Жануарлар текті шикізаттардың импортындағы мемлекеттік ветеринарлық қадағалау және тасымалдау талаптары


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы:1. ҚР тері, мүйіз, ішек бағалы аң терілері, қой терісін, елтірі, жүн, ешкі мамығын, қылтан, жалқұйрық, қауырсын, тауық, үйрек, қаз т. б. Құс мамығын импорттауға қойылатын ВС талаптары.

2. ҚР өсімдік тектес мал азықтарын импорттауға қойылатын ВС талаптар

БӨЖ

Орындаған: Онгарова Д. Б.

Тобы: ВС-303

Тексерген:Нүркенова М. К.

Семей 2017 жыл

Slide 2

Жануарлартекті шикізаттарды импорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау

Жануартекті шикізаты - бұл әрдайым өңдеу, өндіру, тасымалдау кезінде мемлекеттік ветеринарлық бақылауында болатын нысанның бірі. Жануартекті шикізаттарын тасымалдау кезінде жіберуші шаруашылықтың инфекциялық аурулардан сау екендігіне назар аудару керек, егер ауру кездесетін болса, зарарсыздандырады.

Slide 3

Кептірілген терілерді тасымалдау

Кептірілген терілерді тасымалдау (тұщы құрғақ және тұздалған құрғақ шикізат) . Терілердің көп бөлігін бүктелген күйде, кем дегенде 80кг дейін тасымалдайды. Тюктерді жіппен екі қайтара байлайды, орташа штабелдермен орналастырады. Тері, торсық, қой терілерін, тон шикізаттарын қабылдау алдында, теріде ветеринарлық санитарлық қадағалаудың Сібір жарасына тексерілді деген белгісі міндетті түрде болу керек. Бірақ бұл белгілер бола тұрып, ветеринарлық сертификаттың болған кезінде - ақ, жүк жол серіктері жүктеушілердің қолында қолғаптың бар - жоқтығын байқау керек, қолғап міндетті түрде киіледі. Кейбір тері шикізаттарын асколизациясыз тасымалдауға жібереді. Ветеринарлық куәлікте барлығы нақты көрсетіліп, втеринарлық санитарлық қадағалау таңба қояды. Жүкті дұрыс орналастыру үшін құрғақ тері үстіне құрғақ кип жүгін орналастырады. Балауса немесе мұздатылған, суланған тері шикізаттары тасымалдануға жіберілмейді.

Slide 4

Сулы - тұздалған терілерді тасымалдау.

Сулы - тұздалған терілерді тасымалдау. Оларды бөшкелерде, байлап және бос түрде тасымалдайды. Терілерден жағымсыз иіс шыққандықтан, терілер салынған бөшкелерді құрғақ жүктермен қосып тасымалдамайды, себебі олар бөтен иіске сезімтал болып келеді. Сулы-тұздалған терілерді кемеге артар алдында олар жаңбыр, қардан қорғалу керек. Трюмдерде корпустың металл бөлігін сепарирлеп, түбіне тақтайдан, брезенттен төсеніш төсейді. Сепарация арасында, кеме түбінде емен тақтайлары болмау керек, олар тері сапасына әсер етеді. Теріні арту барысында оның сапасын және жағдайын анықтау қиын. Сол себепті жүкті сақтау жағдайларын, теріні жабдықтау тәсілдерін, кеме бөлімдеріндегі вентиляция жүйесі туралы мәліметті арнайы журналға тіркеу керек. Әрбір тюкке көлемі 9x15см фанерлі бирканы мықтап байлайды, трафареттің көмегімен келесі мәліметтерді енгізеді; тюктердің реттік номері, жөнелтуші, алушының атауы, спецификация нөмері, шикізат түрі, консервілеу түрі, тері мөлшері, тері массасы мен көлемі, стандарт нөмері.

Slide 5

Жүнді тасымалдау

Жуылған және жуылмаған жүнді тасымалдайды. Аталған екі жүн түрін бірге тасымалдауға болмайды. Ереже бойынша жабдықтап салады. Жүнді әдетте престелген қатпарлар түрінде тасымалдайды, салмағы 127-453кг, ылғалды және сулы жүнді тасымалдауға қабылдауға болмайды. Жүнді сулы, майлы немесе ылғал бөлетін жүктердің үстіне артуға болмайды. Рейс барысында жүк бөлімдері жақсы желдетілуі керек. Жүн және қыл өте гигроскопиялық жүктер. Масса бойынша конденсаттық ылғалдылық жуан жүн үшін 15%, жіңішке жүн үшін 17%. Қылды кәдімгі жәшіктерде (1, 25-2, 23м/т) бөшкелерде (2, 80-3, 11 м/т) және қаптарда (3, 03-3, 20м/т) тасымалдайды. Жануар түктерін престелген күйде немесе қаптарда тасымалдайды. Түктерді тасымалдау кезінде белгіленген нысан бойынша ветеринарлық куәлік міндетті түрде болу керек.

Slide 6

Бағалы аң терісі шикізатын тасымалдау.

Бағалы аң терісі - ерекше бағалы жүк, сондықтан оларды арнайы тараға жабдықтап, тасымалдау барысында сапасының сақталуын қамтамасыз етеді. Бағалы аң терісі бұйымдарын үй жануарларының терілерінен, теңіз аңдарының терілерінен дайындайды, алдымен құрғақ әдіспен химиялық және механикалық өңдеуден кейін ұзақ сақтайды. Бағалы аң терілерін, яғни, құндыз, қәмшат, түлкі, сусар терілерін арнайы қаңылтырдан жасалған, ішіне шамалы нафталин себілген қораптарда тасымалдайды. Жәшіктерді толығымен герметикалық ағаш термаларды салады. Ерекше бағалы аң терілерін, мәселен, тиын, борсық, жанат, аю және қоян терілерін қабаттап салып, кейін тығыз қаптарға тігіп, пломбылайды. Арзан терілерді тюкке орап, тығыз матамен тігеді. Арнайы метал қораптардағы терілерге, арнайы жылу - ылғалдылық қажет емес. Бүктелген терілер ылғал ортаға сезімтал. Оларды баппен артып, ылғалды жүктерден бөлек орналастырған жоқ. Үлкен зиянды егеуқұйрықтар тигізеді.

Slide 7

Сүйек, тұяқ, мүйізді тасымалдау.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру және мемлекеттік қадағалау ережелері
Қазақстан Республикасындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар: анықтамасы, түрлері, талаптары және мемлекеттік қадағалау
Жабайы жануарлар мен құстарды автокөлікпен тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық талаптары мен жақсарту шаралары
Қазақстанға импортталатын салқындатылған еттің ветеринариялық-санитарлық талаптары, тасымалдау ережелері және оларды жақсарту шаралары
Ветеринарлық бактериологиялық зертхананың құжаттамасы, құрылымы мен қауіпсіздік талаптары
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау: инфекциялық ауру анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Бақылау және қадағалау органдарының қызметтері, міндеттері және құзыреттері: ҚР мемлекеттік бақылау және қадағалау заңы негізінде
Мемлекеттік шекара арқылы медициналық және ветеринариялық инфекциялық материалдарды тасымалдау: жіктеу, орау-қаптау, таңбалау және құжаттау талаптары
Ит пен мысықтың гигиенасы, тамақтануы және ветеринарлық-санитарлық талаптары
Ветеринарлық зертханаларда техника мен биологиялық қауіпсіздік талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz