Жануарлардың сифункулятоздары (биттеу): морфологиясы, биологиясы және ветеринариялық-санитарлық алдын алу мен емдеу шаралары


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Жануарлардың сифункулятоздары және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралар

БӨЖ

Орындаған: Онгарова Д. Б.

Тобы: ВС-303

Тексерген: Ыгиева А. С.

Семей 2017 жыл

Slide 2

КІРІСПЕ

Табиғатта насекомдардың өсіп-өнуі мен тіршілігін биотикалық және абиотикалық факторлар реттейді, яғни олардың даму мерзімі мен ұрпақ саны, өмір сүру ортасының экологиялық және маусымдық жағдайына байланысты. Насекомның даму мерзіміне, табиғатта сақталуы, белсенділігі және эталогиясына негізінде ауаның температурасы, ылғалдылық пен жарық әсер етеді. Насекомдардың тіршілік циклы маусым езгерістерімен тығыз байланысты.

Slide 3

СИФУНКУЛЯТОЗДАР

Сифункулятоздар (биттеу) - жануарлардың қанатсыз насекомдар туғызатын ауруы. Бүл насекомдар Siphunculata отрядына жатады. Сифункулятоз ауруында мал жүдеп, терісі қатты қышып, қотыр пайда болады.

Slide 4

Қазіргі уақытта бұл ауруды туғызатын 300 ден астам биттің түрі белгілі, оның 19 - ы үй малдарында кездеседі

Slide 5

ДАМУ ЦИКЛЫ

Slide 6

МОРФОЛОГИЯСЫ

Slide 7

БИОЛОГИЯСЫ

Биттер тұрақты тоғышарлар, барлық тіршілік циклын ие денесінде өткізеді. Биттер жартылай өзгеріспен дамиды және олар тоқтаусыз көбейеді.

Ұрғашылары тәулігіне 2 ден 14 дейін жұмыртқа салады. Бір ұрғашы бит 300 жұмыртқа салады. Жұмыртқа астыңғы жағымен қылшыққа жабысып тұрады. Жұмыртқадан 10-20 күннен соң личинкалар шығып, олар 20-45 минуттан кейін қанмен қоректенеді.

Екі жұма аралығында үш рет түлеп, имагоға айналады. Жұмыртқадан ересек битке дейін толық дамуы 15-45 күнде аяқталады. Ұрғашы бит 46, еркегі-32 күн өмір сүреді.

Slide 8

БИТТЕР ТУДЫРАТЫН АУРУЛАР

ЕШКІНІҢ

ЛИНОГНАТОЗЫ

ШОШҚАНЫҢ

ГЕМАТОПИНОЗЫ

Slide 9

ЭПИЗООТОЛОГИЯСЫ

Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі.

Бит ауру малдан баққанда биттер бірінен-біріне жылжып, ауысады не төсеніш арқылы беріледі. Сау малға биттер күтім құралдары менде берілуі мүмкін. Малдың жаппай биттеу мерзімі қыспен көктемде, жазға қарай биттің саны төмендейді.

Биттер көптеген ауру қоздырушыларын таратушылар.

Бөртпе және қайталамалы сүзек, шошқа обасы, жылқының індет анемиясы, туляремия, бруцеллез, сальмонеллез, шош-қаның тілмесі, т. б. биттердің тіршілігімен тығыз байланысты.

Slide 10

ПАТОГЕНЕЗ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ

Биттер өздерінің қимыл-қозғалысымен теріні тітіркендіріп, қышытады. Қан сорғанда, улы сілекейін жібереді. Сілекей жүйке рецепторларын тітіркендіреді, жалпы организмді уландырады.

Мал мазасызданып, әрдайым қасынады, терісін зақымдап, жарақаттандырады. Биттің өте көбейген кезінде, тері қабынып, кабыршақтанады, кей жерінің жүні түсіп, қыртыстанады. Малдың қаны азайып, жүдейді.

Ірі қарада биттер көбінесе басында, мүйіздерінің түбінде, мойында шоғырланады. Шошқада биттер құлағының маңайымен жотасын, екі жақ қабырғасын ұялайды. Жылқының мойнында, жауырыны мен қүйымшағында болады.

Slide 11

АУРУДЫ АНЫҚТАУ

Малдың түгін зерттеп, битпен сіркені тауып, ауруды анықтайды.

Slide 12

ЕМДЕУ ЖӘНЕ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ

Қысқы уақытта биттің шоғырланған жерін аэрозольды баллондағы дәрілер-акродекс, инсектол, дерматозольді бір басқа 40-60 г мөлшерінде қолданады, не 1%-дық циодрин, диазинон, 0, 5%-дық фенвалерат дустың қой, шошқаға әр басына 30-40 г, ірі кара мен жылқыға - 80-100 г мөлшерінде алып, домдайды. Дустпен дәрілеуді 7-10 күннен соң қайталайды.

Slide 13

Ивомекті жылдың барлық маусымында қолдануға бо-лады. Оны шошқаға 50 кг салмағына 1, 5 мл, ал басқа малдардың 50 кг салмағына 1 мл мөлшерінде алып, тері астына жібереді.

Емдеу шараларымен қоса, қоражайда 1 пайыздық циодрин, 0, 25%-дық неоцидолмен дезинсекция жүргізеді.

Slide 14

ҚОРЫТЫНДЫ

Малды таза, қүрғақ қорада ұстап, түгін тазалап, жылы қорада жуу керек. Басқа жақтан алынған мал тексеріліп, бит шықса емдеу керек. Биттеген малды басқа жаққа орын ауыстырмай емдеген жөн. Жоспарлы түрде дезинсекция жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.

Slide 15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Сабаншиев М. С. және т. б. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары - Алматы, 2003. - Б. 405-424.

2. Есімбеков Ж. М. Арахноэнтомология. Новосибирск, 2002. - Б. 113-120.

4. Шабдарбаева Г. С. Ветеринариялық гельминтология. Алматы, 2007. -С. 89-164.

5. Ыбраев Б. К. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері. Астана, 2008. -Б. 52б.

6. Кадыров Н. Т. и др. «Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных». Астана, 2001. - С. 173-327.


Ұқсас жұмыстар
Түйедегі цефалопиноз (Cephalopina titillator): морфологиясы, даму циклі, клиникасы және ветеринариялық алдын алу мен емдеу шаралары
Зоофилді шыбындардың биологиясы мен ветеринариялық-санитариялық алдын алу және жою шаралары
Лептоспироз кезіндегі ветеринариялық алдын алу, диагностика және емдеу шаралары
Жануарлардың тизанезиозы мен авителлинозының диагностикасы, емі және алдын алу шаралары
Парамфистомоз және эуритремоз: балау және ветеринариялық алдын алу мен емдеу
Шошқа стронгилоидозы: қоздырғыштың морфологиясы, клиникасы, диагностикасы және емдеу мен алдын алу шаралары
Шошқа цистицеркозы: этиологиясы, биологиясы, диагностикасы және алдын алу шаралары
Қотыр кенелері (Acariformes): биологиясы, жіктелуі және ветеринариялық-санитариялық алдын алу мен күрес шаралары
Парамфистоматоз пен эуритремоз: биологиясы, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары
Құстардағы гистомоноз және ветеринариялық-санитариялық алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz