Етті қайта өңдеуші кәсіпорындағы ветеринариялық менеджмент


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы:Етті қайта өңдеуші кәсіпорындағы ветеринариялық менеджмент

БӨЖ

Орындаған: Онгарова Д. Б.

Тобы: ВС-303

Тексерген:Жексенаева А. Б.

Семей 2017 жыл

Slide 2

Жоспар

Slide 3

Кіріспе

Агралық секторда бірінші кезекте ет беретін мал шаруашылығын дамыту керек. Ол үшін малдың барлық тұқымдарының басын көбейтуге себін тигізетін шаралар ұйымдастыру жəне ауылшаруашылық өндірісін көбейтуді қамтамасыз ететін инновациялық технологияларға негізделуі тиіс. Міне, бұл ауыл шаруашылығын индустрияландыру болып табылады. Біз малды қалай ұстауды, қалай бағып-қағуды білеміз, бірақ одан қалай ақша жасауды білмейміз. Сондықтан шетел тəжірибелерінің көптеген əдістерін қолдана отырып, жаңа технологиялардың көмегімен экспорт потенциалын жоғарылату қажет .

Slide 4

2. 1 Ет өңдеуші кәсіпорындарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың қызметіне енеді:

Slide 5

2. 2 Ет және ет өнімдерін дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

Slide 6 Slide 7

ЕТ ӨҢДЕУ ОБЪЕКТІСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС МЫНАЛАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ:

1) шикі және дайын өнімдер ағынының қиылысуы мен араласуын болғызбау;

2) өңдеу үшін түсетін шикізат пен қосалқы материалдардың ветеринария және денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау;

3) ілініп тұрған ет ұшаларын еденге, қабырғаға және технологиялық жабдықтарға тигізбеу;

4) қан ағызу, ұшаларды тазарту және жуу учаскелерінде бөлігінде сұйықтықтардың арнайы көлбеу астаушылар арқылы траптарға ағуы;

5) азық-түлік шикізатының (тоңмай шикізаты, ішек-қарын, тағамдық қан, субөнімдер) берілуін бір-бірінен бөлектеу, оларды санитариялық өңдеудің оңай болуы;

6) тағамдық емес қалдықтарды ерекше түске боялған және мақсаты туралы жазбасы (таңбасы) бар арнайы ыдысқа жинау;

7) ветеринариялық конфискаттарды (ветеринариялық-санитариялық сараптама кезінде жарамсыз деп табылған ұшалар мен органдар) бөлек жабдықталған ағызғыштарға немесе ерекше түске боялған, жылжымалы, жабылатын арнайы ыдыстарға жинау;

8) сойылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдік туындаған немесе ол анықталған жағдайда «Тоқта» деген түймешенің көмегімен конвейерді ветеринар дәрігердің жұмыс орнынан шұғыл тоқтату (технологиялық процесс толық автоматтандырылған жағдайда) ;

9) ұшалар, субөнімдер және сойылғаннан кейінгі басқа өнімдер санитариялық өңделгеннен, ветеринариялық-санитариялық сараптама жасалғаннан және таңбаланғаннан кейін ғана оларды тоңазытқышқа жіберу;

10) жұмыс орындарына суық және ыстық су жеткізу, ал ішекті сұрыптау (есу) үшін сығылған ауа беру.

Slide 8

Ет өңдеу объектісі ауа температурасын өнім түріне қарай 0 0С-дан 30 0С-ға дейін және ылғалдығын 60%-дан 95%-ға дейін реттеу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін тоңазытқыш камераларымен және мұздатқыштармен жарақталады.

Шикізат пен өнімдерді сақтауға арналған штабельдер қабырғалар мен тоңазыту аспаптарынан кемінде 30 сантиметр қашықтықта орналасады. Штабельдердің арасынан жүретін жолдар қалдырылады.

Суытылған және тоңазытылған ет ілінген күйінде сақталады. Шартты түрде жарамды деп танылған ет осы мақсат үшін арнайы пайдаланылатын оқшаулағыш-тоңазытқыштарда немесе тоңазытқыштың бөлек камераларында сақталады.

Ет өңдеу объектісі өндірістік цехтардағы сарқынды суларды: тоңмай араласқан, тоңмай араласпаған, шаруашылық-тұрмыстық және ластанбаған өндірістік суға арналған ішкі кәріздің бөлек желілерімен жабдықталады.

Кәрізге немесе жергілікті тазарту құрылыстарына ағызылғанға дейін сарқынды су механикалық тазартудан өтеді. Тоңмай араласқан су май тұтқыштардан өткізіледі.

Сарқынды суды қабылдауға арналған шұңқыр бетондалуға, өндірістік ғимараттан кемінде 20 метр қашықтықта орналасуға, қақпақпен жабдықталуға және 2/3 көлемі толған кезде толуына қарай тазартылуға тиіс.

Тазарту мен дезинфекциялау ыңғайлы болуы үшін ет пен ет өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдары және/немесе контейнерлер тегіс болуға және өнімдердің орнанолептикалық қасиеттері мен адамдардың денсаулығына ықпал етпейтін материалдардан жасалуға тиіс. Көлік құралы өнімді жәндіктер мен шаңнан тиімді қорғау, сондай-ақ сұйықтықты құрғату құралдарымен жабдықталады. Көлік құралы жаңа сойылған етті ілуге арналған тоттанбайтын ілгектермен жарақталады, олар ұшаларды, жарты ұшаларды, ұшалардың төрттен бірін тасымалдаған кезде еттің еденге тиюін болғызбайтындай биіктікке орнатылады. Көлік құралдарында немесе контейнерлерде тірі жануарлар немесе кез келген басқа жүк тасымалданғаннан кейін оларды ет және ет өнімдерін тасымалдау үшін пайдалануға жол берілмейді.

Slide 9

Өндіріс объектілерінің аумағына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

Slide 10

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында шешімін таппаған үш үлкен мəселе бар:

Slide 11

2. 3 МӘСЕЛЕЛЕР

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары технологиялық жабдықтарының тозу деңгейінің жоғары болуы (50 % жоғары) ;

ауыл шаруашылығы шикізатын өнеркәсіптік қайта өңдеу деңгейінің төмендігі;

шикізаттың жоқ болуынан қайта өңдеу кәсіпорындары қуатының жұмсалынбауы;

қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттігінің жеткіліксіз деңгейі және нәтижесі ретінде олардың кейбіреуі бойынша импорт үлесінің жоғары болуы;

тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының кәсіпорынды басқару жүйесіндегі бірыңғай нормаларға, оның ішінде экологиялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес болмауы;

халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес аккредиттелген зертханалардың жоқтығы;

Slide 12

2. 4 ШАРАЛАР

қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толтыру үшін және техникалық және технологиялық қайта жарақтау үшін қаржы институттарынан алған кредит ресурстарының сыйақы ставкасын субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарламалармен барынша қамтуға жағдай жасау;

тауарлардың азық-түлік топтары бойынша тарифтік қорғау деңгейін көтеру;

ұлттық стандарттар мен АӨК өніміне әзірленген техникалық регламенттерді ИСО және ХАССП талаптарына сәйкес халықаралық сапа стандарттарымен үйлестіру;

АӨК өнімдеріне мемлекеттік стандарттарды және техникалық регламенттерді әзірлеу және оларды енгізу;

АӨК субъектілерінің менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға кеткен шығындарын субсидиялау;


Ұқсас жұмыстар
Етті қайта өңдеуші кәсіпотындағы ветеринариялық менеджмент
Малды өңдейтін кәсіпорындар мен оларға қойылатын ветеринарлықсанитарлық талаптар
Темір жол, автокөлік, әуе көліктерін және құрал жабдықтарды, тараларды ветеринариялық-санитариялық өндеу
Бұдан басқа, мал шаруашылығы жергілікті халықтың атадан келе жатқан дәстүрлі кәсібі
Жабайы, кәсіби құс еттерін ВСС
Қалалық ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
ҚҰСТЫҢ ЛАРИНГОТРАХЕИТІ
Кәсіпорындағы еңбек мотивациясы
Өндірістік қауіпсіздік
Ветеринариялық дәрігердің қызметтік нұсқауылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz