ЖШС АҚСАЙ НТК-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ




Презентация қосу
ЖШС «АҚСАЙ» НТК-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

«Ақсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қызметін
27.12.1994жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
(жалпы бөлімі), 22.04.1998жылы «Жауапкершілігі шектеулі және
қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңымен 19.06.1997жылы «Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,
04.07.1992жыл «Жеке кәсіпкерлерді қолдау мен қорғау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңымен, және осы жарғы бойынша
жүзеге асырады.
“Ақсай” нан-тоқаш комбинаты – нан, бөлішке, кондитер және тоқаш
өнімдерін өндіру бойынша қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі.
Жұмысшы жобаны 1982 жылы "Казгипропищепром" Мемлекеттік
жобалық институт әзірлеген. Зауыттың негізгі технологиялық құрал-
жабдығы 1988 жылдан бері пайдаланылады. Зауыттың жобалық қуаты
тәулігіне 162 тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді. Мемлекет
иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына сәйкес
Әділет министірлігі 1997 жылы 14-наурызда кәсіпорынды ЖШС “Ақсай”
НТК деп тіркеді. Меншік нысаны - 100% меншіктік капитал.
ЖШС “Ақсай” НТК-ның ұйымдастырушылық құрылымы.

Кәсіпорының басқару құрылымы 10 департаменттен тұрады, олардың
басшылығында кәсіпорынның басқарушы жұмыскерлері болып табылатын 10
директор тұрады.
Бас директор – тікелей басшылықты және акционерлік қоғамның қызметіне
қатысты басқарушылық шешімдерді қабылдауды жүзеге асырады.
Өндіріс және техникалық қамтамасыз ету бойынша департамент - кәсіпорында
дұрыс техникалық саясаттың жүргізілуіне, техниканың, технологияның
жетілдірілуіне және өндірістің, ғылымның жаңа жетістіктері негізінде
ұйымдастырылуына жауап береді.
Материалдық - техникалық жабдықтау департаменті - өндірісті қажетті
шикізаттармен және материалдармен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті – бухгалтерлік есептің жүргізілуін,
сәйкес органдарға есеп беруді бақылайды.
Бөлшек сауда департаменті – фирмалық дүкендер арқылы өнімдердің сатылуын
бақылау.
Технологиялық департамент – шикізаттың, дайын өнімнің сапасын және бүкіл
технологиялық процесті бақылау.
Қауыпсіздік департаменті – тауарды алып келу мен алып кетуді бақылау
жүргізілетін территорияны тікелей қорғау.
Маркетинг бөлімі – жарнама және өнімнің нарықта жылжу мәселелері.
Келісімшарт бөлімі – келісімшарттар жасау және контрагенттер туралы
мәселелерді шешу.
ЖШС «Ақсай» НТК-ның
ұйымдық құрылымы.

Директор

Қаржы Техникалық Дайын өнімдерді
директоры директор өткізу басқармасы

Жаңа
Бас бухгалтер технологиялар Өндірістік зертхана
бөлімі меңгерушісі

Филиалдарды Маркетинг бөлімі Өндіріс меңгерушісі
өркендету
бастығы
Комбинатта саладағы көпжылдық тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс істейді.ЖШС «Ақсай» НТК-
ның кадрлар құрылымы келесідей.

Жұмыскерлер 2005 ж. %-пен 2006 ж. %-пен
Категориясы Адам Адам
Өнеркәсіпті-өндірістік персонал 363 98,4 365 98,4
Соның ішінде:

- жұмысшылар, барлығы 336 91,0 338 91,1
Олардың ішінде: - негізгі 276 75,6 276 75,2
- көмекші 57 15,4 59 15,9
- басшылар мен мамандар 13 3,5 13 3,5
- қызметкерлер 14 3,8 14 3,8
Өнеркәсіптік емес персонал 6 1,6 6 1,6
Орташа тізімдік саны

Барлығы 369 100,0 371 100,0
Жыл ішінде түрлі себеппен

Жұмысқа алынғаны 58 23

Жұмыстан шығарылғаны 61 21
ЖШС «Ақсай» НТК қызметкерлер құрамына қысқаша тоқталып
өтейін. Ұйымның басты ресурсы-тұтынушылардың талаптарын
орындауға және сапа саласында алдыға қойылған мақсаттарға
жетуге қабілетті дайындалған және құзыретті қызметкерлер
құрамы.Ұжымдағы барлық қарым-қатнастар өзара пайдалы
серіктестік пен әрбір жұмыскердің және жалпы кәсіпорынның
мүдделерін құрметтеу негізінде құрылады.Идеялардың
біртұтастығы,өзара қолдау және өз қызметі саласында үздік
болуға ұмтылу-ЖШС «Ақсай» НТК ұжымының өзіндік
сипаты.Кәсіпорын әр жұмыскерге денсаулық үшін қауіпсіз,
еңбектің максималды тиімділігіне жәрдемдесетін еңбек
шарттарын қамтамасыз етеді,толласыз кәсіптік өсу және
корпоративтік мәдениетті дамыту арқылы өз қызметкерлерінің
өзін өзі іске асыруы үшін жағдайлар жасайды.Қызметкерлер
құрамының құзыретін,хабардарлығын және дайындығын
арттыру мақсатында комбинатта сапа менеджментінің, өндірісті
ұйымдастыру және оның технологиясы,есеп,қауіпсіздік
техникасы және өнеркәсіптік санитария мәселелері бойынша
оқу бағдарламалары әзірленген
ЖШС «АҚСАЙ» НТК-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ -
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қаржылық басқарудың басты мақсаты –
капиталды тиімді пайдалану мен мейлінше мол табыс табу.
Атақты менеджер, «АТТ» корпорациясының басшысы Гарольд Дэменин былай дейді:
«бизнесте кешірілмейтін бір кемшілік бар, ол – ақшасыз қалу. Басқадай кемшіліктердің бәрін
белгілі бір дәрежеде қалыпқа келтіруге болады. Бірақ, сіз түк-түк ақшасыз қаласыз –
ойыннан мүлдем шығып қаласыз».
Қаржылық мәселерді бизнеспен айналыспас бұрын дұрыс түсінудің шағын кәсіпкерлік үшін
маңызы зор. Жаңадан іс бастауға, ең алдымен, қаржылық көздер қажет. Шағын және орта
кәсіпкерліктің болашағы да қажетті капиталды тарта білуге тығыз қатысты. Капитал шағын
бизнес кәсіпорындарын ашып, ұйымдастыруға және кәсіпорынның күнделікті қызметін
жүргізіп, одан әрі қаржыландыруға (айналым қоры) қажет. Шағын және орта кәсіпкерліктің
бір ерекшелігі – қаржы ресурстарының шектеулілігі. Сол себепті, қаржы көздерін тауып,
пайдалану – шағын және орта кәсіпкерліктің бірінші кезектегі мәселесі.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың жолдары, әдетте, екі жолмен жүреді:
1 өз ақшалары.
2 қарызға алынған ақшалар.
Шағын және орта кәсіпкерлікті өз ақшалары арқылы қаржыландыру көздеріне мыналар
жатады:
1. Құрылтайшылардың немесе басшының.
2. Серіктестердің қаржылары.
3. Табыстар.
4. Амортизазия.
5. Активтерді сатудан түскен қаржылар.
6. Акцияларды сату.
7. Дебиторлық қарыздар.
Ең сенімді де қарапайым қаржыландыру көзі - өз ақшалары.
Мұндай жағдайда кәсіпкердің өз ісін аз көлемде тезірек бастап
кетуіне мүмкіндігі бар. Дегенмен, кей–кейде серіктестіктердің
бірігіп, жұмыс істеген де пайдалы. Оның артықшылығы –
серіктестіктер не өз қаржыларын, не құрал-жабдықтарын, не
білім-білігін ортаға салып, бизнес көлемін кеңейте түседі.
Көп жағдайда шағын кәсіпорындары төл қаржыларының
жетіспеушілігін несиелерге арқа сүйейді.
Несиенің негізгі екі түрі:
1. Банк несиесі – кәсіпорын қызметін жүгізуге тікелей ақша беру.
2. Саудалық несие – кәсіпорынның төлем ақшасын кейінге
қалдыру арқылы тауар беру.
Банк несиесі белгілі бір нақты мерзімге, нақты өсім
пайыздарымен беріледі. Сондай-ақ, бұл несие- «вексель» деп
аталынатын ұзақ мерзімдік міндеттемелерге де беріледі.
Саудалық несиеде кәсіпкер келісім-шарт арқылы тауар түрінде
берілген нақты несиенің құны мен пайыздарын келісілген мерзім
ішінде өтеуге уәде береді.
Қай-қайсы несиеге де қол жеткізу үшін – құндылығы жоғары
кепілдік қорлар болуы қажет. Кепілдік қор – банк несиесін
немесе саудалық несиені берушінің ең басты шарты.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың әлемдік
тәжірибеде үлгілі түрлері жетерлік. Олардың ішіндегі
негізгілеріне лизинг, қаржылық лизинг, операциялық лизинг,
факторинг, франчейзинг, венчурлық қорды жатқызуға болады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің қаржылық тұрақтылығының
негізі – қолма-қол ақша мен табыстың болуы.
Әрбір кәсіпкердің тікелей міндеті – кәсіпорынның
қаражаттарын тиімді пайдалану арқасында табысқа жету. Бұл
мақсатқа жетудің тура жолы – қаржылық жоспар жасау.
Бұл жоспарға қажетті белгілер:
1. кірістер мен шығыстар жоспары
2. шығынсыздықтың есеп-қисабы
3. қолма-қол ақша қозғалысын болжау
Зауытта орнатылған жұмыс режимі кезінде 1, 2, 3, 4 –
линиялардың тәулігіне 26,63 тоннаға тең қуаттылықтары
бірдей, линияларда "Жәй нан" формалы бидай наны (0,65)
пісіріледі. Қазіргі уақытта өндірісте 2, 3 және 4 – линиялар
жұмыс істейді, оларда тәулігіне 30 тонна формалы нан
өндіріледі. Қара бидай ұнынан және қара бидай мен бидай
ұндарынан араластырып пісірілетін жалпақ нан өндіру
бойынша 5-6 – линиялар электрлі жылытқыштары бар БН-50
пештерімен, Б-4-58 бөліп-жазғыш машинасымен және А2-ХТН
бөлгішімен жабдықталған. Бұл линиялардың екеуі де жұмыс
істейді. Тоқаш цехында 4 технологиялық линиялар орнатылған.
Олардың екеуі ойық тоқаш түрлерін өндіру үшін
пайдаланылады, біреуі – тоқаш шығару үшін, линиялардың бірі
өрмелер шығару үшін қайта жабдықталған. Тәтті сабақшаларды
өндіру үшін екі технологиялық линиялар орнатылған, олар ТМ-
63 қамыр илегіш машинасынан, бөлгіш пресінен, шнек және
матрицадан тұрады. Фирма-ның жобалық өндірістік
қуаттылығы:
нан-бөлішке өнімдеріне –142,8 тонна тәулігіне;
тоқаш өнімдеріне – 19,6 тонна тәулігіне;
сабақшаларға – 1,4 тонна тәулігіне.
Осылайша, барлығы тәулігіне 163,8 тонна. Бұл қуаттылықты
қамтамасыз ету он екі кешенді-механикаландырылған
линияларды орнату есебінен мүмкін болып отыр, олардың 8-і
электр жылытқышпен жұмыс істейтін пештермен, ал 4-і газбен
жұмыс істейтін пештермен жабдықталған. Бүгінгі күні Визит
тәулігіне 64 тонна нан 0,3 тонна сабақша өндіреді, қосымша
цехтарда: бөлішке өнімдері – 0,6 тонна, кондитер өнімдері – 0,3
тонна.
ЖШС “Ақсай” НТК-ның өндірістік қызметі Қазақстан
Республикасының барлық бекітілген стандарттарына сәйкес
келетін және халықтың сұранысына жауап беретін,
бәсекеқабілетті өнім өндіруге бағытталған.
Комбинатта өндірілген өнімді сататын дүкендер желісі жұмыс
істейді. Өткізудің дәстүрлі арналары болып ірі және шағын
дүкендер, жеке кәсіпкерлер сияқты делдалдар табылады.
Бұйымдардың таралуы екі әдіспен жасалады: бірінші жағдайда
өнім комбинаттың көлігімен тапсырыс берушіге дейін жеткізіледі;
немесе өнім сатып алушының көлігімен комбинат
территориясынан алып кетіледі.
Өнімді өткізу процесінде бірінші кезең - сатып алушылардан
тапсырыс қабылдау. Тапсырыстарды өткізуден бір күн бұрын
телефон арқылы диспетчер қабылдайды. Келіп түскен
тапсырыстардың негізінде өндірілетін өнім көлемі, қозғалыс
маршруттары қалыптасады, дайын өнімді жеткізу уақыты
анықталады. Сонан соң түскен тапсырыстар бойынша
компьютерде накладная толтырылады, соның негізінде сатып
алушы кассада есеп айырысып, диспетчердің рұқсатымен өнімді
тиейді. Өнімді тиеу екі қоймада жасалады: кондитерлік
бұйымдар қоймасы және нан өнімдері қоймасы.
Тұрақты тапсырыс берушілерге (дүкендер мен
супермаркеттерге) өнімді жеткізу комбинаттың көлігімен
жасалады. Қазіргі уақытта комбинатта 23 автокөлік бар:
олардың 17-і нан тасымалдау фургондары және 6 “Газель”
маркалы автокөліктер. Түскен тапсырыстар көлеміне қарай
машиналар күніне 4 рейс жасайды. Бір рейс ішінде машиналар
7-8 дүкенге қызмет көрсетеді.

Ұқсас жұмыстар
Үшқоңыр
PANTENE
ШОШҚА ТҰҚЫМДАРЫ туралы
Камышинское ЖШС
Энергияның негізгі көздері, электрстанцияларының сипаттамасы
АТФ БАНК БАСШЫЛЫГЫ,
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН СЫНАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САПАЛЫҚ АНЫҚТАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Nuka-Travel туристік компаниясының маркетингтік ортасы
Қызметкерлерге қойылатын GMP талаптары
Пәндер