Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның шығу себептері



Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның шығу себептері
ОРЫНДАҒАН: Әбсадықова Тоғжан
Тексерген:
Тобы:

Жоспары:
Сыбайлас жемқорлық жайлы жалпы түсінік
Сыбайлас жемқорлықтың мәні
Жемқорлыққа жол жоқ
Сыбайлас жемқорлықтың шығу себептері
Қорытынды

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

Сыбайлас жемқорлық бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы.
Сыбайлас жемқорлыққа: парақорлық, непотизм (жеке байланыстар, немесе «өз адамдары» негізінде туысқандарын пайдалы орындарға немесе лауазымдарға орналастыру) және жеке бас мүддесі үшін мемлекет қаржысын иемдену кіреді.
Рим құқығында «соrrumpere» түсінігінің мағынасы - жалпылап айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау», «параға сатып алу» және сот процесінде заңсыз әрекеттенуді білдірді. Нәтижесінде мақсаты - сот процесіне немесе қоғамдағы істерді басқару процесіне бөгет болатын, бірігіп әрекет жасайтын (екі адамнан кем емес) тұлғалардың әрекеті деген түсінік пайда болады.


Жемқорлық -
Екіжүзділіктің белгісі

Дүниежүзін алаңдататын проблемалардың бірі шетелдік әріптестерді ақшаға сатып алу болып табылады. Мәселен, кейбір мәліметтерге сүйенсек АҚШ компаниялары дамушы елдердің нарығын оңай жаулап алу үшін ондаған миллион доллар жұмсайды екен. Бұл компанияға тиімді болғанымен, дамушы мемлекетке тиімсіз екені сөзсіз. ЕҚЫҰ осыған қарсы 1997 жылы «Халықаралық істер операцияларын жүргізуде шетелдік мемлекеттік лауазымды тұлғаларды парамен сатып алуға қарсы қүрес конвенциясын» қабылдады.
Жалпы халықаралық қауымдастық шетелдің лауазымды адамдарын сатып алғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарау керектігін көрсеткен. Аталған мәселеге қатысты ертеректе жазған мақаламызда шетелдің лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық жауаптылық қарастыру қажеттілігін айтқанбыз. Кейін сол айтылған ұсынысымыз қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнамаға енгізілді. Ал оны ең бірінші енгізген ел АҚШ мемлекеті болатын. Оған алып келген ірі қорпорациялардың шетелдік тапсырыстарды алу үшін пара төлейтіндігі әшкереленіп ашылғаннан кейін болды. Олар осыған қатысты заң қабылдады. Онда корпорациялар үшін 2 млн. долларға дейін айыппұл, жеке адамдар үшін 5 жылға дейін бас бостандығын айыру санкциясы белгіленді

Сыбайлас жемқорлық қылмыстық және әкiмшiлiк теріс қылық үшiн қылмыстық және әкiмшiлiк жауаптылық тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: 1) заңдылықтың; 2) өздерінің заңды құқықтары мен міндеттерін іске асыру барысында әрбір адамның теңдігі
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы превентивтік шаралардың басымды қолданылуы; 4) жемқорлық көріністеріне деген төзімсіздік; 5) сыбайлас жемқорлық теріс қылықтарды жасағаны үшін жауаптылықтың бұлтартпастылығы негізінде жүзеге асырылады.
Жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Осы себептердің әрқайсысына тоқталайық.
Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі.

Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл - саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту. Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға жаңа конституциялық өкілеттіктерін асыра пайдалануға мүмкіндік береді. Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:
- бостандыққа ие азаматтық қоғам - мемлекетте жемқорлық деңгейі өте төмен болуының кепілі.
- саяси тұрлаулылық, үкіметтің, басшылардың жиі ауысуы, сыбайлас жемқорлықтық өрістеуінің басты шарты.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz