
құқықтық реттеу. Селекциялық жетістіктерді қорғау. Тұқым
шаруашылығын мемлекеттік реттеу. Тұқымдар категориясы,
оларды өндіру мен пайдалануға қойылатын талаптар. Асыл
тұқымды мал шаруашылығы. ҚР-сы мал шаруашылығы
саласындағы заңдары. Мал шаруашылығы қызметін
мемлекеттік реттеу. Ветеринария, ветеринарлық қызмет,
ветеринарлық қызметті құқықтық реттеу. Ауыл шаруашылық
өсімдіктерін қорғау, өсімдік қорғау қызметі, өсімдік қорғау
органдарының қызметі. Ауыл шаруашылық кәсіпкерлік
қызметінің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу Ауыл
шаруашылық салалары заңдарының ерекшеліктері. Мал
шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы дамуы туралы
нормативтік актілер. Селекция – селекцияның түсінігі,
құқықтық реттеу. Селекциялық жетістіктерді қорғау. Тұқым
шаруашылығын мемлекеттік реттеу. Тұқымдар категориясы,
оларды өндіру мен пайдалануға қойылатын талаптар.
Жеке кәсiпкерлiк
жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс
алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне
негiзделген және жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң атынан олардың
тәуекелiмен және мүлiктiк
жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын
бастамашылық қызметi
Жеке кәсіпкерлік субъектілері

• шағын кәсіпкерлік субъектілері;
• орта кәсіпкерлік субъектілері;
• ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері
• Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің
жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын
дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық
орташа саны елу адамнан аспайтын және
жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны
тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың
еселенген айлық есептік көрсеткіштен
аспайтын заңды тұлғалар.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің
негізгі принциптері
• жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау
мен қолдауды қамтамасыз ету;
• кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;
• жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
меншігіне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың
кепілдігі;
• Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті
дамытудың басымдығы;
• жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік
құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы
Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын
жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік
қолдау

• Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге
асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін
мемлекеттік қолдау республикалық және
өңірлік деңгейлерде жүргізіледі және
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес реттеледі.
• Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге
асыратын жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік
қолдау көрсетудің мерзімі, көлемі мен
шаралары Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес белгіленеді.
Астық
• тағамдық, тұқымдық, мал азығы және
техникалық мақсаттар үшін
пайдаланылатын дәнді, дәнді-бұршақ
және майлы дақылдардың өнімдері;
• Астық туралы 2001 ж. 19 қаңтардағы
N 143-II Қазақстан Республикасының
Заңы
Азық-түліктік қауіпсіздік
• сыртқы және ішкі жағдайларға
қарамастан, тамақтанудың
физиологиялық нормаларына сәйкес
халықтың тамақ өнімдеріне деген
қажеттерін қанағаттандыратын тиісті
ресурстармен, әлеуетпен және
кепілдіктермен қамтамасыз етілген
экономиканың, соның ішінде оның
агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі
Астық рыногын мемлекеттiк
реттеу нысандары
• 1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары
негiзiнде астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп
жіберу жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
• 1-1) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау;
• 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу;
• 2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөнiндегi аккредиттелген
зертханалардың қызметiн бақылау;
• 3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу;
• 4) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу
жөніндегі қызметті, сондай-ақ астықты экспортқа өткізу жөніндегі қыз
метті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау;
• 4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық
қолхаттарын беру, олардың айналысы мен өтелуі жөніндегі ережелердің
сақталуын бақылау;
• 4-2) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті бақылау;
• 5) мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру және олардың
сандық-сапалық жай-күйiн бақылау арқылы;
Мемлекеттiк қолдаудың
нысандары
• 1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн
тәртiппен отандық ауыл шаруашылық тауар
өндiрушiлерiне элиталық тұқым құнын арзандату;
• 2) техника мен жабдықтардың лизингiлiк жеткiзiлiмiн
ұйымдастыру;
• 3) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнен
мемлекеттiк астық ресурстарына астықты нарықтық
бағамен сатып алу;
• 5) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне
мемлекеттiк тұқым ресурстарынан тұқымдық несие
беру;
• 6) топырақтың құнарлылығын сақтау жөнiндегi
ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру;
Мемлекеттiк қолдаудың
нысандары
• 8) астықты өндiру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгiзуге
жәрдемдесу;
• 9) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттiк жемдiк астық
ресурстарынан жемдiк несие бөлу;
• 10) астық қолхаттарының тиiмдi айналысы үшiн жағдай жасау;
• 10-1) бюджеттiк бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын
өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май
материалдарының құнын арзандату;
• 11) iшкi рыноктың мұнай өнiмдерiне деген қажеттерiн дер кезiнде қамтамасыз ету
жөнiнде қажеттi шаралар қолдану;
• 13) агроөнеркәсiптiк кешен үшiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес
кадрлар даярлау;
• 14) аймақтарда техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау жөнінде
қызметтер көрсету бойынша бәсекелестiк орта құру үшiн шаралар қолдану;
• 15) астық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы шаралар әзiрлеу;
• 16) отандық ауыл шаруашылық машина жасау iсiн жаңғырту жөнiнде шаралар
қолдану.
Мемлекеттiк астық
ресурстарының түрлерi
• 1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық
резервiнен;
• 2) мемлекеттiк жемдiк астық
ресурстарынан;
• 3) мемлекеттiк тұқым ресурстарынан;
• 4) мемлекеттiк сатылатын астық
ресурстарынан тұрады.
Астық қолхаты

• Астық қабылдау кәсiпорны астықты сақтауға
қабылдағанын растайтын астық қолхатын
бередi.
• Астық қолхаты қажет болған жағдайда бiр-
бiрiнен бөлiнуi мүмкiн екi бөлiктен - қойма
куәлiгiнен және кепiл куәлiгiнен тұрады. Астық
қолхаты және оның бөлiктерiнiң әрқайсысы
эмиссиялық емес ордерлiк бағалы қағаз
болып табылады.
Мақта
• ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢЗАҢЫ
• Мақта саласын дамыту туралы 2007
жылғы шілденің 21-і № 298-ІІІ ҚРЗ
• Мақта - шитті мақта, мақта талшығы,
мақта тұқымы;
Мақта саласын мемлекеттік
реттеудің мақсаты
• ғылыми негізделген технологияларды
енгізу, мақта шаруашылығын
техникалық реттеу және
индустрияландыру, оны тоқыма және
тамақ өнеркәсібімен интеграциялау
негізінде мақта саласын дамыту,
мақтаның бәсекеге қабілеттілігін
арттыру болып табылады.
Мақта саласын мемлекеттік
реттеудің нысандары
• 1) мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау;
• 2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік
беру жүйесін дамыту;
• 3) кластерлік даму принциптерін ескере отырып, мақта саласының
тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялануын ынталандыру;
• 4) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі
қызметті лицензиялау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін
бақылау;
• 5) техникалық реттеу;
• 6) сарапшы ұйымды айқындау, сондай-ақ оның мақта талшығының
сапасына сараптама жасау ережесін сақтауын бақылау;
• 7) мақта нарығының мониторингі;
• 8) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақта егілетін аймақтарда
мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауының мониторингі;
• 9) мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді
шығару арқылы жүзеге асырылады.
Мақта саласын дамытуды
мемлекеттік қолдау
• 1) инвестициялық, салықтық, бюджеттік және кедендік ынталандыру саясатын
қалыптастыру және іске асыру;
• 2) бюджет қаражаты есебінен мынадай іс-шараларды ұйымдастыру:
• тұқымдық мақсат үшін пайдаланылатын мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын
қалыптастыру;
• мақтаны өндіру, сақтау және өңдеу, селекция және тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау
және олардың карантині, топырақты мелиорациялау, оның құнарлылығын сақтау мен
арттыру саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу;
• шитті мақта өндірудің ғылыми негізделген технологияларын енгізу;
• шитті мақтаны өндіру кезінде егістік алқаптардың құрылымын оңтайландыру және
мамандандырылған ауыспалы мақта егісін енгізу;
• мелиоративтік және ирригациялық жұмыстарды жүргізу;
• зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және арамшөптердің пайда болуын, көбеюін және
таралуын жүйелі түрде бақылау және олардың есебін жүргізу, сондай-ақ мақта егілетін
аймақтарда ерекше қауіпті зиянды организмдермен күрес жүргізу;
• мақта саласы және тоқыма өнеркәсібі үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес
мамандар даярлау;
• ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу жөнінде қызметтер көрсету құнын
субсидиялау;
Мақта саласын дамытуды
мемлекеттік қолдау
• 3) мақта өндірушілер мен мақта өңдеу ұйымдарына техника мен құрал-
жабдықтарды лизингтік беруді жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдарға
қаражат бөлу;
• 4) шитті мақта өндірушілерге мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарынан
тұқымдық несие беру;
• 5) мақта нарығына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;
• 6) тұқым шаруашылығын дамыту, оның ішінде бірегей мақта тұқымын өндіруге
жұмсалған шығынды өтеу, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне
сатылған мақтаның элиталық тұқымдарының, бірінші және екінші көбейтілген
тұқымдарының құнын арзандатуды қамтамасыз ету, мақта тұқымдарының
сорттық және егістік сапасын айқындау;
• 7) мақта нарығына қатысушыларды кредиттеу жүйесін ұйымдастыру;
• 8) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
туралы заңнамасына сәйкес мақта егістерін сақтандыру;
• 9) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су үнемдейтін технологиялар енгізуге,
су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативтері мен олардың
қауымдастықтарының (одақтарының) құрылуына және қалыптасуына
жәрдемдесу.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы
Кәсіпкерлік қызметті бақылау
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлік қызметі
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті реттеудегі ролі және мемлекеттік реттеуді жүргізетін мемлекеттік органдар
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 1999 ж. 13 шілдедегі No 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы
Фармациядағы шаруашылық субъектілерге банктік қызмет көрсету
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
Кәсіпкерліктің мәні және міндеттері
АРНАУЛЫ САЛЫҚ
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Пәндер