Генетикалық материалдың өзгергіштігі


Slide 1

Тақырыбы: Генетикалық материалдың өзгергіштігі

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Өзгергіштік

2. Өзгергіштік типтері және түрлері

III. Қорытынды

Slide 3

Өзгергiштiк - бұл тiрi ағзалардың орта факторларының (ішкі және сыртқы) әсерінен жаңа белгiлерге ие болу қасиеті. Тұқым қуалайтын материалды зақымдайтын өзгергiштiк генотиптiк (тұқым қуалайтын) өзгергiштiк, деп аталады. Тұқым қуалайтын өзгергіштік мутация (мутациялық өзгергіштік) немесе гаметогенез процессінде ата-аналардың хромосомаларының кездейсоқ ажырауы және олардың кроссинговерге ұшырау нәтижесінде пайда болады.

Slide 4

Өзгергіштік

Фенотиптік (айқындалған, топтық, тұқым қуаламайтын)

Генотиптік (айқындалмаған, жеке, тұқым қуалайтын)

Молификациялық

Комбинативтік

Мутациялық

Slide 5

Фенотиптiк (модификациялық )

Өзгергiштiк генотиптiң өзгеруiнсiз сыртқы орта факторларының тікелей әсерінен фенотиптің өзгеруімен байланысты бұл белгiлер тұқым қуаламайды ағзаның тiршiлiк ету ортасына бейiмделуiн қамтамасыз етедi.

Slide 6

Модификациялық өзгергіштіктің келесі түрлерін ажыратады: модификациялар, морфоздар, фенокопиялар Модификациялар - фенотиптің тұқым қуаламайтын өзгерістері, сыртқы орта факторларының әсерінен дамиды, сыртқы ортаға бейімделу болып табылады, алайда олар қайтымды, орта факторының әсері жойылғанда қайта орнына келеді. Мысалы: оттегінің мөлшері төмендегенде қанда эритроциттердің мөлшерінің азаюы.

Slide 7

Модификациялық өзгергіштік (реакция нормасы) Белгінің модификациялары минимумнан максимумға қарай реакция нормасының шегінде өзгеретін вариациялық қатар түзеді. Модификациялық өзгергіштіктің генотиппен анық талатын шегі реакция нормасы деп аталады. Реакция нормасы генетикалық факторлармен бақыланып, тұқым қуалайды.

Slide 8

Генотиптік өзгергіштік - генотиптің (генетикалық материалдың ) ө згеруімен байланысты ө згергіштік сыртқы ортаға факторларына тәуелсіз және тұқым қуалайды.

Генотиптік өзгергіштік

Комбинативтік өзгергіштік

Мутациялық өзгергіштік

Slide 9

Комбинативтік өзгергіштік -ата- аналар гендерінің қайта үйлесуіне (комбинациясы) байланысты ө згергіштік. Комбинативтік ө згергіштікте ата-аналарыны ң гаметаларының қосылуының нәтижесінде гендердің жаңа комбинациялары пайда болады, бірақ ол гендер және хромосомалар ешқандай өзгеріске ұшырамайды.

Slide 10

Комбинативтік өзгергіштіктің механизмдері: Кроссинговер кезінде гендердің рекомбинациясы Мейоз кезінде (анафазада) хромосомалардың және хроматидтердің тәуелсіз ажырауы Ұрықтану кезінде гаметалардың кездейсоқ қосылуы

Slide 11

Мутациялық өзгергіштік

Мутациялар(латынша mutatio -өзгеріс) - генетикалық материалдың сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгерулері. Мутация генотиптің де фенотиптің де өзгеруімен жүреді және ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Мутациялар кенеттен, секірмелі дамиды. Бұл терминді ғылымға енгізген Г. Де Фриз (1901 ж) . Мутациялық өзгергіштік Мутациялардың түзілу процесін мутагенез деп атайды. Мутацияларды тудыратын факторларды мутагенді факторлар деп атайды.

Мутагендік факторлар

Физикалық

Химиялық

Биологиялық

Slide 12

Мутациялардың жіктелуі Пайда болу орнына байланысты Сомалық мутациялар - сома (дене) жасушаларында пайда болатын мутациялар, сол дараның ағзасының бір бөлігінде көрініс береді, бұл белгілер келесі ұрпаққа тек вегатативті көбеюмен беріледі. Генеративті мутациялар - жыныс жасушаларының пайда болатын мутациялар, келесі ұрпақтарында жарыққа шығады, олар жыныстық көбею арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Генеративті мутациялар ядролық және ядродан тыс( не митохондриялық) болып бөлінеді.

Slide 13

Мутациялардың жіктелуі Ағзаның тіршілік қабілетіне әсер етуіне байланысты Зиянды мутациялар - тұқым қуалайтын ауруларға ұшыратады.

Летальдық мутациялар (өлімге ұшыратады) сублетальды мутациялар (тіршілікке қабілеттілігін төмендетеді) Нейтральды мутациялар - тіршілікке қабілеттілігіне әсер етпейді, мысалы көз түсі, қан тобы.

Пайдалы мутациялар - тіршілікке қабілеттілігін жоғарлатады, мысалы, тарақандардың улы химикаттарға төзімділігінің қалыптасуы.

Slide 14

Тұқым қуалайтын өзгергіштік 1920 жылы Н. И. Вавилов тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтық қатарлары заңын ашты. « Генетикалық жақын түрлер мен туыстар тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас қатарларымен сипатталады». Мысалы: қысқасаусақтылық - ірі қара малда, итте, қойда, адамда кездеседі.

Slide 15

Астана қ., 2013 жылғы 17 маусым

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Тұқым қуалайтын белгілер
Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олардың өзгергіштігі.Мутация түрлері
Микроорганизмдер генетикасы
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі.Мутация түрлері.Гендік инженерия. Вирустардың лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері
СРО МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ӨЗГЕРУ ТҮРЛЕРІ
Вирустарды лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері, торша өсінділерін алу және олардың классификациясы
ТОРША ӨСІНДІЛЕРІНІҢ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖАНУАРЛАР МЕН ТАУЫҚ ЭМБРИОНДАРЫНАН
Хромосомалардың Денверлік номенклатурасы
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері. Гендік инженерия. Вирустарды лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері, торша өсінділерін алу және олардың классификациясы»
АҒЗАЛАРДЫҢ ӨЗГЕРГІШТІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz