Балалардағы калькулезді холециститтердің клиникасы,диагностикасы және консервативті емі
Презентация қосу
Тақырыбы:
Балалардағы калькулезді
холециститтердің
клиникасы,диагностикасы және
консервативті емі.
Холецистит- өт қабы және өт
жолдарында өт тастарының түзілуімен
жүретін ауру.
Калькулезді холецистит - өт қабында
конкременттердің түзілуі нәтижесінде
өт қабының қабынуы. 50-75 %
жағдайда өтте бактерия
табылады.Бірақ бактериальды
инфекция екіншілік дамиды деп
есептелінеді.20%-де симптомсыз өтеді.
Калькулезді холециститте тастар өт
қабында(75%), сирек өт жолдарында
орналасады.
• Этиология және патогенез.
• Өт қабы және өт жолдарының қабынуы
инфекциялық және инфекциялық емес болып
екіге бөлінеді.
• Өт қабындағы инфекционды процесс
бактериальды,сирек вирусты болады.
• Бактериялардың ішіндегі қоздырғыштары
аутофлора-ішек таяқшалары,
стафилакокктар,энтерококктар,протей,сирек-
тифозды,паратифозды,дизентериялық
таяқшалар.
• 1 жасқа дейінгі балаларда сепсистен кейін
қабыну дамиды. Эпидемиялық гепатит
вирустары өт жолдарында бактериясыз да
қабыну процесін тудырады.
• Өт. жолдарындағы инфекциялық емес қабыну
процесінің себептері - гипотоникалық
дискинезия кезіндегі
дуоденобилиарлы рефлюкс нәтижесінде
асқазан және панкреатикалық сөлдің
лақтырысы,атопиялық диатездағы
аллергиялық реакциялар жатады.
Холелитиаз түзілуі себебі- өт қабының
гипомоторлы дискенезиясында өттің тұрып
қалуы,зат алмасу бұзылысы нәтижесінде
өттің химиялық құрамының өзгерісінен өт
жолдарында қабыну процесстерінің тууы.Осы
факторлардың әсерінен өт қабының
қабаттарына холестерин
тұнбасы,кальции,билирубин жиналып тас
түзеді.Ерте жастағы балаларда пигментті
тастар түзіледі (сары түсті,билирубин,аз
мөлшерлі холестерин және тұздан),ересек
жастағы балаларда холестеринді тастар(қою
түсті, холестерин кристалдарынан тұрады.)
Клиникалық көріністері
Балалардағы калькулезді холециститтердің
клиникалық көріністерінің 2 түрлі варианты бар.
Сирек -ұстама тәрізді іштегі ауырсынулар болмайды,
тек эпигастрии аймағындағы ауырсыну,ауыздағы ащы
дәм және кекіру болады.
Жиі - оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді
қайталама ауырсынулар. Ауырсынулар белгілі
уақыттарда қайталанады. Ауырсынумен бірге жүрек
айну,құсу, суық тер басу қатар жүреді. Өт жолында
тастың жүруі кезінде- уақытша бітелуі,жедел
обтурационды сарғаю және ахоликалық нәжіс пайда
болуы мүмкін.Егер тастың көлемі кіші болып өт
жолдарынан өтіп кетсе,ауырсынулар мен сарғаю
басылады.
Суық,майлы,қуырылған,ащы тағамдар,газдалған
сусындарды қабылдағаннан кейін 20-30 мин соң
өткір,сыздап, батып ауыратын ауырсынулар пайда
болады. Ауырсынулар тағам қабылдағанға
байланысты емес,физикалық жүктемелерден кейін
де дамиды.Ауырсынулар жарты сағаттан бірнеше
сағатқа дейін созылуы мүмкін. Ауру локализациясы
әр түрлі: 50% науқастарда —оң жақ қабырға
астында, 30% — эпигастриде, кейбір
науқастарда — локализациясы белгісіз.Көбіне
ауырсынулар 2-3 сағ кейін басылады.
Ең жиі кездесетін шағымдар:
әлсіздік,тез шаршағыштық,бас
ауырулары, субфебрильді температура,
тершеңдік, жүрек айну,ауыздағы ащы
дәмнің болуы,тәбеттің төмендеуі, құсу,
кекіру,іш қату,дерматит.
Объективті қарағанда: бауыр көлемінің
аздап ұлғаюы,тері жабындыларының
бозғылттығы және интоксикация
симптомдары,тахи- немесе
брадикардия.
• Холециститтің объективті симптомдары:
оң жақ қабырға асты бұлшықеттерінің
резистенттілігі,Кер симптомы, Ортнер
симптомы, Мерфи симптомы, Грекова—
Ортнер симптомы ,Лепине симптомы,
Мендель симптомы .Сирек-сол жақтан
френикус-симптомы оң болады,
(Георгиевского—Мюссе симптомы), оң
жақ жауырын бұрышының ауырсынуы,
(Харитонов симптомы), семсер тәрізді
өсіндінің негізі (Воскресенский
симптомы ).
• Диагностикасы:
• Диагнозды клиникалық белгілері және
арнайы зерттеу тәсілдерінен кейін
қояды: Ультрадыбысты және
рентгенологиялық (холецистография).
• Өт қабы УДЗ-де тығыз түзілістрді
анықтайды.
• Холецистографияда өт қабындағы бір
немесе көптеген толған дефектыларды
көруге болады.
• Емі:
• Емі консервативті және оперативті.
• Диаметрі 0,2-0,3 пигментті және холестеринді
тастарды ерітуші және жұмсартатын
препараттар болады.
• 1. Тәртібі-төсектік
• 2. диета № 5 белок және көмірсудың
қатынасын есептеу.Ауыру синдромы
басылғанда көкеністер беруге болады(шикі
ұнтақталған сәбіз,винегрет) Тамақтану күніне
4-5 рет
• 3. Ауыру синдромы айқын кезінде: ампиокс
0,75—1 г күніне 4 уақыт бұлшықет ішілік 8-12
күн.Бұл емге қосымша б/і инъекция
солкосерил 2 мл күніне 12-20 күн.
• Тұрақты ауыру кезінде алғашқы күндері
50% анальгин ерітіндісін 2 мл б/і,кейде
2% но-шпа ерітіндісімен 2 мл
қолданады.
• Холеретикалық(холесекретирующие)
және холецистокинетикалық
препараттар : фламин 1 таблеткадан 3
рет күніне 3—4 апта, бисульфат
берберина (0,005 г) 1 таблеткадан 3 рет
2—4 апта, никодин (0,5 г) 1—2
таблеткадан 3 рет 2—3 апта.
Тамақтану күніне -4 рет ,рационға
көкеністер және өсімдік майы кіру керек.
Рационнан қуырылған, майлы,ащы
және газдалған сусындар алынып
тастайды.Түнгі уақытта тамақтануға
болмайды.
Ауыру және диспепсиялық синдром
азаймаса 7-10 күнде 1рет “СОҚЫР
ЗОНДЫЛАУ “ ӨТКІЗУ.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz