Бүйректің патофизиологиясы
Презентация қосу
Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Нефрит. Пиелонефрит және гломерулонефрит.
в) Уретрит.
г) Гидронефроз.
д) Нефроптоз.
е) Бүйректің кистасы.
ж) Несеп-тас аурулары. Уролитиаз.
з) Бүйрек қызметінің жетіспеушілігі.
Қорытынды
Бүйрек –
организмдегі ең
маңызды қызмет
атқаратын жұп мүше.
Бүйрек XII кеуде
және III бел
омыртқасының
тұсында, яғни құрсақ
қуысында
орналасады. Оң жақ
бүйрек қалыпты
жағдайда сол жақ
бүйрекке қарағанда
төменірек
орналасады.
Бүйрек қан плазмасындағы
қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті
сақтауда маңызды роль атқарады.
Сонымен қатар, қанда су-тұз
алмасуындағы маңызы: ондағы активті
заттардың осмотикалық
концентрациясын сақтайды.
Бүйрек арқылы организмнен
көптеген қажетсіз өнімдер шығарылады:
азот алмасуындағы соңғы өнімдер,
токсикалық, органикалық мен
бейорганикалық заттардың керексіз
артық өнімдері, т.б.
Бүйрек көмірсу және белок
алмасуына, БАЗ түзілуіне, АҚ реттелуіне,
бүйрекүсті безінен альдестеронның
бөлінуін, эритроциттердің түзілуін
күшейтеді, су-тұз алмасуын реттеу
арқылы гомеостазды ұстап тұрады.
Бүйрек қызметінің жетіспеушілігінде
гемолизді жүзеге асыратын жалған
бүйрек аппаратын қолдану арқылы
орнын басуға болады.
Көріністері Кездесу жиілігі, %
Тері түсінің өзгеруі 70
Жеңіл сарғаю 40
Алақанның гиперпигментациясы 30
Дененің ашық жерлерінің 22
гиперпигментациясы
Бозару 8
Терілік инфекциялар 70
Онихомикоз 52
Микоз 25
Тырнақтардың өзгерісі 66
Тырнақтың ағаруы 23
Тырнақтардың қызарып тұруы 11
Ксероз (құрғақ тері) 90
Қышыну 63
Алақанның қызуы 14
Саусақтардың қисаюы 86
Терінің кальцинозы 1
Бүйректің қабынуынан туындайтын ауру
болып табылады. Этиологиясы және
патогенезі бойынша бірнеше түрге бөлінеді:
Гломерулонефрит
Пиелонефрит
Интерстициальды нефрит
Тұқым қуалайтын нефрит
Сәулелі нефрит
Аутоиммунды генездің бұзылысымен жүретін
қабыну үрдістерімен қатар, нефрон
шумақтарының басым бүліністерімен
сипатталатын бүйректің ауруы.
Этиологиясы:
Стрептококты инфекция(ангина, скарлатина,
пневмония, терінің іріңді қабыну аурулары)
Туберкулез, малярия(сирек жағдайда)
Вакцинация, дәрілік заттарға аллергия,
токсикалық заттармен улану кезінде
Гломерулонефриттің 2 түрін ажыратамыз:
1. Жедел гломерулонефрит. Артериялық гипертензия,
зәрдің патологиялық өзгерістерімен сипатталады.
Сонымен қатар, бел аймағында ауыру сезімі, зәрдің аз
мөлшерде бөлінуі, кейде анурия байқалады.
2. Созылмалы гломерулонефрит. Жедел түрінің
асқынуынан болады, рецидив береді,4 түрі
ажыратылады:
Нефротикалық
Гипертониялық
Аралас
Латенттік
Бүйректің инфекциялық қабынуы. Бұл аурумен әйелдер көп
ауырады(анатомиялық құрылымдарына байланысты). Кейде
бүйректің басқа да ауруларымен қабаттасады: Несеп-тас ауруы,
бүйрекүсті безінің аденомасы, т.б.
Этиологиясы:
Қалыпты жағдайда организмде болатын
микроорганизмдер(қалыпты микрофлора)
Организмге қоршаған ортадан түскен микроорганизмдер(ішек
таяқшасы, протей, клиебсиелла, энтерекокк, стафилококк,
стрептококк, т.б.)
Көбінесе, қоздырғыштар қабыну ошақтарынан (жыныс
ағзаларының, кариозды тістің, фурункулдардың ) гематогенді
жолмен келеді. Пиелонефрит дамуы үшін тек организмге
қоздырғыштардың енуі жеткіліксіз, сонымен қатар, зәр шығару
бұзылысы, бүйректің қанайналымы мен лимфациркуляциясының
бұзылысы да өз септігін туғызады.
Жедел
Созылмалы
Рецидив беруші
Жедел пиелонефрит – иммунитеттің
төмендеуі, сұйық тигенде және түрлі аспаптармен
зерттеулер жүргізгенде дамиды.
Созылмалы пиелонефрит – жедел түрінің
асқынуынан дамиды. Бұл жағдайда науқас
тоқтамайтын ауру сезіміне шағымданады.
Асқынуы: бүйрек тінінің зақымдануы және
бүйрек жетіспеушілігі дамиды.
Дене температурасының жоғарылауы( тез арада
дамиды)
Арқаның төменгі бөлігінің ауыру сезімі
Құсу, лоқсу
Қуықтың ауыруы, кіші дәрет кезінде қатты
ауыру сезімі
Екі бүйректің де үлкеюі және бүйрек тұсында
ауыру сезімі байқалады.
Балалардың пиелонефрит ауруында
симптомдары жасырын болады, диагноз қоюда
маңызды қиындық туғызады
Зәр шығаратын өзекшелердің қабынуы. Әйелдер мен
ерлерде бірдей жиілікте кездеседі.
Этиологиясы:
Спецификалық (венерологиялық аурулар шақыратын
микроорганизмдер (гонококк, хламидия, уреаплазма,
микоплазма, трихоминада))
Бейспецификалық (стафилококк, стрептококк, протей,
ішек таяқшасы, т.б. шартты-патогенді
микроорганизмдер)
Басқа да созылмалы қабыну аурулары (иммунитеттің
төмендеуі, жыныс мүшелердің травмасы, ащы, тұщы,
қышқыл тағамдарды көп қолданғанда, жыныстық
қатынаста серігін көп ауыстырғандарда)
Бүйректің үлкеюімен және интерстициальды тінінің
патологиялық бұзылыстары мен астауларының
кеңеюімен сипатталады.
Жіктелуі:
Туа пайда болған гидронефроз (бүйрек
артерияларының орналасуындағы аномалиялар, бүйрек
қақпасының бұзылыстарымен туылу)
Жүре пайда болған гидронефроз (несеп-тас ауруы, зәр
шығару жолдарының ісіктерінде, кіші жамбас астауы
мен жыныс безінің ісіктері, травматологиялық
жарақаттанулар зәр шығару бұзылыстарына әкеледі)
Негізгі симптомдары: Қосымша
Бел аймағында ауыру симптомдары:
сезімі (жүкті әйелдердің Гематурия
гидронефрозы кезінде Пиурия
толғақтық пен түсік
тастау қаупінің Бактеурия
белгілерінен ажырату
қиынға соғады)
Жүктіліктің алғашқы
айларында бүйректің
үлкейгендігін сипап
сезуге болады.
Бүйректің төмен түсіп кетуі. Әйелдер жиі
ауырады, себебі әйелдердің (жүктілік кезінде
және босанғаннан кейін) құрсақ қуысының, іш
аймағының бұлшықеттері ерлерге қарағанда
жұмсақ келеді.
Ауруды туындататын себепкер ықпалдар:
Физиологиялық ауыр жұмыстар
Тез арада арықтау
Травмалық жарақаттар ( биіктікке секіру кезінде,
т.б.)
Бүйректе серозды сұйықтығы бар бір немесе
бірнеше қуыстардың пайда болатын
патологиялық үрдіспен сипатталады.
Жіктелуі:
Солитарлы (қарапайым) киста
Мультилокулярлы киста
Ретенционды киста
Мультикистоз
Поликистоз
Қуыстың пішіні әр түрлі болады:
Домалақ немесе овальды
Бір камералы немесе көп камералы
Біркелкі немесе кедір-бұдыр
Клиникалық белгілері жасырын, тек бүйректің
УЗИ сараптамасында ғана байқалады.
Симптомдары кездесуі мүмкін:
Гематурия
Артериялық гипертензия
Дене температурасы жоғарылайды
Ауыру сезімі
Бүйректің Бүйректің
мультилокулярлық ретенционды
кистасы – кистасы – бүйректің
эмбриональды даму жедел және созылмалы
кезінде дамиды, бүйрек жетіспеушілігі,
кистозды- пиелонефрит, несеп-тас
диспластикалық ауруы, бүйрек
бұзылыстармен туберкулезі, т.б.
сипатталады. Өте майда аурулардың асқынуынан
қуыстар пайда болады. дамиды.
Бүйректе тастың жиналуы. Өте кең тараған
урологиялық аурулардың қатарына жатады.
Этиологиясы:
Организмде зат алмасу процестерінің
бұзылыстары (Витамин жетіспеушілігі, т.б.)
Климаттық (ыстық және суық температура, т.б.)
Географиялық факторлар
Механикалық (жарақаттар, т.б.)
АІЖ созылмалы аурулары
Фосфатты тастар
Цистинді тастар
Белокты тастар
Карбонатты тастар
Оксалаттар
Ураттар
Бүйректің аурулары басқа ағзалардан
спецификалық симптомдарымен ерекшеленеді.
Көп жағдайда бүйрек ауруларының симптомдарын
науқастан анамнез жинағанда анықтап, диагноз
қоюға болады.
Бүйрек организмде маңызды қызмет атқарады,
сондықтан оның қызметінің бұзылысынан зат
алмасу процестерінің бұзылысы (оксалурия,
уратурия, фосфатурия, т.б.), қанайналымның
бұзылыстарына әкеледі.
Бүйрек ауруларының асқынуы адам өліміне
әкеледі, сол себепті бүйрек ауруларының қандай
да бір симптомын байқасақ, міндетті түрде
дәрігерге ( уролог) көрініп, ем қабылдау керек.
Патофизиология: Учебник для
мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и
Е.Д. Гольдберга, Томск, 2006
Б.Б.Мороз “Актуальные
проблемы патофизиологии”
Москва, 2001г
И.В.Давыдовский “Проблемы
причинности в медицине” Москва,
1998г
Интернет. www.google.ru
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz