Еңбек қатынастарын реттеу құжаттары: Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы Еңбек келісім шартының түрлері Лауазымдық нұсқаулық



Оқытушы - Ақбұзауова Б., ф. ғ. к., доцент
Дәрістің мақсаты: Еңбек қатынастарын реттеу құжаттарының түрлері, жазылу ерекшеліктерімен таныстыру, құжатты сауатты толтыруға үйрету

Дәріс тақырыбын негіздеу (Жеке іске шолу)
Жаңа материалды меңгерту
Еңбек қатынастарын реттеу құжаттары.
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы.
Еңбек келісім шартының түрлері.
Лауазымдық нұсқаулық.
3. Жаңа материалды студенттерге құжат үлгісін толтырту арқылы бекіту.

Жұмысқа қабылдау
туралы өтініш
Жұмысқа қабылданған-
дығы туралы бұйрық
Сурет карточкасы-
мен сауалнама
Өмірбаян
Білімі туралы
құжаттары
Мінездемелер
мен ұсыныс хаттар
Денсаулығы жөнін-
дегі анықтама
Еңбек келісім
Кепіл-парақ
Кадрлар
жөніндегі
жеке іс
парағы
(фотокарточкамен)


жалқы есім
сан есім /жыл, ай, күн аттары/ жер-су атаулары
жоғары оқу орнының, мекеменің, ұйымың, сайланбалы органдардың атаулары
Мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардың атаулары
ырықсыз етіс тұлғасы
тұйық рай

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы жеке іске тігілетін басты құжат болып табылады және жұмысқа тұрушының негізгі қызметтік және өмірбаяндық мәліметтерін қамтиды. Жеке іс парағының сауалнамадан қандай айырмашылығы - жеке іс парағын жұмысқа тұрушы қызметке қабылданған соң яғни бұйрық шыққан соң толтырады. Ал сауалнаманы жұмысқа тұрар алдында толтырады.

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы:
жұмысқа қабылдану,
сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде,
ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат.
Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.

Жеке іс парағына төлқұжаты немесе жеке куәлік, еңбек кітапшасы, білімі туралы құжатындағы мәліметтерді ешқандай өзгертусіз көрсетеді. Олар:
«білімі» бағанында: «жоғары», «аяқталмаған жоғары», «арнаулы орта», «орта», «толық емес орта», «бастауыш» сияқты құжатына сәйкес көрсетіледі.
«еңбек қызметінің басталуымен атқарған қызметі» бағанында: еңбек кітапшасында көрсетілген қызметі туралы мәлімет беріледі. Бір мекемеде әр түрлі қызмет атқаратын қызметкер әр жұмысының уақытын жеке көрсетеді.
«отбасы жағдайы» бағанында: үйленген бе, жолдасы қайтыс болған ба, бойдақ па (күйеуге шықпаған ба), өзімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің тізімі (әрқайсысының аты-жөні, туған жылы, күні, немен айналысады, жеке-жеке көрсетіледі) жазылады.
Жеке іс парағына 4х6 форматындағы сурет жапсырылады, парақты жұмысқа тұрған адам ешқандай қысқартуларсыз өз қолымен толтырып соңынан қолын қойып растайды.
Жеке іс парағын кадр қызметінің құжаттарға жауапты маманы тексереді


.
қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын
және жеке еңбек шартыбойынша жұмысты тікелей
орындайтын жеке тұлға;
жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында
болатын жеке немесе заңды тұлға;
Қызметкердің жеке деректерін өңдеу - қызметкердің жеке
деректерін алу, сақтау, беру.
Қызметкердің жеке деректері - еңбек қатынастары туындаған,
жалғасқан және тоқтатылған кезде қажет болатын қызметкер
туралы ақпарат


1. Тегі Аты Әкесінің аты
2. Жынысы
3. Туған жылы, айы, күні
4. Туған жері
5. Ұлты
6. Білімі Диплом бойьшша мамандығы.
Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері.
7. Қандай тілдерді білесіз, қандай дәрежеде

8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
9. Ғылыми еңбектері және өнертабыстары
10. Жұмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары . Жұмыс істеген орындарының мекен-жайы
11. Сайланбалы орындарға қатысуы
12. Мемлекеттік наградалары
13. Әскери қызметке қатысы және әскери атағы
14. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі)
15. Мекен-жайы
16. Толтырылған уақыты Қолы

Еңбек шартының мазмұны:
1) Тараптардың деректемелері
1. жұмыс беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрақты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
жұмыс беруші-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері, жұмыс беруші-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2. қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды
3. белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы;
4. жұмыстың атқарылатын орны;
5. еңбек шартының мерзімі;
6. жұмыстың уақыты мен тынығу уақытының режимі;
7. еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;

8. егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және зиянды және қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
9. қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10. жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11. еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz