Мүйізді ірі қара диктиокаулезі, шошқа метастронгилезі және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралары




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік
Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Мүйізді ірі қара диктиокаулезі, шошқа метастронгилезі және оларға қарсы
ветеринариялық- санитариялық шаралары

Орындаған: Онгарова Д.Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген:Ыгиева А.С.

Семей 2017 жыл
Жоспар
I. КІРІСПЕ

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Бұзау диктиокаулезі

2.2 Шошқа метастронгилезі

III.ҚОРЫТЫНДЫ

IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Паразиттік организмдер табиғатта еркін өмір
сүрген организмдерден эволюциялық даму барысында
сұрыпталып регрессивтік және прогрессивтік
өзгерістерге ұшырау нәтижесінде пайда болған.
Паразит өкілдерін зерттеумен шұғылданатын
салалар академик К.И.Скрябиннің анықтамасы
бойынша олардың шығу тегіне, тоғышарлық мекеніне,
қоздырушының жануарлар әлеміндегі алатын орнына
байланысты жіктеледі.
Мүйізді ірі қара диктиокаулезі
Гельминтоздардың Кеңірдек пен бронхыларда
ішіндегі ең қауіптісі мекендейді

Көбінесе мал төлдері
Жұмыр құрттар
жауын-шашын болғанда
тудырады ауырады
Қоздырғышы Бұзау диктиокаулезі

dictyocaulus viviparus

Құртгың денесі жіңішке, түсі ақшыл сары,
оның екі шеті сүйірленіп біткен. Еркегінің
ұзындығы - 1,7-4,3 см, спикулалары тең,
қысқа қоңыр түсті;

Жұмыртқасы сопақша, оның ұзындығы- 0,085 мм, ені
- 0,051 мм; Денесі жұқа қабыршақпен қапталған.
Балаң құртьгаың бас шеті жұмыр құйрығы
үшкірлеу .Денесін түгелдей ұсақ теңбілдер басқан [1].
Өкпені жайлап,ұрғашы құрттар
Өсіп-өнуі
жұмыртқа салады.Мал жөтелгенде
шырышпен ауызға түседі.Ішекте
жұмыртқадан балңқұрт
босайды.Балаңқұрттар нәжіспен шығып, Ересек құртқа айналу үшін
жайылым,жем-шөпті ластайды. бірнеше сатылардан өтеді

Бұзаулар балаңқұрттармен азық
және су арқылы зақымданады. Мал
денесіне енген балаңқұрттар әуелі
ащы ішектің ішкі қабығына, одан
әрі сөл және қан тамырлары
арқылы өкпеге ауысады. Ал ,олар
қан қылтамырларын тесіп шығады
да, алдымен альвеолалар мен
ауатамыршаларға, сонан соң
ауатамырлар мен кеңірдекке
ығысады[2]
АУРУДЫҢ ӨРБУІ
Өлекседегі өзгерістер

Эмфизема

Ателектаз

Өлексе көп жағдайда арық. Өкпе ұлғайған, бозғылт, кейбір тұстары қатайып,
ошақты гепатизацияға ұшыраған. Кейде альвеоларлы эмфизема және ателекгаз
белгілері байқалады. Ауатамырлары, сөл бездері үлкейіп кеткен. Кеңірдек пен
ауатамырлар іші көбікті сүйыққа толы, арасында қылқұрттар. Ұсақ ауатамырлар
көп жағдайда шырышты-ірінді затгармен бітеліп қалады.
Гистологиялық зерттеулер өкпе ауатамырларының ерекше өзгеріске ұшырағанын,
ұсақ бронхтар мен ауатамыршалардың едәуір бүлінгенін, жараға айналғанын,
ұлпаларға қан ұйысып, өкпе бөлігінің түгелдей зақымданғанын көрсетеді [3].
ЕМІ
Сақтандыру
Малдарға диктиокаулездің жұғуын сақтандыру мақсатында келесі шаралар жүргізеді:
1) мал азығында белок, минералды тұздар және витаминдер бойынша тепе-теңдігі сақталған
рационды пайдаланады. Аймақтың микроэлементтерге кедей жайылымдық жерлерінде мал
азығына тиесілі қоспалар қосу керек (мыс тұзы, кобальт, иод, молибден және басқа элементтер);
2) жануарларды тек астаудан азықтандырады;
3)малдарды су құбырынан, құдықтан, ағыны жылдам өзендерден таза, жаңа сумен суарады.
Көлшіктерден, тұрып қалған сулардан тек сүзгіш-құдық жасау арқылы суаруға рұқсат етіледі.
Шұңқырдағы, жырадағы, батпақтағы және малдың дәреті араласқан судан суаруға болмайды;
4) мал қораларын, азықтандыратын және суаратын астауларды, күту құралдарын, күншуақты
алаңқайды, ауланы, серуен алаңын, мүліктерді, жабдықтарды және қора айналасын тазалықта
ұстауды қамтамасыз етеді. Жануарларды санитарлық нормаға сәйкес құрғақ, жарық, жақсы
желдетілген қорада орналастырады;
5) мал қораларында, мал азығын сақтайтын және су көздеріне жақын жерлерде иттерді ұстауға
болмайды;
6) қорадағы, серуен алаңындағы көңді және саңғырықты үнемі зарарсыздандыруға арналған
көңқоймаға жинайды;
7) әрбір дегельминтизациядан кейін мал қиын 3-5 күн аралығында жинап, содан кейін
дезинвазия жасайды. Мал қораларына, серуен алаңдарына, жабдықтарға және мүліктерге
дезинвазия жасалады;
8) малды құрғақ жайылымға жаяды. Жайылымның батпақты, ойпатты, малдың дәретімен
ластанған жерлерінде жаюға болмайды;
9) жануарлардың жас төлдерін (мониезиоз ауруына аса бейімділігіне қарай) қырат жерлерде,
жақсартылған жайылымда бағады, бұзауларды қорада және байлап-серуендеу күтіміне алады,
қыста ерте қой қоздату және басқа шараларды қолданып, мониезиоздан таза төлдердің сау
отарларын құруды қамтамасыз етеді [5] .
Жалпы шаралар
• Малдардың диктиокаулез ауруын жою және сақтандыру мақсатында мал иесі
мен ветеринария мамандары ұйымдастыру-шаруашылық, агромелиоративтік,
жалпы зоогигиеналық, ветеринарлық-санитарлық және арнайы емдеу-
сақтандыру шараларын, ауру қоздырғышының биологиясын, жергілікті
жердің климаттық-жағрапиялық жағдайын, эпизоотиялық ерекшелігін және
малдардың бағу технологиясын ескеріп кешенді жұмыстар атқаруға міндетті.

• Ұйымдастыру-шаруашылық шараларының барлық мал басын құнды
азықпен, суару, азықтандыру, күтім шарттарының зоогигеналық талаптарға
сай жүргізілуі малдарды диктиокаулез ауруынан сақтандыруға бағытталған.

• Жайылымды пайдаланатын немесе қорада-серуендетіп бағатын
шаруашылық субъектілерінде табиғи жайылымдар мен шабындықтарды
жүйелі түрде жақсарту шараларын, (жер суландыру, тастардан, бұталардан,
орман жайылымын ағаш түбірі мен қалдығынан тазарту) екпелі
жайылымдарды құру, сонымен қатар 5-7 күн сайын қоршаған жайылымды
оңтайлы пайдаланып ауыстырып отыру керек [3].
Қорытынды
Малдардың диктиокаулез ауруын жою және
сақтандыру мақсатында мал иесі мен ветеринария
мамандары ұйымдастыру-шаруашылық,
агромелиоративтік, жалпы зоогигиеналық, ветеринарлық-
санитарлық және арнайы емдеу-сақтандыру шараларын,
ауру қоздырғышының биологиясын, жергілікті жердің
климаттық-географиялық жағдайын, эпизоотиялық
ерекшелігін және малдардың бағу технологиясын ескеріп
кешенді жұмыстар атқаруға міндетті.
Шошқа метастронгилезі
Шошқа метастронгилезі

Бронхит Қаназдық,өсуі
,бронхопневмония тежеледі

Шошқалардың қоңы күрт
Торайлар шығыны төмендейді,етінің сапссы
30% төмендейді [1].
Қоздырғышы
Metastrongylus - ақ немесе ақ
сары түсті ұзын және жіңішке
құрт. Ауыз тесігі кішкентай, 6
ерінмен көмкерілген.
Еркегінің бұлтығы дамыған,
оның ұзын жіп тәрізді қоңыр
түсті екі спикуласы бар.
Ұрғашысының бәтегі дененің
артқы аналь тесігі қасына
орналасқан және ол
кутикулярлы қақпақшамен
жабылып тұрады [2].
Өсіп-өнуі

Тыныс алу жолдарына қоныстанған ұрғашы құрттар көптеген жұмыртқалар
салады, олар бронх, кеңірдек шырышымен бірге біртіндеп жылжып, шошқа
көмейіне, аузына жетеді. Шошқа жұтынғанда, олар ііпек-қарынға түсіп,
нәжіспен бірге сыртқы ортаға бөлініп шығады. Құрт жұмыртқалары
паразитгің аралық иелері, яғни, жауын құрттар денесіне қорек ретінде еніп,
дамуын әрі қарай жалғастыра береді. Балаңқұрттар жүмыртқа қабығын
жарып шығып, жауын құртының өңешінде екі рет түлеп, 10-15 күн
аралығында жұқпалы сатысына жетеді. [3]
Эпизоотологиясы

Қазақстанның кейбір оңтүстік-шығыс аудандарында метастронгилез аналық шошқадан
ажыратылған торайлар мен марқа торайларда күзде, ересек шошқаларда - жазғытұрым және күз
айларында жиі байқалады. Бұл дерт 2-6 айлық шошқалар арасында көбірек кездеседі [4].
Сырт белгілері
Торайда әуелі жеңіл жөтел пайда
болады, ол жануар қозғалған кезде
үдей түседі. Шошқа демігеді,
танауынан қою сарғыш түсті, сұйық
ағады. Кілегей қабықтары бозарған,
көгерген, тамыр соғуы жиілейді, дене
қызуы қалпында, бірақ асқынғанда
көтеріледі. Өкпе ауатамырлары
құрттардың көп мөлшерімен бітеліп,
ағза бөлігін істен шығаруы мүмкін.
Торайлардың өсіп-жетілуі баяулайды.
Сақа шошқаларда метастронгилез
әдетте субклиникалық түрде өтеді,
яғни клиникалық көріністер
білінбейді[5].
Өлекседегі өзгерістер
Оларды бронхтар мен
бронхиолалардан, сондағы ұлпа-
лардан табуға болады. Ағза
қуыстарынан шырышты сұйық
пен нематодалар табылады.
Бронхит пен перибронхит
белгілері айқын. Өкпе үлпасында
диффузды пневмония және
альвеоларлы эмфизема пайда
болады, ал үлпершегінде дәнекер
торшалармен қоршалған
түйіншектер ұшырасады[4].
ЕМІ
Дитразин - фосфат немесе дитразин-цитрат дәрісін
25% ерітінді түрінде 0,4 мл/кг. есебімен тері астына
2-5 күн аралата екі дүркін егеді, ал оны сақтық
мақсатпен бір-ақ рет қолданады.
Тетрамизол гранулят 20% мөлшерінде 0,005 г/кг.
дозада жемге қосып, топтау әдісімен (10-15 бас) 3
күн қатарынан жегізеді. Ал,сақтық
дегельминтизацияны екі рет жүргізеді.
Панакурді (фенбендазол) 0,005 г/кг. - көлемінде
азыққа араластырып, шошқаларды топтастырып 2
күн қатарынан береді [6].
Сақтандыру
Метастронгилез жьл сайын шығатын шаруашылықтарда, жоспарлы
түрде жылына екі рет сақтық дегельминтизациялар жүргізілуі тиіс.
Біріншісін күзде, шошқаларды қораға ауыстырудан 10 күн бұрын,
екіншісін көктемде, доңызды өріске немесе серуен ауласына шығармас
бұрын жүргізеді. Ал, емдік дегельмтинтизация аурудың клиникалық
белгілері білінген кезде, жылдың кез келген уақытында жүргізе беруге
болады. Сонымен қатар, зоогигиеналық шараларды мұқият орындап
отыру керек:
• нәжісті үнемі жинап, көң қоймаларында заларсыздандыру;
• шошқа қоралары мен лагерлерді қүрғақ дөңестеу жерлерге
орналастыру;
• едендер мен серуен алаңдарын таза ұстау, жоспарлы түрде оларды
дезинвазиялау;
• шошқаларды азықтандыруды жақсарту, оларды жаңбырдан кейін
жайылымға шығармау [2];
Қорытынды
Шошқа метастрангилезі ауруын жою және сақтандыру
мақсатында мал иесі мен ветеринария мамандары
ұйымдастыру-шаруашылықтық, агромелиоративтік, жалпы
зоогигиеналық, ветеринарлық-санитарлық және арнайы
емдеу-сақтандыру шараларын, ауру қоздырғышының
биологиясын, жергілікті жердің климаттық-географиялық
жағдайында эпизоотиялық ерекшеліктерін, малдардың күту
технологиясын ескеріп кешенді жұмыстарды атқаруға
міндетті.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Сабаншиев М.С. және т.б. Паразитология және жануарлардың
инвазиялық аурулары – Алматы, 2003. – Б.405-424.
2.Ерболатов К.М. Мал гельминтоздары. Алматы, Қайнар. 1984. –
Б.78-149.
3.Есімбеков Ж.М. Арахноэнтомология. Новосибирск, 2002. -
Б.113-120.
4.Шабдарбаева Г.С. Ветеринариялық гельминтология. Алматы,
2007. –С.89-164.
5.Ыбраев Б.К. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері.
Астана,2008.-Б.52б.
6.Кадыров Н.Т. и др. «Паразитология и инвазионные болезни
сельскохозяйственных животных». Астана, 2001. – С.173-327.

Ұқсас жұмыстар
Диктиокаулездің даму биологиясы
Шошқалардың қоңы күрт
Шошқа метастронгилезі
Құс гельминтоздары
Мал шаруашылығында жалпы профилактикалық шараларды ұйымдастыру
Эхинококкоз ауруын диагностикалау шаралары
ІНДЕТТІ АУРУЛАРДА ҰША
Лептоспироз
МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
Малды союға дайындау
Пәндер