АҚШ-тың экономикалық жүйесі және Қазақстанмен экономикалық байланыстары


Slide 1

АҚШ-тың қаржы жүйесі

Slide 2

АҚШ-тың қаржы жүйесі

АҚШ - экономикасы дамыған мемлекет. Оның дүние жүзіндегі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 1995 жылы 21, 8 %, яғни бүкіл Батыс Еуропа елдері (21 мемл. ) көрсеткішінің қосындысынан сәл ғана кем болды(23, 1) . Осындай зор экономикалық - әлеуметтік артықшылықтар қазіргі заманғы озық бағдарламаларды дамытуға мүмкіндіктер тууғызып, АҚШ - ты дүние жүзіндегі алғы шепке шығарып отыр. Жер қойнауы отын - энергетика, шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фасфориттерге, калий тұздарына, т. б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей - берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.

АҚШ өнеркәсібі - бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі автомобиль, авиация, электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. 2008 жылы 994, 9 млн. т көмір, 406, 6 млн. т мұнай, 94, 1 млн. т болат, 3046, 6 млн. кВт сағат электр энергиясы шығарылады.

Slide 3

АҚШ - тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған . АҚШ экономикасы үздіксіз өсуде . Оны ұлттық табыс пен сыртқы сауда көрсеткіштерінен байқауға болады . АҚШ - тың экономика және сыртқы сауда көрсеткіштері :

АҚШ - тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық . 2008 жылы барлық инвестиция көлемі 1101, 3 млрд. доллар болса, оның 568, 7 млрд доллары құрылысқа жұмсалды.

2006ж. 2007ж. 2008 ж. Ұлттық табыс, млрд. доллар -5764, 97567, 1Экспорт, млрд. доллар225, 6393, 6624, 5Импорт, млрд. доллар257, 0516, 7817, 8

Slide 4

Негізгі сауда серіктестері-Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония . АҚШ - пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90 - жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мыс., мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Шелль», «Мобиль», компаниялар мен «Прайс Уотерхаус» есеп аудит консалтингтік компаниясы, т. б. ) .

Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан - жақты қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орын алады. Біздің мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей байланысты.

Slide 5

АҚШ - тың жалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор әскери - саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе ғаламдық процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың жай - күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет. АҚШ дербес күш ретінде, сондай - ақ халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, іс жүзінде планетаның көптеген аймақтарында жанжалдарды реттеуге белсене қатысады. Америка ішкі рыногы осы заманғы елдердің көпшіулігінің экспорты бағдарланған экономикалық дамуының маңызды шарты болып табылады.

2007 ж. елдің Батыс және Шығыс бөліктері қосылғаннан кейін Германия Еуропадағы экономикалық потенциалы бойынша ірі елдердің біріне айналды. Сонымен қатар, Германия әлемдік экономикада жалпы ішкі өнімінің көлемі бойынша АҚШ мен Жапонядан соң үшінші орынға ие бола отырып, көшбасшылардың біріне айналды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ жылына 26 мың долларадан келеді. Германияның ауданы - 357 мың шаршы км. [3]


Ұқсас жұмыстар
АҚШ-тың саяси және экономикалық құрылымы, салық жүйесі мен Федералдық резервтік жүйенің ерекшеліктері
Франция шаруашылығы мен сыртқы экономикалық байланыстары: құрылымы және Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары
Қазақстанның ТМД, АҚШ және Еуропа елдерімен экономикалық байланыстары мен сыртқы саясаттағы басымдықтары
АҚШ-тың теңіз ұйымдарын гидрометеорологиялық қамтамасыз ету жүйесі
Жапонияның әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығы
Францияның шаруашылығы және сыртқы экономикалық байланыстары
Аймақтың экономикалық потенциалын бағалау: құрамдастары, экономикалық байланыстары және өндіргіш күштерді орналастыру принциптері
АҚШ пен Канада: экономикалық құрылым, табиғи ресурстар және халықаралық байланыстар
Үндістан: әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және Қазақстанмен сауда қатынастары
АҚШ-тың екіжақты партиялық жүйесі мен Барак Обаманың саяси тұғырнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz