Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, Диуани Хикмат және Түркістандағы кесененің тарихи-мәдени маңызы


Slide 1

Қожа Ахмет Яссауи

Slide 2

АХМЕД ЯССАУИ (т. ж. белгісіз -1166) - он екінші гасырда өмір сүрген ақын. Қазақ хаяқының көне мәдениеті тарихында айрықша орны бар. Яссы шаһарында турган. Кейін Яссауи атанады. Ахмед Яссауи Бухар қапасында діни білім алганнан кейін Туркістанга келіп, сол кезде Орта Азияда кең тараган софылық діни-мистикалық идеялардың насихатшысына айналады. Сулеймең Бақыргани, Софы Аллаяр, Ахсани және тагы басқалар оның жолын қуып, софизмнің жаршысы болган. Ахмед Яссауидің бугінгі урпаққа жеткен шыгармасы «Диуани Хикмет » («Даналық жайындагы кітап») . Онан қазақ халқының ежелгі модениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты багалы фактілер табуга болады. Ахмед Яссауи туралы ел аузында коптеген унамды аңыз-әңгімелер бар.

Slide 3

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ) . Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

Slide 4

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі - Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салына бастаған. Қ. А. Ясауи сәулет ғимараты айқын, дәл әрі үйлесімді жоспармен салынған. Деректерде Әмір Темір кесененің салынуына бұйрық беріп, әрі жобасын жасауға да тікелей қатысқан. Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимараты - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені - 46, 5м, ұзындығы - 65м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық аркасы - 18, 2 м және биіктігі - 37, 5м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Қ. А. Ясауи кесенесі жамағатхана, қабірхана, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана және бірнеше құжыра бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен ерекшеленеді

Slide 5
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, Диуани Хикметі және сопылық ілімнің тарихи-мәдени ықпалы
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, сопылық ілімі мен Диуани Хикметтің тарихи-әдеби маңызы
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, ілімі, Диуани хикмет және кесенесі
Қожа Ахмет Яссауи: өмірі, сопылық ілімі және Диуани Хикметтің тарихи-мәдени маңызы
Қожа Ахмет Яссауидың сопылық ілімі және Диуани Хикметтің тарихи-мәдени рөлі
Қожа Ахмет Ясауи: өмірбаян, Диуани хикмет және сопылық ілімі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі: тарихы, сәулет ерекшеліктері және мәдени маңызы
Қожа Ахмет Ясауи: өмірбаяны, ілімі және кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи: өмірбаяны, ілімі және діни-рухани мұрасы
Қожа Ахмет Яссауи: өмірбаяны мен Диуани Хикметтің сопылық-рухани маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz