Бурабай тарихы


Slide 1

Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті Технологиялық үрдістерді және өндірістерді компьютерлендіру кафедрасы Жазғы оқулық есептеу практикасына Тапсырма № 9

Бурабай тарихы.

Microsoft Office. Кәсіптік шығарылымы 2003.

Орындаған: ГН-03-2к тобының студенті Сергазин А.

Тапсырманы берген: доцент Абдикасова Г. А.

Алматы 2004

Slide 2

Көкшетау - тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет. Бірінен-бірі асқан көгілдір таулар өз аясына мөлдіреген сексен көлді ұялатып, текше-текше тастарды қиялатып, ұлы табиғат өз өнерін айдай әлемге сиқырлы бояумен паш еткендей.

Slide 3

Қамалға анталап келген қалың жауды жусатып салып, енді маңдай терін сүртіп, әй бір мызғып алайыншы дегендей шалқалап Жекебатыр жатыр. Сақтық ойлап, дулығасы мен болат сауытын да шешпепті. Тау бейнелі ұйқыдағы алып батырға сүйсіне қарайсың. Әуеде қалықтаған әлдебір құйтақандай құс үні тағы бір ескі аңызды есіңе салғандай.

. . . Кедей ауылда асқан күшті, әрі арманшыл бір батыр тұрыпты. Жас кезінде уайым-қайғы дегенді елемей, өзінше думандатып өмір сүреді. Ер жеткенде қабағын кірбің шалады. Туған жеріне шығыс пен оңтүстіктен жоңғарлар шапқыншылық жасап, батыстан еділ қалмақтары шабуылдап тыным бермейді. Сүттей ұйыған ауылдарды шағын аспанға шығарып, астан-кестен қиратып, жау қолы төрт түлік мал табындары мен қорғансыз адамдарды айдап әкетеді. Ал ел іші бір-бірімен қалыңдық пен жайылымдыққа таласып, күнде қырқысып, аүызбірлікке келе алмайды. Жас батыр бәріне қолын бір сілтеп, ауылдан кетуді ойлайды. Еркін жүріп, бақ пен байлық іздегісі келеді. Өзіне қылыш пен дүлыға, үстіне сауыт соғып киіп, бақыт іздеп жолға шығады.

Slide 4

Жол үстінде оған басқа жұрттың батырлары жолығады. Олар да бақыт жолына жалғыз шыққандар екен. Жас батыр оларды күш біріктіріп, қол болуға шақырады. “Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау араз болса, ауыздағы кетеді” деп ата-баба нақылын айтады. Бірақ оны өзгелер тыңдамайды. Әркім өз жолымен жеке дара жүре береді.

Жаумен бірінші болып жас батыр кездесіп, жалғыз өзі қарсы шабады. Қаптаған қалың қол оның алдын бөгеп, қоршауға алады. Ол қанша күшті болса да, қисапсыз жауды құртып бітіре алмайды. Дұшпан қара масадай құжынап, шегірткедей үймелеп, батырдың үстіне шығып кетеді. Оның көзі көрмей, құлағы естімей қалады. Сонда ғана ол бақыт үшін жалғыз күресудің қате екендігін түсініп, аһ ұрып өкінеді. Алып тұлғалы батыр әл-дәрмені құрып, туған даласына шалқасынан құлап түсіп, тасқа айналады, мәңгілік ұйқыға беріледі. Жекебатыр тауы, міне, осылай пайда болған деседі.

Slide 5

Ақ Алаң. Табиғаттың тамаша тартуының бірі деп осы алаңды айт. Оны жартастар, қарағайлы қалың орман айнала қоршап тұр.

Ақ Аланға келген адам айналадағы көрініске бейжай қарай алмайды. Алтын күннің сәулесіне шомылған аумақты алаңның келбеті - қайталанбас суреттердің бірі. Оның солтүстік және терістік батысын көмкерген Көкше тәкаппарлана көк аспанға иығын артып тұр. Бұл көрініс - бұлттардың өркешінде кеме жүзіп бара жатқандай әсер етеді.

Slide 6

Енді бірде “Шайтан ұршық” деп аталатын тасқа көзіңіз түседі. Аңыз ба, әлде ертегі ме, бір уақытта әйтеуір мұнда хан сарайы болды. Мол дүниенің буына мастанған хан қарауындағы халық туралы мүлдем ұмытып, күні-түні сауық-сайран, қызық-думан құрыпты. Жаратқан ие ханның азып-тозған халқын көріп, салтанатты сарайын тас-талқан қылады да, сен малғынға керегі осы деп, ақымақ ханның өзін тас шайтанға айналдыра салыпты. Бажайлап қараған адам шайтанға ұқсас тас бейнені анық көреді, түн болса-ақ ақымақ ханның бұрынғы қыз-қырқындары шайтан болып, сандарын шапалақтап, сан-сапалы болып шыға келеді екен де, “Шайтан тасты” мазақ қылып, жанында ұршықша айналып жүреді екен.

Slide 7

Жаратылысы да ерек, айтылар аңызы да бөлек осынау тас мүсіндерге сүйсіне қарап келе жатқанында, алдыңнан оқшырайып тағы бір шың тұрады. Ақ Алаңнан терістік шығысқа таман, үш жүз метрден сәл астам қашықтықта көз қызықтырып аспанның көк шайы шымылдығына сүңгіп бара жатқан тіп-тік сұңғыла таудан көз айыра алмай, мелшиіп қатып қаласың.

. . . Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан,

Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.

Бір шың бар етегінде тіп-тік найза

Адамзат жасағандай құйған тастан.

Тіп-тік шың көкке қарай кеткен бойлап,

Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап.

Жалғыз-ақ шың басында ноқаттай боп,

Құйқылжып қалықтайды бүркіт ойнап . . .

Бұл - ақын Сәкен Сейфуллин сырлы сезіммен суреттеген Оқжетпес.

Slide 8

Оқжетпес шыңы туралы қазақ халқының тұңғыш ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлиханов он бестен астам аңыз-әңгімелер жинаған.

Ал енді әйгілі Оқжетпестен бірге туысқандай болып бірінен-бірі сәл қалқыңқы бой түзеп тұрған үш шынара еріксіз көзіңіз түседі. Оны жергілікті халық “Үш діңгек” деп атап кеткен. “Апалы-сіңлілі үш ару” деген есімі де арагідік айтылып жүр. Осы орайдағы бір аңыз мынандай бір сыр суыртпақтайды.

Slide 9

Ертеде Қарауыл ауылдарының бірінде елдің көркі, бірақ дұшпандардың көз құрты болып апалы-сіңлілі үш қыз өмір сүреді. Үшеуі де бірінен-бірі өткен хас сұлулардың өзі болады. Орталарындағы жалғыз бауырлары Оқжетпес беті қайтпас батыр болып өседі. Үш апасын қызғыштай қорғап, қамқоршы бола біледі.


Ұқсас жұмыстар
КӨКШЕТАУ
Бурабай көлі
Қазақстандағықызықты қызықтыжаз жаз
Ғылыми жоба "Бурабайдың кереметі"
Бизнес-жоспар Мотельдер ашу
Қарқаралы тауының шығу тарихы
Менің кіші
Қостанай облысы Павлодар облысы
Белсенді және белсенді емес туризм
Темір жол көлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz