ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ НЕГІЗДЕРІ


Slide 1

ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Туризм кафедрасы

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ НЕГІЗДЕРІ

Лектордың аты-жөні: Алиева Жаннат Нарикбаевна

Алматы қаласы

Slide 2

1-дәріс Кіріспе дәріс. Курстың құрылымы және ұсынылатын әдебиеттер. Елдердің тұрақты даму концепциясы. Тұрақты даму концепциясы - ХХІ-ғасырдағы қауымның негізгі міндеті.

Дәрістің мақсаты: Елдердің тұрақты даму концепциясымен студенттерді таныстыру.

Негізгі сөздер: тұрақты даму, конференция, қоршаған орта, табиғи ресурстар.

Slide 3

ХХІ ғасырға адам баласы көп мәселелермен кірді, оның ішінде бастысы - әлемдегі экологиялық жүйелердің деградацияға ұшаруы. Қазіргі жағдайда әлемдік саясаттың негізгі бағыты - адам баласы өз тұрмыс жағдайына көзқарасын өзгерту керек, әсіресе, экономикалық және экологиялық теңдікке жетуге бар күшін салу керек.

Slide 4

Әлем қоғамының қоршаған ортаның жағдайы туралы тынымсыз дабыл қағуы 1972 жылы БҰҰ-ның Стокгольм конференциясында арнайы құрылым құруға мүмкіндік жасады, атап айтқанда БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП) жасалынды.

1983 жылы БҰҰ қоршаған ортаны қорғаумен дамыту туралы комиссиясы құрылды, оны Норвегияның премьер-министрі гру Харлем Брундтланд басқарды. Комиссияның басты міндеті әлемдегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жолдарын табу.

Slide 5

1987 жылы БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау мен дамытудың Халықаралық комиссиясы Біздің болашағымыз деген тақырыпта баяндама жариялап - өркениеттің жаңа моделдерін іздестіруді керек екендігін көтерді. Осы баяндамада ең алғаш тұрақты даму түсінігі қолданды және тұрақты дамудың концепциясын жасалуы басталды. Осындай аз уақыт ішінде бұл түсінік өте жиі қолданылатын болды.

Тұрақты даму деген - бұл экологиялық жүйелердің тұрақсыздығын бұзбай, адам өмірінің сапасын жақсарту.

Тұрақты даму ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы адам баласының алдындағы негізгі міндет ретінде қаралуы тиіс.

Slide 6

БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау мен дамытудың Халықаралық комиссиясының баяндамасында, тұрақты даму концепциясы мынадай негізгі ережелерді енгізді:

1. Бүгінгі өмір сүріп отырған халықтың талғамына сай және келешек ұрпақтар өз қажетін қанағаттандыралықтай етіп, адам баласы қоршаған ортаны тұрақты да және ұзақ мерзім дамуға әсерін тигізе алады. Ол үшін басты жағдайлар мынадай:

- адамның экологиялық қауіпсіздігі мен дұрыс өмір сүру ортасын пайдалануға әділдік бөлу;

- табиғи ресурстарды шығындай беруді уақытша тоқтату;

- қоршаған ортаның сапасын сақтау;

- адам баласының және қоршаған табиғаттың генетикалық қорын жоғалтуын тоқтату және жеңу;

Slide 7

2. Тұрақты дамудың негізі - табиғи ресурстарды және жер шарының экологиялық потенциалын күтіммен қарау.

3. Барлық жағынан тұрақты даму үшін мүмкіндігі жоғары адамдар өзінің өмір жағдайын, іс-әрекетін жердің экологиялық мүмкіндіктерімен келісіп жасағаны жөн, мысалға, энергияны қолданғанда.

4. Тұрақты даму дегеніміз - бұл қазіргі және келешек қажеттіліктеріне ресурстарды пайдалану мөлшерінің, капитал салу бағытының, техникалық дамуының сәйкестігі, яғни тұрақты даму - бұл үйлесілімділіктің өзгеруі емес, а өзгерістер процесі.

Slide 8

1992 жылдың жазында Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ-ның қоршаған орта және оның дамуы туралы конференция өтті.

Slide 9

Мұнда халықаралық келісім жасалынды және әлем бойынша тұрақты даму мақсатымен маңызды құжаттар қабылданды:

- қоршаған орта және оның дамуы туралы декларация, мұнда адамдардың жағдайын жақсарту және дамуын қамтамасыз ететін елдердің міндеттері мен құқықтары анықталған;

- ХХІ ғасырға арналған күн тәртібі - әлеуметтік, экономикалық және экологиялық көзқараста тұрақты дамуға өту бағдарламасы;

- планетаның экологиялық балансын сақтайтын ормандарды пайдалану, қорғау, басқару туралы мәлімдеме;

- климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның конвенциясы;

- биологиялық әртүрлілік туралы БҰҰ-ның конвенциясы.

Slide 10

Сонымен, соңғы уақытта тұрақты дамуға көшудің теориялық негізі құрылды. Тұрақты дамуға көшудің басты шарты табиғат-қоғам жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуі.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы экотуризмді талдау
Экологиялық туризмнің негізгі түрлері халықаралық туризмнен онша ерекшеленбейді, тек теңіз шығымдылығының жоқтығынан басқа
ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ
Көне дәуірдегі туризм
ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУ
Менің туризм мамандығын таңдау себебім және болашақта Қазақстандағы туризмді дамыту үшін қосатын үлесім
Қазақстандағы ішкі туризмнің қазіргі даму жағдайы
ТУРИЗМНІҢ ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС ЖАҚТАРЫ
Туризм негіздері үйірмесінің оқушылар тізімі
Экологиялық туризмге кедергі келтіретін табиғи факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz