Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған


Slide 1

Ғылыми жоба

Ж. Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектеп

Орындаған: Есенбек Назерке

Жетекшісі: Палымбетова Айзат

Slide 2

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған

Slide 3

1. Менің елім, менің елім . . .

2. 1986 жылы 17 желтоқсанда бостандық аңсаған қазақ жастарының үні

3. Елін сүйген Елбасы мен Шәмшінің жүрек үндестігі

4. Қорытынды

Тәуелсіздік таңында шалқыған «Менің Қазақстаным»

Жоспар:

Slide 4

«Маған жақын нәрсе-халқымның жүрегі,

менің әндерімнің болашағы-халқымның

тағдырына байланысты.

Халқым барда менің әндерім бар»

Ш. Қалдаяқов

Slide 5

Қазақтың белгілі композиторы, тума талант иесі, есімі көзі тірі кезінің өзінде-ақ аңыз болып кеткен бірегей өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың халқымыздың рухани өмірі мен музыкалық мәдениетіндегі алатын орны орасан. Сазгер 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында туған. Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумын, Ташкенттегі музыка училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1950 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналысқан. Ол ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде танылды. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік - Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар.

Slide 6

Кейбір әндер бір ұлттың тағдырынан сыр шертеді. Сол сияқты, композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнінің арқалаған тарихи жүгі ауыр. Олай дейтінім, кеңестік үкімет 1956 жылдары ұлан байтақ қазақ жерінің солтүстік аймағындағы Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарын Қазақ республикасының құрамынан бөлуге әрекеттенеді. Мақсаттары, қазақ жерінде және бір автономиялы дербес республика құрмақ екен. Осы тұста Шәмші Қалдаяқов қазақтың жерін бөлшектетпейміз. Оған рұқсат жоқ деп, рухани қарсылығын білдірген осы әнді дүниеге әкеледі.

Менің Қазақстаным

Slide 7

Композитор бүкіл қазақ халқының атынан, қызыл кремльдің сойқан саясатына деген наразылығын осылай ән арқылы жеткізеді. Қазақ ССР Компартиясының идеология бөлімінен әннің сөзін өзгертуге арнайы бұйрық беріліп, кезінде сөздері өзгертілген екен. Ән тепкінің астында қалды десе болады. Соған қарамастан «Менің Қазақстаным» әні әнші Жамал Омарованың орындауында, автор мен ұлтжанды редакторлармен өзара тонның ішкі бауындай келісе отырып «Қазақ радиосының» әуе толқынында күніне бес- алты мәрте шырқалып тұрады. Осылайша, қазақ елінің түкпір - түкпіріне тарайды. Тұншықтырылып жатқан ұлттық рух пен идеологияға қарлығаштың қанатымен себелеп су сепкендей болады. Ал, дарынды композитор әрі өз ұлтын жанындай сүйген ұл Шәмші кеңес үкіметі тарапынан қудалауға түсіп, шығармашылығының астаң - кестеңі шығады. Бірақ, тылсым үннің талып жеткен жаңғырығындай, 1986 жылы 17- желтоқсанда тоталитарлық қызыл империяның режиміне қарсылық білдіріп, алаңға шыққан қазақ жастарының рухына дем берген де осы «Менің Қазақстаным» әні болатын.

Slide 8

«1986 -да, желтоқсанның ызғарында қақаған, Қайсар ойларың кісендерін үзіп, сан жылдар байлап, матаған, Саналарыңнан бағынғыш, құлшыл, үркек сезімдерің өтті өліп, Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнін ту етіп шырқап, көтеріп, Жаңа ұран айтып қиюына қашқан заманға, Топтасып едіңдер Бержнев атты алаңға. . » -деген М. Шаханов атамыздың өлең жолында.

Slide 9

Әнұран туралы сөз қозғалған сайын біздің ойымызға сол 1986 жылдың желтоқсаны оралатыны заңды еді. Еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін ту етіп, алаңға шыққан жастар сонда “Менің Қазақстанымды” шырқаған.

Бұл ән көтерілген жастардың жігеріне жігер қосты, олардың жанын жылытты. Сол оқиғаны бүгінмен қатыстыра айтсақ, тәуелсіздігімізді ту етіп алаңға шыққан жастар бұл әннің елдің Гимні болуына сонда дауыс беріп қойғаны анық. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңға шыққан барша жастар осы әнді қосылып шырқады. Жастар жүрегінен намыс болып төгілген бұл ән жастарды сонда желеп-жебеді, жастардың еңсесін тік ұстатып, ақырып теңдік сұратты. Қазақтың намысын қамшылады. Иә, ұлт рухын көтеретін, жігеріңді жанитын бұл әннің барша қазақ үшін орны бөлек. Себебі, бұл туынды композитор мен ақынның өз халқына деген ыстық махаббатынан туған.

Slide 10

- Шәмші Қалдаяқовтың “Менің Қазақ­станым” әнін еліміздің әнұраны етуі­міз керек шығар, сірә. Әйтпесе болмас . . . Біз әнұран етіп басқа әнді бекітеміз, ал халқымыз мүмкін болған жердің бәрінде осы “Менің Қазақста­нымды” шырқайды. Халықтың қалауы осы екен, ендеше, неге осы әннің өзін әнұран етіп бекітпейміз?! - деді Нұрсұлтан Әбішұлы маған ақылдас­қысы немесе өз тоқтамының дұрыс­тығына көзін жеткізе түскісі келген кейіпте, сұраулы жүзбен қарап.

Ал мынау “Менің Қазақстаным” әнінің жөні басқа! Талаптанған жанға ең болмаса оның қайырмасын жаттап ала қою аса көп қиындық туғызбасы анық.

- “Менің Қазақстаным” - сөз жоқ, тамаша ән! - деді Президент енді бір сәт. - Әттең, осы әннің Жұмекен Нәжімеденов жазған сөзінде еліміздің бүгінгі даму деңгейіне сәйкес келе бермейтін тұстары бар . . . Ақын ол кезде өз заманының ауқымынан шығып, бұдан әріге бара алмағанын түсінемін ғой, оған мұрша берді дейсің бе?. . Бұл тың игеру кезіне бейімделген ән еді. Ал ақын-жазушылар тек саясатқа сай болулары қажет еді.

Slide 11

- Сені шақырғаным: маған осы “Менің Қазақстанымның” сөзін алдыртып берші. Көптен айтып жүрген әніміз ғой десек те, автордың қолынан шыққан мәтінді тағы да мұқият қарап шыққым келіп тұр. Бір-екі данасын ірірек етіп көшірте салуды ұмытпа. Әрине, өлең жолдарының бәрін өзгер­тіп жатпаспыз. Халқымыз қастерлейтін қымбат мұрамыз ғой, мүмкіндігінше негізгі арқауын сақтап қалуымыз керек. Жұрттың бәрін күні бұрын дүрліктір­геніміз жөн бола қоймас. Алғашында өзім ойланып көрейін. Болмай бара жатса, ақындарымыздың көмегіне жүгіну жағы да қашпас, - деді ол содан соң. - Меніңше, бұл әннің сөзіне жетпей тұрғаны - еліміздің қазіргі тәуелсіздігі, соның мәңгілік болуы мәселесі ғой деймін. Сондай-ақ әнұранда халқымыз­дың бүгінгі ынтымақ-бірлігі де көрініс тапқаны дұрыс шығар . . .

Slide 12

Шыны керек, өлеңнің сөздерін жедел ойымнан өткеріп үлгерген мен әйгілі ән сөзінің қазіргі жетіңкіремей тұрған тұстарын тамыршыдай тап басып көрсеткен Нұрсұлтан Әбішұлының сезімталдығы мен сұңғылалығына қайран қалдым. Артынша, әрине, Көзінің тірісінде кесек талант иесі ретінде қоғамның қамқорлығын толық­тай көрмесе де, “қазақ вальсінің королі” атанып, халқының махаббаты мен құрмет-қошеметінен кенде болма­ған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың өзі бұл әннің қандай жағдайда өмірге келгенін айтып кеткенін баршамыз білеміз. Ән тың игеру науқаны бастал­ған өткен ғасырдың 50-ші жылдарының орта тұсында, еліміздің терістігіндегі бес облысты Ресейге қосу жөніндегі Кеңес Одағының басшысы Никита Сергеевич Хрущевтің жымысқы ойына қарсылық ретінде, отаншылдық сезімнің бұл­қыны­сымен дүниеге келіпті. Ол кезде Шәмші Қалдаяқов жиырма алты, ал ақын Жұмекен Нәжімеденов небәрі жиырма бір жастағы жігіт екен. Тағдыр екі талантты тұлғаның маңдайына туған жеріміз бен ата мекенімізге деген перзенттік махаббаттарын өздерінің осы тамаша шығармасына арқау етуді жазыпты. Ол әнді халқымыз осы кезге дейін де сүйсіне шырқап келді.

Slide 13

Жалпы, Шәмші әндерінің саздылы­ғына қатысты мәселе жеке әңгіменің арқауы болуға лайықты, өзіндік бір тыл­сымы терең әлем деуге болады. Ән жазу мәселесіне: “Қай тақырыпты жазсақ та жүректі оятып, қанды ысытар терең сезіммен жазбасақ, ол ән айтушының көңілін баурамайды, санасын биіктет­пейді. Бұдан, керісінше, барша музыкалық тақырыптардың отауы бір деген қорытынды тумайды, қайта әннің жаны саздылық (мелодия) екенін әрқашан ескерсек, есте ұстасақ дегім келеді” деген оймен қараған компози­тордың өзі дүниеден озғаннан кейін табылып, орындалып жүрген шығарма­ларының да ә демей-ақ ән өнерінің жауһарына айналып шыға келуінің басты себебі де осында шығар.

Десек те “Менің Қазақстаным” әнінің әнұранға айналған нағыз даңқты ғұмыры енді басталатын сыңайлы.

Slide 14 Slide 15

. Бірақ ұлылық атау­лының өзі де әдетте көбіне-көп сол қара­пайым­дылықта жатады емес пе?! Осы қарапайым ғана сөздер Шәмші Қалдаяқовтың қуатты әуенімен ұштасқан кезде әр жолы кісіні рухтандыратын ғаламат күшке айналып шыға келетіні бар. Әсіресе көп адам бірігіп, хормен айтқан кездегі әннің алапат әсері мүлде басқа­ша екенін барша жұрт жақсы біледі. Ән асқақтай түскен сайын, тұла бойыңды шымыр­латып, белгісіз бір күш өзіңді шетсіз-шексіз, мәңгілік кеңістік­ке жетелеп ала жөнеле­тіндей күй кешесің. Мұндайда жан-жүйеңді туған еліңе деген мақтаныш сезімі кернейді. Осы Ұлы далада дүниеге келгеніңе, қазақ болып туғаныңа мақтаныш сезіміне бөленесің. Мұндайда жасық жан еріксіз батыл болып кететіндей, әлсіз адам алып күштің иесіне айналатындай күйге душар болады. Міне, таңғажайып әннің құдіреті де осында болса керек!

Нұрсұлтан Әбішұлының түзетуінен кейін “Менің Қазақстаным” әнінің алғашқы шумағы қазіргідей қалыпқа түсті. Президентіміздің жаңа әнұран­ның сөзін заман талабына, қоға­мымыздың қазіргі даму ерекше­лігіне сай өзгерту жөніндегі өзінің о бастағы мақсатына қапы­сыз қол жеткізгені тайға таңба басқандай айқын көрініп тұр еді.

Slide 16

Еліміздің қай түкпіріне барсам да, кәрі де, жас та, әнұрандық мәртебесі бол­маса да аса көрнекті композиторымыз Шәм­ші Қалдаяқов пен талантты ақыны­мыз Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған “Менің Қазақстанымды” әнұран есебінде шырқағанының талай рет куәсі болдым. Бұл мен ғана емес, қазақ­стандықтардың сан буыны әлдеқашан білетін шындық. Осы уақытқа дейін бейресми әнұран қызметін атқарып келген бұл әнге ресми мәртебе беретін күн жетті деп есептеймін.

Slide 17

Осы орайда ән мәтініне қатысты да өз пікірімді ортаға салмақпын.

Бұл әннің мәтіні Қазақстан тыңын игерушілер құрметіне жазылғаны ешкімге құпия емес. Сол себепті мәтінді әнұран ретінде қабылдау үшін оған бірқатар өзгерістер енгізілуі керек деп есептеймін.

Біріншіден, әнұранда ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілуі тиіс.

Екіншіден, мәтінде сол ата-бабалардан қалған асыл мұрамыз - жеріміздің кең байтақтығы орын алуы керек.

Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқаны жөн.

Ең бастысы, біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі - ел бірлігі баса көрсетілуі керек.

Осы талаптарға жауап беретін өзге­рістер түскенде ғана “Менің Қазақста­нымның” музыкалық редакциясын сақтай отырып, әнұран ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынуға әбден болады деп есептеймін.

Slide 18

Елбасы есебінде ғана емес, Қазақ­стан­ның азаматы ретінде де мен осы әннің сөзіне жоғарыдағы талаптарға жауап беретін тиісті өзгерістер түсіріп, мәтіннің жаңа нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмын. Авторлығына еш тала­сым жоқ. Мен үшін биіктерге беттеген туған елімнің әлі талай буыны асқақтата шыр­қайтын Қазақстанның бүгінгі кел­бетіне сай әнұран қабылданса болғаны деді

Нұрсұлтан Назарбаев.

27. ХІІ. 2005 ж. ”.

Көптің кө­кейін­дегі арман-аңсарды дөп басып, тарихы­мыздың осындай шағында жаңар­ған Әнұранның тууына себепкер бол­ған Елбасымыз Нұрсұлтан На­зар­баевқа ақ алғысымызды айта­мыз”. Ра­сында да, Елбасымыз жаңарған Ән­ұран­­ның тууына себепкер де болды, оның толық құқылы бір авторына да айналды. Президенттің ел дамуының жаңа кезеңіне жаңа Гимн керектігін дәл сезініп қана қоймай, сол ойын өз қолымен жүзеге асырғандығы - саяси тереңдіктің де, ақынжандылық­тың да айшықты үлгісі.

Slide 19

2006 жылы 7 қаңтардағы Конституциялық Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраныны айналды. Композитор Ш. Қалдаяқов пен ақын Ж. Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным» әнінің сөзі президентіміз Н. Назарбаевтың қолымен түзетілген нұсқасымен ауыстырылды.

Slide 20

Жаңа Гимн ресми түрде 2006 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсімі кезінде алғаш рет орындалды. Осы күні кезекті Президент сайлауында халық сеніміне ие болған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тағы да ант беріп, мемлекетімізді басқару қызметін одан әрі жалғастыруға кірісті. Осы күннен бастап халқымыздың дарынды да дара перзенттері дүниеге әкелген “Менің Қазақстаным” әні қазақ аспанында Әнұран ретінде күн сайын қалықтап келедіДемек, «Менің Қазақстаным» әні қазақтың зар заман жылдарында туған «Елім-айы» тәрізді, тарихи арқалаған жүгі ауыр- ән. Енді міне, араға 40 жыл салып ән тарихы қазаққа қайта оралуда. Бұл жолы қуаныш сыйлауда. Сол бөлшектенбек болған бес облыстың бір облысы Ақмола - тәуелсіз қазақ елінің астанасы болды.

Slide 21

Менің елім, менің елім . . .


Ұқсас жұмыстар
Өлмейтұғын артынан із қалдырған
Шәмші қайда
ТІЛДІҢ ОРТАҚТЫҒЫ
Тұманбай Молдағалиев "Бауырлар" өлеңі
Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжі ұстазым
Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті
Желтоқсан желі желбіреткен тәуелсіздік туы
Абайды оқы- таңырқа!
Күл тегін жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында
Абай - өмірі мен шығармалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz