Әлемде қалыптасқан жергілікті өзін - өзі басқару модельдері


Slide 1

Орындаған: Искакова Ажар

Slide 2

Жергілікті өзін-өзі басқару қазіргі демократиялық қоғамның негізгі атрибуты болып табылады. Шетелдік жергілікті басқару көптеген модельдерге бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымындағы айырмашылықтар біршама факторларға байланысты. Оларға саяси тәртіп, билікті ұйымдастырудың басым бағыттары, әкімшілік-территориалдық және ұлттық дәстүрлердің бөлінуі жатады. Бүгінгі күнде ғылыми әдебиеттерден жергілікті басқару модельдерін тек орталық билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы тығыз қарым-қатынас болған жағдайда ғана кездестіруге болады.

Slide 3

англосаксондық

континенталды

аралас

Модель түрлері

Slide 4

Модель таралған мемлекеттер

Slide 5

Модельдің негізгі сипаттары

англосаксондық

континенталды

аралас

1) формальды автономия және жергілікті өзін-өзі басқарудың өзіндік ерекшелігі;

2) жергілікті басқару органдарының үстінен қарайтын орталық үкімет өкілеттіліктердің болмауы.

1) жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік басқару орындарындағы таңдау мен тағайындалудың үйлесімділігі;

2) жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің иерархиялылығы, яғни төменгі буынның жоғарғы буынға бағыныштылығы;

3) жергілікті деңгейде орталық биліктің арнайы өкілінің бар болуы, ол жергілікті өзін-өзі басқару органдар қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

1) Өкілетті органдардың төменнен жоғарыға қарай тұтас билігі;

2) Атқарушы және өкілетті органдар жүйесінің қатаң орталықтандырылуы;

3) Барлық буын бағыныштылығы.

Slide 6

Англосаксондық модель

Орталық үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы қарым-қатынас «жүктелген өкілеттіліктер аясында ғана қызмет атқару» принципіне негізделеді, яғни жергілікті басқару органдары тек Заңда көрсетілген қызметті ғана жүзеге асыра алады. Төменгі тұрған буын жоғары тұрған буынға бағынуы тиісті емес. Осындай жүйемен жергілікті билік ұйымдарында өкілетті органдармен қатар кейбір мәртебелі тұлғалар да сайланады. Жүктелген өкілеттіліктеріне байланысты жергілікті биліктің өкілетті органы тұрақты және уақытша комитет болып бөлінеді. Комитеттер муниципалды қызметке дұрыс бағытталуы тиіс. Функционалдық тұрғыдан алғанда жалпы әрі ауқымды сұрақтарға және территориалдық тұрғыдан алғанда анықталған аудандардың кешенді дамуы туралы сұрақтарға толық жауап беруге міндетті. Комитеттегі жұмыстардың нәтижелерімен танысып жұмыс істеу депутаттарға мемлекеттік басқарудың белгілі бір бөлігінде басшылық етуге, құқықтық актілерді бағалауға, бірлесіп қызмет етушілердің бастамасымен тұрақты етене қатынастар орнатуға және олардың қызметін бақылауға мүмкіндік береді.

Slide 7

Англосаксондық

Белгілі бір жерлерде өкілеттіліктердің болмауына қарамастан осы модель негізінде жергілікті органның қызмет аясына жалпы мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Мұндай бақылаулар Ұлыбританияда бір-бірін алмастыратын келесідей министрліктер мен ведомстволарда жүзеге асырылады: жергілікті билік органдарын басқару, ауыл мен қалаларды жоспарлау министрлігі, жергілікті басқару және жоспарлау министрлігі, тұрғын-үй құрылыс министрлігі және жергілікті билік органдары, жергілікті орган министрлігі, қоршаған орта министрлігі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік бақылаудың ең көп тараған формасы жиі тексерістер болып табылады. Тексеру нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда муниципалитеттің қызметі мен өкілеттілігі белгілі бір мерзімге министрлік тағайындаған жергілікті органға немесе шенеунікке беріледі.

Үкімет органдары жергілікті органның қызметтерін бақылайтын министрліктердің жұмысын қадағалап отырады. Бақылаудың арнайы органы 1874 жылғы жергілікті басқару заңына сәйкес жергілікті басқарудың әкімшілік істерін атқаратын комиссар болады. АҚШ-та муниципалитеттің қызметтерін реттеу штаттармен тығыз байланысты. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерімен айналысатын заңның құқықтық деңгейі әр түрлі: 1 штаттың құрылымдық жіктелуінен департаменттерге дейін қарастырады. Олар муниципалитеттің қызметін қаржылық-экономикалық және құқықтық жағынан реттеп, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Slide 8

Континенталды модель

Континенталды модельдің негізін салушы- жергілікті және өзін-өзі басқарудың жоғары деңгейде орталықтануы маңызды орын алатын Франция мемлекеті болып табылады. Қазіргі таңда Францияда жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буыны коммуналар. Коммуна дегеніміз кіші қалалар мен кенттер тұрғындарымен құрылатын жергілікті білім деңгейі. Әр комуннаның өз өкілдік органдары болады. Оның құрамына кеңес депутаттары арасынан сайланатын, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқарушы мен мемлекеттік қызметкер міндетін атқаратын кеңес пен әкім кіреді. Жергілікті кеңестің депутаттары мен әкімдері муниципалитет құрады.

Slide 9

Аралас Модель

Аралас модельдің өзіне тән ерекшелігі- жоғары деңгейде тұрған мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың сәйкестігі болып табылады. Қазіргі таңда ол тек Қытай, Куба, КХДР және Беларуссия, Өзбекстан сияқты кеңестік мемлекеттерде бар

Негізінен өзін-өзі басқару бастамасы халықтың өкілетті органдар мүшесін таңдай алмауымен шектеледі

Slide 10

Қазақстанда Аралас модельдің қалыптасуы


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар
САЯСАТТАНУ ПӘНІ САЯСИ РЕЖИМДЕР
Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез құлық модельдері
Эмоционалды күйді басқару
СИНТОИЗМ VI-VII ғ
Сайлау жүйелері және сайлау
Экономикалық Отбасы тәрбие
Тәуекелдің қаржылық факторлары
Педагогикалық менеджмент нысандарының ерекшеліктері мен сипаттамасы
Экономиканы бюджеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz