Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпалы бронхиті, вирусты гепатиті


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпалы бронхиті, вирусты гепатиті

БӨЖ

Орындаған: Онгарова Д. Б.

Тобы: ВС-303

Тексерген: Омарбеков Е. О.

Семей 2017 жыл

Slide 2

ЖОСПАР

Slide 3

ҚҰСТАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ ЛАРИНГОТРАХЕИТІ

Жұқпалы ларинготрахеит (ЖЛТ) - жас және ересек тауықтарда, түйе тауықтарда, фазандарда жоғары тыныс алу жолдарының және көздерінің кілегей қабықтарының қабынуымен сипатталатын, контагиозды ауру. Ауру жоғары жіті, жіті және созылмалы түрде өтеді, жылдық мезгілі жоқ.

Аурудың қоздырғышы герпесвирустар туыстығына жатады. Індеттің көзіне ЖЛТ-пен ауырушы және ауырып жазылған құстар жатады.

Үйректер, қаздар, цесаркалар, бөденелер патогенді вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін.

Slide 4

Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті профилактикасы ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі

1) құс топтары инкубациялық жұмыртқалармен және тәулiктiк балапандармен тек қана ЖЛТ-тен қолайлы шаруашылықтардан толықтырылады;

2) құстардың әртүрлi жастағы топтары аумақтық бөлінген аймақтарға орналастырылады;

3) құс қораларын бiрдей жастағы құстардан толықтыру;

4) құс қораларын мұқият тазарту, сондай-ақ дезинфекция жүргiзе отырып, цикл аралық профилактикалық үзiлiстердi сақтау;

5) тасымалдап әкелiнетiн асыл тұқымды жұмыртқалар, ыдыстар және оларды жеткiзуге қолданатын көлiк, сондай-ақ киiм, аяқ киiм, жүргiзушi және алып келушi персоналдың қолдары дезинфекцияланады;

6) өзінің аналық табынынан алынған жұмыртқаларға және құс шаруашылығына әкелiнетiн асыл тұқымды жұмыртқаларға бөлiнiп алынған инкубацияны қамтамасыз ету;

7) шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа құстарынан бөлек әкелiнген жұмыртқадан алынған тәулiктiк балапандарды өсiру қажет.

Slide 5

АУРУДАН ТАЗА ЕМЕС БЕКЕТТЕРДЕ АУРУДЫ ЖОЮ ШАРАЛАРЫ

Slide 6 Slide 7

АУРУДАН ТАЗА ЕМЕС ҚҰС ҚОРАЛАРЫНДА ҚҰСТАРДЫ СОЙҒАННАН АЛЫНҒАН ТҮК-МАМЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАУЫРСЫНДАРЫ КЕЛЕСІ ТӘСІЛДЕРМЕН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНАДЫ:

Slide 8

ҚҰСТАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ БРОНХИТІ

Тауықтың жұқпалы бронхиты - жас құстардың өкпесіндегі тыныс жолдары мен мекиен тауықтардың кеңірдек тарамдарын зарарлайтын өте жұқпалы вирусты ауру. Мекиеннің жұмыртқалағыштығы кемиді.

Жұқпалы бронхитке барлық құстардың топтары бейімді, бірақ 20-30 күндік жас балапандар жиірек ауырады. Жас және сақа құстарда ауру клиникалық белгісіз де өтеді, бірақ сақа тауықтарда аналық бездегі фолликулдар мен жұмыртқа жолының семіп, аналық бездің дұрыс жетілмегенін байқауға болады. Эмбриондар шар тәрізді болып, өспей қалады.

Slide 9

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ТАЗА АЙМАҚТАРДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ

Құстың жұқпалы бронхит вирусынан шаруашылық қожалықтарын қорғау және енгізбеу мақсатында құс фабрикаларының және құс фермаларының басшылары мен мамандары кешенді алдын-алу шараларын қатаң түрде орындауға міндетті.

Құс фабрикаларының және құс фермаларының арасында құс жұқпалы бронхитінен таза емес шаруашылық қожалықтарымен шаруашылықтық байланыс жасауға рұқсат етілмейді.

Құс шаруашылығын жинақтауда тек қана клиникалық сау құстың инкубациялық жұмыртқалары қолданылады.

Барлық құс қораларда, құстар ұстауға ауа алмасу тұрақтылығын бақылау керек. Зиянды газдардың концентрациясы тиісті шамадан аспау керек: аммиак 15 миллиграмм кубтық метрге, күкіртті сутегі 5 миллиграмм кубтық метрге, көмір қышқылы - 0, 25 пайыз көлемі бойынша ауа дымқылдығы 60-70 пайыз болу керек.

Құс қораларын жинақтауда, тек қана бір жастағы құстар болу керек.

Slide 10 Slide 11

Құстардың жұқпалы бронхит ауруынан таза емес пункттерде және эпизоотиялық ошақтарда жүргізілетін шаралар:

Бөлек құс қорада (бөлектенген залда) ауру және нашар құстарды қансыз әдіспен құртады да, техникалық әдіс бойынша жояды. Қалған құстарды ветеринарлық-санитарлық ережелерге сәйкес құс өңдеу, құс комбинатына сою үшін тапсырады.

Бірнеше ауру көрінуі жағдайда ауру және әлсіз құстарды сараптайды, күн сайын мұқият тазалау өткізеді, ауру және нашар құстарды ет-сүйек ұнға өңдейді.

Асыл тұқымды шаруашылықта тауықтың жұқпалы бронхиты анықталған жағдайда, ауру сақа құстарды союға тапсырады, ал сау құстарды ет, жұмыртқа алу үшін қолданады, содан союға тапсырады.

Шаруа қожалықтарындағы таза емес құс қораларының жұмыртқаларын өткізу үшін, алдымен формальдегид буымен дезинфекция өткізеді.

Таза емес құс қоралардағы сойған құстың еттерін өнеркәсіптік өңдеуге бағыттайды. Таза құс қоралардағы құс еттерін жалпы сатуға бағыттайды.

Slide 12

ҚҰСТЫҢ ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ

Вирусты гепатит - сүзінді вируспен тарайтын жұғымтал инфекциялы ауру. Бұл аурумен 1 ден 15 күнге дейінгі, кейде 25 күнге дейінгі балапандар ауырады. Ауру жіті түрде өтеді және үйректердің өлуімен (70-100%-ке дейін) сипатталады.

Инфекция қоздырушысы құрамында рибонуклеин қышқылы бар вирус, Pіkornavіrіdae-тұқымдасына, оның ішінде-Enterovіrus туыстығына жатады. Вирионның көлемі - 22-30 нанометр.

Slide 13

ҮЙРЕКТЕРДІҢ ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІН АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ БОЙЫНША ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ


Ұқсас жұмыстар
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпралы бронхиті, вирусты гепатиті, синуситі, тұмауы, орнитозы
Құстардың инфекциялық бронхиті ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Құстардың дорсальды аурулары
ҚҰСТЫҢ ЛАРИНГОТРАХЕИТІ
Жануарлар мпен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық,тұмау,шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық, тұмау, шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
БЦЖ вакцинасы
Нъюкасл ауруы, белгілері
Вирустардың адам дертіндегі орны
Ветеринария мамандығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz