Германия қаржы жүйесі




Презентация қосу
Германия қаржы
жүйесі
Германия пайдалы қазбалар қорына бай емес.
Тек қана тас, көмір мен калий тұздарын атап
өтуге болады. Ал бұндай пайдалы қазбалар
қандай да бір маңызды шаруашылық құндылыққа
ие емес. Сонымен қатар табиғи ресурстардың
тапшылығы елдің өнеркәсіптік өндіріске
мамандануына және ғылыми салалардың
дамуына ықпал етті.
Германия халқы – 82 млн. адам, Еуропадағы
Ресейден кейін екінші орынға ие. Германия
халқының құрылымы негізінен біркелкі, бірақ
соңғы жылдары шетелдік жұмысшы күші –
гастрабайтерлердің үлесінің өсуі байқалып,
олардың саны халықтың 10 – ке жақындады.
Германия – жоғары урбанизацияланған ел,
халқының 83 % - і қалада тұрады. Шығыстағы
жерлер (бұрынғы Германия Демократиялық
Республикасы) ГФР – ның құрамына енгеннен
кейін Германияда 16 федереальдық жер болды,
елдің астанасы Берлин болды. Ел үкіметінің
басшысы федералдық канцлер Ангела Меркель.
Германия экономикасына «жоғары индустрализация»
тән, яғни әлемнің басқа дамыған елдерімен
салыстырғанда ЖІӨ өндірісінде өнеркәсіптің үлесі көп.
Бұл кездейсоқ жағдай емес, себебі Германияның
әлемдік экономикадағы мамандануына өнеркәсіптік
өнімдерді бірінші кезекте машина құрылысы өндіру
болып табылады. Германия экономикасына тән келесі
белгілер: әлемдік аренада бәсекелестік қабілетті
инновациялық кәсіпорындардың болуы, білікті және
жоғары ынталы жұмысшылар, әлемге танылған кәсіби
ақыту жүйесі, жоғары дамыған инфрақұрылымы,
ғылыми зерттеулер мен тәжірибе – конструкторлық
жұмыстардағы жетістіктер және тұрақты әлеуметтік
жағдайы жатады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
ГФР – ы алғашқылардың бірі болып өзінің өнеркәсібін
құрылымдық қайта құрудан бастады. Бұған тек қана
ғылыми – техникалық прогресстің қажеттіліктері ғана
емес, халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы,
Германияның екі жеке мемлекеттерге бөлінуі әсер етті.
[4]
Соғыстан кейінгі кезеңде өңдеуші өнеркәсіп тез қарқынмен
дамыды. Өңдеуші өнеркәсіп салаларының ішінде келесі
инвестициялық тауарларды өндіретін салалар алға шықты:
химия және мұнай химиясының өнеркәсібі, машина жасау,
электротехника, авиақұрылыс, дәлдік механика және оптика.
Сонымен қатар, пластмасса, синтетикалық талшық,
электрондық құралдар өндірісі сияқты жаңа салаларда
дамыды. Экономиканың дамуы халықтың өмір сүру
деңгейінің жоғарылауына әсер етті. 10 жыл ішінде ГФР – ы
өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша Англияны қуып жетті,
және капиталистік әлемде АҚШ – нан кейінгі екінші орынды
иеленді. 80 – ші жылдардың алғанда батыс Германияның
өнеркәсібінің жағдайы жақсы жағыннан өзгерді. Елдің
экономикасында капиталдың қорлануында жаңа процесстер
байқалды: жаңа салалардың жоғары өсу темпі, дәстүрлі
салаларды жаңа технологиялық негізде модернизациялау.
Батысгермандық тауарларының жоғары бәсекқабілеттілігінің
алғышарттарының бірі өнімнің жаңаруы болып табылады.
Сонымен қатар, құрылымдық жылжулар тек өнеркәсіпте ғана
емес, сауда саласында да байқалды, бұл өзгерістер ГФР –
ның тауар экспортының құрылымына әсер етті. Әсіресе ГФР
– ның халықаралық мамандануының негізі болып табылатын
және елдің экономикасында елеулі функционадық мәнге ие
машина жасау кешенінде күшті құрылымдық өзгерістер
болды.
Қазіргі кезде Германия өнеркәсібі елдің дайын өнімдердің
әлемдік нарығында көшбасшы болуына ықпал етті. Неміс
өнеркәсібінің неғурлым бәсекеқабілетті салаларына
келесілер жатады:
автомобиль жасау.
транспорттық машина жасау (вагон жасау, ұшақ жасау).
жалпы машина жасау (станоктар, әртүрлі қуралдар жасау).
электротехникалық өнеркәсіп.
дәлдік механика және оптика.
қара металлургия.
Өнеркәсіпте машина жасау, автомобиль, электротехникалық
және химиялық өнеркәсіп салаларының, сонымен қатар,
биотехнология сияқты жаңа салалардың да ролі арта түсті.
Германия өнеркәсібі жекеленген салаларда өз бағытын
Еуропалық деңгейге жеткізді. Мысала 1995 – 2001 ж.ж
аралығында Германияның Еуропалық Одақ бойынша
автомобиль индустриясындағы үлесі 48,2% – тен 52,6% – ке
дейін өсті, машина жасауда – 42,3% – тен 44,4% –ке дейін,
кеңселік техника және мәліметтерді өңдеу жүйесінің
өндірісінде – 24,9% – тен 29,7% – ке дейін өсті. 2003 ж. оның
ЖІӨ - і 2130 млрд евроны құрады. Және экономикалық
қуаттылықтың жиынтық көрсеткіші бойынша әлемде 1 орынға
ие. Экономикалық өсу темпі соңғы онжылдықта жылына
орташа 1,4% – ті құрады.[5]

Ұқсас жұмыстар
АҚШ-тың қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының азаматы
НЕСИЕЛІК ЖӘНЕ БАНКТІК ЖҮЙЕ
Францияның функционалдық қаржы негізі
Қазақстан-Германия Экономикалық байланысы
ГЕРМАНИЯДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ГЕРМАНИЯНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Германия мемлекетінің саяси жүйесі
АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫ – НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕРІ
Ипотекалық несие
АҚШ - тың сыртқы қарыздары
Пәндер