МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ГЕНЕТИКАСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕХАНИЗМІ




Презентация қосу
Нейромедиаторлар
Нейромедиааторлар —
қатынасуымен жүйке клеткасы
электрлік импульстарының
берілуін нейрондар арасындағы
синапстік кеңістік арқылы
жүзеге асыратын биологиялық
активті химиялық заттар.
Пресинапстық ұшына келіп
түсетін жүйкелік импульстар
синапстық саңылауға
медиаторлардың бөлініп
шығуын қамтамасыз етеді.
Лимбикалық жүйе – сезімнің
қалыптасу орталығы
Дофамин нейромедиаторы
DRD4 дофамин рецепторы
Тәуекелге бейімділік
Ацетилхолин
ацетилхолиннің синаптикалық
орталығына шығарылуы
Ацетилхолин әсер етеді:
Көңіл-күйге;
интеллектуалды жұмысқа қабілеттілікке;
бұлшықеттік тонусқа;
Көптеген ішкі органдардың жұмысына;
Ер адамдардың жыныстық потенциясына және
әйелдерде менструалды циклдің сипатына;
Тері жағдайына және оның барлық
туындыларына – тер, май бездеріне, түкті
жамылғыға;
Жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысына
Никотин
Никотинді
ацетилхолинді
рецептор
Никотиннің әсері
Никотиннің рецептормен байланысы
холинергикалық деп аталатын нейронның
активтілігінің жоғарылауына әкеледі. Бұл
организмді мәжбүрлейді және ми жылдам
жұмыс жасайды. Осылайша, никотин
назарды және жұмысқа қабілеттілікті
арттырады.
Никотиннің әсері
Холинергикалық нейрондардың
стимулдануы нейромедиаторлардың мида
босап шығуын қамтамасыз етеді. Бұл
бақыт, қанағаттанушылық сезімін
тудырады. Тағы да никотин дозасын
қабылдау тілегі пайда болады.
Никотиннің әсері
Никотин мидың жұмысына жауап беретін
басқа медиаторлардың концентрациясын
арттырады. Мысалы, никотин қабылдаған
кезде мида эндорфиндер көп түзіледі.
Никотиннің әсері
Никотиннің ацетилхолин рецепторына әсері
мида басқа заттардың: гамма-аминомайлы
қышқылдардың, дофаминнің, серотин,
норадреналин, глутамат және эндорфиннің
бөлінуін туғызады. Темекі шегуші адам
әрдайым осы заттардың деңгейін тұрақты ұстап
тұруға тырысады.
Никотиннің әсері
Өзін никотинмен шамадан тыс қозуынан
сақтау үшін организм ацетилхолин өңдеуді
азайтады және оған нейрондардың
сезімталдығын төмендетеді. Адам
қаншалықты көп шексе, соншалықты
ацетилхолинді өңдеу бәсеңдейді.
Никотиннің әсері
Темекі шегетін адамдардың никотинге сезімтал
ми орталығы қысым аумағында болады,
сондықтан да олармен ұшында байланысқан
жүйкелерінде заттың синтезделуі бұзылады.
Нәтижесінде көптеген жүйкелік ұлпаларда және
мүшелерде жүйкелік дистрофия байқалады, ал
одан әртүрлі аурулар пайда болады.
Никотинге сезімталдылық бойынша
генетикалық айырмашылықтар
Калифорния технологиялық институтының
(АҚШ) ғалымы Э. Топпер 2004 ж.
Ацетилхолин рецепторында мутацияны
(лейцин қалдығы аланинмен ауысқан) тапты.
Осы мутацияның нәтижесінде рецептордың
никотинмен байланысу қабілеттілігі бірден
артады. Бұл адамның осы алколоидқа деген
гиперсезімталдығына әкеледі, соның әсерінен
темекіден бас тарта алмайтын дәрежедегі
тәуелділік пайда болады.
Кокаин
Кокаин үш нейромедиаторлық жүйеге әсер етеді: дофаминді,
норадреналинді және серотонинді. Нейромедиаторлардың
транспортерларымен байланыса отырып, , кокаин олардың
пресинаптикалық мембранамен қайтымды тартылуын бұзады.
Нәтижесінде нейромедиатор синаптикалық саңылауда қалып қояды,
және жүйкелік импульстардың әрбір өткені сайын оның
концентрацися арта береді.
Осымен бірмезгілде пресинаптикалық мембранадағы
нейромедиаторлардың қоры таусыла бастайды. Әрбір жүйкелік
импульстармен нейромедиаторлар аз бөліне бастайды.
Кокаинді тәуелділіктің генетикалық
табиғаты
Тышқандарға жүргізілген тәжірибелер тәуелділіктің
даму ықтималдылығы кальций-кальмодулинтәуелді
протеинкиназа IV (CaMKIV) ферментін кодтайтын
гендердің активтілігімен байланысты екендігін көрсетті.
Бұл фермент кокаин әсер етуші мидың дофаминді
нейрондарында болады.
Кокаин шегуші наркомандар мен адамдарды кокаин
қабылдамайтын адамдармен салыстырғанда CaMKIV
генінің мутантты варианты кокаинге тәуелділік қаупін
25%-ға арттыратындығы байқалды. Осы геннің екі
көшірмесі болған жағдайда қауіп 47%-ға дейін артады.
Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Сүтқоректілердің мінез - құлық генетикасын зерттеу
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ЖОСПАР
Интербелсенді әдістері
Адамдардың әлеуметтенуі
Фрейда тиесілі дамытудағы оның рөлін ашу
Хромосомалық ауруларды анықтауда
Мінез - құлық тәрбиесі, мәдениеті және нормалары
Девиация түсінігі
Девиантты мінез - құлықтың қалыптасу кезеңдері
Хромосомалардың картасын жасауда
Пәндер