Менеджменттің ұйымдастыру қызметі
Презентация қосу
Менеджменттің
ұйымдастыру
қызметі
Қарастырылатын
сұрақтар:
Ұйымдастыру
негіздері
Ұйымдастырушылық
құрылым құру
мазмұны және негізгі
талаптар
Басқаруды
ұйымдастыру
құрылымдарының
негізгі типтері
Ұйымдастыру функциясының міндеті, еңбек
әрекеті элементтері мен олардың өзара әрекет
ету тәртіп арасындағы пропорцияны анықтау,
жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен
рөлін белгілеу, оларды бөлімшелер мен
звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен
әрекетін мұқият ұйымдастыру,
аппараттағылардың барлығының жекелеген
қызметшілері мен жұмыскерлердің іс -
әрекетін бейнелейтін құжаттар әзірлеу
арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен
өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге
асырылуын қамтамасыз етуі.
Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрылымын құру
процесі, адамдардың өз мақсатына жетуі үшін
тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Басшының міндеті ұйымның мақсаты мен
міндетіне толық сай келетін, әрі оның ішкі және
сыртқы факторларына ықпал ететін құрылымды
таңдап алу. «Ең қолайлы құрылым – бұл
ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне
барынша мүмкіндік беретін, өз
қызметкерлерінің күш – жігерін өнімді, әрі
тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы
клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары
тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым».
Басқару құрылымын қалыптастырған кезде мынадай
теориялық көзқарастар, тұжырымдар болуы мүмкін.
1.Классикалық теория өндірісті басқару құрылымын
қалыптастыруды мынадай ретпен жүргізуді ұсынады: басқару
қызметтері мен түрлерін айқындау, басқарудың нақты
функциясы бойынша іс – әрекет ауқымын есептеу; құрылымдық
бөлімшелер қалыптастыру; жұмыскерлердің басқару
функциясын атқарудағы өкілдігі мен жауапкершілігін белгілеу;
олардың нақты қызмет түрін айқындау.
2.Бихевиоралдық көзқарас бірінші кезекте өндіріс ұжымындағы
жұмыскерлердің әлеуметтік ролін көтеруге негізделген.
Мұндайда басқару аппаратындағы жұмыскерлердің бірлескен іс
– қимылы, егер олар бірлесіп жұмыс істеуге ықылас білдірсе
ғана тиімді болатындығын мойындайды.
3.Жүйелік көзқарастың мәні сол, өндірістік ұйым мен басқару
құрылымы тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осы
көзқарастың бір түрі, құрылымды басқару шешімдерін
қабылдауға және жүзеге асыруға қажетті механизм ретінде
4.Ситуациялық көзқарастың мәні сол,
басқару құрылымын құрудың ең қолайлы әдісі
әр түрлі ситуациялық нақты факторларға
сүйенуі тиіс.
5.Бюрократтық көзқарас еңбек бөлінісінің
жоғары дәрежесімен, қызмет
лауазымдарының бір – біріне қарай бөлінуінің
жетілдірілумен, бұйрық беру тізбектілігімен,
қызметшілердің жүріс – тұрысында көптеген
ережелер мен нормалардың болуымен,
кадрларды, іскерлік және кәсіптік сапасына
қарай таңдауымен сипатталады.
Ұйымдық құрылымды құру ұтымдылығы басқару
объектісінің ішкі және сыртқы байланыстарының
оңтайлы сәйкестігі мазмұны және санымен
анықталады. Ұйымдық құрылымның қалыптасуына
әсер ететін маңызды фактордың бірі болып басқару
мөлшері табылады.
Бөлімшелердегі қызметкерлер саны да, аппараттағы
бөлімшелер саны да осыған байланысты болады.
Басқару құрылымын қалыптастыру кезінде бір
уақытта көптеген факторларды ескеруге тура келеді;
мақсат және функциялар жүйесін, жұмыс көлемін
және басқару мөлшерін. Нақты құрылымды
қалыптастыру — бұл басқару өнері болып
табылады.
Ұйымдастыру құрылымын дайындау кезінде
қолданылатын негізгі талаптар:
1. Мақсатқа жетуге бағытталуы. Кез келген ұйымның
басты сипаттамасы мақсат болғандықтан, басқару
құрылымы оған жетуге жағдай жасауы қажет.
2. Перспективтілік. Бұл басқарушы жүйеде тек
оперативті сипаттағы сұрақтар шешіліп қана қоймай,
өндірістің және басқарудың болашақтағы дамуымен
байланысты стратегияларды анықтау жөніндегі
жұмыстардың қажеттілігін тұжырымдайды.
3. Дамуға қабілеттілік. Ұйымдастыру құрылымын
дамыту қажеттілігі әрқашан өндірісті жетілдіру
тенденцияларымен, басқару жүйесінде диспропорция
тудыратын, сыртқы жағдайларды өзгертумен түсіндіріледі.
Бұған іс жүзінде уақытша мақсатты топтар көлемімен,
даму қызметтерін құру арқылы қол жеткізуге болады.
4. Мүдделерді сәйкестендіру. Бөлімшелерді қамтамасыз
етуге әкелген, еңбекті терең бөлу кезінде басқару
процесіне қатысушылардың мүдделерінің көптілігі және
қарама-қайшылығы пайда болады. Осыған байланысты
ұйымдастыру құрылымында қарама-қайшылықты
келістіруге, ақылды келісімге келуді белгілеуге
көмектесетін, механизм болуы тиіс.
5. Жүйелілік. Әрбір кәсіпорын құрастырылған кадрлар
құрамымен, құрал жабдығымен, ресми және бейресми
басқару байланыстарымен және көптеген басқа
қасиеттерімен негізделген, ерекшеліктері болған
жағдайда өзінше айрықшаланады.
6. Үнемділік. Ұйымдастыру құрылымы басқару
процестерін ұтымды іске асыруға, басқарушы
жұмыскерлермен қажетті функцияларды орындау кезінде
еңбек өнімділігін жоғарылатуға жағдай жасауы қажет.
Ұйымдастыру құрылымын тұрғызудың әдістері.
1. Функциялар бойынша бөлу әдісі. Бұл әдіске сәйкес басқару
бірліктерін қалыптастыру кәсіпорын функциялары бойынша іске
асырылады. Бұл жабдықтау, өндіріс, маркетинг, кадрлық және
қаржылық сұрақтар және тағы басқа функциялар үшін өзіндік басқару
бірлігінің бар екендігін білдіреді. Кәсіпорын қызметінің сипаты, оның
мақсаттары және стратегиясы функция сипатын және оның санын
анықтайды. Функциялар бойынша бөлу әдісінің артықшылығы; әрбір
басқару функциясына қатысты маңыздылығын бөлуі,
мамандандыруды және оның артықшылығын қолдану, бір нақты
функция төңірегінде келісімділік пен бақылаудың жоғарғы дәрежесі
және берілген функциямен байланысты қандайда бір проблеманы
шешуге бір ғана жолдың болу мүмкіндігі.
2. Өндірілетін өнім бойынша бөлу әдісі. Әртүрлі шикізаттар мен
құрал-жабдықтарды қолданумен өнімнің әртүрлі түрлерін өндіруге
мамандандырылған, өндірістік кәсіпорындармен қолданылады.
Әдістің кемшіліктері келесідей; бір бірліктің басқалардан тәуелсіз
функцияны қайталауға алып келеді, жалпы кәсіпорынның деңгейінде
мамандану артықшылығы қолданылмайды, басқару бірлігінде
басшының шағын мамандануы бірліктің әртүрлі функцияларымен
басқаруды күрделендіреді.
3. Тұтынушылар тобы бойынша бөлу әдісі. Әртүрлі
тұтынушылар тобымен жұмыс істейтін кәсіпорындарда
қолданылады. Бұл әдіс кәсіпорынның дайын өнімін
тиімді өткізуді қамтамасыз етеді, мамандарды таңдауға
жағдай жасайды. Әдістің кемшіліктері; әртүрлі
басқарушының бірлік қызметін үйлестіруді қиындатады.
4. Өндіріс кезеңдері бойынша бөлу әдісі. Бұл қандайда
бір өнімді өндіру процесі бірнеше кезеңнен тұратын,
өндірістік кәсіпорындарда қолданылады. Әдістің
кемшіліктеріне: кезеңдердің бір-біріне өзара
тәуелділігінен әртүрлі кезеңдердің, басқару бірлігінің
қызметін үйлестіруді қиындату жатады.
5. Жұмыс ауысымдылығы бойынша бөлу әдісі.
Көптеген өндірістік кәсіпорындарда ауысымды
жұмыстар қолданылады, әсіресе бұл нарық талаптары
бойынша қажет немесе өндірістік процестің өзіндік
сипатымен негізделетін кәсіпорындарда болады.
6. Географиялык, жағдайлар бойынша бөлу
әдісі. Берілген әдіс артықшылықтары:
жергілікті жағдайлар есебінен жұмысты
ұйымдастыру, филиал жұмысының тиімділігі,
географиялық белгілері бойынша
функцияларды бөлу, сыртқы сауда
бөлімшелерін қалыптастыру үшін сай келеді.
7.Аралас бөлу әдісі. Қазіргі фирмалардың
көбі басқару ұйымдастыру құрылымын
қалыптастыру кезінде бөлудің әртүрлі
әдістерін қолданады, ол әрбір әдістің жеке-
жеке кемшіліктерінің болмауына, олардың
артықшылықтарын тиімді қолдануға жағдай
жасайды.
Менеджмент теориясы мен практикасында
бірнеше басқару құрылымдары бар. Сол
құрылымдарды өндіріске ұсынған. Олар
төмендегідей болып келеді:
Сызықтық басқару құрылымы.
Функционалды басқару құрылымы.
Сызықтық-функционалды басқару
құрылымы.
Сызықтық-штабтық басқару құрылымы.
Матрицалық басқару құрылымы.
Дивизиондық басқару құрылымы.
Сызықтық басқару құрылымы
Басшы
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
Басқарудың бірінші Басқарудың бірінші
деңгейі деңгейі
Әр басшыға жауапкершілік
арттырылады
Басқарудың Басқарудың Басқарудың Басқарудың екінші
екінші екінші екінші деңгейі
Басқару бірлігі
деңгейі деңгейі деңгейі
КЕМШІЛІКТЕРІ:
Басшының міндеті
жұмысшылар
жұмысшылар
жұмысшылар
жұмысшылар
жұмысшылар
жұмысшылар
жұмысшылар
жұмысшылар
Жан-жақты білімді болуы
Функционалдық басқару құрылымы
Президент
Кадрлар Өткізу Өндіріс Қаржы Маркетинг
бойынша бойынша бойынша бойынша бойынша
вице- вице- вице- вице- вице-
президент президент президент президент президент
Цех № 1 Цех № 2 Цех № 3
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
- кәсіби мамандарды жұмысқа тарту есебінен басқарудың тиімділігі
артады
бөлімшелердің мақсаттарын және міндеттерін орындауда аса құштар
болуы
нақты функциялардың орындалуына жауап беретін мамандардың
жоғары біліктілігі
КЕМШІЛІКТЕРІ:
Басқару бірлігінің жоқтығы, міндеттердің төмендеуі
Сызықтық-функционалдық
басқару құрылымы
Басшы
Қаржы Кадрлар Жоспарлау Жабдықтау
Өнімді жасау Өнімді өндіру Өнімді өткізу
Артықшылықтары:
• Жүйелілік қағидасын ұстанады, кеңесшілер мен
сарапшылар шақыруға болады
• Тікелей басшыны негізгі мәселелерді талдаудан босатады
Кемшіліктері
• Персоналдың белгілі бір категорияларын
мамандандыруымен байланысты шешімдердің және
жоспарлардың терең дайындауы
Сызықтық-штабтық басқару
құрылымы
Басшы Штаб
Қаржы Кадрлар Жоспарлау Жабдықтау
Өнімді жасау Өнімді өндіру Өнімді өткізу
Әкімшiлiк сұрақтар бойынша әрбiр қызметкер бiр басшыға бағынады
функциональдық буындар, өз компетенция саласына жататын
сұрақтармен (техникалық, технологиялық және т.б.) айналысады; бiрақ
соңғы шешiмдi қабылдау құқығы жалпы басшыда болады
Штабтық бөлімшелерге бақылау қызметтерін, әлеуметтік, заң, әскери
қызметтерді жатқызуға болады
Дивизиондық басқару құрылымы
Басшы
Қаржы Кадрлар Жоспарлау Жабдықтау
Өнімді жасау Өнімді өткізу
А өнімін Б өнімін
шығару шығару
бойынша зауыт бойынша зауыт
Басшыға бөлім басшылары бағынады
Матрицалық басқару құрылымы
Ұйымның функционалдық бөлімі Басшы
(кадрлар, қаржы, маркетинг,
жоспарлау, жабдықтау)
Координатор
Жоба Технологиялық Өндіріс
ҒЗТКЖ
топтарының топтардың топтардың
жетекшісі
жетекшісі жетекшісі жетекшісі
А жобасы
Б жобасы
Артықшылықтары:
- Жоғарғы деңгей басшыларын оперативті түрде басқарудан
босатады
- басқару құрылымының икемділігі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz