Ауыл шаруашылығы
Презентация қосу
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының
бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары
сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-
саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан
көріне бермек.
Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола
отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен
ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы
белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының
дамуына әсер етеді.
Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып
табылады (экспортшылардың әлемдік 10-дығына кіреді), елдің
ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен
жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.
Республикадағы ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы 222,6 млн. га
құрайды, оның ішінде 24 млн.га егістік (10,8%), 5 млн. га шабындық жер
(2,2%), жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр.
Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін халықтың саны 7,3 млн адам
немесе елдегі жалпы халық санының 47,2% құрайды.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды
қаржы ресурстарымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешені мен ауылды
дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар
қабылданған.
Аграрлық секторда ғылымға жеткілікті дәрежеде негізделмей
жүргізілген реформалар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің
құлдырауына алып келді, әсіресе мал шаруашылығы көбірек
жапа шекті. Ауыл Шарлеруа саласының құрылымы, әсіресе
ондағы өсімдік пен мал шаруашылығы қатынастары мүлдем
өзгерді. Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылығының жалпы
өнімінде (1994 ж. бағамен) өсімдік шаруашылығы үлесіне 80%
және мал шаруашылығы үлесіне небәрі 20% ғана тиесілі (1990
жылы 39% жэне 61% болған) болды. Мысалы, 1 шартты мал
басына есептелген шартты саны азайып кеткен 1990 жылы 16,6
млн. бас болса, 2003 жылы 7,5 млн. басқа дейін немесе 55%-ға
кеміген), ал мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 77%-
ға азайған. Бұл жағдайда шаруашылық категориялары бойынша
мал шаруашылығы саласында қайта бөлістіру өзгерді: ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі біраз азайып кеткен
ондағы мал басы саны және мал шаруашылығы өнімдерінің
өндірісі де кеміген. Қазіргі кезеңде Батыс Қазақстан облысында
республикадағы барлық мал басының 9,8% орналасқан (шартты
басқа есептегенде). Одан да өзге ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарында жер көлемі аумағы да қысқарды. 1
кәсіпорынға орташа 2100 га жыртылған жерден және 5500
жайылым және шабындықтан келіп отыр.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары негізінен астық өндірісіне мамандандырылған. Бұған
қалыптасқан егістік алқаптарының құрылымы да ықпал етеді, басқаша айтқанда азық
дақылдарына арналған аумақтар мал шаруашылығы саласының дамуына сәйкес емес,
олар бар болғаны орташа есеппен 550-600 шартты басты қамтамасыз ете алады. Мұндай
фактор, шағын көлемдегі жер аумағы ретінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы
шоғырландыру деңгейінің өте төмен екендігін анықтап отыр: 1 кәсіпорынға орташа МІҚ 300
басқа дейін және қой мен ешкі 1500 басқа дейін. Осы жағдайда оның жартысынан астамы
30-35 бас МІҚ және 100-250 қой мен ешкі келеді.(1) Жалпы өнімдер көлемдері бойынша
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі бөлігі шағын көлемді өндіріспен
сипатталады: орташа республика бойынша бұл көрсеткіш 1 шаруашылыққа 34 млн. теңгені
құрайды.
Тек солтүстік өңірде ғана аздап өзгешелеу - 1 шаруашылыққа жалпы өнім көлемі 64 млн.
теңге құрайды. Бірақ мұндай жағдай астық өндіруші кәсіпорындар есебінен қалыптасып
отырғандығын айтуға болады. Оңтүстік және батыс өлкелерде көбінесе жалпы өнім
көлемдері бойынша, барынша ұсақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындары құрылып отыр,
сондай-ақ жер көлемі, мал басы саны, жұмыскерлер саны да өте аз. Шаруа қожалықтары
бойынша жыртылған жер аумағы негізгі массада орташа 10 га келеді, сонымен қатар мал
шаруашылығы да өте ұсақ көлемде көрініс тапқан: МІҚ 20 басқа дейін және 110-ға дейін қой
мен ешкі. Бұл жағдайда мал шаруашылығымен 10% ғана шаруашылық айналысады.
Қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұсақ көлемді болып келуі жер көлемі
бойынша да және мал басы бойынша да үздіксіз технологиялық процесті қалыпты жағдайда
қамтамасыз ете алмайды, ол ақырында өңдіріс тиімділігінің төмендеуіне келіп жеткізеді.
Бәсекеге қабілетті және экономикалық жағынан пайдалы шаруашылықты құру ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарының көлеміне айрықша талаптар қояды., оның өзі сол
жергілікті аграрлық сектордың дамуына сәйкес болып келуі жөн.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары көлемдерінде, жер аумағы бойынша үлкен
айырмашылықтар байқалады, бір облыс ішіндегі өлкелерде ұтымды өндіріс
ұйымдастыру барлық уақытта да дәлелденген болып саналмайды. Көп кездесе
бермейтін ірі кәсіпорындармен қатар, онша көп болмаса да, өте шағын
көлемдегілер де жиі кездеседі. Шағын кәсіпорындарға қарағанда ірі
шаруашылықтардың басымдығы байқалады онда барлық өндіріс факторлары
тиімді сәйкестік тапқан және көп пайдаланылады, және соның негізінде жақсы
қорытындыларға жетуге мүмкіндік мол. Орташа және ірі тауарлы өндірістік
қуаттары мен инфрақұрылымдары дамыған кәсіпорында қызмет етіп жатыр,
ауыл шаруашылық өндірістік технологиясы жер көлемдері орташа және ірі және
материалдық техникалық базалары ұтымды пайдалануға мүмкіндігі бар мал
шаруашылығы объектілеріне ыңғайланған. Атап өтетін нәрсе, жақын болашақта
орташа және ірі тауарлы өндірісі бар табиғи-экономикалық жағдайларға
сәйкестілер тұрақты дами алады деуге болады.
Орташа және ірі шаруашылықтардың басымдылықтары, жоғары деңгейлі
мамандандыру, өндірісті шоғырландыру, рынок бойынша интеграциялау
мүмкіндіктері сияқты факторлармен анықталды. Ірі және орташа кәсіпорын,
әсіресе өсімдік шаруашылығы салаларында, шағынмен салыстырғанда
басымдықты иеленеді. Оларда күрделі қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік
бар, олар ғылыми- техникалық прогресске барынша икемді. Астық өндіруші
кәсіпорын, егер жыртылған жері 15-18 мың га шамасында иеленген жағдайда өте
жоғары пайдалылық деңгейін көрсетеді. Шаруашылық қызметінен алынатын таза
табыстың негізгі массасын шағын кәсіпорындар тобы алады, мәселен ірінің
үлесіне барлық кәсіпорынның 15,4% құрайды, барлық ауыл шаруашылық
кәсіпорындарынан алынған таза кірістің 72%-не келеді.
Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігі мен кірісін өсіру, отандық өнімнің ұлттық
бәсекелестік артықшылық қабілетін дамыту, тұрлаулы даму бағдарламасын іске асыру
міндеттері заман ағымынан туындайтын өмірдің күрделі міндеттерімен үндес болып
табылады. Осы міндеттерді сапалы түрде және де жоғары деңгейде шешу жолдарын
белгілеу – негізгі мәселе. Сондықтан да «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында
Республика Президенті Н.Назарбаев: «Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің
алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр» - деп атап көрсетті /1/.
Таяудағы онжылдықта бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті, ең алдымен,
ауыл шаруашылығы саласын дамытуды, мұндағы шешілмеген түйінді мәселелерге
айрықша назар аударуды талап етеді. Осының барлығы да сайып келгенде, ауыл
шаруашылығы саласын дамыту Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыты болуы
тиіс екендігін айқындайды.
Кез-келген қоғамның негізгі мәселесі – халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ал
стратегиялық мақсаты – экономикалық өсуге қол жеткізу болса, Қазақстан жағдайында бұл
мақсат-міндеттерді сыртқы ортадан тәуелсіз, өз мүмкіндіктеріміз арқылы шешуге болады.
Ауыл шаруашылығы экономиканың тамақ және жеңіл өнеркәсіптері сияқты басқа да
салаларын дамыту үшін негіз болып табылатындығы белгілі. Ал экономиканың барлық
салалары өзара тығыз байланысты болғандықтан, егер ауыл шаруашылығы дұрыс жолға
қойылған болса, оның шикізаты арқылы жұмыс жасайтын өңдеуші өнеркәсіп шетелдік
шикізатқа тәуелді болмайды. Сол сияқты ауылдық тауар өндірушілердің сұранысы мен
төлем қабілеті болса, машина жасау өнеркәсібі ауылға қажетті техника, құрал-жабдықтар
өндірісін ұйымдастырып, қара және түсті металлургия, отын-энергетика кешендерінің де
қалдықсыз жұмыс істеуіне ықпал етер еді.
Республиканың нарық экономикасына өтуді бастағаннан бергі өткеніне
көз салсақ, әлеуметтік-экономикалық реформалар, оның ішінде
аграрлық секторда да қиыншылықпен өткені белгілі. Экономиканы
ырықтандыру шаруашылық өмірінің барлық саласына әсер етіп,
нарықты, оның инфрақұрылымын, шаруашылық жүргізудің
экономикалық механизмдерін, тауар-ақша, бөлу, жер қатынастарын
ұйымдастыруға байланысты көптеген экономикалық проблемаларды
шешуді талап етті. Оларды шешу барысында республика
экономикасында едәуір өзгерістер жүзеге асты. Сол өзгерістердің
республика экономикасында өзіндік орыны бар аграрлық салаға
қатысты оңды әсері, бұл – көп салалы экономика тұрақты сипат алып,
нарықтық қарым-қатынас шаруашылықтардың барлығында дерлік
орныға бастады, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің
негізгі элементтері жаңаша сипатқа ие болып, қолданыла бастады,
нарықтық инфрақұрылым дамуда. Дегенмен оң шешімін таппаған
проблемалар әлі де жеткілікті. Солардың салдарынан ауыл
шаруашылығы экономика секторларының ішіндегі ең дағдарысты
салаға айналып отыр. Егер 1990 жылға дейін ауыл шаруашылығы
экономиканың серпінді дамыған саласы болып және оның жалпы ішкі
өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 34%-ға дейін жеткен болса, ал соңғы жылдары
ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейі үш есеге төмендеп кеткен.
Нарықтық қатынастарға өту барысында елімізде мемлекеттің аграрлық
саясаты қалыптасты. Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ауыл
шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруды және ауыл
тұрғындарының материалдық жағдайы мен әлеуметтік ахуалын
көтеруді мақсат етеді.
Реформаға дейінгі кезеңде Қазақстанның ауыл шаруашылығында өнім
өндірісінің табиғат жағдайларына тәуелді болуына қарай мамандандыру
аумақтары (зоналары) қалыптасқан болатын. Аймақтардың табиғи-климаттық
айырмашылықтары ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасында
ескеріліп отырылды.
Астық дақылдарын өсіру мен сүтті және етті-сүтті мал шаруашылығы үшін мал
азығын өндіруге табиғат жағдайлары қолайлы Қазақстанның солтүстік
облыстарында ауыл шаруашылығы астық өндірісін сүт, ет өндірісімен үйлестіре
отырып мамандандырылды. Ал қуаңшылық территорияларда ауыл
шаруашылығы мал шаруашылығы мен астық өсіруге маманданды. Оңтүстікке
қарай, барынша құрғақ климат жағдайында ауыл шаруашылығы қой-ірі қара
шаруашылығы мен астық өсіру бағытында дамыды. Оңтүстіктің суармалы
жерлерінде күріш, мақта, қант қызылшасы, темекі, жеміс-жидек, жүзім өсіру
интенсивті сүтті-етті мал шаруашылығымен үйлестіріле отырылып жүргізілді.
Реформа нәтижесінде мамандандыру құрылымында айтарлықтай өзгерістер
болды, ең алдымен шаруашылықтардағы егіс алқаптарының көлемі
қысқартылды, мал басының саны елеулі түрде кеміді. Айталық, кейбір
аймақтарда сол аймақта өндірілмейтін ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріле
бастады, бұл әрине өнім өндірудегі шығындардың өсуін тудырды. Бірақ біз
бәсекеге қабілетті өнім өндіргіміз келсе, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу
мен малдарды өсіру аумақтарының мамандандырылуын міндетті түрде ескеруге
тиіспіз.
Ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлес салмағы
бойынша Алматы облысы алдыңғы орындардың бірінде тұр. Бұл
облыс өзінің географиялық орналасуы және табиғи-климаттық
жағдайы жағынан республикада ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіру мен өңдеу, сондай-ақ азық-түліктерді республиканың
өнеркәсіптік орталықтарына жөнелту жөнінде жетекші
аймақтардың бірі болып табылады. Сондықтан дипломдық
жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Алматы облысы алынды.
Экономикалық әлеуеті жоғары Алматы облысы
жалпыреспубликалық еңбекті бөлуде елеулі орында тұр. Елде
өндірілетін негізгі өндірістік қорлардың 10%-дан астамы:
өнеркәсіп - 9%, ауыл шаруашылығы өнімінің -12 %-ы оның
үлесіне келеді. Жеміс және көкөніс өндірісінің үлес салмағы -
25%. Республика бойынша тұтастай алғанда өндірілетін жалпы
ауыл шаруашылық өнімдері көлемінің 80%-темекі, 60%-жеміс-
жидек, 40%‑жүзім, 45%–көкөністі құрайды. Облыс
экономикасының дамуында ауыл шаруашылық өндірісі маңызды
рөл атқарады. Бұл сала халық шаруашылығы өнімдерінің жалып
көлемінің 15%-нан астамын береді. Дегенмен, облыстың ауыл
шаруашылық өндірісінің экономикалық мүмкіндіктері мұнымен
шектелмейді.
Облыстың ауыл шаруашылығы республиканың жалпы
пайдаланылатын жерінің 17%-ын және айдалған жерінің 6%-ын
иемденеді. Үлкен өнеркәсіп орындары Талдықорған қаласында,
Талғар, Қарасай, Іле аудандарында ғана шоғырланған, басқа
аудандар негізінен тек ғана ауыл шаруашылығымен
шұғылданады деп айтуға болады.
Осындай деректер Алматы облысы республика экономикасына
өзінің едәуір үлесін қосып, өнеркәсіптегі сияқты, аграрлық
секторда да орын алған дағдарысты жойып, өндіріс көлемін
арттыра беру жөнінде барлық шаралар қолданылып
жатқандығын дәлелдейді.
Бүгінде облыс шаруашылығында көп укладтылық сақталынып
отыр. Облыста фермерлік пен егіншіліктің, ауыл тұрғындарының
жеке қосалқы шаруашықтарының белсенділігі жағдайында
тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі сақталған. Қазір облыста
400-ден аса ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен 26 мыңнан
аса шаруа қожалығы жұмыс істейді. Сондай-ақ 300 мыңнан аса
отбасы үй шаруашылықтары мал мен құс өсірумен және ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады.
Агроөнеркәсіп кешенін қалыпты дамытудың 2006-2010ж.ж.
арналған Бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылы
аяқталды.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі өндірісінің өсімі 4,8 млрд.
теңгені құрап, 117,3 млрд. теңгеге жетті. Егіс алаңдарының
оңтайлы құрылымдары қалыптасып, 885,2 мың гектарды
құрады, бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы алқабының 5,4%
құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлері
бойынша облыстың үлес салмағы республикада ең жоғары
болып отыр. Өткен жылдың деңгейіне қарағанда дәнді дақылдар
өндірісінің көлемі – 2,5%-ға, күріш – 12,6%-ға, қант қызылшасы –
10,6%-ға, майбұршақ - 22%-ға, күнбағыс - 37%-ға, картоп ‑ 2,0%-
ға, көкөніс ‑ 2,1%-ға артты. Мал мен құстың барлық түрінен бас
саны 3-тен 29 пайызға, мал шаруашылығы өнімдерінің түрлері
бойынша өндіріс 3-тен 12 пайызға дейін өсті. Облыс бойынша
сүт сауу өнімділігі 3,5%-ға, жұмыртқа өнімділігі ‑ 4,5%-ға, әрбір
қойдан қырқылған жүн ‑ 2,6%-ға артты. Бройлерлік құс
шаруашылығын ынталандыру мақсатында құрама жем құнын
субсидиялау жөніндегі жаңа бюджеттік бағдарлама жүзеге
асырылуда. Бұл құс еті өндірісін 14 пайызға көбейтуге мүмкіндік
берді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz