Ара шаруашылығы өнімдерін аралардың бактериалы және вирсуты ауруларына байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Ара шаруашылығы өнімдерін аралардың бактериалы және вирсуты ауруларына байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары

БӨЖ

Орындаған: Онгарова Д. Б.

Тобы: ВС-303

Тексерген: Қойгельдинова А. С.

Семей 2017 жыл

Slide 2

ЖОСПАР

Slide 3

АМЕРИКАЛЫҚ ШІРУ

Ауру қоздырғышы бірінші рет осы континентке анықталғандықтан осылай аталған. Бұл ауруға шалдыққан ара ұрықтары есейіп қуыршақ алды немесе қуыршақ сатыларына ауысатын кезеңінде жаппай қырылады.

Қоздырғышы - Bac. liarve микробы. Ауру көбінесе жаздың екінші жартысында оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстардың омарталарында жиі ұшырасып, едәуір экономикалық зиян келтіруде. Індет көзі - ауырған немесе өлген личинкалар. Ауру бір арадан екіншісіне ұя тазалаушы, қоректендіруші аралар арқылы, сондай-ақ омартаға адасып енген аралардан, «барымташы» аралардан, әр түрлі жәндіктерден, паразиттерден сондай-ақ ауру ара жанұяларынан алынған кәрез, көзгенектерді сау ұяларға қоюдан, омарташының немесе тексеруші мамандардың зоогигиеналық - санитариялық талаптарды орындамау салдарынан жұғады.

Slide 4

АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Ауру ұрғашы, еркек және жұмысшы аралардың личинкаларына бірдей залалын тигізеді. Микроб ұяға түскен соң өсіп-өнеді де жеті-он күннен кейін кәрез ұяшаларының әр жерінде бірлі-жарым ұяшаның жабылмағаны, немесе аралардың кеміріп ашып тастағаны, сондай-ақ ішінде өсіп қалған өлі личинка байқалады. Осындай ұяшалар күннен күнге көбейеді де, кәрез беті ала-құла болып, сау личинкалардың жас мөлшері біркелкі болмай шығады.

Кейбір жабық ұяшалар ойыстанып, қақпақшасы 2-3 жерден тесіледі. Ауруға шалдыққан личинкалар сарғыш тартып білеуленіп, теңбілденбей қалады. Тіпті 2-3 күн өткен соң күңгірт тартып, қарая бастайды.

Slide 5

ВСС ЖӘНЕ КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

Slide 6

ЕУРОПАЛЫҚ ШІРУ

Қазақстандағы көптеген омарталарда кездеседі, әсіресе, оңтүстік аймақтарда, жаздың бірінші жартысында жиі байқалады. Шірудің бұл түрінде негізінен жас, ашық ұяшалардағы личинкалар ауырып, қырыла бастайды.

Аурудың көзі - ауырған ара жанұясы. Бөлек ұяларға ауру үйір бөлінгенде, «барымташы» аралар, құрт-құмырсқа, айырқұйрық және басқа жәндіктермен таралады. Кейбір жағдайда ұяның суықтығы, ұзақ уақыт ара жанұясының ашығуы, қоректік заттардың тапшылығы, еркек, ұрғашы аралардың туыстық жақындығы аурудың жіті түрінің өршуіне әкеп соқтырады.

Slide 7

ВСС ЖӘНЕ КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

Slide 8

ПАРАТИФ (ҚЫЛАУ)

Сақа араларды кенеттен қатты мазасыздандырып, ішін өткізіп, өлімжітімге ұшырататын жұқпалы ауру. Ауру Қазақстанның қысы ұзақ аймақтарында көбінесе ерте көктемде немесе жазғытұрым қайталанған суықтардан соң кездеседі.

Ауру көзі - ауырған ара жанұялары, жеке аралар. Бір ұядан екіншісіне кәрез ауыстырғанда, жалпы суатты пайдаланғанда, аралар адасып басқа ұяларға ауысқанда жұғады. Кейде ауру ұяның сыз тартып дымқылдануынан, аралардың лас шалшықтардан су ішуінен (әсіресе қора маңында) де пайда болады.

Slide 9

ВСС ЖӘНЕ КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

Slide 10

САЛДАНУ

Қоздырғышы - вирус. Ауру аралардың «май айындағы ауруы» немесе «орман омартасының ауруы» деген атпен Қостанай, Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстанда кездеседі. Көбінесе сақа аралар жаппай қырғынға ұшырайды.

Аурудың белгілері жаз айларында білінеді. Кейбір аралар қатты мазасызданып, ұя төңірегінде домалай бастайды да, кілт тоқтай қалып, қанаттарын қимылдатуға әрекеттенеді. Көптеген аралар қарайып, бас, көкірек, құрсақ қылшықтары түсіп, жылтырланады. Бөксесі көтерілмей сүйретіліп «сал» болып қалады.

Slide 11

ВСС ЖӘНЕ КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

Slide 12

АСПЕРГИЛЛЕЗ

Қоздырғышы - аспергилла тұқымдас саңырауқұлақтар тобы. Ара ұрықтарын, кей жағдайда сақа араларды да қамтитын жұқпалы ауру.

Аурудың белгілері ауру қыстың аяқ шеніне қарай немесе ерте көктемде байқалады. Личинкалар барлық өсу сатыларында да ауруға шалдығып, қоңырқай тартады да ақыры өліп тынады. Қоздырғышы ара ұрықтарының желке тұсынан жарақаттап, бүкіл мойын, көкірегіне ауысады, өлген личинкалар семіп, кішірейіп кетеді. Зақымдаушы саңырауқұлақтың тегіне қарай өлген личинкалардың денесі әр түсті болады (ақ сары, жасыл, қара) . Ал сақа аралар ауырғанда денесін үлбіреген ақ мақта тәрізді түк жауып кетеді. Мұндай ауру, әсіресе ерте көктемде ұясының іші ылғал ара жанұяларына тән.

Slide 13

ВСС ЖӘНЕ КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

Slide 14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН. «Ара балының құндылығы»

2. Административно-территориальное устройство. Кировская область. - Киров, Администрация Кировской области, 1998. - 352 с.

3. Дюсембаев С. Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж. -379 б.

4. Грищенко Л. И., Акбаев М. Ш., Васильков Г. В, Болезни рыб и основы рыбоводства, М., 1999, 456 с.


Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі ара ауруларында ара өнімдерінің ветеринариялық санитариялық сараптау және бағасы
Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың вирустық ауруларына байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласы
Індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық және инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz