Сайлау құқығы және сайлау жүйелері



ОРЫНДАҒАН: Төлеген М. Сәрсен И
Тексерген: Сыздықов С. Р
Тобы: ТППК-51
Ш. УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы:

Жоспары:
Сайлаудың мәні.
Сайлау жүйелері.
Референдум: ұғымы, түрлері.

Демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі-
оның азаматтарының лауазымды адамдар мен мемлекеттік билік органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысыу болып табылады.

Көп елдердің саяси өмірінде сайлау рөлі мен мағынасы бірдей еместігі белгілі

Ресей Федерациясы
Конституциясының
3-бабына сәйкес
референдум
мен еркін сайлаулар
халық билігінің
жоғары көрінісі болып
саналады
Өзбекстан Республикасы
Конституциясының
10-бабында:
“Өзбекстан халқы атынан
тек Ұлы Мәжіліс пен
Республика Президенті
ғана сөйлей алады”, - деп
жазылған
Эстония Республикасы Конституциясының 56- бабында
бұл елдегі жоғарғы мемлекеттік билікті халықтың өзі дауыс
беруге құқылы азаматтары арқылы:
1) Мемлекеттік жиналысқа сайлау жолымен;
2) Референдум жолымен (жалпыхалықтық дауыс беру)
жүзеге асыратыны жазылған

Жалпыға бірдей сайлау құқығы дегеніміз-мемлекеттің сайлауға қатысуға құқығы бар барлық азаматтарының сайлауға қатысуын айтады.
Жәнеде сайлауға құқығы жоқтар: сайлауға соттар қабілетсіз деп танығандар, сол секілді еркінен айрылып, түрмеде отырғандар қатыспайды.
Сондай-ақ кейбір елдердің конституциялары мен заңдары мұнан басқа да шектеулер ықтимал.
Мысалы, Түркия Республикасының Конституциясының 67-бабында “жалпыға бірдей сайлауларға дауыс беруге нағыз әскери қызметтегі солдаттар мен унтерофицерлер, әскери курсанттар қатыса алмайды” деп көрсетілген

Тең сайлау құқығы.
Сайлаушылар сайлауларға тең құқықтар
негізінде қатысады
Төте дауыс беру.
Кандидаттарды
азаматтар
тікелей сайлайды
Жасырын дауыс
беру.
Сайлаушылардың өз
еркімен көңіл
білдірулерін
бақылауға алуға
тыйым салынады
Сайлау еркіндігі.
Сайлау азаматтардың
сайлауға және
сайлануға
байланысты
өз құқықтарын еркін
жүзеге асыруына
негізделеді


Ресей Федерациясының Конституциясы бойынша Ресей Федерациясының азаматтары мемлекеттік басқару органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқықты. Бұл елде мемлекет басшысы оның өз азаматтарының жалпыға бірдей және тікелей сайлау құқығы негізінде дауыс беруі арқылы сайланады.
Францияның да Негізгі заңында мемлекеттік биіліктің халық тарапынан, сайлау және оған дауыс беру арқылы жүзеге асырылатаны жазылған.
Португалия парламенті (Ассамблея) елдің конституциясына сай жалпыға бірдей, тең әрі төте сайлауларда жасырын дауыс беру арқылы құралады.
Ал, Түркия Республикасының Конституциясына сәйкес сол елдің азаматтары заңда көрсетілген шарттарға лайықты сайлауға, сайлануға және жалпыхалықтық референдумдарға қатысуға құқылы. Сайлаулар мен жалпыхалықтық референдумдар еркін, тең, жасырын, бірсатылы, жалпыға бірдей болады, Дауыстарды есептеу мен есепке алу ашық түрде әрі басшылар мен сот бақылауында өткізіледі. 21 жасқа толған әрбір түрік азаматы сайлауға және жалпыхалықтық референдумдарға қатысуға құқылы.
Литва Республикасы Конституциясының 34- бабына орай, әрбір Литва азаматтары сайлау болатын күні 18 жасқа толса, сайлау құқығына ие. Сайлану құқығы Литва Республикасының Конституциясында және сайлау туралы жалпы заңдарда бекітіледі. Сайлауға сот қабілетсіз деп танылған азаматтар қатыспайды.
Қазіргі заманғы мемлекеттердің бәрінде де сайлау құқығы конституциялар бойынша, негізінен, институттандырылған

Сайлау жүйесі дегеніміз-
сайлауға қатысқан сайлаушылардың
дауыс беруін
есептейтін заң тарапынан
белгіленген
есептеу тетігін айтады


Мажориталық (мажор - көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп, дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады
Өз кезегінде, мажоритарлық жүйе
төмендегі екі түрге:
берілген дауыстардың абсолютті басымдылығына
берілген дауыстардың салыстырмалы (относительно) басымдылығына бөлінеді

Абсолютті басымдылық жүйесінде
сайлаушылардың 50 проценттен (50% +1) басымы дауыс бергенде кандидат сайланды деп есептеледі.
1958 жылдан бері мұндай жүйе Францияда бар.
Салыстырмалы басымдылық жүйесінде
басқа кандидаттардың бәріне қарағанда көп дауыс алу мүмкіндігіне орай жеңген кандидат сайланады. Мұндай жүйе өте көп таралған әрі көп қолданылады.
Мысалы ретінде АҚШ, Ресей, Индия, Ұлыбритания, Өзбекстан, т. б. көптеген елдерді атауға болады.

Тепе-теңдік (пропорциялық) сайлау жүйесінің можоритарлық сайлау жүйесінен айырмашылығы бар. Яғни, тепе-теңдік сайлау жүйесі басымдылық принципіне емес, қайта алынған дауыстар мен жеңіп алынған маңдаттардың тепе-теңдік принципіне сүйене жасалады.
Тепе-теңдік жүйе толық (яғни, сайлау округі болып бүкіл ел саналса) және шектеулі (яғни, елдің аумағында бірнеше округтер құрылған болса) болуы мүмкін. Тепе-теңдік жүйе бойынша Жапония, Бельгия, Италия, Норвегия, ФРГ, Швейцария және т. б. елдер сайлау өткізеді.
Тепе-теңдік жүйеде әрбір саяси партия сайланатын орынға өзі кандидаттарының тізімін ұсынады, ал сайлаушылар, әдетте, бұл тізімге тұтастай дауыс береді.

Аралас жүйе деп- парламенттің бір бөлігін мажориталық жүйемен, бір бөлігін партиялық тізіммен (тепе-теңдік жүйемен) жүзеге асыруды айтады.
Аралас жүйе мысалы:
Герман Бундестагына сайлауында қолданылады. 1994 жылы 16 қазанда Бундестагтың кезекті сайлауында депутаттардың жартысы(барлық депутаттар - 656) бірмандатты округтер бойынша көпшілікке бағынышты мажоритарлық жүйемен, ал екінші жартысы-тепе-теңдік жүйемен (саяси партиялардың тізімі бойынша) сайланды

Әлемдік тәжірибеде Жапонияның сайлау жүйесі
Сайлау жүйесі қарапайымға жатпайды, ең күрделі сайлау жүйелерінің бірі болып табылады. Ол мажориталық жүйеге және көпмандатты сайлау округтеріне негізделген. Мұның үстіне кеңестер палатасы мен өкілеттік палатаға өкілдер сайлау үшін сайлаушылар округтерін құру әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Мысалы, төменгі палатаға сайлау үшін сайлаушылар бір округтік дауыс берсе, ал жоғарғы палатаға екі округттен дауыс береді. Өкілеттік палатаға сайлау өткізуде көпмандатты (2-6 депуттатар) округтер құрылады. Онда ресми тіркелген саяси партиялардың белгілі өкілі ретінде өкілеттік палата депутаттығына барлық депутаттар тіркеліп, сайлауға түседі. Кеңестер палатасы сайлауында әрбір префектура көпмандатты (2-8 депутаттар) округ болып табылады. Бұл округтен парламентке сайланған 100 депутат бұрын әрбір партия өз тізіміне енгізген кандидаттар арасынан, ресми сайлаулар қарсанында алдын-ала өткізілген дауыс беру нәтижесінде, әрбір партиялардан таңдап алынған кандидаттар санына тепе-тең түрде тандап алынады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz