Ғарифолла Құрманғалиев




Презентация қосу
Ғарифолла Құрманғалиев –
ХХ ғасырдағы қазақ музыка
мәдениетінің ерен
құбылысы. Ондаған жылдар
бойы ол жалғыз өзі Батыс
Қазақстанның көне де
жоғары дәрежеде дамыған
вокалды-аспаптық дәстүрін
паш еткен. ХІХ ғасырда
эпикалық кең тынысты
әннің асқан шебері болван
Мұхит мұрасын жеткізген
де Ғарифолла Құрманғалиев
болатын.
Қазақтың көрнекті әншісі
Күләш Бәйсейітова –
асылында Қазақстанда аты
аңызға айналған тұлға.
Небәрі 45-жасқа созылған
қысқа ғұмырында ол
жұлдыздай жарқырап халық
сүйіспеншілігіне бөленді.
20-ғасырдың музыка
мәдениетінде пайда болған
жаңалықты халқы
ардақтаған Күләш
Байсейітованың дарыны мен
асқан өнері “заңдастыра”
түсті.
Коммерцияға жатпайтын
гуманитарлық жоба
“Қазақстанның музыкалық
мұрасы”- “Асыл мұра”
тыңдарман аудиториясына
жобаның үшінші дискісін
ұсынады. Бұл дискіден көрнекті
ғалым, аспаптанушы, жинаушы-
зерттеуші, мәдениет және қоғам
қайраткері Болат Шамғалиұлы
Сарыбаевтың (1927 – 1984)
дауысын естисіздер. Көзі тірі
болғанда 2002 жылы ғалым 75
жасқа толар еді. Қазақстанның
музыкалық мәдениеті
саласындағы Б.Ш.Сарыбаевтың
өмірі мен сан-салалы қызметі 20
ғасырда елеулі орын алады.
Қазақ ССР-ның халық әртісі Жамал
Омарова (1912 –1976) көзінің
тірісінде-ақ бүкіл елдің зор
сүйіспеншілігімен құрметіне бөленген
шын мәнінде нағыз халықтың әншісі.
Жамал Омарованың өмірі мен
шығармашылығы кеңес дәуіріндегі
қазақ музыка тарихының жарқын
беттерінің бірі, оны мәңгіге жазып
қалдырған жарық жұлдызы. Әншінің
ешкімге ұқсамайтын қайталанбас
ғажап дауысы күн сайын радиодан
шырқалып, республиканың барлық
облыстарын аралаған гастрольдік
сапарларында елге кең жайылып
таралып жатты
Жүсіпбек Елебековтың өмірі
мен шығармашылығындағы ең
бір елеулі кезеңі – оның
Эстрада-цирк студиясында
ұлттық ән салу дәстүрінен дәріс
беріп ұстаздық еткен 1967-1977
жылдары еді. Арқаның
домбырамен ән салу дәстүрі
үзілмей жалғасып қаймағы
бұзылмай сақталып бізге жетіп
отыр. Бүгінгі Мәдениет
Ешекеев, Жәнібек Кәрменов,
Қайрат Байбосынов сынды
өнер саңлақтары осы ұлы
Жүсекеңнің шәкірттері....
Манарбек Ержанов Қазақ драма театрының
(1928 ж.), Қазақ музыкалық театры (1934
ж.) – болашақ опера-балет театрының (1937
ж.) алғашқы әртісі болып ұлттық
өнеріміздің алғашқы жұлдызды шоғыры
Күләш пен Қанабек Байсейітовтер,
Құрманбек Жандарбеков, Әміре Қашаубаев,
Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Серғали
Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова, Ғарифолла
Құрманғалиевтермен бірге тұңғыштар
тобында сахнаға шықты. Ғарифолла
Құрманғалиев екеуі бірсыпыра ұлттық
операларда рольдерді кезектесіп, бөлісіп
ойнады. Біріне- бірі ұқсамайтын қос саңлақ
ұлттық операларымыз: «Қыз Жібекте»
Шеге, «Жалбырда» Елемес, «Ер Тарғында»
Сақан, «Абайда» Әзім, «Біржан-Сарада»
Естай бейнелерін сомдады.....
Сіздің қолыңызға “Асыл
Мұра” коммерциялық
емес гуманитарлық
жобасы бойынша «Кока–
Кола ТМД Сервисиз Лтд»
өкілдігінің және
«Казэнерджи» қоғамдық
қорының қаржылай
көмегі арқасында
шығарылған көрнекті
қазақ композиторы А.
Жұбановтың туғанына
100 жыл толуына орай
шығарылған кезекті диск
тиді.

Ұқсас жұмыстар
Халықтың әнші-композиторларының шығармашылығы
Құбанбай қажы Өскенбайұлы
Шағын бизнес
Ұлы Отан соғыс жылдарында Қазақстандағы ғылым мен мәдениет
Буддизм философиясы
Прагматизм философиясы
Қазақ әдебиетіне үлес қосушылар
Қаныш Сәтбаевтың еңбектері
Қазақ халқының ұлттық аспаптары
Будда дінінің пайда болуы
Пәндер