Моңғолия мен Ресей Федерациясының қатынастары ( 1992-2008 )


Slide 1

Моңғолия мен Ресей Федерациясының қатынастары ( 1992-2008 ) магистрлік диссертацияны таныстру

Баяндамашы

Таберек Айгерим

Әл-Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс магистранты

Во время этого доклада может возникнуть дискуссия с предложениями конкретных действий. Используйте PowerPoint для записи предложений по ходу обсуждения:

Во время демонстрации щелкните правой кнопкой мыши

Выберите Записная книжка

Выберите вкладку Действия

Вводите замечания по мере поступления

Нажмите кнопку ОК по завершении доклада

В результате в конец презентации автоматически будет добавлен слайд Действия со списком внесенных предложений.

Slide 2

мазмұны

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР

КІРІСПЕ

ТАРАУ I. ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ МОҢҒОЛИЯНЫҢ ОРНЫ

1. 1. Моңғолияның сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы

1. 2. Сыртқы саясатының басым бағыттары

1. 3. Жаһандану жағдайындағы қарым-қатынастарының жалпы сипаты

ТАРАУ II. МОҢҒОЛИЯ МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ

ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

2. 1. Дипломатиялық қатынастың дамуы

2. 2. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуы,

аймақаралық ынтымақтастық және шекара маңайындағы байланыстар

2. 3. әскери-техникалық, мәдени ынтымақтастық

ТАРАУ III. МОҢҒОЛИЯНЫҢ ШЫҰ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ҚАТЫНАСТАР ДАМУЫ

3. 1. ШЫҰ аясындағы Моңғолияның іс-әрекеті

3. 2. Қазақстан Республикасымен қатынастары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Slide 3

ҚЫСҚАРТУЛАР АҚ-Акционерлік Қоғам ААҚ-Ашық Акционерлік Қоғам БҰҰ-Біріккен Ұлттар Ұйымы ГОК-горно-обогатительный комбинат (Тау кен Байыту Камбинаты) ИТАР-ТАСС -Информационное телеграфное агентство России (Ресейдің ақпараттық телеграфиялық агенттігі) КСРО-Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

МОНЦАМЭ -Монголын Цахилгаан Мэдээ

(Монғолияның электрондық хабарламасы) ҰТЖ-Ұлан Батор Темір Жолы ҰІӨ- Ұлттық Ішкі Өнім ҰЖӨ-Ұлттық Жалпы Өнім

Slide 4

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Моңғолия қазіргі таңда әлемдік қауымдастықта өз орнын тиімді анықтап, 21-ші ғасырдағы жылдам өзгерістер мен технологияның дамуы нәтижесінде пайда болған жаһандану үрдісінен қалыс қалмау үшін күш жігерін жұмсауда. Өзаратәуелді, өзарабайланысты болып келе жатқан әлемде бәсекелестік қабілетін арттырып, глобалдық қатынастарға кіру туралы мәселе алға қойылып отыр.

Евразия материгінің екі алып державалары ҚХР мен Ресей Федерациясының арасында “буфер” орналасуы, жер көлемінің үлкендігіне қарамастан халық санының аз болуы Моңғолияны сыртқы күштердің жасырын бәсекелестіктің нысанасына айналдырып отыр.

1990-шы жылдардағы демократиялық қайта құру кезеңдерінің басталуымен Моңғолия да ішкі дамуына назар аударумен қатар жоғары дамыған АҚШ, ЕО, Жапония секілді елдермен және халықаралық институттармен қатынасын жоғары деңгейге шығаруға бағытталған үрдістер кезеңін бастан өткізді. Бұл заңды құбылыс еді. Себебі КСРО-ның жетегінде кетіп, социалистік жүйеде өткізген 70 жыл уақыт бойында әлемнің басқа елдерімен қатынасына көп көңіл бөле қоймаған Моңғолия жаңа жағдайда, мемлекеттілігінің жаңа кезеңінде жаңа белестерге жету мүмкіндігіне ие болды. Әлемдік қауымдастыққа толыққанды мүше болу Моңғолияның ұлттық мүддесіне, саяси құрылым және экономикасының дамуына маңызды болды.

Аса ірі аумақты қамтығанына қарамастан халық санының аз болуы, ашық теңізге шыға алмауы Моңғолияға бірқатар қиыншылықтармен бетпе-бет келуіне алып келді. Моңғолияның Орталық Азияның басқа да мемлекеттерімен тарихи тәжірибесі бір болғандығы бізге белгілі. Орталық Азияның жерінде дамыған көшпенділер өркениетінің бір кезде Еуропаға да күшті әсер еткенін ұмытпау керек. Осы өркениеттің дамуына Моңғолияның сіңірген еңбегінің зор болғанын, жалпы адамзат дамуында із қалдырғанын ескерген абзал. Моңғолияда өзінің ата салт-дәстүрін сақтап, біртектілігін жоғалтпаумен қатар, демократиялық үрдістердің де жақсы дамып келе жатқандығы әлем назарын осы мемлекеттке аударуға себеп болып отыр.

Slide 5

Негізгі мақсаты мен міндеттері. Осы тақырыптың өзектілігін ескере отырып, мақсатын айқындададық. Зерттеу жұмысының мақсаты, Моңғолияның халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын, 1990-шы жылдардан кейінгі сыртқы саясаттағы бағыттарын анықтау, Моңғолия мен Ресей Федерациясы арасындағы қатынастардың қалыптасуы мен даму үрдістерін көрсету.

Зерттеу мақсатына сәйкес оның міндеттері төмендегідей:

- Моңғолияның қазіргі кездегі әлем елдерімен қатынасын анықтау, басым бағыттарын айқындау, сыртқы саясат ерекшеліктерін анықтау,

- Ресей Федерациясымен қатынасындағы басымдылықтарды көрсету, Моңғолия мен Ресей Федерациясы арасындағы қатынастардың, сауда-экономикалық, саяси, мәдени ынтымақтастықтың қалыптасуы мен даму үрдістерін көрсету

- Моңғол-ресей қатынастарын талдау арқылы Ресейдің Моңғолиядағы нақты мүдделеріне сараптама жасау

- Ортақ тарихи тәжірибесі бар Қазақстан Республикасымен қатынасындағы ерекшеліктерді айқындау, ШЫҰ аясындағы байланыстарды сараптау

- Ғылыми, теоретикалық сараптамалық еңбектер, авторлық жұмыстарды пайдаланып, нақты тұжырымдар жасау

Slide 6

Тақырыптың зерттелу тарихнамасына шолу. Моңғолдық зерттеушілер Баярхүү Д, Дамдинсүрэн С, Хайсандай Л, Дүгэрсүрэн М, Гомбосүрэн Ц, Дэмбэрэл Х, Баабар Б, Галиймаа Н қатарлы ғалымдар Моңғолияның сыртқы саясаты, сыртқы әлеммен қатынасын зерттеуде аянбай еңбектеніп, өз үлестерін қосты. Кеңестік-ресейлік ғалымдар Е. А. Белов, Е. В. Бойкова, Л. М. Гатауллина, А. А. Гербова, В. В. Грайворонский, М. И. Гольман, С. Г. Лузянин, Ш. Г. Надиров, Д. Б. Улымжиев және т. б-лардың еңбектерінен Моңғолияның сыртқы саясаты туралы оқып танысуға болады. Дегенмен дәл 1990 жылдардан кейінгі постсоциалистік кезеңдегі оқиғаларды жиынтықты түрде қамтитын еңбектер өте аз деуге болады. Зерттеушілердің көбісінің зерттеулері сауда - экономикалық, Моңғолиядағы экономикалық-саяси бетбұрыстарға арналған .

Сонымен қатар жиынтықты сипаттағы зерттеуге В. Ц. Ганжуров, Г. С. Яскина, О. А. Джагаева қатарлы ғалымдардың монографияларын жатқызуға болады. В. Ц. Ганжуров және О. А. Джагаеваның еңбектерінде 1995 жылға дейінгі тарихи оқиғалар туралы баяндалса, профессор Г. С. Яскина басқа көзғарас тұрғысынан яғни Моңғолияның сыртқы әлеммен байланыс, қатынастары туралы тілге тиек етеді.

Осы тақырыпқа байланысты батыстық ғалымдар К. Боуден, О. Латтимор, А. Сандерс, Б. Эллеман, Т. Юинг, У. Баркман, Катерина Лакс зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Зерттеу көздері: Зерттеу жұмысының барысында Моңғолияның Ата Заңы, Моңғолия Үкіметінің Іс-қимыл бағдарламасы, Сыртқы Саясат Тұжырымдамасы, заңнамалық актлер, ресми құжаттар, басқа мемлекеттермен қатынасын реттейтін келісімдер, шарттар;

-монғол, қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдерінде жарияланған басылымдар, газеттер, журналдар, мақалалар жинағы, интернеттік дереккөздер, диссертациялық жұмыстар зерттелініп, пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрамы мен өлшемі - диссертациялық жұмыс қысқартудан, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу әдістері: Диссертациялық жұмыста тарихи-салыстырмалы, сараптамалық,

экономикалық- статистикалық, социологиялық және басқа да зерттеу әдістері қолданылды.

Slide 7

ТАРАУ 1. ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ МОҢҒОЛИЯНЫҢ ОРНЫ 1. 1. Сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы

Моңғолияның мемлекеті мен халқы үшін саяси маңызды оқиғаның бірі 1992 жылы жаңа демократиялық Ата Заңының қабылдануы еді. Ата Заңда Моңғолия адами, азаматтық, демократиялық қоғам орнату мақсатындағы егеменді, тәуелсіз мемлекет. Мемлекеттіктің негізгі қағидалары демократия, әділеттілік, теңдік, ұлттық бірлік, заңның басымдығын қамтамасыз етуде. Адам құқығы және бостандығы туралы ата заңда ерекше аталынып, адамды ұлт, этникалық шығу, тіл, тері түсі, жасы, жынысы, шығу тегі, жұмысы, лауазымы, діни сеніділігі, біліміне қарай шеттетуге тиым салынған. 6

Ата заң бойынша, Моңғолия басқарудың президенттік түріндегі парламентттік республика. Президент мемлекет басшысы және халық пен мемлекеттік билік бірлігінің нышаны әрі дәріптеушісі. Ата Заң бойынша президент болып Моңғолияның 45 жысқа толған, соңғы бес жылда отанында тұрғылықты тұрып жатқан жергілікті азаматы сайланады. Басқару мерзімі 4 жыл. Халық билігінің жоғарғы ұйымы -бір палаталы парламент-Ұлы Мемлекеттік Хурал. 6 Қоғамдық және саяси белсенділігінің көрінісінің дәлелі 2, 4 млндай халқы бар мемлекетте 1000-ға жуық мемлекеттік емес, қоғамдық ұйымдар тіркелген.

1989-1999 жылдардағы 10 жыл ішінде Моңғолия әлемнің 38 елімен жаңадан дипломатиялық қатынастар орнатып, 1979-1989 жылдармен салыстырғанда 2 есе көбейді. Қазіргі кезде 141 елмен дипломатиялық байланыста, 80-дей елмен сауда-саттық қатынастарын жасайды, халықаралық 75-тей келісім шартқа қол қойған. Үкіметаралық 48 ұйымға мүшелікке ілескені Моңғолияның сыртқы саясатының ашық сипатта, көп тұғырлы, белсенді саясат жүргізгенінің нақты көрінісі болып табылады. Ұланбатырда 17 елдің өкілдіктері, 8 құрметті консулдық, 8-ден астам халықаралық ұйым орналасқан. Әлемнің 35 мемлекетінде Моңғолияның дипломатиялық өкілдіктері бар.

1961-шы жылдан бастап БҰҰ-на мүше. 1994-шы жылдан бастап БҰҰ-ның даму бағдарламасына белсенді қатыса бастады. (UNDP) -ден шығарылатын “Human Devolopment Report”-да Моңғолия жаңа қауіпсіздік өлшемдеріне сәйкес қызмет жасауды алға қойды. Оған: экономикалық, тағам, денсаулық, қоршаған орта, жеке, саяси қауіпсіздік жатады. Бұл бағдарламаның негізі ретінде ұлттық мемлекеттердің дәстүрлі “қатты” мүдделерден бас тартып, ”жұмсақ күш” арқылы мемлекеттер арасында дипломатия орнату мәселесі қарастырылған. Халықаралық валюта қоры (IMF), Халықаралық даму және қайта құру банкі (IBRD), Азия даму банкісі (ADB) не 1991-ші жылдан мүше, 1997-шы жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына (WTO) мүше болу өтінішін берген.

Slide 8

1. 2. Сыртқы саясатының басым бағыттары

Монголияның әр кезеңдегі үкіметі өтпелі кезеңде сыртқы саясатының мирасқорлығын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлген, 1996, 2000-ші жылдардағы парламент сайлауында жеңіске жеткен Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасында Сыртқы саясаттың тұжырымдамасын реформалап, дамытты. Осында:

Басым бағыттағы екі жақтық қатынас

1) Монголия-Ресей Федерациясының қатынасы

2) Монголия-ҚХР-ның қатынасы

3) Монгол-АҚШ-тың қатынасы

4) Монголия-Жапония қатынасы

Белсенді сыртқы саясат бағыттары

1) Азия-Тынық мұхит аймақтары

2) Еуропа ( Еуропалық одақ және экссоциалист мемлекеттер)

3) Орталық Азия

4) Таяу Шығыс, Африка

5) БҰҰ, халықаралық ұйымдар

Көпжақты қатынасқа қатысуы

1) Азия-Тынық мұхиты, Солтүстік Шығыс Азия, Орталық Азияның қауіпсіздік туралы келісімі, экономикалық, саяси интеграция;

2) АСЕАN-ның аймақтық форумы, APEC, Азия-Еуропаның көпжақты келісімі; 11

Сыртқы саясаты

1) сыртқы саяси саясат

2) сыртқы экономикалық саясат

3) ғылыми-технологиялық сыртқы саясат

4) мәдени-гуманитарлық сыртқы саясат

Slide 9

1. 3. Жаһандану жағдайындағы қарым-қатынастарының жалпы сипаты

Қазіргі жаһандану заманында қандай да бір мемлекет жеке дара өзіндігінен өз қажеттілігін қамтамасыз етуі мүмкін емес, халықаралық қатынастардың күннен-күнге күшейіп келе жатқан өзара іс-әрекет ету арқылы ғана өз егемендігін, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мүддесін қорғап, дүниежүзілік сауда, экономикада өз орнын тауып, ұлттық артықшылығына сүйене отырып, басқа елдермен қарым-қатынасқа түседі. Осылайша белгілі бір салаларда өз ерекшелігін пайдалана отырып, сыртқы сауда, ынтымақтастықтан пайда тауып, жаңа техник, технологияны қолданып, шетел инвестициясын тартып алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Осылайша көптеген мемлекеттер ішкі жалпы өнімінің бөлігін шетелде өндіріп, өзіне пайдасыз немесе өзінде жоқ өнімдерді сауда жолымен игеріп алады. Белгілі бір аймақтарға жататын мемлекеттер де мәдениет, салт-дәстүр, экономикалық даму, халқының өмір сүру деңгейіне қарай транспорттың шығыны аз шығатындықтан, қандай да бір аймақтарға ілесу қажеттілігі туындайды. Сондықтан әлемдегі аймақтық барлық елдер өзара ынтымақтаса отырып, аймақтық ұжымдарын құрып отырғаны белгілі. Азия-тынық мұхит аймағында АРЕС, АСЕАН, СВМДА, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы қатарлы көптеген үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар, форумдар қазіргі таңда құрылып, өз жұмысын жүргізіп келеді.

Моңғолия әлемдік осынау өте күшті үрдістің сыртында бола алмайды. Жаһандану және демократия кеңінен таралып, технологиялық төңкерістердің өрлеуі өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқан 21-ші ғасыр Моңғолияға тарихи сипаттағы мүмкіндік беріп отыр. Ашық теңізге шыға алмау, географиялық тұрғыдан қашықта орналасудың кері әсерін жеңіп шығып, халқының ой-санасының қуатына негізделген жылдамдықпен даму мүмкіндігін ақпараттық ғасырдың жаңа технологиясы беріп отыр. Қазіргі кезде Моңғолия жаһандануға ілесіп біріге ме, жоқ па деген таңдау туралы әңгіме болмауы керек. Қайта күннен-күнге өзаратәуелді, өзарабайланысты болып келе жатқан әлемде бәсекелестік қабілетін арттырып, жаһандық қатынастарға кіру туралы мәселе қойылып отыр.

Slide 10

ТАРАУ 2. МОҢҒОЛИЯ МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

2. 1. Дипломатиялық қатынастың дамуы

1921 жылдың 11. 5-нде Мәскеу қаласында Ресей мемлекетінің Монголиянының тәуелсіздігін мойындағаны туралы келісім-шарт орнаған болатын. Осы тарихи келісім-шарт екі мемлекеттің достық қатынасы, ынтымақтастығын дамытыудың негізін қалап, Моңғол елінің тәуелсіздігін сақтап, нығайтуға айрықша үлес қосты. Ұлттық кадрлерді дайындау, қазіргі заманға сай өнеркәсіп, денсаулық және білім жүйесін қалыптастыру ісінде бастамашыл сипатта болды. Осы келісімшарт Моңғолия үшін алғашқы халықаралық тең құқықты шарт болып есептеледі.

Ресей-Моңғолиямен дипломатиялық қатынас орнатқан алғашқы мемлекет. Моңғолияның өсіп өркендеу, дамуына баға жетпес көмек ұсынған ел.

Қазіргі таңда Моңғолия РФ-мен қатынасын сыртқы саясатының бірінші кезектігі басым бағыты деп есептейді. Бұл Моңғолияның сыртқы саясат тұжырымдамасында көрініс береді.

Ресей мен Моңғолияның қатынастарының 1, 2 кезеңдеріне 1996 жылғы Ресейдің бастамасымен болған жоғарғы деңгейдегі саяси байланыстар, 2, 3 кезеңдеріне 2000 жылғы В. В. Путиннің ресми сапарын атауға болады. Моңғол Халық Республикасының негізгі экономикалық демеушісі, мемлекеттік тәуелсіздігінің кепілі болып келген Кеңес Одағы ыдырап, Экономикалық өзара көмек кеңесінің іс-әрекетінің тоқтатылуы Моңғолияны бірқатар қиын жағдайға әкелді. Қазіргі Ресей бұрынғы Кеңес Одағы секілді Моңғолияның одақтасы, қорғаушысы, доноры болудан қалып, ”үлкен аға-іні” деген қатынас келмеске кетті. Әлемдің жаңа жүйеде басқа да әлем елдерімен қатынас орнату қажеттілігі туды. Ресей - Моңғолия қатынастары жаңа қағида мен сипатқа ие болу керек болды.

Slide 11

1993 жылғы қаңтар айындағы сол кездегі Моңғолия Президенті П. Очирбаттың Ресейге ресми сапары кезінде достық қатынас және ынтымақтастық туралы келісімшарт орнады. Осылайша екі ел арасындағы қатынас тарихының жаңа кезеңі басталды. Осы келісімшарт тәуелсіз егеменді екі ел арасындағы өзара байланыстың жаңа қағидаларын бекітіп, ары қарайғы саяси, әлеуметтік, экономикалық-гуманитарлық қатынастың болашағын айқындады

1996 жылы күзде сыртқы істер министрі Е. М. Примаков Ұланбатырға ресми сапармен келді. Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастыққа айрықша мән беріліп, сыртқы экономикалық қатынасқа керек барлық мүмкіндіктер мен қорларды пайдалану керектігі сөз болды.

2006 жылы Ресей федерациясының Үкімет үйі басшысы М. Фрадков Моңғолияға ресми сапармен келіп, Ұлы Моңғол елі орнағанының 800 жылдық мерекелік іс-шараларға қатысуы ары қарайғы екі елдің ынтымақтастығына маңызды әсер етті. Сапар барысында үкімет аралық және ұйым аралық бірнеше келісім, шарттарға қол қойылды.

Slide 12

РФ президенті В. В. Путиннің шақыруымен Моңғолия президенті Энхбаяр 2006 жылғы қаңтардың 4-9 аралығында Мәскеуге мемлекеттік іс-сапармен барды. Ашық және сенімді түрде өткен келіссөз барысында екі ел басшылары 2000 жылғы қарашаның 14 күнгі Ұланбатыр декларациясының қабылданғаннан кейінгі кезеңдегі екі жақты қатынастың дамуы барысын қорытындылады, моңғол-ресей қатынастарының ары қарай дамуы, тереңдеуі мәселесін талқылады, аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Келіссөз соңында «Мәскеу декларациясына» қол қойды. Бұл екі жақтың ынтымақтастығының жаңа сатыға көтерілуінде маңызды құжат болып есептеледі. 2006 жылы Ресей федерациясының Үкімет үйі басшысы М. Фрадков Моңғолияға ресми сапармен келіп, Ұлы Моңғол елі орнағанының 800 жылдық мерекелік іс-шараларға қатысуы ары қарайғы екі елдің ынтымақтастығына маңызды әсер етті. Сапар барысында үкімет аралық және ұйым аралық бірнеше келісім, шарттарға қол қойылды. Моңғолия және Ресей федерациясының сауда, экономикалық ынтымақтастықты дамытуға монғол-ресейдің сауда, экономика, ғылыми ынтымақтастықтың үкімет аралық комиссиясы маңызды рөль атқарады. 2006 жылы комиссияның және шекара маңайындағы ынтымақтастықты дамыту туралы комиссияның мәжілістері болып өтті. Қазіргі кезде сауда-экономикалық ынтымақтастық басым мағынада болғандықтан, мұндай тетіктер нәтижесін береді деп күтілуде.

Slide 13

2. 2. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуы

Моңғолиядағы Шетелдік капитал мемлекеттік, жекеменшік немесе аралас түрде және де халықаралық ұйымдардың капиталы ретінде болады. Моңғолияның экономикасына шетел инвестияциясы тікелей және портфельдік, кредит түрінде құйылады.

Тікелей шетел инвестициялары негізінде төмендегідей салаларды қамтиды.

Геологиялық барлау және тау кен өндірісі-20, 3%

Жеңіл өнеркәсіп-19, 28%

Жан-жануарлардан алынатын шикізатты өңдеу-11%

Құрылыс және инженерлік іс-8%

Ғылым және ағарту-9%

Телекоммуникация-6%

Туризм-4%

Сауда, мейрамхана ісі және т. б-22, 42%

1991-2000 жылдар аралығында ресей кәсіпкерлерінің салған инвестиция жалпы көлемі 47 млн. долл. ды құрады. Инвестиция құюға өте қолайлы кезең 2000 жыл болды. Шетел инвестициясы 91млн. ға жетіп, ресейдің инвестициясы 32 млн долл. ды құрады. Осылардың негізгі бөлігі «Газпром», «Итера» компаниясына тиесілі.

Slide 14

2. 3. Аймақаралық ынтымақтастық және шекара маңайындағы байланыстар, әскери-техникалық ынтымақтастық

Моңғолия және Ресей Федерациясы арасындағы қатынастардың деңгейі мен дамуы Қиыр шығыстағы халықаралық жағдайдың, соның ішінде ресей - қытай, моңғол - қытай арасындағы қатынаспен тікелей байланысты. Осы қатынастар шеңберіне Ресей Федерациясы мен Моңғолияның қиыршығыстағы шекараларының бейбіт, тұрақтылықта болуы, сыртқы саяси және экономикалық қауіпсіздігін алып қарастырған орынды. Ресейдің аумақтық құрылымын федерациялауда шекаралық-аймақтық деңгейдегі қатынас Мәскеудің стратегиясының маңызды бөлігіне айналды. Ұланбатыр да бұл үрдістен тысқары қала алмайды.

Моңғолия Ресейдің шекара маңындағы аймақтармен қатынастарда байсалды саяси, экономикалық ойыншы рөлін атқарады. Моңғолиямен шекараласатын субьектлердің ( Буриятия, Тува ) мүддесіне қатысты Федеральдық Орталықтың жүргізілетін қандай да бір іс-әрекеті Моңғолияның мақсаты мн мазмұнын есепке алуынсыз іске асырылуы мүмкін емес. Шекара маңайындағы қатынастар жаңа қызметтік міндетті яғни транзиттік трансшекаралық сауда белсендендірілуіне ықпал етеді. Аймақтардың шекаралық жағдайы әлеуметтік-экономикалық дамудың жақсаруындағы маңызды факторға болып отыр.

Моңғолия мен РФ әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту, толыққанды ету, юстиция, құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының өзара тікелей ықпалдастығын дамыту, әсіресе ақпарат алмасу және жаңа қауіп-қатерлермен күресуде қолдау көрсету саласындағы ынтымақтастықты күшейте түседі.

1995 жылғы 26 мамырдағы екі ел ұлттық қауіпсіздік кеңестерінің ынтымақтастығы жөніндегі хаттама негізінде РФ және Моңғолия ұлттық қауіпсіздік кеңестері ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-әрекетті нығайтады.

Slide 15

Әскери оқуды ұйымдастыру үшін Ресейден сауытты техниканың, авто техниканың, байланыс, ауа шабуылынан қарсыласып қорғану әскери техникасының қару жарағынан тұратын 17 контейнер жіберілді. Барлығы 3 триллион төгрөгтің қару жарағы жіберілді. Осылардың барлығын моңғол жағына ақы- пұлсыз қалдыратын болады. Оның сыртында әскери оқыту кезінде пайдаланатын жанармайдың құнын да төледі. Оқыту екі ай бойы Төв аймағының Зуунмод, моңғолдың мото ату комитеті орналасқан Эрдэнэт қаласында өтеді. Моңғолияның премьер-министрі С. Баяр, Қорғаныс министрі Болд, Қарулы күштердің бас штабының басшысы Тогоо қатарлы адамдар Төв аймағында осы айдың 8-нде әскери оқытуды ашу салтанатына қатысты. Осы оқыту қандай құжаттар негізінде Моңғолияда жүрілмекші?

Екі ел 1994 жылы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт жасасқан. Сонымен қатар 2004 жылы қол қойылып, осы жылы 3 жылға мерзімін ұзартқан әскери қайтарымсыз көмек көрсету туралы шарт бар. Осы жолғы оқыту жоғарыдағы заң қарар, құжаттарға негізделген, ақысыз қағидат бойынша жүзеге асырылады. Моңғолия осындай шартты әлемнің басқа ешбір елімен орнатқан емес. Тек қана әскери ынтымақтастық туралы келісімдерді бірнеше мемлекетпен жасаған. Бірақ бұл келісімдер бойынша тек өкілдер алмасу, адамдарды оқыту ғана іске асырылуда.


Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясы жайлы
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін
Қазақстан - Ресей байланысы
Транспорт
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат - бейбітшілік, соғысты болғызбау
Қазақстан мен Ресей реформалары
Қатысушы аймақтар
Рахат акционерлік қоғам
Жібек жолы бағдарламасы
Фармакопея
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz