Жылқының инфекциялық анемиясы, тұмауы, індетті лимфангоиты, обасы-презентация, вет. сан іс-шаралар жоспарын жасау



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: Жылқының инфекциялық анемиясы, тұмауы, індетті лимфангоиты, обасы-презентация, вет. сан іс-шаралар жоспарын жасау
БӨЖ
Орындаған: Онгарова Д. Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген: Омарбеков Е. О.
Семей 2017 жыл

ЖОСПАР
1. Жылқылардың жұқпалы анемиясын сауықтыру бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
2. Жылқы тұмауы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
3. Жылқылардың эпизоотиялық лимфангитi бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
4. Жылқының африкалық оба ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АНЕМИЯСЫ
Жылқының жұқпалы анемиясы (Anemia infectiosa equorum, ) - қан түзу мүшелерінің зақымдануы салдарынан. қаназдыққа ұшырап, дененің қызуы тұрақты немесе аумалы-төкпелі көтеріліп, дене қызынған кезде кілегейлі қабықтардың қантапап, жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Қоздырушысы - Equine infectious anemia retrovirus РНҚ геномды вирус. Оның басты ерекшеліктері кері транскриптаза белсенділігі және организмге енген соң бастапқы 4-6 сағат ішінде ДНҚ түзілуін тежеуші себепкерлерге сезімталдығы (бұл қезде провирустың екі орамды ДНҚ-сы түзіледі) .

Тақ тұяқты жануарлардың инфекциялық анемиямен ауруының алдын алу мақсатында, меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар инфекциялық анемияға диагностикалық тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

Эпизоотия ошақтарында және жылқылардың жұқпалы анемиясы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
Жануарлардың жылқылардың жұқпалы анемиясымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
Карантиннің шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (әкелуге) және оның шеңберінен тыс шығаруға (әкетуге) ;
2) сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде қайта топтастыруға, сондай-ақ, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға;
3) оларды жылқылардың жұқпалы анемиясы вирусынан зарарсыздандырмай жануарлардан алынатын қан-сарысу дәрі-дәрмектерін сатуға;
4) жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жануарлардан алынған қымызды карантиндегі пункттен шығаруға және сатуға рұқсат етілмейді.
Қолайсыз пункт жануарларының барлық мал басы клиникалық тексеруге түседі және диффузиялық преципитациялау реакциясы әдісімен инфекциялық анемияға тексеріледі.
Инфекциялық анемиямен клиникалық ауыратын жануарлар оқшауланып, техникалық кәдеге жаратуға жіберіледі.
Ауру жануарлар ұсталған қоражайлар карантин тоқтатылғанға дейін әрбір күнтізбелік 15 күн сайын дезинфекцияланады.

ҚИ БИОТЕРМИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЗАРАРСЫЗДАНДЫРЫЛАДЫ
Инфекциялық анемияға серологиялық тексеру кезінде араға күнтізбелік 7-10 күн салып екі мәрте оң немесе күдікті сезінетін және клиникалық ауру белгілері (дене температурасының көтерілуі, ісінуі, жүдеуі) жоқ жануарлар санитарлық қасапханада сойылады. Тамаққа жарамды ет пісіріліп зарарсыздандыруға немесе консервілер дайындау үшін жіберіледі. Басы, сүйектері, ішек-қарындары, терісі кәдеге жаратылады.
Қолайсыз пунктте диффузиялық преципитациялау реакциясы әдісімен инфекциялық анемияға тексеру кезінде теріс реакция берген жануарлар топ бойынша екі мәрте теріс реакция алуға дейін араға күнтізбелік 30 күн салып осы әдіспен қайта тексеріледі.
Серологиялық тексеру кезінде оң нәтиже берген биелерден туған құлындар диффузиялық преципитациялау реакциясымен араға күнтізбелік 30 күн салып екі мәрте инфекциялық анемияға тексеріледі. Екі мәрте тексерудің нәтижелері теріс болған кезде олар сау деп есептеледі.
Бірінші немесе екінші тексеру кезінде күмәнді нәтиже берген жануарлар күнтізбелік 7-10 күннен кейін қайтадан тексерілуге тиіс. Оң және екі мәрте күмәнді нәтиже берген жануарлар союға жатады.
Қолайсыз пункттен карантин ауру және оң нәтиже берген жануарлар сойылғаннан кейін, сондай-ақ, араға күнтізбелік 30 күн салып қалған тақ тұяқты жануарлардың мал басын cерологиялық тексерулердің теріс реакцияларын екі мәрте алғаннан және қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейін 3 ай өткен соң алынады.

Жылқы тұмауы
Жылқының тұмауы (Grippus equorum, грипп лошадей) - тыныс ағзаларының зақымдаңуымен және дененің оқтын-оқтын қызынуымен ерекшеленетін, жіті өтетін, аса жұғымтал ауру.
Қоздырушысы - Influenza A influenzavirus, ортамиксовирустар туыстығының инфлуэнцавирус тұқымдастығына жатады. Вириондары фрагменттерге бөлініп липопротеин қабығымен орапған екі спирапьді РНҚ-дан тұрады. A (Equi) 1 жэне A (Equi) 2 аталатын екі типке бөлінеді.

Жылқы тұмауының алдын алу мақсатында меншігінде жылқылары бар жеке және заңды тұлғалар мынандай іс-шараларды өткізеді:
1) тұмауға қарсы профилактикалық екпелер жасау үшін оларды жыл сайын ветеринария мамандарына көрсетеді;
2) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiге жылқы тұмауымен ауыратын және ауру күдігі бар жануарларды кіргізуге (әкелуге) жол берілмейді;
3) барлық жаңа әкелінген жылқыларды карантиндеуде ұстайды.
Импортталатын жылқыларға жөнелтуге дейін ең көбі сегіз және ең азы екі апта ішінде жылқы тұмауына қарсы вакцина егілуге тиіс.

Эпизоотия ошақтарында және жылқы тұмауы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
Жануарлардың жылқы тұмауымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
Карантин шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жылқыларды кіргізуге (әкелуге) және оның шеңберінен тыс шығаруға (әкетуге) ;
2) жылқыларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде қайта топтастыруға (ауру жануарларды оқшауланған жерге шығаруды қоспағанда), сондай-ақ, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға рұқсат етілмейді.
Жылқы тұмауымен ауыратын және ауру күдігі бар жануарлар оқшауланып, симптомдық емдеуге түседі.
Ауру және ауру күдігі бар жануарлар ұсталған қоражайлар карантин тоқтатылғанға дейін әрбір күнтізбелік 10 күн сайын дезинфекцияланады.
Қи және төсем биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Өлген жануарлардың өлекселері өртеледі.
Клиникалық сау жылқыларға вакцина егіледі.
Қолайсыз пункттен карантин жануарлардың жылқы тұмауымен соңғы ауыру жағдайынан және қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.

ЖЫЛҚЫНЫҢ ІНДЕТТІ ЛИМФАНГИТІ
Індетті лимфангит немесе мандам (Lymphangitis epizootica, эпизотический лимфангит, блостомикоз, африканский caп) - созылмалы өтетін, терінің сөл тамырлары мен тері асты шелінің қабынып, іріңді жараға айналуымен ерекшеленетін жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.
Қоздырушысы - бір торшалы саңырауқұлақ Histoslasma farciminosum (Criptoroccus farciminosus) - іріңдеген тері мен сөл тамырларында сопақша келген денешіктерінің екі ұшы үшкілденіп бітеді де, сыртында қосарланған қабығы болады. Микробтың протоплазасында бір немесе бірнеше дірілдеп көрінетін жылтырауық зат болады. Криптококтардың ұзындығы 2, 5-4 мкм, микроскоппен 400 есе үлкейтілгенде жақсы көрінеді.

Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiне профилактика бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
Аурудың пайда болуының алдын алу үшiн өсіруге арналған жылқыларды жеткізушілер аумағының және шаруашылықтарының эпизоотиялық жай-күйі тұрақты түрде бақыланып отырады. Шаруашылыққа қайтадан келіп түскен жылқылар карантиндеуде ұсталып, тері және көзге көрінетін шырышты қабыршақтары мұқият тексеріледі. Жылқыларды пайдалану кезінде терi жамылғысының жарақаттануына жол бермеу бойынша іс-шараларға ерекше назар аударылады.
Эпизоотиялық лимфангиттің пайда болуының алдын алуға жылқыларды ұстау, күтім жасау және пайдалану жөніндегі ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтай отырып қол жеткiзiледi.
Жылқыларға арналған қора-жайлар, құрал-саймандар және күтім жасау заттары мерзімді түрде дезинфекцияланады.

Эпизоотиялық ошақтарында және жылқылардың эпизоотиялық лимфангитi бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
Жануарлардың жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiмен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
Карантиннiң шарты бойынша шаруашылықта жылқыларды (есектерді, қашарларды) шығаруға, сатуға және көшіруге, жаңа жануарларды кіргізуге, ауру және ауру күдігі бар жануарларды жаюға, сондай-ақ, құлындарды қашыртуға, піштіруге, ауру және ауру күдігі бар биелерден алынған сүтті пайдалануға рұқсат етілмейді.
Эпизоотиялық лимфангитпен ауыратын жануарларды қан шықпайтын әдiспен жояды. Өлекселердi терiсiмен бiрге өртейдi.
Қолайсыз ферманың сау жылқыларын (есектері, қашарлары) әрбір күнтізбелік 5 күн сайын клиникалық тексеруден өткізеді. Оларды қолайлы фермалардың жылқыларымен байланысты болдырмау шартында шаруашылық ішіндегі жұмыстарға жібереді.
Ат қоралар және олардың айналасындағы аумақты тазартады және әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын дезинфекцияланады.
Абзелдерді бір сағат ішінде 60 С 0 температурада формальдегид буымен дезинфекцияланады.
Ауру және ауру күдігі бар жануарлардың қиы, төсемі және азық қалдықтары жағылады.
Қолайсыз пункттен карантин соңғы ауру жануарды жоюдан, жылқыларды қорытынды клиникалық тексеруден, қора-жайларды тазалап, дезинфекциялаудан кейін 3 айдан соң алынады.

ЖЫЛҚЫНЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ


Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда жүргізілетін алдын-алу іс-шаралары
Жылқының африкалық обасы еніп және таралып кетпес үшін:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz