Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың вирустық ауруларына байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік
Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың вирустық
ауруларына байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен
санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
Орындаған: Раймишова Г.Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген:Серікова А.Т.
Семей 2017 жыл
Ұйқы безінің инфекциялы
некрозы
Кейбір жас албырт балықтарының жіті өтетін
ауруы. Қозғалыс координациясының бұзылуымен,
тері жабынының қараюымен, ұйқы безінің
зақымдалуымен, бауыр, көкбауырдың
өзгерістерімен сипатталады.
Патологоанотомиялық өзгерістер
Бауыр мен көкбауырдың түсі бозғылт, анемия
байқалады. Өті ішіне толған өт әсерінен созылған.
Ішектің іші түссіз, сүт тәрізді кілегейлі
консистенциялы затпен толған, қабырғалары
болбыр.
Санитарлық баға
Адам мен жануарлар үшін аса қауіпті емес.
Қолайсыз су қоймаларындағы балықтарды егер
олар тауарлық түрін, сапасын жоғалтпаған болса,
қолданысқа еш шектеусіз пайдалануға босатады.
Тауарлық сапасы нашар ауру балықты
қайнатылған күйде жануарлардың азығы ретінде
рұқсат етеді.
Форелдердің вирустық геморрагиялық
септицемиясы
Өте қауіпті вирусты ауру болып табылады. Көбінде
жиекті форелде байқалады, ал өзен форелдерінде
сирек кездеседі. Көбінесе бір жасқа дейінгі балықтар
ауырады, өлім 90% дейін болады.
Ауру қысқы-көктемгі кезеңдерде судың
температурасы 8-120 С болғанда байқалады.
Температура жоғарылағанда ауру тоқталып қалады.
Аурудың көзі болып, ауру балықтар, өлекселер және
таза емес су тоғандары саналады.
Ауырған балықтар су жағасына шығып қалады да,
адам жақындағанында тіршілік білдірмейді. Балықтың
тері жабыны қарайған, көздері шығыңқы,
желбезектері бозданған, қанаттарында қан құйылулар
байқалады, арқа қанаты некрозды ошақпен, ішкі
қуыстарының ұлғаюымен сипатталса, кейбіреулерінде
жүйке жүйесі зақымданған.
Сойып зерттегенде бауыры сарғайған, қою қызыл
дақтары бар, асқазаны ұлғайған, қампиған, асқазанның
кілегей қабығында, ішкі қуыстарда қан құйылу
байқалады.
Санитарлық баға
Органолептикалық көрсеткіштері бойынша,
балық балғын, әрі сау болса адамдарға тағамға
пайдалануға рұқсат етіледі. Өлекселерді
қайнатқан соң жануарларға азық ретінде
пайдаланады.
Тұқылардың көктемгі виремиясы
Өзен балықтарының өте жіті
вирусты ауруы. Дененің
ісінуімен, қабыршақтарының
үрпеюімен, көзінің
бадыраюымен, кеуде және
құрсақ қанаттарында нүктелі
немесе ошақты қан
құйылулармен сипатталады.
Қоздырушысы рабдовирус
тобына жатады, формасы оқ
тәрізді, құрамында РНҚ бар.
Патологоанотомиялық өзгерістер
Денесі қабынған, құрсақ қуысында сарғыш кейде
қан аралас сұйықтық жиналған, ішкі ағзалары
қабынған. Бауыр ұлғайған, түсі әркелкі боз немесе
дақты, нүктелі қан құйылған және ақ түйіндер
болады. Бүйректері ісінген, болбыр, сирек қан
құйылулар. Көкбауыры ұлғайған, капсуласының
астында сұр түсті дақтар мен бұдырлар кездеседі.
Ішектерінде- кілегейлі қабатында катаральды
қабыну және нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Санитарлық баға
Адам мен жануарлар үшін қауіпті емес.
Қолайсыз су қоймаларындағы балықтарды егер
олар тауарлық түрін, сапасын жоғалтпаған болса,
қолданысқа еш шектеусіз пайдалануға босатады.
Тауарлық сапасы нашар ауру балықты
қайнатылған күйде жануарладың азығы ретінде
рұқсат етеді.
Эритроциттердің вирусты некрозы
Түрлі балықтар ауыратын вирусты ауру, әсіресе тұщы суда
мекен ететін балықтарда тіркеледі. Оларға: құбылмалы
бақтақ және американдық палия. Ауру анемиямен,
эритроциттегі дегенеративті процессімен сипатталады.
Патологоанотомиялық өзгерістер
Сойып қараған кезде бауыры, жүрегі, ас қорыту
жолы бозарған,. Ауру балықтарда
эритроциттердің құрылымы бұзылып,
ұйығыштығы төмендейді, гематокрит деңгейі 2-
4%-ға төмендейді.
ЭВН-мен зақымданған балық сыртқы орта
факторларына қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық -
санитариялық сараптау. Алматы 2013ж.
2. http://
ansya.ru/health/simdik-bali-jne-ara-sharua
shilii-nimderin-veterinariyali-sanit/main.
html
3. Исқақов М.М., Бөлекбаева Л.Т., Балық
аурулары.- Алматы, 2007.
4. Дәуітбаева К.Ә. Ихтиопатология.
Алматы. 2013 ж
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz