Өскемен қаласының атмосфералық ауасы және агроценоздарының ластануын бағалау


Slide 1

Өскемен қаласының атмосфералық ауасы және агроценоздарының ластануын бағалау

Орындаған: Достемесова А. Б.

Эк-61-к4

Ғылыми жетекшісі: Алыбаева Р. А.

б. ғ. к., доцент

Slide 2

Қазіргі кезде қарқынды индустрияландыру процесі жүріп, оның қоршаған ортаға жағымсыз әсері қатар жүруде. Өндірістік кәсіпорындардың қарқынды дамуы, транспорт күшінің артуы экологиялық жағдайдың нашарлауына алып келуде. Осы тұрғыдан Қазақстанның бай табиғи қоры күшті индустрияның дамуына негіз болды, осыған сәйкес көптеген өндірістік орталықтар қалыптасты. Алайда, осы өндірістік орталықтар әртүрлі орталардың улы заттектермен ең көп ластанған аудандары болып табылады. Осы мәселе Қазақстандағы көптеген өнеркәсіп орталықтары орналасқан аймақтарда өзекті мәселе болып отыр.

Осындай орталықтың бірі ─ Өскемен қаласы. Қаланың аймақтық орналасуы мен табиғи-климаттық жағдайы, қоршаған ортаны белсенді ластайтын өндірістік орталардың көптеп шоғырлануы, мекенжай сілемдерінің өндірістік зоналарға өте жақын орналасуы, автотранспорт санының өсуі қоршаған орта ерекшелігін қалыптастырады.

Slide 3

Өскемен аймағының орталығының белсенді ластануына, әсіресе жылу энергетикалық кешенді кәсіпорындары мен металлургиялық өнеркәсіптердің және осылардан шығатын негізгі ластаушылар - ауыр металдардың әсері зор болып отыр.

Осыған орай, жұмысымыздың мақсаты ─ Өскемен қаласындағы өндіріс орындарынан шығатын ауыр металдардың қоршаған ортада жинақталуын зерттеу және бағалау.

Slide 4

Зерттеудің шарты және нысандары

Геохимиялық және гигиеналық зерттеулер бекіткендей, атмосфералық ауадағы металдардың құрамы мен саны арасындағы байланыстар және олардың қалалар аумағына түсуі, табиғи ортада - қар жамылғысы және «топырақ-өсімдік» жүйесіндегі ауытқушылық түрінде жақсы байқалады. Себебі: жер бедерінің қар жамылғысы үлкен сорбциондық қабілетке ие екендігі және «топырақ-өсімдік» жүйесі көп жылдар бойына өз құрамында металдың атмосфералық жаууының мөлшерін тіркеп отыратындығында. Осыған байланысты, Өскемен қаласы қоршаған ортасындағы қар жамылғысындағы, кейбір ауыл шаруашылық өсімдіктердің тауарлық бөлігіндегі және сол өсімдіктердің тамыры орналасқан қабат топырағындағы ауыр металдардың құрамын және мөлшерін зерттеу жұмысы жүргізілді.

Slide 5

Зерттеу нысандары ретінде көлемі 34 сынамадан тұратын қар жамылғысы іріктемесі (өндіріс көздеріне жақын аумақтардан алынған), қала аумағы бойынша 20 жергілікті жерде бірқалыпты таралған келесідей ауыл шаруашылық өсімдіктер(қызылша, картоп, орамжапырақ, қызанақ, қияр) және осы өсімдіктердің тамыры таралған топырақ қабаты сынамаларына зерттеу жүргізілді.

Зерттеу әдістері

Қар жамылғысы толық қалыңдықта айқындалғанша сынама шурфта іріктеледі. Шурф ауданы қар жамылғысының қаттылығы мен талдауға керек 7-10 кг-дық қар салмағына байланысты. Сұрыпталатын 7-10 кг қар берік целлофан қапшықтарға салынып, этикеткімен байланады. Журналда сұрыпталу мерзімі нақты көрсетіледі.

Slide 6

Сұрыптауға алынған қар түрлері ерітіліп, сүзгілеуге түсіп, бұл арқылы жауын-шашынның қатты түрдегі топтамасы ерекшеленеді. Кептіргеннен кейін, артық араласқан заттардан босатылып, өлшеніп, ұнтақ күйіне келгенше жайылып, спектральді талдау жүргізу үшін лабораторияға жөнелтіледі және камеральді сұрыптаудан өткізіледі.

Өсімдік сынамаларының жалпы салмағы 1 кг құрайтын 20 сынамадан тұрды. Сынақ үлгілерін даярлау және улы заттектердің талдауы «азық-түлік өнімдері мен шикізаттар» ГОСТ 26929-94- ке сәйкес орындалды. Ауыр металдар құрамын анықтау фотопластинкаға түскен спектрден байқалатын плазма доғасындағы атомдардың қозуына негізделген жартылай мөлшерлі спектрлі талдау арқылы жүргізілді. Спектрометр ДФС-18, экспозициясы 30 сек, ток күші 20 А-ді құрайды.

Slide 7

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау

Slide 8

Қар жамылғысы қатты қалдығындағы ауыр металдар құрамын анықтау нәтижелері

Аймақ №№

Zp мәні

Zp орташа мәні

Ластану деңгейі

Pb қатыстық үлесі, %

Ауыр металдардың таралу ассоциациясы

Ауытқыған компоненттер саны

1-2

>256

906

өте жоғары

12, 4

Sb, Bi, Pb, Ag, Cd, Zn, As, Cu, Sn, Ba, P, Mn, Cr, Co

14

3

128-256

206

жоғары

32, 7

Pb, Ag, Bi, Zn, As, Cd, Sb, Cr, Ba, Cu, Sn, Co, P, V

14

4

64-128

93

орташа

31, 8

Pb, Ag, Bi, Zn, Sb, P, Cu, Ba, Cr, Sn

10

5

32-64

46

төмен

36, 3

Pb, Ag, Bi, P, Zn, Ba, Sn, Cu

8

1-кесте. Қатты қалдық түріндегі қар сынамаларындағы ауыр металдардың таралу ассоциациясы.

Slide 9

2-кесте. Өскемен және оның маңайындағы аймақтарға атмосферадан түсетін басым ауыр металдардың бір күндік орташа түсірілімінің салыстырмалы бағасы (1990-92жж. салыстырғанда)

Кезең

Элементтер

Pb

Sb

Bi

Ag

Cd

Zn

As

Cu

кгхкм2/тәул

кгхкм2/тәул

кгхкм2/тәул

кгхкм2/тәул

кгхкм2/тәул

кгхкм2/тәул

кгхкм2/тәул

кгхкм2/тәул

1990-92жж.

395

7, 7

0, 3

0, 8

4, 5

573

9

132

2009-2010жж.

77, 73

4, 235

2, 187

0, 20

0, 70

118, 2

4, 66

28, 06

Төмендеу, есе

5, 1

1, 8

0, 1

4

6, 4

4, 8

2

4, 7

Slide 10

Қар жамылғысының қатты қалдығындағы ауыр металдар үлесін зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ластаушылардың жалпы көлемдік таралымы аймақты-концентрациялы құрылымға ие: «Қазмырыш» ӨК алаңынан алыстаған сайын элементтер спектрі кеми түседі және уытты металдардың концентрациясы төмендейді. Аса қатты ластанған аймақтарда басым поллютанттар болып Sb, Bi, Pb, Ag, Cd, Zn, Cu, As табылады. Орташа және төмен ластану аймақтарындағы басымырақ поллютанттар ретінде Pb және Ag табылуда.

Өңделетін шикізаттың негізгі компоненттерінен түсетін жүктемені төмендетудің нақты беталысы байқалды, 90-шы жылдармен салыстырғанда. Оған - 2-кестеде көрсетілген элементтер жатады. Pb, Zn, Cu, Cd, Ag үшін төмендеу бір ретте - 4-пен 6, 4 есе аралығында, ал Sb және As үшін -2 есеге дейін. Осылайша, «Қазмырыш» ӨК ауаны қорғау іс-әрекеті өзінің алғашқы жемісін бере бастады.

Slide 11

Ауыл шаруашылық өсімдіктеріндегі аэральдық және топырақтық ластанудың арақатынасын анықтау нәтижелері

Slide 12

С/с

Ауыл шаруашылық өнімдерінің атауы

Сынама саны

Ластайтын заттектер, мг/кг/ШРД

Улы элементтер

Pb

Cd

As

Hg

1

Қызылша тамыржемісі

19

0, 26

0, 52

0, 024

0, 80

0, 049

0, 24

<0, 005

<ШРД

2

Картоп түйнегі

18

0, 26

0, 52

0, 025

0, 83

0, 049

0, 24

<0, 005

<ШРД

3

Ақ қауданды орамжапырақ

20

0, 27

0, 54

0, 024

0, 80

0, 049

0, 24

<0, 005

<ШРД

4

Қызанақ

18

0, 19

0, 38

0, 023

0, 77

0, 042

0, 21

<0, 005

<ШРД

5

Қияр

4

0, 18

0, 36

0, 021

0, 70

0, 042

0, 21

<0, 005

<ШРД

Токсиканттардың көкөніс өнімдеріндегі жоғары рауалы деңгейі(мг/кг) :

Картоп

0, 5

0, 03

0, 2

0, 02

Қызылша

0, 5

0, 03

0, 2

0, 02

Ақ қауданды орамжапырақ

0, 5

0, 03

0, 2

0, 02

Қызанақ, қияр

0, 5

0, 03

0, 2

0, 02

3-кесте. Өскемен қаласының аумағындағы көкөністік-ауыл шаруашылық

өсімдіктердің улы компоненттермен ластану деңгейінің орташа есебі.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ЖӘНЕ АГРОЦЕНОЗЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
Алматы қаласының автотранспорттардың шығарылатын қалдық заттардың
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ АУА БАССЕЙНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАР КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЫЛ МАУСЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРУІ
Ақтөбе облысының экологиялық проблемасы
Қазақстан қалаларының экологиясы
Өнеркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануы
ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫ
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙІ, ТАБИҒАТ
Шешім алгоритмі, сандық алгоритм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz