Күйістілердің аноплоцефалятоздары,ветеринариялық-санитариялық шаралары



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы:Күйістілердің аноплоцефалятоздары, ветеринариялық-санитариялық шаралары
БӨЖ
Орындаған: Онгарова Д. Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген:Ыгиева А. С.
Семей 2017 жыл

Жоспар

Кіріспе

Аноплоцефалятоздар - күйістілер мен жылқылардың ащы және тоқ ішек бөліктерінде аноплоцефалята өкілдерінің тоғышарлығынан туындаған гельминтоздар. Оларға:мониезиоз, күйістілердің тизаниезиоз, авителлиноз, стилезиоз және жылқының аноплоцефалидозы жатады [1] .

Мониезиоз - Moniezia туыстас гельминттердің күйістілердің ащы ішегінде тоғышарлығынан дамиды.
1. Moniezia expansa - ұзындығы 10м, ені 16мм, сколексі қарусыз, екі жұп жыныс жүйесі бар, проглоттида аралық бездері дөңгелек тәрізді [2] .

Тизаниезиоз
Тизаниезиозбен күйісті малдардьщ көбі ауырады. Біздің елімізде аурудың қоздырғыш қүрты қойдан, ешкіден, ірі қарадан және кейбір жабайы аңнан табьшған. Паразит аталған малдардың ащы ішегіне орналасып, тіршілік етеді. Г, Қоздырғышы - ақ түсті таспа құрт - Thysaniezia giardi ұзындыгы 1 -4, 5 м, ені 1 см-ге дейін жетеді. Бунақгарының ені үзындығынан едәуір асады, ал оның монезиядан айырма- шылығы - әр бунақга бір ғана қызтекелік жыныс мүшесі бар. Сон- дықтан жыныс тесіктері буылтықтың бір ғана бүйірінен кезек-ке- зек ретсіз ауысып проглатиданың не оң, не сол жағынан ашылады. Жатьры сан бұралған түгікше секілденіп көлденең жатады. Жұмыртқалары алмұрт секілді, құрылымы жоқ [2] .
Thysaniezia giardi

Авителлиноз
Авителлинозбен күйіс қайыратын мал ауырады. Үй жануарларының ішінде бұл гельминтозға қой жиі шалдығады. Ауру қоздырғыш құрты ащы ішекте күнелтеді. Іш құрттың аралық иесі - Entomobrya туысындағы уақ алтыаяқты жәндіктер. Авителлинозға шалдыққан малдан алынатын ет, сүт, жүн өнімдері сан, сапа жағынан төмендейді, көптеген жағдайда мал өлімге үшырайды немесе лажсыз сойылады. Қоздырғышы - сұрғылт түсті таспа құрт-Avitellina centripunctata ұзындығы 1 -3 м-дей, ал ені 3 мм шамасында. Стробиласы жіңішке жіпке ұқсайды, бас жағындағы бунақтары байқалмайды, соңғы буылтықтары тізілген ақ тастардай. Жыныс тесіктері бунақтардың бір ғана бүйірінен ашылған. Пісіп-жетілген бунақтарда қалтамен қоршалған 50-ге жуық жұмыртқалары бар [3] .

Даму биологиясы Сыртқы белгілері
Нәжіспен сыртқа түскен жұмыртқаны орибатид кенелері жұтып, олардың денесінде цистицеркоидқа айналады. Күйістілер шөппен залалднаған кенелерді жұтқанда жұқтырады. Moniezia expanse-ның препатенттік даму мерзімі 38-40, ал Moniezia benedeni-кі 42-49 күн құрайды. Орташа есеппен мониезийлер тәулігіне 8 см өсіп отырады.
Қозы, бұзауда ауруға тән, ал ересектерде жасырын ағымда өтеді. Ауру жеңіл, зілді токсикалық, обтурациялық (ішектің бітелуі), нерв жүйесінің зақымдалу ағымдарында байқалады. Мал жатып қалады, нәжісі сұйылады, суды мейлінше көп ішеді, жүні түседі, әуке, төс және құрсақ тұстарында жалқаяқты ісіктер дамиды, көтеремдік пен жүрек қызметінің нашарлауы өлімге әкеліп соқтырады. Обтурациялық түрі 2-3 айлық қозыларда: іштің түйілуі, малдың аунауы, айналып жүруі белгілерімен сипатталады. Нерв жүйесі қабынғанда жүріс-тұрысы өзгереді, басын қайқайтып, денесі дірілдейді [4] .

Клиникалық белгілері

Эпизоотологиялық деректер


Фюллеборн мен Дарлинг әдістері
Диагнозды эпизоотологиялық және клиникалық деректер мен патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне қарап қояды. Малдың тірі кезінде таңертеңгілік уақытта мал нәжісін гельминтке қарау, Фюллеборн мен Дарлинг әдістерін қолдана гельминтоовоскопия өткізеді. Мониезиозды тизаниезиоз, авителлиноз, ценуроз, эстроз, топалаң, листериоздан ажырата балау қажет [1] .

ЕМІ
Қазіргі уақытта гельминтоздарға қарсы көптеген антипаразитарлық препараттар ұсынылған. Оларды қолданар алдында ветеринариялық маман міндетті түрде нұсқауымен танысып, экономикалық тиімділігі, мал организмі мен сыртқы ортаға жағымсыз әсерінің болмауы, аз дозада бірнеше паразитке қарсы ықпалы, қолдану әдісінің жеңілдігі, ұзақ сақталуы сұрақтарына көңіл бөлуі қажет [4] .

Фенасал қой мен ешкілерге жеке 0, 1 г/кг, топтап- 0, 2 г/кг дозасында береді. Жеке жануарларға препаратты 1%-ды крахмал немесе 5%-ды ұнтақты суспензия түрінде береді.
Топтап берген кезде, топта 200 бас қой болуы керек.
Бұзауларға жеке 0, 15 г/кг, топтап 0, 2 г/кг дозасында береді. Препаратты сулы суспензия түрінде бергенде танертенгі азықтандыру алдында пероральді беріледі.
Албендазол (валбазен) ауыз арқылы қозыларға 5 мг/кг дозасында беріледі.
Камбендазол 25 мг/кг дозасында ішке немесе мес қарынға беріледі [4] .

Әлеуметтік және экономикалық зияны
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz