Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер




Презентация қосу
Тақырыбы: Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер.
Жоспары:

• I.Кіріспе
• II.Негізгі бөлім
• 1.Қызыл кітап туралы жалпы түсінік
• 2.Қазақстанның Кызыл кітабына енген
өсімдіктер
• III. Қорытынды.
Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың
халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966
ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды,
түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды.
1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы
сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр
тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-
томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың
105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-
томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі
тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап”
қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз
жануарлар туралы мол мәлімет берілген Соның нәтижесінде соңғы
Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39,
қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі
дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара
жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87
түрінің және
алтай таулары.өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының
жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген.
Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А.
Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып
бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл
қазынасы - Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140
түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер
берілген.Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы
шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса
өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына
360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы).
Жұмыр бозтүк (лат. Anaphalis racemifera)
– астралылар тұқымдасы, бозтүк туысына жататын шала бұта.
Қазақстанда Батыс Тянь-Шаньның Қаратау, Қырғыз
Алатауыныңтастақты беткейлерінде кездеседі. Биікт. 30 – 60 см, сыртын ақ киіз
түкті немесе тықыр, қос үйлі өсімдік жапқан. Сабақтары көп. Жапырақтары
ұзынша, отырыңқы, ұзындығы 4,5 см, ені 4 мм-дей. Гүлдері қос жынысты,
аналық гүлдері өте көп, жіңішке түтік тәрізді күлтелі; аталық гүлдері қоңырау
түтікше тәрізді күлтелі болады. Олар себет гүлшоғырына топталған.
Гүлсебеттері сабағының ұшында жетіледі. Тұқымынан сирек вегетативті
жолмен де көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда
жемістенеді. Тұқымы ұзынша, тықыр, бұдырмақ қылтанды айдаршасы бар.
Жұмыр бозтүк өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып,
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген
Қызыл қайың немесе қырғыз қайыңы (лат. Betula kirghisorum)
– қайыңдар тұқымдасына жататын ағаш. Қызыл қайыңның жалғыз Отаны
бар, ол — Қазақстан. Бұл сирек кездесетiн тал әлемнiң өзге бiрде-бiр
елiнде өспейдi. Қазақстанның өзiнде Алматы облысындағы Текес пен
Байынкөл өзендерi аңғарында ғана тараған. Бүгiнде қайыңның бұл
түрi Қызыл кiтапқа енгiзiлген. Алайда, бұған қарамастан, жыл сайын ағаш
ареалы тарылу үстiнде Өйткенi ол — Нарынқол ауылы тұрғындарының
негiзгi отын көзiне айналған. Биіктігі 2 — 4 м, жалпақ жапырағының
ұзындығы 3 — 4 (5) см, ені 1,5 — 3 см, қабығы ақшыл-қызғылт түсті.
Аналық сырғасы сопақша (ұзындығы 1,8 см-дей, ені 0,7 см). Мамыр
айында гүлдейді. Жемісі — қанатты жаңғақ. Әсемдік үшін де өсіріледі.
Ал Наурызым және Аманқарағай орманында өсетін өте сирек кездесетін
Қызыл қайың қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”
енгізілген.
Ақсары жоңышқасы (Medіcago ochroleuca) – бұршақ
тұқымдасына жататын жоңышқа туысының бір түрі, көп
жылдық өсімдік. Қазақстанда Талас Алатауының батысындағы Ақсу-
Жабағылы тауының солтүстік тасты беткейлерінде, биік тау
белдеулерінде, аршалы бұта, орман арасында өседі. Биіктігі 75 – 80
см, сабағы тік, жапырақтары үш құлақты, жапырақшалары ұзынша,
түкті, кейде жалаң болады. Гүлі сары түсті, бұршағы имек, бозқоңыр
түсті келеді. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Тамыз –
қыркүйекте жеміс береді. Тұқымынан және өсімді жолмен көбейеді.
Ақсары жоңышқа – құнарлы мал азығы. Сирек кездесетіндіктен Ақсу-
Жабағылы қорығында қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл
кітабына енгізілген.
• Леман қызғалдағы.Биіктігі 20 - 50 см,пиязшығы жұмыртқа
тәрізді,жуандығы 1,5 - 4 см,өте қатты терілі,қара қоңыр,жер бетіне
дейін созылған,ішкі жағы қалың (кейде шамалы бұйра) түкті қабықты.
Сабақтың жербеті бөлігі жерасты бөлігіне тең немесе ұзындау,гүл
силамымен бірге жалаңаш;жапырақ саны төртеу,қайырылған немесе
шамалы бүгілген,алшақ орналасқан,көкшіл сұр,жалаңаш,жиегі
бұйра,тегіс,әдетте гүлде едәуір жетпейді,төменгісі таспа тәрізді немесе
сызықты таспа тәрізді,ені 1,5 - 2,5 см. Гүлі біреу;гүл серігі
сары,қызғылт сары немесе қызыл,әдетте тек ішкі жағының төменгі
бөлігі қоңыр күлгін немесе қара күлгін дақты,ұзындығы 2,5 - 7 см,ұшы
бірден сүйірленген қысқа сирек түктенген,сыртқылары кері жұмыртқа
тәрізді немесе ұзынша ромб тәрізді,ішкілері кері үшбұрышты таспа
тәрізді немесе кері үшбұрышты жұмыртқа тәрізді.
• Қазақстанның <<Қызыл кітабына>> енгізілген.
• Алатау бәйшешегі (лат. Crocus alatavicus)
– құртқашаштар тұқымдасына жататын, Қазақстан аумағында
өсетін, бәйшешектің белгілі түрі. Ірі қиыршық тасты, сазды
беткейлерге, шабындықты және далалы учаскелерге тау етегінен
орман белдеуінің жоғарғы шекарасына дейінгі бұта иеліктерінде өседі.
Жоңғар Алатауында, бүкіл Тянь-Шаньда (Алматы, Жамбыл
облысы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында) кездеседі. Онша биік емес
(10-30 см-ге дейін), сабақ түбінде шоқталған, гүлдері дара, жиірек екі-
төрттен воронка тәрізді. Гүлсерігінің жапырақтары аппақ, (ұзындығы
4 см) сырт жағы сұрғылт күлгін, барлық бәйшешектердің сабағы
жетілмеген, сондықтан түтік гүлді топырақтың бетіне алып шығады.
Аталығы үшеу, қызғылт сары тозаңдарымен, түйін бағанасы ұзын, жіп
тәрізді, тісшелі.
• Регель қызғалдағы немесе Грейг қызғалдағы (лат. Tulipa greigii)
– лалагүлдер тұқымдасы қызғалдақ туысына жататын
өсімдік.Қазақстанда Шу-Іле тауының аласа жоталары мен оның
айналасындағы шөл далаларында ғана өсетін эндемик өсімдік. Регель
қызғалдағы қолдан өсіруге оңай көнеді, бірақ құрғақ және күн жақсы
түсетін топырақты қажет етеді. Бұл түр әсемдігі жағынан аса құнды
емес, сондықтан ботаникалық бақтарда аз кездесетіндіктен ерекше
түр ретінде сақталады. Әсемдік сапасы жоғары болмағанмен
теориялық мәні бар. Азайып кетуіне байланысты қорғауды қажет
етеді.
Кеш қызғалдақ (лат. Tulipa tarda)
– лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық
жуашықты өсімдік. Қазақстанда Іле Алатауының батыс бөлігінде
(Қастек, Суықтөбе. Ұзын Қарғалы) ғана кездеседі. Тастақты,
қиыршықтасты далалық өңірде өседі. Биіктігі 5 – 15 см, жуашығы
жұмыртқа тәрізді, жуандығы 3 см-дей, сырты қара қоңыр қатпарлы.
Жапырақтары жіңішке және ұзын, төменгі жапырақтары қауырсын
немесе таспа тәрізді. Гүлі ақ, сирек сары түсті, сабақ ұшында дара кейде
бірнешеу болады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп,
жемістенеді. Жемісі – қорапша, ені 2 см-дей. Әсемдік өсімдік ретінде
өсіріледі. Кеш қызғалдақ – өте сирек кездесетін эндемик түр. Жылдан-
жылға таралу аймағының азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл
кітабына» енгізілген
Назарларыңызға рахмет!!!

Астана қ., 2013 жылғы 17 маусым

Ұқсас жұмыстар
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы
Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар
Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама
Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
Жануарлар дүниесін қорғау
Алматы мемлекеттік қорығы
Қазақстанның табиғат зоналар саны
Бәйшешек гүлі
Іле Алатауы ұлттық саябағы
Пәндер