Мес қарынның және соқыр ішектің кебуі кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек көрсету


Slide 1 Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлімі

Мес қарынның жіті кебуі

Мес қарынның созылмалы кебуі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Іш кебу деп күйіс қайыратын малдардың көп камералы қарнының газға толып, кеуіп кетуін атайды. Көбінесе бұзаулар мен қозыларда болады. Іштің кебуі кезінде құрсақ қуысына газдың жиналуы салдарынан көкірек қуысындағы органдарды қысып жүрек, өкпе, бүйрек, жұмысын бұзады. Осы кезде оттегі жеткіліксіздігі пайда болады. Егер де дер кезінде ем көрсетпесе жануар асфикация (тұншығу ) өліп кетуі мүмкін. Бұл ауру, әсіресе малдың шық түскен көк шөпті жайылымда көбірек жайылуынан, көқтем мен күз айларында ашыққан шөптерді көп жеуінен пайда болады. Малды қорада күтіп баққан кезде ол қызған, шіріген, көгерген жемшөп, үсіген қызылша, картоп, капуста жесе де іші кебеді.

Slide 4 Slide 5

Мес қарынның жіті кебуі (Tympania ruminis acuta) - мес қарында газдың тез арада және көп мөлшерде жиналуының салдарынан оның шектен тыс кернелуімен сипатталынатын дерт, ірі қара мал және қойлар арасында жиі, ал ешкі мен түйелерде сирегірек кездеседі.

Slide 6

Себептері.

Қарынның негізгі кебуіне тез ашитын азықтарды көп мөлшерде жеген себепкер болады. Шырынды көк азықтар жаңадан шабылған көк шөп, жоңышқа, беде және басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктер, уызданған кезіндегі жүгерінің собығы, көктеген күздік дәнді өсімдіктер, қырық қабат және қызылшаның жапырақтары үлкен қауып тудырады. Бұл азықтар үймеде тұрып қалып қызған не жауынмен, таңғы шықпен ылғалданған кезінде немесе осы азықтардың бірімен азықтанған малды іле - шала тойдырып суғарған өте қауыпты. Малды, бұзылған жарма және спирт, сыра қойыртпағымен, шіріген тамыр жемістерімен, үсіген картоппен және басқа да сол тектес азықтардың түрлерімен азықтандыру ұзаққа созылып баяу өтетін тимпанияны дамытуы мүмкін. Қарынның туындаған түрде өтетін тимпанияны дамытуы мүмкін . Қарынның туындаған түрде өтетін жіті кебуінің пайда болуына мес қарынның қабырғасын салдандыратын улы шөптерді ( у қорғасын, лапыз, цикута ) жеп қою, өңештің бітелуі, сирегірек, бірақ сонда да ішектердің түйнелуі және қызуы көтеріліп жіті түрде өтетін аурулар себепкер болады.

Slide 7 Slide 8

Патологиялық анатомиялық өзгерістер .

Дене шетіндегі қан тамырлары қанға толып кетеді. Мес, тақия ( жұмыршақ ) қарындар және ішектердің алдыңғы жақ бөліктері, сұйық көбінесе көбіктенген жынға толып кетеді. Кейде, малдың тірі кезінде көк ет не мес қарын жарылып кетеді.

Slide 9

Симптомдары . Аурудың басында мал мазасызданады : азық жеуін тоқтады, құйрығын бұлғақтатады, бүйірлеріне қарай береді, бүкірейеді, кейде ыңыранып жатады, бірақ тез тұрып кетеді, артқы аяқтарымен ішін тепкілейді. Дене қызуы өзгермейді. Тыныстануы жиілейді (минутына 60-80 рет ), үстірттенеді, кеудесімен тыныс алады. Мал қиналған жағдайда тілін салақтатып, сілекейі шұбырып аққан аузы арқылы тыныстанады. Мес қарынның кебуі үдеген сайын кілегей қабықтарында қан кернеліп сонан соң көгере бастайды. Тамыр соғуы жиіленеді, кейде жүрегі қосымша жиырылып, ырғақтығы басқалай түрде бұзылады. Бүйірлерінің көлемі ұлғаяды, сол жақ аш бүйірі қатты қампайым қабыртқалар деңгейінен асып түскендігінен бүйірлер формасының тепе-теңдігінің бұзылғаны байқалады. Күйіс қайыруы мен кекіруі тоқтайды. Кебудің бастапқы кезінде мес қарынның жиырулуы күшейеді, сонан соң әлсірейді, кейінірек шала салдана бастасымен жоғалып кетеді.

Пальпациялаған кезде сол жақ аш бүйірінің қатты кернеліп керілгені және мес қарынның газға толғаны сезіледі. Қатпаршақ қарынның, ұлтабардың және ішектердің қимыл шуылдары естілмейді. Мал нәжіс бөлу несеп шығарады.

Slide 10

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

Мес қарындағы жиналған газдарды сыртқа шығаруға және олардың пайда болуын басуға әрект жасау керек. Алдымен қарапайым тәсілдер - тауға қарай жәймен жетелеу не айдау, сол жақ бүйіріне суық су құю қолданады. Ауру малды суатқа түсіріп тыныстануын жеңілдетеді және мес қарындағы газдардың пайда болуын тежейді. Денесінің алдыңғы бөлігін артқы бөлігінен биік ұстағанда қарындар көк еттен артқа қарай ығысып оған түскен қысымды азайтады, өкпелердегі газ алмасу процесі жақсарады, өңештің мес қарындағы саңылауы жыннае ашылып мал кекіреді, сөйтіп газдардың сыртқы шығуына мүмкіндік туады.

Жиналған газдарды шығару мақсатымен мес қарынға зонд енгізеді не денесінің алдыңғы бөлігін көтеріп қойған қалпында сол жақ бүйірін тереңге бойлатып ұзақ уақыт уқайлайды. Денесінің алдыңғы бөлігі көтеріліп тұрған жағдайда газдарды шығару үшін оларды артқы аяқтарында отырғызып ішін екі тізесінің арасына орналастырып бірнеше рет қатты - қатты қысады. Мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекеттің бірі малды кекірткізу, ол үшін ырғақтандырып тілін тартады не деготь немесе керосин жағылған жуан арқанмен, ширатылған сабанмен, бинтпен не матамен оралған таяқпен малды ауыздықтайды.

Slide 11 Slide 12

Жиналған газдарды өзіне сіңіріп алып ыдырату үшін аузы арқылы 2-3 л жаңа сауылған сүт, 20 г күйдірілген магнезий, 10-20 мл аммиактың судағы ерітіндісін 500 мл суға қосып береді. Қарындағы ашу процесін бәсеңдету үшін аузы арқылы 100 мл 2% ихтиол ерітіндісі, 50-150 мл керосинді суға араластырып не 160-200 мл тимпанолды 2 мл суға қосып береді. Көбікті тимпанияда аузы арқылы көбікті ыдыратып дәрілер : 50 мл сикаденді 2-5 л суға қосып, 160-200 мл тимпанол не антиформолды 2-4 л суға араластырып береді. Оларды зонд не троакар арқылы енгізеді, резеңке бөтелкемен аузы арқылы да береді . Сикаден газ көпіршіктерін ыдыратады, мес қарынның қимыл қызметін күшейтеді де қарындар мен ішектердегі орналасқан бактериялар флорасына әсерін тигізбейді

Slide 13

Тұншығу белгілері үдей түскенде мес қарынды троакармен не басқа қуыс инемен тесу ұсынылады. Тесетін жерін, сол жақ аш бүйірінің ортасын операцияға дайындағаннан кейін, троакармен сербектен соңғы қабыртқаның ортасына қарай тартылған сызықтың орта шенінен теседі. Ми анемиясын болдырмау үшін газды троакардың гильзасынан жайлап шығарады.

Гильза қуысы қарының жынымен бітелген жағдайда оны троакардың білігімен ішіне қарай итеріп тастап тазалап тұрады. Троакардың гильзасын тескен жерінде 2-3 сағат, кейбір ерекше жағдайларда ғана 12 сағатқа дейін қалдырады. Одан көп мерзімге қалдыруға болмайды, себебі көп уақытқа қалдырылған жағдайда тесілген жер маңында іш пердесінің жабысқақ қабынуы дами бастайды.

Slide 14

Мес қарынның созылмалы кебуі.

(Tympania ruminis chronicа) - мес қарынның қимыл қызметтерінің тұрақты бұзылып, оны жиналған газдар кернеуімен сипатталынатын дерт, ірі қара малда жиі, ұсақ малда сиректеу кездеседі.

Slide 15

Себептері.


Ұқсас жұмыстар
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕС ҚАРЫННЫҢ ЖІТІ КЕБУІ
Ұлтабаралды қарындары ауырған малды клиникалық-зертханалық әдістермен зерттеу,диагноздарын негіздеу
Ұлтабар алды қарындар ауруларында тағайындалатын диеталық азықтар
Мес қарынды тексеру
Қарындар аурулары
Ас қорыту мүшелері
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңызы. Дисбактериоз
Тасымалдау кезіндегі жануарлардың жұқпалы емес аурулары
Ішек өтімсіздігі. Ащы және тоқ ішектің анатомиясымен физиологиясы
Филлохинон тапшылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz