Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы:Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
БӨЖ
Орындаған: Онгарова Д. Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген:Жексенаева А. Б.
СЕМЕЙ 2017 ЖЫЛ

Жоспар

КІРІСПЕ
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары-аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және ветеринария салаларындағы мемлекеттік органдардардың ведомстволары жүзеге асырады.

СҚП-да және күйдіргі бойынша қауіп төндіретін аумақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің мынадай шараларды орындауы қажет:

СҚП-да және күйдіргі бойынша қауіп төндіретін аумақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мынадай талаптарды сақтауы қажет:

ЖАО құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қауіп төндіретін аумақтарда оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқауда) көзделген тәртіппен және мерзімдерде ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық вакцинациялау жүргізеді. Вакцинацияланған малдарды бақылау вакцинациядан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Күйдіргіге қарсы вакцинациялау жүргізу вакцинацияланған жануарлардың (түрлері бойынша) санын, вакцинаның, дайындаушы кәсіпорынның толық атауын, сериясы мен бақылау нөмірлерін, дайындау күні мен шығындалған вакцина санын көрсете отырып, актімен ресімделеді. Актіге мал иелерінің қолы қойылған вакцинацияланған малдың тізімі қоса беріледі.
Вакцинациядан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде күйдіргіге қарсы вакцинацияланған малды етке союға және вакцинациядан кейін 14 күнтізбелік күн өткенге дейінгі кезеңде өлген малдың терісін алуға жол берілмейді.

Құтырудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар жеке және заңды тұлғалардың (жануарлар иелерінің) мынадай шараларды сақтауы болып табылады:

Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер, мысықтар және басқа да жануарлардың (құтырудың айқын белгілері бар жануарлардан басқа) иелері немесе қараусыз қалған иттер мен мысықтарды ұстайтын арнайы бригада оларды ветеринария мамандарының 10 күнтізбелік күн ішінде оқшаулауы мен бақылауы үшін тез арада жақын ветеринариялық емдеу ұйымына жеткізеді.
Жеке және заңды тұлғалар өз жануарларын құтыруға қарсы уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз етеді. Профилактикалық егулерді жүргізу туралы актіге олардың иелерінің деректерін (аты-жөнін, мекен жайын) көрсете отырып, вакцинацияланған иттер мен мысықтардың тізімдемесі міндетті түрде қоса беріледі. Жануардың паспортына тиісті белгілер қойылады.
Құтыру бойынша эпизоотологиялық қолайсыз аймақтарда ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе), иттер мен мысықтарды құтыруға қарсы жоспарлы профилактикалық иммундеу жүргізіледі.
Жекелеген жағдайларда, ветеринариялық емдеу ұйымының рұқсаты бойынша адамдарды немесе малдарды тістеген жануар оны 10 күнтізбелік күн ішінде оқшауланған үй-жайда ұстауға және оны ветеринариялық дәрігерге тексеруге беруге жазбаша міндеттеме берген иесінде қалдырылады.

Оқшауланған жануарларды бақылау нәтижелерін осы аумаққа қызмет көрсететін ветеринария дәрігері арнайы журналда тіркейді және бақылау нәтижелері туралы ақпарат бақылау аяқталғаннан кейін 2 күннен кешіктірілмей жазбаша түрде зардап шеккен адамға егу жүргізетін ұйымға және зардап шегушінің тұрғылықты жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне, ЖАО ветеринариялық бөлімшесіне, тиісті аумақтың ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомстволарының аумақтық бөлімшесіне хабарланады.
Оқшаулау мерзімі аяқталғаннан кейін клиникалық сау малдар алдын ала вакцинацияланғаннан кейін оларды 30 күнтізбелік күн ішінде оқшаулап ұстау шартымен иелеріне қайтарылады. Құтырумен ауыратын жануарларды жояды.

Жабайы жануарлардың құтыруын уақтылы анықтау және оның таралуының алдын алу мақсатында орман шаруашылығы, табиғатты қорғау, аңшылық шаруашылығы органдарының, қорықтар мен қаумалдардың қызметкерлері:
жабайы жануарлардың құтыру жағдайлары (құтыруға күдіктену) немесе олардың әдеттен тыс әрекеттері (адамнан қорықпау, адамдарға немесе жануарларға арандатылмаған шабуылдау) туралы ветеринариялық маманға тез арада хабарлайды;
аңшылық алқабында, қорықтар, қаумалдар аумақтарында, ірі елді мекендердің жасыл аймақтарында табылған жабайы жыртқыштардың (түлкілер, жанат тәрізді иттер, ақ түлкілер, қасқырлар, қарсақтар, шибөрілердің) өлекселерін құтыруға зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға жібереді;
аңшылардың жолдамаларын және аңшылық билеттерін тексеру кезінде табиғатты қорғайтын аңшылық инспекция және қорықшылық қызметі иттердің құтыруға қарсы егілгенін куәландыратын тіркеу куәліктерін тексереді. Вакцинацияланбаған иттер аңға жіберілмейді.

ЖАО ветеринариялық бөлімшелері және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері құтыру бойынша қолайсыз пункттерде мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:
1) тұрғындар арасында құтыру ауруының қауіптілігі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) құтыруға қарсы егулерді қажет ететін адамдарды анықтау үшін қолайсыз пункттің үй-үйлерін (пәтерлерін) аралау, ит, мысық және басқа да жануарларды ұстау жағдайын тексеру, құтырумен ауыратын науқастарды, ауруға күдіктілерді және құтыруды жұқтыруға күдікті жануарларды анықтау;
3) адамдар мен жануарларды тістеген, оқшауланатын және бақылауда ұсталатын жануарлардан басқа құтырумен ауыратыны анықталған иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды өлтіріп, кейіннен өртеу;
4) жабайы жануарлардың құтыру жағдайлары анықталған кезде жергілікті атқарушы органдар (ауылдық округтердің, аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдері) жабайы жануарларды, иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды жүргізеді.

Бруцеллездің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

Ошаққа эпизоотиялық-эпидемиологиялық тексеру мынадай схема бойынша жүргізіледі:
эпизоотиялық ошақтың пайда болған жерін анықтау (ферма, отар, мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін кәсіпорындар, шаруашылық субъектісі) . Халықты диспансерлік тексерудің алдыңғы нәтижелерін және ветеринариялық зертхана деректерін пайдалана отырып, бұрын осы ошақта адамдардың немесе жануарлардың ауырған жағдайы болғанын анықтау қажет;
эпизоотиялық ошақтың шығу себептеріне және жағдайларына тікелей қатысты, адамдарға жұқтыруға және олардың сырқаттануына ықпал ететін инфекция қоздырғышының көздерін табу. Осы аспектілерді анықтаудың нақтылығы мен толықтығы одан әрі бруцеллезге қарсы іс-шараларды таңдау тактикасына байланысты. Ветеринариялық қызмет жануарларды бруцеллезге тексеруді ұйымдастырады және ауру жануарлар анықталған кезде оларды оқшаулау, союға тапсыру және басқа да ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу бойынша шұғыл шаралар қабылдайды.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет медициналық ұйым арқылы науқастарды ерте анықтау және емдеу мақсатында жұқтыру тәуекеліне ұшыраған барлық адамдарды клиникалық-зертханалық тексеруді ұйымдастырады, қоздырғыштың берілу факторлары ретінде күдікті объектілерді зертханалық зерттеу үшін сынамалар алуды жүргізеді, аурудың жаңа жағдайларының алдын алу үшін санитариялық-іс-шараларды ұйымдастырады. Жануарлардың іш тастаған, өлі туған төлдерінен және сүттен қоректік (селективті) орталардың көмегімен бруцеллалардың өсірінділерін бөліп алу олардың жұқпалы бастаудың берілуіндегі рөлінің дәйекті дәлелі болып табылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz