Археологияның кемеліне жеткен - Кемел Ақышев




Презентация қосу
Археологияның кемеліне жеткен -
Кемел Ақышев
• Мен бүгінгі кезекті тақырыбыма
қазақстандық археологияның негі-
зін қалаған белгілі ғалымдардың
бірі Кемел Ақышевті арқау еткім
келеді. Оның тек Қазақстанды ғана
емес, сонымен қатар бүкіл әлемді
дүр сілкіндірткен табысы “Алтын
Адам”, белгілі Бесшатыр обалары,
көне қала Отырардың жәдігерлері
қай адамды болмасын қызықтыр-
май қоймасы анық. Алдағы дерек-
тер Кемел Ақышевтің өміріне, ең-
бектеріне, зерттеу жүргізген аймақ-
тарына және көпшілік қауымға
ұсынған археологиялық табыста-
рына толықтай тоқталу түрінде
болмақ.
Қаршадайынан қармаған қайғы
Кемел Ақышев – қазақ археологиясының қалыптасуы мен дамуында
ерекше орын алатын белгілі ғалым.
Кемел Ақышев анасы жағынан ағасы болып келетін Қаныш Иманбай-
ұлы Сәтбаевтың айтуы бойынша 1924 жылдың көктемінде дүниеге келген.
Оның отбасы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты Кере-
гетас тауының баурайындағы Аужан Шорманов атасының қыстауында
тұрған. Әкесі аргын руынан шыққан Шорман бидің немересі Али болатын.
Бірақ туыстары Ақыш деп атап кеткен.
Кемелдің екі үлкен тәтесі мен екі кішкентай қарындастары болды. Бірақ
үш ұлдың ішіндегі Ақыш, Ғазизден кейінгі ең кенжесі болатын. бұл көпба-
лалы отбасының басына 30-жылдары үлкен қайғы түседі. Алғашында ата-
анасы аштықтан аман қалу мақсатында Қарағанды жеріне кетеді. Онда
оның екі кіші қарындастары мен анасы қайтыс болады. Әкесі Ақыш Шор-
манов қалған балаларымен Омскке қарай жылжиды. Бірақ, тағдыр тәлкегі бұл отбасының
басынан кете қоймайды. Омскке жете салысымен әкесі Ақыш Шорманов пен үлкен әпкесі
дүние салады.
Кемел және калған бауырлары сол кездері Жезқазған облысында геологиялық барлау
жұмыстарын басқарып отырған Қаныш Сәтбаев ағаларының арқасында аман қалады.
Туыстарының бұл қайғысы туралы құлағдар болған Қаныш Сәтбаев 5 жастан 14 жасқа дейінгі
жетім қалған балаларды іздеп тауып, бауырына басады. Мөлшермен бір жылдан соң
туысқандары балаларды алып кетеді. Қаныстың қолында тек Кемел қалады. Орта мектепті
бітіргенше Кемел Сәтпаев тегін алып жүреді. Ержеткен кезінде Қаныш ағасынан әкесінің атын
алуды сұрайды. Солайша, 1942 жылдан бастап Ақышев болып ауысады.
Мамандық таңдау жолында...
• Мектеп кезінен Қаныш Сәтпаев ағасының жолын таңдап, геолог
болуды мақсат тұтады. Бірақ 1943 жылы Кемелді 230-шы Сталиндік
атқыштар дивизиясы қатарында фронтқа жібереді. Кемел Воронеж,
Сталин, Донбасса, Одесса, Тирасполя сияқты қалаларды жау қолынан
қорғады. 1944 жылы шілдеде Молдавиядағы Бендерами түбіндегі
шайқаста оң қолына қатты жарақат алады. Үш айдан соң 1944 жылы
күзде демобилизацияланып, Алматыға оралады. Оралған соң да
қолына емдеп, операция жасады. Бірақ, қанша талпынғанымен бұл
мүмкін болмады. Осылайша, Кемелге бала кезінен арманына айналған
геолог мамандығымен қоштасуға тура келді. Себебі сол қолының
өзімен карта жасап, сызып, өлшеу жүргізу мүмкін емес еді.
• Фронттан оралған жас солдат Қаныш ағасының кеңесімен ҚазМУ-ға
тарих факультетіне түседі. Археология мамандығына деген бейімі
оны осы жолда үлкен жетістіктіктерге қол жеткіздірді. Кемел Ақышев
Іле, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Оңтүстік Қазақстанда
жүргізілген бірлескен археологиялық экспедициялардың жетекшісі
болды. Сақ кезеңіне жататын Есік қорғанын, Бесшатыр обасын,
ортағасырлық Отырар жәдігерін зерттеп, қазақ археологиясына өшпес
еңбегін сіңіріп, тәжірибесімен кітаптары арқылы да бөлісіп, кейінгі
ұрпаққа өзіндік өшпес мұрасын қалдырып кетті.
• Кемел Ақышев 2003 жылы 10 тамыз күні өзінің 79 жасында дүние
салды.
Ғылым жолында...
•АҚЫШЕВ КЕМЕЛ - археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ
археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығының (1982), ҚР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы арнаулы сыйлықты
(1966) лауреаты. Герман Археологиялық институтының корреспондент-
мүшесі (1983). Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1989). Қазақ
мемлекеттік университетін бітірген соң (1950), Қазақстан ҒА-нда әуелі
аспирант, кіші және аға ғылыми қызметкер, кейін 1955-90 жылдары
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты
археология бөлімінің меңгерушісі, 1991 жылдан бастап Ә.Марғұлан
атындағы Археология институтының бөлім меңгерушісі, институттың бас
ғылыми қызметкері болып қызмет атқарып келеді. 1954 жылдан бастап
Қазақстан көлеміндегі Солтустік, Оңтүстік және Жетісу археологиялық
экспедицияларының үйымдастырушысы және жетекшісі. Көне және орта
ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Есік обасынан
табылған «Алтын адам» (б.з.б. \/-І\/ ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. \/І-\/
ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір
дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін
анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі түжырымдарын жасауға
белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның
орнын айқындауға елеулі үлес қосты. 220-ға жуық ғылыми еңбек, соның
ішінде 14 монография жазған. «Парасат» орденімен марапатталған (1998).
Тәуелсіздігіміздің символына
айналған бейнелер
Алматы қаласынан 50 шақырымдай
жердегі Есік қорғанынан табылған
“Алтын Адам”бүгінде тәуелсіздігіміздің
бейнесіне айналып отыр. 4000-ға жуық
алтын
бұйымдардан тұратын бұл керемет
мүсін қазақ жерінің тарихын жаңғыр-
тып, баршамызға үлкен жағымды
жаңалықтарын ала келді. Бұл қорған-
ның табыстары, қазба
жұмыстары туралы
Кемел Ақышевтің “Ерте-
дегі ескерткіштер елесі”,
“Курган Иссык” сынды
кітаптары жарық қөрді.
Есік қорғаны
• Сонымен Есік қорғаны сақ
тайпасына жататын алтын киімді
адамның жерленген жері болып
табылды. Диаметрі 60 метрді, ал
биіктігі 6 метрді құрайды. Үсті-үстіне
таспен көмкеріліп жабылған бұл оба
3-4 қабаттан тұрады. Қазба жұмыс-
тары кезінде бетіндегі барлық тас
қабаттарын алған кезде, жерден
тереңдігі 1,2 метр жерден екі жерлеу
орны болғаны анықталды. Біреуі
орталық, екіншісі бүйір бөлігінде
орналасқан. Орталық зират толығы-
мен бірнеше рет тонауға ұшыраған.
Ал бүйір бетіндегі зиратты ұрылар
аңғармаған болуы керек, ол мүлдем
бүлінбеген күйінде табылды. Бүйір-
дегі зират орталықтағысынан оңтүс-
тікке қарай 15 метр, оңтүстіктен
жоғары қарай 10-12 метр қашықтықта
орналасқан.
Қазба барысы
Патша әулетінің 17-18 жасар мүшесінің
зиратына қоса жерленген мына қыш-
құмыралар, тостаған ыдыстар сол кездерде сақ
дәуірінде о дүние туралы түсініктің
болғандығын дәлелдейтін бірден-бір айғақ
200-ден астам аң, құс сипатты алтын
әшекейлерден тұрады

“Қазақстан 2030” жоспарының негізгі
символына, жалпы тәуелсіздігіміздің белгісі
ретінде қабылданып кеткен айбарлы
барыстың бейнесі “Алтын Адамның” бас
киімінен алынған болатын.

Бүгінде “Алтын Адамның” бас тәжінен
алынған бұл мүсін тәуелсіз Қазақстанның
елтаңбасынан орын алған “қанатты
пырақтар” деп аталады.

Жануар бейнесіндегі бұл мүсіндер “Алтын
Адамның” бешпентін толықтай көмкере
тізіліп орналастырылған.
26 таңбадан тұра-
тын жазуы бар кү-
міс тостаған. Оны
ғылымда «Есік жа-
зуы» деп атайды.
Жазудың мағынасы
әлі күнге дейін құ-
пия болып қалуда…

Сақ адамының қолына
тағылған алтын сақина! Күн
басты адамды бейнелейді деп
сипатталады.
“Алтын адамды” тапқан кім?
Қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған Алтын
адам пайдаланған заттар бүгінгі уақытта Елорда
мұражайында жинақталып тұр.
• Кемел Ақышевтің бұдан да
басқа археология саласында
сіңірген еңбегі өте зор! Оның
есімі мәңгі Қазақстан
археологиясының биігінен
орын алады!!!

Ұқсас жұмыстар
Алтын адам Есік қорғанынан
Оқиғаның шешімі
Абай жолы романындағы кейіпкерлер психологисы
АНТИКА
Ортағасырлық христиан философиясының негізгі даму кезеңдері
Сарматтардың шаруашылығы
Абайдың әдеби ортасы мен нәр алған рухани көздері
Орта кемел жастағы адамның психологиялық сипаттамасы
ҒАЖАЙЫП САНДАР
Заманауи білім беру
Пәндер