Батыс Еуропа философиясы




Презентация қосу
Батыс Еуропа
философиясы
Батысеуропалық философия — дүниетаным дамуындағы өзіндік
ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық
ой дамуының тікелей діни-теология-лық шеңбері ішінде,
христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен
сипатталады. Ортағасырлық батысеуро-палық философияның
қалыптасуы мен дамуына Муций Фе-ликс, Тертуллиан, Ориген
сияқты апологеттер, неоплатонис-тер және Аврелий Августин
өздерінің интеллектуалдық ықпал-дарын тигізді. Рим шіркеуі
Әулие Августинді (375—383) сенім мен ақылдың үйлесімділігі
тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі орасан зор
сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген
батыстық зерттеушілер оны «батыстық ортағасырлық
мәдениеттің ұлы сәулетшісі» дейді. Аврелий Ав-густин өзінің
«Құдай қаласы туралы» еңбегінде атақты фор-муласын —
«сгесіо иі ІтІеШуат, іпІеШсІо иі сгедат» (үғыну үшін сенемін, сену
үшін ұғынамын) формуласын негіздейді. Бұл «ақыл мен сенімнің
өзара бірін-бірі толықтыру принципі» V— XV ғасырлар аралығын
қамтитын Батыс Еуропаның бүкіл ор-тағасырлық философиялық
ойының ең негізгі дүниетаным-дық кредосына айналды.
Егер Аврелий Августин Рим шіркеуінің «әкейі» болса, онда Боэций (480—
526) М.Грабманның дәл сипаттамасы бойынша «соңғы римдік және
бірінші схоласт» болып табылады және сонымен қатар
Ортағасырлықтың негізін қалаушы ретінде де (Э. Рэнд) орынды
саналады. Боэций антик дәуірінің рухани-философиялық мүрасын
ортағасырлық мәдениетпен байланыс-тырушы, антиктік
интеллектуалдық-философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен
сабақтастығын жүзеге асырушы қуат-ты транслятор болып табылады.
Боэций аристотельдік ілімнің үғымдық аппаратын рухани трансляция
жасап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне
теологиялық проблематиканың негізгі қаңқасын да енгізді:
универсалийлер мәселесі, тринитарни (Қүдіретті Құдай, оның Үлы және
Қасиетгі Рух арақатынастары), субстанция мәселесі және акциденция.
Боэцийдің айтуынша субстанция — бүл барша аорибуттар мен
акциденцияларды айқындайтын барлық мәнділіктер негізі. Егер
субстанция — заттардың жалпы негізі болса, универсалийлер —бұл
жалпы атаудың мәні. Олар ақыл-оймен абстракциялаудың нәтижесі
болғанымен, әлемде бар және нақты өмір сүретіндерді бейнелейді.
Схоластикалық философияның басталуы И.С.Эриугенаның есімімен
байланысты (810—877). Эриугена өзінің «Табиғаттың бөлінісі туралы»
деген жұмысында әлемдік үйлесімділік тура-лы идеясын негіздейді.
Онда құдай барлық бастаудың түпнегізі бола отырып, болмыс үдерісін
өзі аяқтайды: «Құдай өзі таныл-мағанымен өзі жаратқан нәрселерінде
біршама ашылады, ал Қүдайға иланудың өзі - таңғажайып жаратылыс»
(Эриугена).
Батысеуропалық философияның дамуына үлкен үлес қос-қан Ансельм Д' Аоста
(1033-1109) болды. Ол өзінің «Прослоги-он» деген еңбегінде Қүдай өмір сүруінің
априорлық немесе онтологиялық дәлелдерін негіздейді. Сол сияқты П.Абеляр
(1079—1142) заттардың мәніне сәйкес келетін және сөздердің мағынасын
білдіретін универсалийлер туралы идеяны дайын-дап шығарады.
Ф.Аквинский (1225—1274) өзіне дейінгі ойшылдардың уни-версалийлер туралы
барлық идеяларын жүйелей отырып орта-ғасырлық схоластикалық ойлауда
өзінің радикалды қадамымен ерекшеленді. Бүл қайта пайымдаудың мәні
табиғатты, адамды, оның Құдайға қатынасын зерттеуге негізделді. «Тән туралы
ой жан туралы ойға, жал туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға, ал бүл ой
Құдай туралы ойға жетелейді», — деген Ф.Аквинскийдің кредосы аристотелизмді
христиандық түрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық
философия дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді. Ол сондай-ақ крюациоңщм
идеясын да ұсынады. Ф.Аквинскийдің ілімі - христиандық діни^ ілім мен
перипатетизм. философиясының, христиандық теоло-гия мен пайда болып келе
жатқан жаратылыстанымның ара-сындағы ымыраға келушілік.
Бірақ бұл компромисс XIV ғасырда Дунс Скот (1270-1308) тарапынан сынға
ұшырайды, юмизм мен нрмщшщзм.арасын-дағы пікірталасқа Р.Гроссетест (1168-
1253), Р.Бэкон (1210-1294), У.Оккам (1290-1349/50) белсене араласады.
Фомамен салыс-тырғанда У.Оккам концептуалды номиналист болып табыла-ды.
Әлемде санаға бағынышты емес заттар да өмір сүреді. Үғым-дар - бүл
ментальды феномендер. Осы жағдайларды теориялық түрғыда дамыта отырып,
У.Оккам теологиялық спекуляция жасауға негіз жоқ деген шешімге келеді, өйткені
олар универ-салийлер туралы ойға сүйенеді. Оккам діни мәселелерді шешу-де
Папа сөзінің абсолюттігі туралы тезиске оппонент болды.
Оның пікірінше ақиқатқа жету жолында барлық нәрсеге де сын болуы шарт.
Универсалийлерді сынай отырып Оккам филосо-фия мен теологияның
ара жігін ажыратады. Номиналистің пікірінше философия теологияның
қолжаулығы. Философия-ның өз міндеті бар: тәжірибе арқылы табиғи
әлемді зерттеу. Ал теологияның философиядан ерекшелігі — ол Құдайға
бет бұрран және сенімге ғана сүйенеді. Мүсылмандық Шығысты
зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық
еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы,
философиясымен қатар Алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс
мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, фи-лософиялық
дәстүрлерді онан әрі жалғастырған. Егер ортаға-сырлық Батыс Еуропада
христиандық дінді идеологияланды-ру, философиялық интоксикациялау
және негіздеу үдерісі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII—X
ғасырлар-да философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан
кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды:
тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астро-номия, химия,
география, зоология, ботаника, медицина. Ар-найы білім салаларының
дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б.
ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл-Бируни Жердің
өз осінен айна-лып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан
данышпанның бірі болды, сондай-ақ, көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі
туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идея-ларды
ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі
теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны тұңғыш рет гео-метриямен
байланыстырды.
Мүсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың
ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және
теориялық зор ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шыгыс
арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен, сонымен бірге
Шығыс мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылы-
ми, теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдық-
тарды, прогресшіл рационалистік философия мен ғылыми
шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде
жазға-нымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан
араб емес, түркі және парсылар болды.
Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте
грек дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңашыл-дық
идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттің есігін
ашты. Шығу тегі түрік философтар мен ғалымдар әл-Фараби,
Баласағұни, Қашқари, тағы басқалармен қатар әл-Хо-резми, әл-
Бируни, ибн Сина, әл-Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали
сияқты ойшылдар мен философтардың есімдерімен та-нысты.
Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қата-рына әл-
Кинди және әл-Фараби жатады. Әл-Киндиді ортаға-сырлық дәуірде
«арабтардың философы» деп жиі атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз,
себебі әл-Киңци мұсылман әлемінің көпте-ген философтары ішінде
шығу тегі жөнінен араб. Әбу-Жүсіп Якуб ибн Исхақ өл-Кинди (800—
£79) Басра қаласынан шыққан, жетік білім алған, тек философ ретінде
ғана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі, геометрия,
оптика, метереология, психология, музыка салалары бойынша
трактаттар жазды. Әл-Кинди еңбектерінен біздің заманымызға дейін аз
ғана бөлігі жетгі. Логикалық-гаосеологиялық мәселелерге арналған
жұмыстары-мен қатар, мынадай трактаты белгілі: «Аристотель
кітаптарының саны жөнінде және философияны меңгерудің шарты,
бастапқы философия туралы бес мәнділік жайында кітап, пайда болу
және жойылу себептерін түсіндіру туралы трактаттар». Әл-Кинди
жұмыстарының қалған бөліктері туралы оның замандастары мен
ізбасарларының жекелеген сілтемелері, әр түрлі тақырыптар мен
үзінділер арқылы білеміз. Оның мұрасының осы үлкен бөлігі X—XI
ғасырлардағы діни реакция тұсында жойылған. Әл-Киңци мынадай
мәселелерге зор көңіл қояды: Құдай мәселесі, ақыл-ой мәселесі мен
философияның мәнін анықтау, ғылымдарды клас-сификациялау. Өзінің
шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай
Философия мен ғылымның дамуына түркістандық Бұқара-дан
шыққан энциклопедист-ойшыл Әбу-Әли ибн Сина (980-1037)
өзінің үлкен үлесін қосты. Ибн Сина әл-Фарабидің кейбір
идеяларын шығармашылық тұрғыда онан әрі жалғастырды: эма-
нация идеясы, ақыл-ой туралы идея және т.б. Шығыста ибн
Синаны аш-Шейх ар Райс деп атаған (аударғанда аш Шейх
-рухани ұстаз, ал ар Раис — басшы дегенді білдіреді), ал
Батыста атақты «Медицина ғылымы канондарының авторы»
Авиценна деген атпен белгілі болды. Ибн Синаның
философиялық көзқа-растарына әл-Фараби үлкен ықпалын
тигізді. Ибн Сина надан-дыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі
үшін күрескен жан-жақты ғалым адам болды. Әр түрлі білім
салаларындағы қажыр-лы еңбегі және орасан зор
шығармашылық әдеби, ғылыми-фи-лософиялық мүрасына орай
ибн Синаны энциклопедист ғұла-ма деп орынды атайды.
Ғалымдардың мәліметі бойынша ибн Сина 450-ден аса еңбек
жазған, онан біздің заманымызға дейін 240-ы жетті. Ибн
Синаның тірі кезінде-ақ өзінің философия-лық идеяларын
баяндаған «Шығыс философиясы» және 20 том-нан тұратын
«Әділеттілік» деп аталатын философиялық эн-циклопедиясы
жоғалып кеткен болатын.
Шығыста да, Батыста да ең танымал оның «Медицина ка-
нондары» деп аталатын капиталды еңбегінде сол заманға орай
жоғары деңгейде жүйеленген анатомия, физиология, терапия,
хирургия, фармакология, профилактика мәселелері
қарастырыл-ған. Өзінің философиялық жүйесін ибн Сина
платондық ілімнен бас тарта отырып, перипатетизм арқылы
құрастырады. Оның жүйесіндегі ғылымдар классификациясы өз
ерекшелігімен қызықтырады. Әбу Әли философиялық білімді екі
салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша,
егер теориялық философия ақиқатты игеруге үмтылса,
практикалық филосо-фия — игілікке жетуге ұмтылады.
Теориялық философияға ибн Сина физиканы, математиканы,
ал практикалық философияға саясатты, экономиканы
жатқызады. Бұл ғылымдардың барлы-ғын пысықтайтын логика,
сондықтан ол инструменталды ғылымға жатады. Логика - бұл
әлемді тану құралы, ол барлық ғылымдарға тәсіл береді.
Барлық ғылымдардың шыңы метафи-зика деп санады
(метафизиканы ол бірде философия, бірде тео-логия деп
түсінді). Жильсонның пікірінше теологияның стату-сы туралы
авиценналық шешім ізгі хабарға жол ашады, бірақ әрбір
қүндылық туралы мөселеге толық жауап жоқ.
Әбу-Бекр Мұхаммед ибн За-кария әл-Рази (латынша аты Разес, 865-925/934)
Тегеран ма-ңындағы Рея қаласынан шыққан. Оны замандастары ғалым
энциклопедист ретінде бағалайды. Жалпы көлемі 184 жұмыс жазды, біздің
заманымызға дейін жеткені 61. Әл-Разидің шы-ғармашылық мұрасы философия,
этика, теология, логика, ас-трономия, физика, алхимия, медицина мәселелеріне
қатысты туындылармен айқындалады. Оның онтология мен гносеоло-гая
мәселелері бойынша идеялары ерекше қызығушылық тудырады. Мысалы, ол
онтологияда бес мәңгі бастау туралы идея-ны негіздейді: жаратушы, жалпы рух,
праматерия, абсолюттік кеңістік және абсолюттік уақыт, міне, осылар әлем өмір
сүруінің қажетті алғышарттары болып табылады. Әл-Разидің пікірінше жан мен
тән бір-бірімен ажырамас байланыста. Және адам ақыл-ойға ие болғандықтан
табиғи құбылыстарды танып-білуге қабілетті. Адам тірі мақұлық ретінде білімнің
қуанышын сезінуге құштар. Адамдар арасында ақиқатқа жетуге қабілеттілері фи-
лософтар болып табылады. Разидің ойынша философ жарату-шыға ұқсас
болуға тиіс, ол адамдарға әділетті және олардың қателіктеріне кешірімді болуы
тиіс, себебі әркім ақиқатқа әр түрлі жолмен жетеді және шамасы келгенше
жақындауға тыры-сады. Әл-Рази өзінің пайымдау үдерісінде Алланың рөлін тек
бастапқы түпнегізге ғана теліп, оның функциясын барынша азайтады, ал
материалдық әлем өзінің қозғалысында салыстыр-малы түрде жаратушыдан
тәуелсіз және дербес. Әл-Рази өз он-тологиясының кейбір жағдайларында
материяны өзінің атри-буттарымен қоса (кеңістік пен уақыт) жаратушымен тең
бір қатарға қояды. Әл-Рази ғылымның жақтаушысы болып, дінді сынайды.
Ойшылдың пайымдауынша, дін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар арқасында өмір
сүреді, алдауға негізделеді, шыдам-сыздық пен мағынасыз соғыстарға әкеледі.
Дінмен осы поле-миканы тағы бір философ өл-Маари жалғастырды.

Ұқсас жұмыстар
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Араб мұсылман философиясы
Орта ғасыр философиясы
ФИЛОСОФИЯ ИРРАЦИОНАЛИЗМ
Орыс философиясына тән ерекшеліктер
Техника философиясы
ИБН РУШД МУХАММЕД АХМЕД ЯССАУИ
Орта ғасырдағы дін өкілдері
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі
Пәндер