Адам және адамгершілік
Презентация қосу
Педагогикадағы анықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді
қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани
байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс
жүзінде үлес қосу.
Патриотизм ұғымына енетіндер:
Адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі,
Отанының мүддесін қорғау, азаматтық көрсетуі, Отанға адалдық
сақтау;
Елінің әлеуметтік және мәдени салада жеткен жетістіктеріне
мақтану;
Оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
Өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін
құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнына енетіндер:
Әр түрлі елдердің және ұлттардың халқын құрметтеу;
Басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін сыйлау;
Басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі
жетістіктерге оң баға беру;
Олармен жақсы қарым-қатынаста болу.
Халқымыз: “баланың жақсы немесе жаман болуы оның
жаратылысынан”, - дейді. Шынымен, баланың ата-анасымен, өскен
ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі жас ұрпақты
адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің
орны ерекше.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік,
қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл,
абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін
әрбір тәрбиелі ұстаз, ата-ана салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды өздері
жан-жақты терең білуі қажет.
Жетілген мінез-құлық – үш нәрсенің: жүрек, ақыл және қолдың
бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің
айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының
өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті
өшпес дәстүрге айналған.
Ар-ұят, ар-намыс туралы
Ар – адамның ең жоғарғы адамгершілік қасиеті. Кісінің халық пен қоғам,
жеке адамдар алдында өз әрекеті үшін моральдық жауапкершілігін
сезініп, саналы ұғынуын, өз ойы мен ісін адамгершілік ұжданымен
бағалай білуін бейнелейтін тарихи мәні бар, қоғамдық этникалық
категория.
Ар – адамның өз тәртібін өзі қадағалауына негіз болатын аса маңызды
моральдық қасиет, адамгершілік фактор.
Ар – адам бойындағы адамгершілік қасиеттің өлшемі тұлғаның өз әрекеті
мен ниеті үшін жауапкершілікті сезінуі және адамның өзіне-өзі ұждан
тұрғысынан баға бере білуін бейнелейтін әдептанулық категория.
Ар – адамгершілік ізгі қасиет.
Ар-намыс – адамға тән ізгі қасиет, ар-ұят.
Ар-ұят – ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты
білдіретін ұғым. Адамның әдептілік нормаларын сақтап, одан аспауына
іс-әрекеті мен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын
қасиет. Ар-ұят адамның қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігін
терең сезінуінен көрінеді.
Ар-ұждан – адамға тән ізгі қасиет, намыс, ұят; моральдық сана-сезім
ұғымы әрі этика категориясы жеке адамның қоғамдағы маңызын сезінуін
және қоғамның осы маңыздылықты тану сәттерін қамтиды.
Ынсап, ұят, ар, рақым, сабыр, сақтық,
Ынсап деген аспайды, кем қалмайды.
Орнын таппай, ол, сірә, қозғалмайды.
Рақым жақсы көреді аяғанды,
Адалдық қаттылықты ойға алмайды.
Ар демек, адамшылық, намыс деген,
Арың кетпес жоғыңа қарыс деген.
Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу
Сөз емес күншіл болып алыс деген.
Намыс сол өзің қарман кемдігіңе
Құрбыңмен ұмтылып бақ теңдігіңе.
Қалмай оз алдыңғының аяғынан
Соқтықпай өзің ізден еңбегіңе.
Ұлт сол аулақта ұял көргендей-ақ,
Ұрланған малың шығын бергендей-ақ.
Орынсызды істеуге өлгенше ұял,
“Ұят күшті өлімнен” дегендей-ақ.
Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай жан ызданады,
Осыдан көп шығады адамшылық.
Сақтық деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда ма, не залал ма – ескерілмек.
Сонда оңай, әрбір істі ойлап білмек.
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан?!
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса
Өлген артық дүниені былғағаннан.
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді анаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
Туысыңа – тұнық бол,
Құрдасыңа – қуаныш бол.
Сырласыңа – сынақ бол,
Жылағанға – жұбаныш бол,
Татулыққа – тамаша бол.
Ықыласқа – ақ бол,
Ана алдында – аласа бол,
Ар алдында, абырой алдында –
Әрқашанда биік бол!...
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz