УЫЛДЫРЫҚ



Уылдырық - 1) моллюскалар, тікентерілілер, сүйекті балықтар, қосмекенділер, т. б. жануарлардың жыныс бездерінен бөлінетін түйіршекті ұрықтар. У-тың: су түбіндегі және пелаг. түрлері болады. Су түбіндегі У-тар судың меншікті салмағынан ауыр және шырышты келеді. Мұндай У-тарын балықтар су түбіне шашады не топыраққа көміп тастайды. Пелагиялық У-тың тығыздығы аз болғандықтан су қабатының арасында не су бетінде жүзіп жүреді. У-тардың жүзгіштігі майлылығына байланысты. Балықтардың У-ының диам. 0, 6 мм-ден (алабұғатәрізділерде) 7, 0 мм-ге (албырттарда) дейін, шашатын У-тарының мөлшері де әр түрлі болады.

Уылдырық құнды тамақ өнімі. Оның құрамында жеңіл сіңетін белоктар, майлар, сонымен қатар А, D, Е және В тобы витаминдер бар. Әсіресе бекіре балықтарының уылдырығы құнды саналады, оның құрамында жүйке жүйесіне маңызды лецитин (1-2%) бар. Барлық уылдырықта 21-30% белок бар, май бекіре уылдырығында көп (13-18%), лосось уылдырығында азырақ (9-17%), ал частиковый балықтарда мүлде аз (2-4%) .




Уылдырықты -2-ден -4оС дейін температурада 80-85% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды.


Тірі балықты, уылдырықты автокөлікпен тасымалдау ережелері
Тірі балықты, уылдырықты автокөлікпен тасымалдау кезінде арнайы ыдыстарға салады. Мысалы: арнайы контейнерлер, ағаштан жасалған бөшкелер, бәктер, полиэтиленді пакеттер. Олар міндетті түрде жуылған, дезинфекция жасалған және екінші рет жуылған ешбір иіссіз болу керек.
Тірі балықты тасымалдау үшін арнайы автокөліктегі цистерна орнатылады. Бұл цистерна 1, 5 т тірі балықты тасу үшін 300-350 км қашықтыққа есептелінген. Цистернадағы балық үшін 1кг/салмақ 60 мг/л оттегі, судың температурасы 10 С болу керек. Жаз айларында су температурасы 10-14оС, ал көктем мен жазда 4-6 оС, қыста -1-2оС болу керек.
Міндетті түрде балықты тиеу кезінде оның салмағына мән береді:1450кг балық үшін су температурасы 0-2 С, 1300кг - 2, 5; 1200-5-10; 950 кг-10-15; 600кг-15-20 С болу керек. Тасымалдау кезінде балықтың түріне назар аудару керек, мысалы 100кг тұқы балықты немесе 125 кг табан, 90-95 кг жыланбалық, 70кг сом, шортан, 57 кг көксерке, 15 кг бекіре балығын артуға болады.
Тасымалдау кезінде әрбір 2-2, 5 сағаттан кейін балықтың жағдайын тексереді және өлген балықты алып тастайды. Белгіленген жерге тірі балықты түсіру ешбір кедергісіз өту керек.

Тірі балықтар мен уылдырықты әуе көлігімен тасымалдау
Тірі балық, уылдырықты әуе көлігімен тасымалдауда келесі жабдықтау түрлері кездеседі:
Изотермикалық контейнерлер, пенопластан дайындалған, тірі уылдырық тасымалдауға негізделген. Бос контейнер салмағы 8-11 кг, жүктелген 30-60 кг, көлемі 500х450х500 мм. Уылдырықтарды алыс қашықтыққа тасымалдау кезінде контейнердің бүйіріне 3 рамка орнастылады. Ұрықтандырылған уылдырықты 1, 5-2 қабатта рамкаларға орналастырады. Контейнер бастырығының үстіне мұз бөлігін салады. Контейнерлерде жас балықтарды полиэтиленді пакеттерде тасымалдауға болады. Контейнерлерді жіппен байлап, бүйір жағынан ұстауға орын жасайды. Сауыт қалыңдығы 8-10мм органикалық шыныдан дайындалған, жас балықтарды, әр түрлі азықтық организмдерді тасымалдауға негізделген. Әсіресе ұзақ тасымалдау кезінде ыңғайлы. Сауытқа көлемі 39-дан 60 л дейін су сыяды, сыйымдылығы 500х300х300мм, жүктелген кездегі салмағы 50кг. Сауыттарға су құйғанда 10-15см кеңістік қалдырған жөн.
Су организмдерінің сауыттарда өміршеңдігін сақтау үшін су аэрациясын ауамен немесе оттегімен қамтамасыз еткен жөн. Аэрация үшін авияциялық баллон, редукторлар ыңғайлы, қысым 0, 5 атмосфераға дейін төмендейді.
Ұшақтағы жүк тасымалдау барысында ұзақ жолда тұрып қалатын жағдайда, жүкті ұшақтан түсіріп, балықтар үшін арналған оптималды температурасы бар қоймаларда сақтайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz