Арал проблемасы
Презентация қосу
Тақырыбы: Арал
проблемасы
Орындаған: Әбдірахым Т.
Тексерген: Абикенова Г.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
2. Қатерлі ауруларға шалдыққан аралдықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі
соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі
әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен
еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде,
Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл.
Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз
деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен
қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау
алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық
ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы
шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге
төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет
және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы
шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті.
Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз,
тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында
қалды. Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді
Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі ( Окс
– Сырдарияның грекше аты ) деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын
анықтаған. Арал теңізінің Хорезм, Жент, Кердері сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары
Әбу Али Ахмед ибн Русте, Әбу Исхақ әл - Истахри, Әбу Абдаллаһ, Мұхаммед әл - Идриси,
Әбу – л - Фида, сондай - ақ Әбілғазы жазбаларында Арал туралы деректер көптеп
кездеседі. Теңіз табиғатын жан - жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау
саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші, әрі зерттеуші
А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді,
нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық
сипаттамаларын тұңғыш рет И. А Стрельбицкий анықтаған.
Арал проблемасы
Орта Азияның егіс далаларында көптеген жылдар бойы мақтаның “ Солыма ” деген
ауруына қарсы ДДТ химикаты пайдаланылған. Ол адам үшін өте қауіпті, өзі табиғат
аясында ыдырау дегенді білмейді. Сол ДДТ және де басқа да улы химикаттар, көптеген
жылдар бойы егіс алқаптарынан ақаба күйінде ағып шығып, теңізге келіп қосыла берген.
Кейінгі жылдарда Арал өңірінде – малға, балыққа, құсқа қорек болып, адамдарды асырап
келген жүздеген табиғи көлдер тартылып кетті.
Аралдың балық аулау ауданында Арал теңізіне құятын өзендердің атырау аумағы кіреді.
Балық өңдеу зауыттары бұрын Әмударияның атырауынан, Аван кентіне, Бөген
ауылында, бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алған
Амударияның атырау тұсы Арал теңізі аталып ( аралдардың өте көп болуы себепті ),
кейін теңіз түгелдей Арал атанған.
Арал теңізі – Қазақстанның інжу - маржаны, шөл белдеміндегі бірден - бір көгілдір су
айдыны еді. Мойнақтан Аралға дейін кемелер ерсілі - қарсылы жүріп жататын. Енді міне,
Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30 - 200 км - ге дейін
қусырылды. Табанының біраз аумағы қолдан жасалған шөлге айналып шыға келді, оған “
Аралқұм ” деген ат та беріліп үлгерді. Аралқұмда улы тұздардың миллиардтаған тоннасы
шөгіп жатыр. Судың тұздылығы 40 пайызға артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы
шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын соңды
болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 - 15 есеге өскен. Осындай
анропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз
түбінен жыл сайын айналаға зиянды өте жоғары 2 млн. тонна тұз шаңдар көтеріліп,
желмен тарай бастайды.
Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
жергілікті жердің тарихи - табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғи ресурстарын пайдалануға жіберген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми
тұрғыдан негізделмеуі болып табылады;
Осы аталған фактілер Арал теңізінің экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық
дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние
жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын
теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың
тұздалуы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы
1 - 2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы
төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13 - 20 млн. тонна
деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына
жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Шаңды бұлттар – Памирдің, Алтайдың,
Тянь-Шаньға барып түсіп, бастауын сол жақтан алатын өзендердің режимін де бүлдіріп
отыр. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте -
бірте күрделі, әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Бұл
өңірдегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт - дәстүріне,
экономикалық - әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған
балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтар еріксіз
қоныс аударуда. Бір кездері жайнап тұрған Аралдың құты қашып барады. Тұз
жеп тастағандай сұрқай үйлер, судың жеткіліксіздігінен қурап кете жаздап
тұрған тал-теректер. Өлі теңіздің маңайындағы бұрынғы қалалық портта,
қаңсып-қираған балықшылардың кемелері. Арал маңында 29 сасық көлдер
пайда болды. Ауыл аймақтардың малы содан су ішеді.
1980 жылдардың аяғында Арал - 88 атты экспедиция ұйымдастырылған
болатын. Олар – Арал теңізі, Сырдария мен Амудария бассейндерінде 13 мың
шақырым жер жүзіп өтті. Теңіз өз порттарынан 60 - 70 шақырым шегініп
кеткенін анықтаған. Балықшылардың – трауерлері, шхуналары, катерлері,
моторлы қайықтары мен баркастары, қу далаға айналған, теңіз табанында
суырылған құмға жонын тосып, тот басып шіріп жатыпты.
Теңіздің деңгейі жыл сайын жарты метрге төмендеп барады, яғни қажетті
шаралар қолданбаса ендігі оншақты жылда, Арал теңіз ретінде жойылып, әр
жерде бөлек - бөлек ластанған бірнеше су қоймаларына айналып кетуі әбден
мүмкін.
Қазақстан мен Өзбекстан жақтарының қаншама өтініш білдіргеніне
қарамастан, сол жердегі зертхана сырын толық ашылмай отыр. Ресей
әскерилері осынау территорияда көмілген сібір жарасы үшін ешбір
жауапкершілікті мойнына алып та отырған жоқ.
Осы жерде ойға оралатын бір жәйт, соңғы жылдары облыстың Арал ауданы
төңірегіндегі әр жерден бір бубонды обаның ошағы бұрқ етіп қалып жүр.
Дәрігер қауым әзірге оны түйе үстіндегі бүргеден көруде. Ал, сол бүргеге осы
аса қауіпті дерт қайдан жұқты екен? Осыны ойлаған жан бар ма? Бәленің бәрі
аралда жатқан жоқ па? Болмаса әуеде жарылған атом жарылыстарының әсері
қандай? Сол сияқты соңғы жылдары тайлы - таяғымен келіп, аралдан темір -
терсек теріп жүрген жергілікті тұрғындардың ауру жұқтырып алулары да тым
қиын емес қой. Қалай дегенде де, шырмауықтай шұбатылған шым - шытырық
жұмбақтар көп. Енді оны түбегейлі шешу алдағы күндердің еншісінде болса
керек.
Аралда сібір жарасы, яғни күйдіргі жұқпалы дертін тарататын бактериядан
бөлек КУ безгегі, оба, қара шешек, ботулизм, шиқан, түйнеме, сал, маңқа,
энцефалит, бөртпе сүзегі сияқты қатерлі аурулардың да көмілген нүктелері
бар.
Жыл өткенсайын теңіз табанының кебуі, оның ұлтанындағы тұз, шаңдардың көбеюі, сол
маңайдағы жерден өсіп шыққан өсімдіктер мен егістіктерге кері әсерін тигізуде. Бұл
өңірде, Байқоңыр ғарыш орталығынан ұшып жатқан зымырандардың жерге кері қайта
құлап түсуі де жиілеп барады. Құлап келе жатқан зымыранан өте улы гептил қосылысы
төгіліп, ауаға тарап, оны ластап отыр. Кейін ол жаңбырмен бірге жерге түседі.
Осылардың әсерінен, бұл өңірде бұрын - соңды есітпеген ауру түрлері көбейіп барады.
Қазіргі Арал өңірінде де адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы
мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе - тыныс
жолдарының қабынуы, жүрек, өкпе қан қысымы, жұқпалы аурулар республиканың басқа
өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Мысалы, Қызылорда облысында
жыл сайын 850 - 950 адам онкологиялық сырқат бойынша есепке алынады. Осы облыс
көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастанған адам саны 19,5 мың. Өкпе
туберкулезі де көбейіп барады. 1994 - 1999 жылдар аралығында бұл жұқпалы ауру 1,5
есеге көбейген. Адамдардың өзіне - өзі қол жұмсауы да көп болып келеді, балалы
әйелдердің 70 пайзы анемия ауруына шалдыққан. Ең қорқыныштысы, балалар арасында
кеміс болып туылуы азаймай отыр. Қоян жырық, бес саусағы біріккен, бітеу көтеншек, қол
аяғы кеміс туғандармен бірге сиям егіздерінің де туылуы кездесіп отыр. Бұлардан басқа
балалардың рахит, жұқпалы сары аурумен ауыруы жылдан - жылға көбейіп барады.
Мұндай ауру турлерінің жайылып келе жатуы келешек үшін өте қауіпті.
Бірқатар зерттеулердің нәтижелері бойынша, Арал өңірі апат аймағының тұрғындарының
91 пайызының қанында пестицидтердің бар екендігі, сондай - ақ ана сүтінің құрамындағы
тұз бен пестицидтердің қалыпты жағдайдан жоғары екендігі анықталды. Соған орай бұл
аймақта әлеуметтік - экономикалық және санитарлық -гигиеналық жағдайлардың
нашарлауы байқалады.
Бір жағынан жұмыссыздықтың өсуі, халық тұрмысының төмендеуі, екінші жағынан азық -
түлік бағасының күрт өсуі халықтың тамақтану жағдайын нашарлатты. Жеткіліксіз
тамақтану экологиялық апат аймағы тұрғындары денсаулығының нашарлауының негізгі
себептерінің біріне айналды.
Арал балықшыларының ата-бабалары асқақ рухты, адуын, мінезді теңіздің айтулы
болмасына қарап, оны арқалы батырға теңеген деседі. Ол ұланғайыр Түркістан аймағын
қос қолындай Әмудария мен Сырдарияның берекелі құшағына алып, желеп-жебеп
жатқан қызыр бабаға да ұқсайтын. Қиын күн, қысталаң дәурен туғанша осылай болғаны
рас. Тұтас бір аймақтың айдарынан жел ескізіп отырған Аралдың құшағы жазылып, қос
қары талып, қуатты «қолдары» семе бастады. Суы сай-сайға бөлініп, арық қуалап ағып,
әбден мезі боп, құты қашқан берекелі Сырдың суы құмға сіңіп, ағысын шөл жұтты дегенге
кім сенер... Осы сордан соң Арал көрер-көзге төлежіп, нағыз сорға айнала бастады –
құдды бір батырдың алтын басына аламан заман туды дерсің. Теңіздің өмірден шегініп,
кетіп бара жатқаны сөз бе, онымен бірге осы мандағы өмірдің өзі басқа жаққа бағыт
ұстап, күдерсіз кетіп барады...
Аралға қалайша қайта жан бітіріп, төніп келе жатқан экологиялық апаттың бетін
қалай қайтаруға болады? Суды пайдалану бүгінгі қалыпта қала берсе, 2010 жылы теңіз
өліп тынады деп отырған ғалымдар «болжамы» шынымен расқа шыға ма?
Арал маңында болып көрген адам атаулыны алаңдатпай қоймайтын осы сауалдар
менің де санамды қажап болды. Аралдың шөлге айналған жерлерінде шағыл құмға
батып, бейне бір шыңғырып тұрғандай кемелерді көргенде де, Қазалыда қатырған мұхит
балығынан жасалған қатықсыз сорпасымақ ішкенде де, жұмбақтау қозғалысқа келген
орғыл құм поездарды тоқтатып тастағанын көргенде де осыны ойладым. Күні кеше ғана,
алпысыншы жылдардың аяқ шенінде Қызылордаға жолым тскенде қанасынан асып, көз
қандырып, өзіне тән мінез танытып жатқан Сырды көзіммен көргем. Күшіне еніп
қайратына мінез қатты тасыған Сырдарияның суын бөгеу үшін облыс жерінде мыңдаған
шақырым бөгесіндер тұрғызылатын, қаншама адам күші мен техника осы жұмысқа
жегілуші еді. Енді судың тапшылығынан болып отырған саны жоқ шаруаға жұмсалатын
шығын сондағыдан жүз еселеп өсіп кетті... 1970 жыл.
Теңізге жетіп жығылған су көлемі 9,6 шаршы километр болды. Алты
жыл өтті. Сырдария теңізден едәуір шалғай жатқан Аманөткел
селосынан әріге жете алмай, үзіліп қалды. Арал семіп, тартыла
бастады, оның деңгейі 12 метр төмендеп, бір литр суындағы тұз
мөлшері 24 граммға жетті. Планетамыздың аса ірі континентальдық
теңіздерінің бірі ұшықиыры жоқ сор-батпаққа айнала бастады.
Арал мен Сырдарияның қасіретті тағдыры техникалық прогрестің
талайға сабақ боларлық нәтижесі екенін бүгіндері өзегіміз өртеніп
тұрып мойындайтын болыппыз. Әрине, Орта Азия мен Қазақстан
ирригаторлары бұрынғыдай емес, жетілдірілген техникамен
жарақтандырылып, аяғын аңдап басатын болғаны көңілге жұбаныш,
әйтсе де соның бәрін пайдалы бағытқа, байыппен пайдалана білуді
ойластыру керек сияқты.
Су пайдалану мамандары ұзақ уақыт бойы тек шаруашылықты
мол сумен қамтамасыз етуді ойлап келді. Тек қана табыс қуалап,
бүгінгі күннің қамын қарастырып жүріп, ертеңгі күнді, бүкіл адамдық
масштабтағы болашақты ұмыт етудің сазайын енді тартып
отырғандаймыз. Мұрынның астындағыдан арғыны көрмейтін
қоймағай тұтынымпаздық осы заманғы техникамен жарақтанып алды
да табиғи апаттардан бірнеше есе асып түсетін зиян келтірді. Оның
үстіне Арал өңіріндегі «шөл-теңіз» экологиялық таразысы сәл
нәрседен секемшіл екенін де ұмыт еттік.
Қорытынды.
Не істеу керек? Болашақта Аралдың бұрынғы аумағы мен көлемін
қалпына келтіруге болама ?
Болмайды деуге батыл бармайды. Бірақта теңіздің одан әрі тартылуын
тоқтату үшін адамның қолынан келетін мүмкіндіктердің бәрін пайдалану керек.
Бұл мақсатқа жету үшін Амудария мен Сырдарияның сол жақ және оң жақ
жағалауында жиналған барлық коллекторлы-дренaжды суларды Арал теңізіне
жіберу қажет. Бұл судың жалпы жылдық көлемі 12 текше километрден астам.
Амудария бассейінінде қашыртқы суларды өзендерге жіберіп, оны ластамас
үшін сол және оң жаққа жағалауда бұл суды ұстап қалатын ірі коллекторлар
тарту қажет. Мұннан басқа өзендердің барлық бассейіндерінде егіс суаруға
пайдаланатын суға қатаң үнемдеу тәртібін белгілеп суды міндетті түрде
санитарлық бақылауға алу керек.
Осылайша, есеп бойынша, 20 текше километрден астам Амудария суын
теңізге жіберуге болады. Тұтас алғанда қазір бар көздерден Аралдың үлесіне
30 текше километрден астам көлемде су бөлу керек. Осындай жағдайда ғана
оның бүгінгі деңгейі 4 метр тереңдікте ұстап тұра аламыз.
Ең алдымен Аралдың болашақ тағдыры мен алда күтілетін экологиялық
жағдай жөніндегі ғылыми-зерттеулерді жеделдетіп кеңейту қажет. Бұл
жұмыстардың бәріне едәуір уақат керек. Сондықтан істі тез арада қолға алған
жөн.
Қолданылған әдебиеттер
“Экология және табиғатты тиімді пайдалану” Ә. Бейсенова, Т. Есполов
Арал теңізінде орналасқан арал// “Егемен Қазақстан” 2004 жыл, 28
сәуір
Арал аспанындағы атом жарылыстары//“Егемен Қазақстан” 2003 жыл,
29 қазан
Арал өңірінің экологиялық проблемалары//”Атамекен” 2004 жыл,
24 маусым
“Экология және таза су проблемалары” А. Баешов, Алматы 2003 жыл
“Экология” Г. Оспанова, Алматы 2002
Арал қайта тірілді//”Егемен Қазақтан” 2004 жыл,24 қараша
“Экология негіздері” Ж. Жатқанбаев, Алматы 2004
“Қазақстан” энциклопедия 2006
“Экология” Байжомартов//Ақтөбе 2005
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz