САРЫПТЫҢ ІНДЕТ ОШАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ
Презентация қосу
САРЫПТЫҢ ІНДЕТ ОШАҒЫНДА
ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАР
Бақай құрт немесе сарып – негізінен
сирақтың бақайы, кей жағдайда ауыз, желін,
жыныс мүшелері, өкпе, бауыр, бұлшық еттер
мен басқа да мүшелер мен ағзалардың
іріңдеуі және өліеттенуі арқылы
ерекшеленетін жұқпалы ауру [3].
Қоздырушысы. И.А.Бакуловтың пікірінше,
ауасыз тіршілік ететін (ауа сыбағасыз),
Грамтеріс, спора түзбейтін, қозғалмайтын
немесе айнала орналасқан талшықтары бар,
таяқша тәрізді микробтарды біріктіреді.
Клиникалық белгілері: жасырын кезеңі бірнеше
күн. Бір немесе екі бетінде де ісікшелер пайда
болады. Сарғыш түсті іріңді жентектелген ағулар
танауларынан шығады, іші өтеді. Ұзақтығы 4-21 күн.
Ересек малдың аяқтары зақымдалады, желінде және
дененің әр түрлі бөлтектерінде шелдегі абсцесстер
(Б.А.Лукьяновский еңбегі бойынша) пайда болады
[22].
Індеттік ерекшеліктері. Сарыппен барлық үй
жануалары, көптеген жабайы аңдар ауырады. Бұл
ауруға әсіресе солтүстік бұғысы, қой, ешкі, сиыр,
шошқа, жылқы, үй қояны, құстардан тауық бейім.
Ересек жануарлардан гөрі жас төлдер жиі ауырады.
Зертханалық жануарлардан қолдан жұқтыруға тек
қана үй қояны мен ақ тышқан бейім. Адам да
ауырады .
Инфекция қоздырушысының бастауы – ауру және
бактерия алып жүруші мал. Күйісті жануарлар
ауырып жазылған соң бактерия алып жүруші
болып қалады. Қоздырушы таз қарын мен ішекте
айлап сақталады да, оны күйіс қайырғанда үнемі
аузындағы жынынан, сирегірек нәжісінен бөліп
алуға болады. Некроз таяқшасы организмнен
сыртқы ортаға сілекеймен, нәжіспен, өліеттенген
жердегі бөліндімен шығады. Бұл микроб мал
қораларында, көңде, топырақта, жайылымда,
тоқтау суларда жиі кездеседі.
Қоздырушы жануар денесіне жарақаттанған тері
немесе кілегейлі қабықтар арқылы енеді.
Малды ұзақ уақыт ылғал қораларда ұстау немесе сазды жерде жаю
тұяғы мен сирағының төменгі жағындағы терісінің жібіп, тұяқтың
жұмсарып, терінің балбырауына әкеп соғады. Ол жерде қан
айналымы бұзылып, жарықшақтар пайда болып, жарақаттарға
сарыптың бактериялары еніп, өніп-өсуіне жағдай туады.
Аяқтың сарып болуына тұяқты дұрыс күтпей, оның тұрқының
өзгеруі, жарықшақтар пайда болуы, сынуы, табаны мен өкшесінің
жарақаттануы әсер етеді. Ауру қоздырушысы малды пішкенде, иттің
құйрығы мен құлағын кескенде, акушерлік жәрдем көрсеткенде
асептика ережелерін сақтамаудың нәтижесінде, жаңа туған төлдің
кіндігі арқылы және басқа жолдармен енеді.
Минералдық қоректің тапшы кезінде, маса-шіркей талағанда
жануарлардың бұл ауруға төзімділігі төмендейді.
Азықта сым, темір, шеге, шыны сынықтары тақылеттес заттар
болғанда, тікенді қатаң шөпті жайылымдарға малды
жайғандааузының кілегейлі қабығы жарақаттанады [25].
Бақайқұрт, жануарларда шамалы ғана індеттік тұтану ретінде
байқалып, жекелеген шаруашылықтарды, фермаларды немесе мал
отарларын қамтиды.
Сарып байқалса ол шаруашылықты (ферманы, елді мекенді)
бұл аурудан сау емес деп жариялайды да, шектеу қояды. Ауру
жойылғанша ол жерден малдану (өсіру) үшін мал әкетуге
тыйым салынады.
Барлық жануарларды клиникалық тексеруден
өткізіп, ауруларын бөліп алып емдейді, қалғандарын
бақылауға алып, дауалау шараларын жүргізеді.
Емдеу нәтиже бермесе (Гаджиев К.Ш., Кулиев Г.А.) ауырған
жануарларды санитариялық қасапханаға жібереді.
Өлген малдың өлексесін, терісін алған соң өртейді не
утильзаводқа жібереді.
Ең соңғы сарыппен ауырған жануар өлген соң, немесе
жазылған соң бір ай өткенде, қорытынды дезинфекция жасап
барып, шектеуді алады.
Схема бойынша жануарларды клиникалық қарап, тұяқтарын
тазалайды, қойларды ауру және шартты (клиникалық) сау деп
топтарға бөледі. Ауру малдарды бөліп алып, емдейді немесе союға
тапсырады.
Сау жануарларды профилактикалық өңдеуден өткізеді, соның ішінде
ең маңыздылары тұяқтарды дер кезінде кесіп тұру, аяқтарды өңдеу
үшін профилактикалық ванналар, қойларды инфекциялық емес
жерлерге ауыстыру, бөлмелерді және серуендету алаңдарын, малдар
жүретін жерлерді тазалап, дезинфекциялау, профилактикалық
мақсатта қойларға мырыш сульфатын беру.
Егер өңдеуден кейін қораға ауыстыруға мүмкіндік болмаса, онда
жануарларды бірнеше сағатқа тығыз төсеніші бар таза шарбаққа
ауыстыруға болады.
Мүйізді ірі қаралардың аяқтарының профилактикалық өңдеуін
әрдайым аралығына 7-10 күн аралығында жүргізіп тұру қажет.
Жазылған жануарларды клиникалық тексеруден кейін аурудан сау
мүйізді ірі қара табынына қосып, тағы да барлығын өңдеуден өткізу
керек. Осылайша, аурудан толығымен құтылуға болады.
Дезинфекциялау үшін сиырлардың бақайқұртымен
күресу нұсқаулығын басқа алып, 10%-ды формалин
немесе 5%-ды параформ ерітіндісі қолданылады.
Дезинфекция мақсатында периодты (3-4 күннен соң),
қора едендеріне және серуендету аулаларына
өшірілген ізбеспен жұқа қабат етіп сеуіп шығады.
Шартты сау тобындағы сиырларға
профилактикалық мақсатта аптасына 1 рет 10%-ды
формалин сульфаты бар ерітіндіден, 5-10 %-ды
формалин ерітіндісінен немесе мыс сульфаты
ерітіндісінен, 5% параформ ерітіндісі бар ванналардан
өткізу керек.
Осы шаралар схемасы АҚШ-та да қолданылады.
Болгарияда да бақайқртпен күресу шараларының
схемасы шығарылды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz