Шошқаның вирустық трансмиссивтік гастроэнтериті, жұқпалы атрофиялық риниті, энзоотикалық пневмониясы, дизентериясы вет. сан іс-шаралар жоспарын жасау


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Шошқаның вирустық трансмиссивтік гастроэнтериті, жұқпалы атрофиялық риниті, энзоотикалық пневмониясы, дизентериясы вет. сан іс-шаралар жоспарын жасау

БӨЖ

Орындаған: Онгарова Д. Б.

Тобы: ВС-303

Тексерген: Омарбеков Е. О.

Семей 2017 жыл

Slide 2

ШОШҚАНЫҢ ВИРУСТЫҚ ТРАНСМИССИВТІ ГАСТРОЭНТЕРИТІ

Slide 3 Slide 4

Трансмиссивті гастроэнтериттің табындағы эпизоотологиялық жағдайына байланысты шаруашылық субъектілер мыналарға бөлінеді:

Slide 5

Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруын алдын алу іс-шаралары:

Slide 6

Трансмиссивті гастроэнтериттің табындағы эпизоотологиялық жағдайына байланысты шаруашылық субъектілерді біріктіргенде, репродукторларды белгілегенде, сатып алушылар мен тасымалдаушылар белгілейді.

Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритінен сау шошқа шаруашылық субъектілерін толықтырғанда, эпизоотиялық жағдайы ұқсайтын шаруашылық субъектісінен жасақтайды, сонымен қатар 30 күндік профилактикалық карантин кезінде міндетті түрде шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритіне серологиялық тәсілмен тексеру қажет. Егер, олар серологиялық зерттеу кезінде оң нәтиже көрсетсе, онда шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритінен таза шаруашылық субъектісін жасақтауға болмайды. Ол жануарларды союға немесе эпизоотиялық жағдайы ұқсас шаруашылық субъектісіне жібереді.

Егер тексеру кезінде ауруға оң реакция берген шошқалары бар шаруашылық субъектілерін топтастырғанда, осындай ауруы бар шаруашылық субъектілерінен немесе аурудан таза шаруашылықтан жасақтайды.

Ауруға қолайсыз шаруашылық субъектілерінде және ауру малы бар шаруашылық субъектілерінде, тексергенде ауруға оң реакция берген шаруашылықта барлық аналық басты вакцинамен егеді.

Шошқа қораларында технологиялық микроклиматты қалыпты жағдайда ұстау керек.

Slide 7

Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруынан қолайсыз шаруашылықты сауықтыру шаралары

Шаруашылық субъектісінде шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритіне диагноз қойылғаннан кейін, сол шаруашылық субъектіге қызмет көрсететін ветеринариялық маман ол туралы жедел ауылдық округтің және ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына хабарлайды.

Тиісті аумақтың мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторы шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритіне диагноз қойылғаннан кейін, эпизоотиялық тексерістер жүргізу, эпизоотиялық ошақтың және қолайсыз пункттің шекарасын анықтау үшін жедел, міндетті түрде сол жерге келуі тиіс.

Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтериті анықталған қойылғаннан кейін, "Ветеринария туралы" Заңының 27-бабының 1-ші тармағын басшылыққа ала отырып, сол тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуымен жергілікті атқарушы орган шешім шығарып қолайсыз пунктке, шектеу қояды.

Шектеудің тәртібі бойынша шаруашылық субъектісінен алып кетуге немесе шаруашылыққа алып келуге, шошқаларды әрі бері тасымалдауға, алыс-беріс жүргізуге және қолайсыз шаруашылық субъектісіне, мал қораларына жануарларды бағып күтетін адамдардан басқаға кіріп шығуға тиым салынады.

Барлық буаз аналық шошқаларды шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритіне қарсы, вакцинаны қолдану нұсқауына сәйкес вакциналайды.

Мал соятын орындарға, клиникалық белгілері жоқ жануарларды союға арнайы жабдықталған тасымал көлігімен әкелуге рұқсат беріледі.

Slide 8

Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтеритіне қолайсыз шаруашылық субъектілерінде шошқалар тұрған бөлімдерді, күтім құралдарын, көлік, құрал саймандарды шектеу алынғанша, күн сайын күйдіргіш натрийдің 3 проценттік ерітіндісімен немесе жаңа сөндірілген әктің 20 проценттік тұнбасымен дезинфекциялайды.

Шаруашылық субъектісі және оның ветеринариялық мамандары мал бағудың технологиясынан кеткен қателіктерді болдырмау үшін шаралар қолданады.

Егер бір бөлек секцияда ауру шыға қалған жағдайда, екінші бір секцияға аурудың таралуын болдырмау үшін, малдарды жақын мал соятын бекеттерде союды ұйымдастырады. Малдан босаған секцияларды механикалық санитарлық тазалағаннан кейін, 4 процентті күйдіргіш натрийдің ыстық ерітіндісімен тиісті нұсқамаға сәйкес жақсылап дезинфекциялайды.

Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруымен ауырған және ауруға күдікті сезікті және ауырған шошқалардан өндірілген ет және ішкі ағзаларды ветеринариялық-санитариялық сараптау өткізгеннен соң оларды пісіріліп жасалатын, пісіріп-қақтайтын шұжықтар немесе консерві жасауға жібереді. Шұжық жасауға мүмкіншілік болмаған кезде ет пен ішкі ағзаларды пісіру тәсілімен залалсыздандырады, оларды шикідей пайдалануға рұқсат етілмейді.

Шошқаның вирустық трансмиссивті гастроэнтерит ауруына сезікті және ауырған малдардың терісін, дезинфекциялайды. Шошқа қылшығын 1 процентті формальдегидтің ерітіндісімен залалсыздандырады, осыдан кейін оны шектеусіз пайдалануға болады.

Slide 9

ШОШҚАНЫҢ ВИРУСТЫҚ ТРАНСМИССИВТІ ГАСТРОЭНТЕРИТІНЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА:

Slide 10

ШОШҚАНЫҢ АТРОФИЯЛЫҚ РИНИТI

Шошқаның атрофиялық ринитi - шошқалардың жұқпалы ауруы, ауру торайлардың танау маңайындағы қойнаулардың, өкпенiң, ортаңғы және iшкi құлақтың, ми қабатының асқынуымен сипатталады, оған жас және үлкен шошқалар шалдығады. Көбiнесе ауруға торайлар бейiм келедi, оларға туғаннан бастап 3-4 айлық жасына дейiн жұғады.

Қоздырғышы - Bordetella bronchiseptica - жылжымайтын спорамен, қабықша құрамайтын, көлемi орташа (0, 4-0, 5; 1, 5-2, 5 микрометр) граммтерiс таяқша.

Slide 11

Шошқаның инфекциялық атрофиялық ринитiн ветеринарлы-санитарлық таза аймақтарда өткiзiлетiн алдын-алу шаралары

шаруашылық қожалығын инфекцияның енуiнен сақтау, шошқаларды азықтандырғанда және баққанда жалпы ветеринариялық-санитарлық және зоогигиеналық талаптарды орындайды;

ветеринариялық куәлiкпен бекiтiлген инфекциялық атрофиялық ринитiн ветиринарлы-санитарлы таза аймақтардағы сау шаруашылық қожалықтарынан әкелiп шошқалардың тобын құрады;

жаңа әкелiнген шошқаларды 30-күндiк карантинде ұстау және аналық шошқаларды торайлағаннан кейiн оқшауханада 1, 5-ай ұстау. Жалпы топқа тек қана мегежiн мен торайлардын арасында ауруға күмәндi торай болмағанда кiргiзедi;

жасына байланысты шошқаларды бөлек ұстайды;

мегежiндердiң торайлануға және шағылысуға дайындағанда керектi протейннiң, минералдық заттардың және витаминдердiң балансыланған қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, сонымен қатар шошқаларды жабдықталған жазғы лагерьлерде ұстау;

торайлау кезiнде мегежiндердi жасы бойынша бөлiнген топтардан бөлек ұстайды;

Slide 12 Slide 13

Шошқаның инфекциялық атрофиялық ринитiн таза емес аймақтарда және iндеттi ошақтарда өткiзiлетiн шаралар

Slide 14

Ауру анықталған шаруашылық қожалығын iндеттi ошақ деп шығарады, оны тiркеуге алып iшiнде шектеу енгiзедi:

шаруашылық қожалығы түгелiмен сауыққанша шошқа басын көбейту үшiн басқа шаруа қожалығына (бөлiмге, фермаға) шығаруға;

клиникалық сау емес шошқаларды семiртуге басқа шаруашылық қожалығына шығаруға.

бiр жыл iшiнде ауру байқалмаса және сау торайлар алынса, шартты сау мегежiн тобынан соңғы екi рет торайлағанында сау торай шыққанда, сонымен қатар осы ветеринариялық ережедегi барлық шаралар орындалса шаруашылық қожалығын аурудан таза деп шығарады.

Slide 15

ШОШҚАНЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АТРОФИЯЛЫҚ РИНИТIНЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА :

Slide 16

ШОШҚА ДИЗЕНТЕРИЯСЫ

Шошқа дизентериясы жұқпалы ауру мен сипатталатын нәжісінде қан және шырыш араласуымен, тоқтамай іштері өтумен, сонымен бірге тоқ ішектің шырышты катаральды-геморрагиялық қабынады және жансыздау өзгерістер байқалады.

Қоздырушысы - Borrelia hyodisenteria - Treponemataceae тұкымдастығының Borrelia туыстастығына жатады.

Slide 17

Шошқа дизентериясын міндетті түрде мына аурулардан ажырату қажет:

Slide 18

Дизентерияға ветеринариялы-санитарлы таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары

ветеринарлы-санитарлы ережелерді және шошқаларды азықтандыру мен жабдықтау технологиясы талаптарын қатаң түрде орындау;

жабық түрдегі шошқа кешендеріндегі мал басын өз төлі есебінен толықтырып, ал бордақылау кешендеріндегі малдарды шаруашылық қожалығына бекітілген қолайлы (2-3 жылдан кем емес аралығында) шошқа дизентерия ауруынан таза шаруашылық, сонымен қатар шошқаларды дизентерлеу қожалығынан әкелу арқылы толықтырылады;

шошқа дизентериясы жоқ, нашар шаруашылық қожалығымен фермамен шаруашылық байланысына жол бермеу;


Ұқсас жұмыстар
Вирустық транмисивтік гастроэнтеритті балау және індетке қарсы шаралар
ІНДЕТТІ АУРУЛАРДА ҰША
Жылқылардың артериті
Жылқының инфекциялық анемиясы, тұмауы, індетті лимфангоиты, обасы-презентация, вет. сан іс-шаралар жоспарын жасау
Шошқаның атрофиялық ринитін дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
Жануарлар арасындағы ауру әлемнің көптеген елдерінде, оның ауруы
Ірі қара мал лейкозы
Бақылау сұрақтар
Ветеринария мамандығы
ЖҰҚПАЛЫ АУРУДЫҢ АЛДЫҢ АЛУ ШАРАЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz