ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ


Slide 1

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Slide 2

АЛҒЫ СӨЗ

Нақты оқу әдістемелік кешен студенттердің Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюына үлес қосуға ынталандыруы және еліміздегі құқық тәртібі мен заңдылықтың орын алуына септігін тигізуі қажет.

Халықтың құқықтық білімінің төмендігі елдегі құқық тәртібіне әсер етуші басты фактор екендігі белгілі. Сол себепті, “Құқық негіздерін” оқу барысында басты назар Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы заңдары мен нормативтік- құқықтық актілеріне аударылуы тиіс. Курсты оқу барысында студенттер Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін талдау әдістемесін игеруі қажет. Атап айтсақ, құқық пен мемлекеттің негізгі түсініктерімен танысуы, мемлекет, құқық, демократия, адам құқықтары мен бостандықтарның негізгі идеялары мен проблемаларын ашатын сұрақтармен танысуы; Құқық негіздері курсын оқу процесінде студент құқықтық әдебиеттермен, заңдармен, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істей білуі; Қазақстанның қолданыстағы заңдары туралы жалпы мағлұматтарының болуы және олардың қоғамдық қатынастардағы орны мен функцияларын білулері тиіс.

Slide 3

1-тақырып. "Құқық негіздері" курсы пәні және жүйесі. Мемлекет және құқық теориясы Мемлекет туралы негізгі ұғымдар. Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.

«Құқық негіздері» оқу курсы түсінігі және ерекшеліктері. «Құқық негіздері» оқу курсының функциясы. Құқық негіздері пәні және мемлекет пен құқық теориясы.

Мемлекет туралы негізгі ұғымдар. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі тұжырымдамалар. Мемлекет мәні. Мемлекет функциясы. Мемлекет механизмі және мемлекет нысаны. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Қазақстан мемлекетіне әлеуметтік-саяси және құқықтық сипаттама.

Құқық ұғымы және белгі-нышандары. Құқық мәні, функциясы және рөлі. Құқық қағидалары ұғымы және түрлері. Құқық жүйесі. Құқық қайнар көздері. Нормативті актілер ұғымы және түрлері. Құқық нормасы ұғымы және белгі-нышандары. Құқық нормасының құрлысы.

Slide 4

Мемлекет және құқық пәнi

қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтiк құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдiс-тәсiлдерiн, объективтiк заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнiн терең түсiнуге мүмкiндiк бередi. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттiк органдардың құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тәртiбiн және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекiтедi және қорғайды.

Slide 5

Заң ғылымдары үш топқа бөлiнедi:

1. Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, құқық пен саясаттың тарихи дамуы;

2. Салалық заң ғылымдары (азаматтық, қылмыстық, еңбек т. б. )

3. Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, соттық медицина, халықаралық құқық т. б. ) .

Slide 6

Мемлекеттiң дамуы

мемлекет қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң, жеке меншiктiң пайда болуы нәтижесiнде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлiнуiнiң туындысы. Мемлекет жария үкiметтiң пайда болуы мен iс-әрекетiнiң нәтижесi ретiнде қалыптасатын, қоғам өмiрiн ұйымдастырудың нысаны мен оның негiзгi салаларына басшылық ететiн, қажеттi жағдайларда мемлекеттiң күш-қуатына үйренетiн басқару жүйесi.

Slide 7

Құқықтың дамуы

адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi обьективтiк заңдылықтарының бiрi. Ол - әлеуметтiк нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары) қоғамның даму процесiнде бiрте-бiрте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттiң өзi қабылдаған, бекiткен құқықтың жаңа түрлерi пайда болды: заң, заңға тәуелдi кесiмдер, шарттық нормалар, заң күшi бар соттың шешiмдерi.

Slide 8

Мемлекеттiң және құқықтың пайда болуы туралы теориялар:

Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмiрiмен қалыптасып, дамып келедi деп түсiндiредi.

Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекеттi, құқықты ешкiм ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзi сияқты табиғаттан бастау алып, әдiлеттiлiкке негiзделген абсолюттiк ұғымдар деп атайды.

Тарихи теория - осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бiрге жетiлдi дейдi.

Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесiнен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерiнiң мүдде-мақсаттарын iске асыру үшiн бiрiккен одақ деп түсiндiредi. Күрделi iрi патриархалдық отбасы басшысы бiрте-бiрте мемлекеттiң басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттiң басшысы - монарх.

Психологиялық теория - адамдардың психологиялық бiрiккен көзқарасы, iс-әрекетi, мiнезi, тәртiбi - бәрi келiсiп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.

Slide 9

Мемлекет

белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.

Slide 10

Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады:

1. Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi, яғни халық билiгi.

2. Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары шекарасы белгiленген әкiмшiлiк-территорияның аумағында тұрады.

3. Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз.

4. Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.

5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы.

6. Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.

Slide 11

Мемлекеттiң нысаны:

басқару нысаны

мемлекеттiк құрылым нысаны

саяси режим

Slide 12

Басқару нысанына

оның жоғарғы, орталық және жергiлiктi органдарының құрылу жолдары, олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.

Мемлекеттiң басқару жолы монархия және республика деп екi түрге бөлiнедi. Монархияда жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады және бұл билiк мұрагерлiкпен берiледi. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.

Slide 13

Мемлекеттiк құрылым нысаны

Бұл - мемлекеттiң жергiлiктi әкiмшiлiкке бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекет пен бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк болып үшке бөлiнедi. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитаралық мемлекет - оның жерi тұтас, ол бөлiнбейдi және оған қол сұғуға болмайды.

Slide 14

Саяси режим

Мемлекеттiң саяси режимiн, оның қолданатын әдiстерiнен, азаматтарды құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепiлдiктерi, демократиялық институттарды қолдануынан бiлуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы болған режимдер болып бөлiнедi.

Slide 15

Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне:

- экономикалық;

- әлеуметтiк;

- қаржы реттеу;

- мәдениет бағытындағы;

- экологиялық;

- құқықтық тәртiптi реттеу жатады.

Slide 16

Сыртқы қызметтеріне:

- шет мемлекеттермен екi жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту;

- мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;

- мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;

- дүниежүзiлiк ғаламдық мәселелердi реттеп, iске асыру;

- мемлекеттiң қорғанысын, қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi және т. б. жатқызуға болады.

Slide 17

Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары:

Заңның үстемдiк етуi.

Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi.

Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалатындығы.

Саяси және идеологиялық плюрализмнiң болуы.

Азаматтық қоғамның қалыптасуы.

Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерiне сәйкес келуi.

Slide 18

ҚҰҚЫҚ

мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.

Slide 19

Құқықтың екi түрлі тұсінігі болады:

біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Slide 20

Құқықтың негiзгi функциялары:

Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.

Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Slide 21

Құқықтық норма

құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп, басқарып отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен қамтамасыз етiлетiн ереже - қағида.

Slide 22

Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция- қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы) .

Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстің 7-бабы) . Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.

Санкция - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті-анық, баламалы, салыстырмалы.

Slide 23

Құықықтың нысаны - мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:

1. Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде жан-жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан.

2. Құқықтық прецедент - соттың және әкімшілік органның нақты бір істі - мәселені қарап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері басқа істерді, реттеп шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір түрі.

3. Нормативтік шарттар - қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы: Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялық Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т. б.

4. Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер - заңның бір түрі. Сондықтан бұл кесімдер құқывқтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдум жалпы мемлекеттік түрде және жергілікті мақсатпен өткізіледі.

5. Нормативтік-құқықтық кесім - мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігі осы нормативтік кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.

Slide 24

Заң

мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.

Slide 25

Заңның белгi, нышандары:

1. Мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органы немесе референдумда қабылданған, бекiткен кесiмi.

2. Ең күрделi мәселелер туралы қабылданған кесiм.

3. Заңның өзiне тән арнаулы процедурасы бар, ол төрт кезеңнен тұрады: заң жобасын жасап, ұсыну; жобаны талқылау; заңды қабылдау, бекiту; заңды жариялау.

4. Заңды ешкiм өзгертпейдi, толықтырмайды. Тек қана қабылдаған орган өзгерте алады, толықтырады.

5. Заң - барлық нормативтiк актiлердiң негiзi, дiңгегi. қоғамда заңның үстемдiгi қалыптасу керек.

Slide 26

2-тақырып. Құқықтық қатынастар. Заңи міңез-құлық және құқықбұзушылық. Заңдық жауапкершілік.

Құқықтық қатынастар ұғымы және ерекшеліктері. Құықтық қатынастар құрамы. Субьективті құқық және заңдық міндет.

Құқықтық қатынастар субьектілері мен обьектілері. Құықтық қатынастардың жіктелінуі. Заңдық фактілер ұғымы және турлері.

Құқыты жүзеге асыру нысандары. Құқықты түсіндіру.

Заңи мінез-құлық ұғымы және белгі-нышандары. Заңи мінез-құлық түрлері және ниеттері.

Құқық бұзушылық ұғымы, белгі-нышандары. Құқықбұзушылық құрамы. Құқықбұзушылық түрлері.

Заңдық жауапкершілік ұғымы және белгі-нышандары. Заңдық жауапкершілік қағидалары. Заңдық жауапкершілік түрлері. Заңдық жауапкершілікті және құқыққа қайшылықты жоятын мән-жайлар.

Тәртіп, құқықтық тәртіп және заңдылық. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.

Slide 27

Құқықтық қатынастар

құқыққа байланысты, құқық негiзiндегi қатынастар болып табылады. Бұл үшiн бiр-бiрiмен байланысты үш негiз болуы керек: 1) құқық нормасы; 2) субъективтiк құқықтар мен мiндеттер; 3) заңға негiзделген айғақ болуы керек.

Slide 28

Құқықтық қатынастардың белгілері:

а) бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;

ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;

б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;

г) бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.

Slide 29

Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады:

субъект

объект

субьективтiк құқық

заңды мiндеттер

Slide 30

Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар.

Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi қалыптасуы керек.

Slide 31

Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) -

қоғамдағы көп түрлi, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, мәдениеттiк, азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлiк, еңбектiк және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнiмдерi, жеке мүлiктiк емес игiлiктер, құқық субьектiлерiнiң мiнез-құлқы және құқық қатынастарыны нәтижелерi - құқық қатынастарының обьектiлерi.

Slide 32

Субъективтік құқық-

бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Субъективтiк құқық бар жерде заңды мiндеттер болады. Бұл екеуi бiр-бiрiнсiз бола алмайды. Себебi қатынастардың көпшiлiгiнде екi жақты субьектiлердiң құқықтары бар және соған сәйкес екi жақты субьектiлердiң мiндеттерi бар.

Slide 33

Заңды міндет

бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет-бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі. Заңды мiндетi бар тұлға оны өз еркiмен орындамаса, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшi қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге мiндеттi. Егер бұл мiндетiн орындамаса, заңда белгiленген шара қолданылады. Мiндет заңды тұлғаларға да жүктеледi.

Slide 34

Заңға негiзделген айғақтар

құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруiмен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тiршiлiк жағдайлары.

Slide 35

Оқиғалар және әрекеттер

Оқиғалар - адамдардың бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз пайда болады. Мысалы, табиғат апаты, өлім және т. б адам өлiмi мұрагерлiк құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкiндiк бередi. Әрекеттер - адамдармен пайда болатын заңға негiзделген айғақтар. Олар құқыққа сай (заңды әрекет) және құқыққа қарсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлiнедi.

Slide 36

Құқықтық нормаларды жүзеге асыру:

1) сақтау-қолданыстағы құқықпен тыйым салынған әрекеттерден бас тарту;

2) орындау-оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байланысты белсенді әрекеттерді жүзеге асыру;

3) пайдалану-олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағаттандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;

4) қолдану-құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нәтижесінде сәйкес жеке ак қабылданады.

Slide 37

Құқық нормаларын түсіндіру

бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған әлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі.

Slide 38

Құқықтық мінез-құлық

бұл субъектілердің құқық нормаларына және әлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрысы.

Slide 39

Құқықбұзушылық

бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Slide 40

Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.

Қылмыстар-бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар.

Теріс қылықтар-әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.

Slide 41

Құқықбұзушылықтың құрамы:

1. Құқықбұзушылықтың субъектісі-бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықты әрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.

2. Құқықбұзушылықтың объектісі-бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т. б. жатады.

3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы-бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.

Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.

Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық.

4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы-бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) әрекет немесе әрекетсіздік; ә) құқыққа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

Slide 42

Заңды жауапкершілік

бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру) ; ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл) ; б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату) .

Slide 43

Заңды жауапкершіліктің қағидалары:

1) заңдылық-жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқықәрекетқабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;

2) әділеттілік-жазаның кінәға сәйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінәліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;

3) негізділік-істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді және нақты жазалау шарасын заңға сәйкес анықтауды білдіреді;

4) ізгілік (гуманизм) -адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге және қолдануға тыйым салуды білдіреді;

5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы-жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;

6) мақсаттылық-құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.

Slide 44

Заңды жауапкершілікті жоятын жағдайлар:

1) есі дұрыс еместік-тұлғаның өз әрекеттеріне есеп бере алмауы;

2) қажетті қорғаныс-мемлекеттің, қоғамның тұлғаның мүдделерін қоғамға қауіпті нұқсан келтіруден қорғау барысында нұқсан келтіруші тұлғаға зиян келтірумен сипатталады; алайда, қажетті қорғаныс шегінен асып кетпеуі тиіс, яғни, қорғанудың нұқсан келтірушіліктің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне айқын түрде сәйкес келмеуі орын алмауы тиіс;

3) аса қажеттілік-мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның мүдделеріне қауіп төндіруші әрекетті жою жағдайында мүмкін, қойылатын шарт-бұл қауіп басқа құралдармен жойыла алмауы қажет және аса қажеттіліктен туындаған зиян алдын алған зияннан аз болуы тиіс;

4) қоғамға аса қауіптілігі жоқ құқықбұзушылық;

5) казус (жағдай) және т. б.

Slide 45

Заңдылық-бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы.

Заңдылықтың қағидалары

1) заң үстемдігі-барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;

2) заңдылықтың тұтастығы-нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді;

3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі- құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;

4) заңдылықтың шынайылығы-құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.

Slide 46

Құқықтық тәртіп

бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.

Slide 47

Құқықтық сана

бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, бағалаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны.

Slide 48

Құқықтық мәдениет


Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ МЕН АҚПАРАТТЫҚ
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Қаржы құқығының негіздері
Экономика және Құқық факультеті
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының негіздері
Геометрия бөлімінің бөлімшелері
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ЖАЛПЫ
Құқықтың түсінігі, мәні мен құндылығы
Әкімшілік жауапкершілік
Заң ұғымы мен оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz