Ағзалар мен орта қарым-қатнасы
Презентация қосу
Экология пәні,
анықтамасы, мақсаттары
мен міндеттері.
«Мекендеу ортасы» және
«экологиялық фактор»
түсінігі мен жіктелуі.
Орта факторлары және
олардың ағзаларға ecepi.
Бейімделу.
Экология пәні, анықтамасы, мақсаттары мен міндеттері.
Жаратылыc құбылыстарының ықпалымен,
адамзаттың ic-қарекетінің, тіршілігінің салдарынан
қоршаған табиғи ортаның өзгеру заңдылықтарын
қарастырып, оған тәуелді және байланысты заттар
мен құбылыстарды анықтайтын жаратылыстану
ғылымының бip бөлігі - экология.
Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 жылдары
қалыптасты. "Экология" терминін 1869 жылы бірінші болып
енгізген — неміс ғалымы Э.Геккель. Латын тілінде "ойкос" - уй,
отан, мекен, ал "логос"- ілім, ғылым, сөзбе-сөз аударғанда —
тіршілік мекені туралы ғылым.
Осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі бойынша:
«Экология - организмдердің тіршілік ету
жагдайларын және организмдер мен олардың
тіршілік ету ортасы арасындағы өзара
байланыстарды зерттейтін ғылым».
Американ ғалымы Ф.Клементс (1920 ж) : "Экологияны бірге өмір
сүретіп өсімдіктер мен жануарлар туралы ғылым"
Улыбритания ғалымы Ч.Элтон (1930 ж): "Экологияның негізгі
міндеті — түрлердің популяциясы мен олардың санының
динамикасын зерттеу туралы ғылым”;
III Экологиялық конференцияда (Киев, 1955 ж): «Экология ғылымы
түрлердің популяция санының өзгеруі және өзара әрекеттесуші түр
топтарының - биоценоздардың - дамуы процестеріне байланысты,
организмдер мен қоршаған ортаның өзара байланысының өзгеріске
үшырауын зерттеу туралы ғылым;
К.Фридерикс (1958 ж): «Экология mipшiлік иелері туралы ғылым»;
И.Карпентер (1962 ж.) «Экология қауымдастықтар туралы
ғылым»;
Американ ғалымы Х.Б.Одум (1963 ж.): «Экология - табиғи
құбылыстарды энергетикалық тұрғыдан зертттеумен
сипатталатын, табиғаттың құрылымы туралы ғылым»;
Т.Льюис пен Л.Тейлордың пшрініне (1966ж.): «Экология -
индивидтердің, популяцияның және популяция қауымдастыгының
қоршаған ортаның өзгерісіне қалай әсерін зерттейтін ғылым».
Ю. Одум: «Экология — табиғат пен
қоғамдағы коп деңғейлі жүйелердің
құрылысы мен тіршілік қызметі және
олардын өзара байланысы түралы
пәнаралық білiмдер саласы».
Э. Геккель: «Экология деп, бiз табиғат экономикасына
қатысты барлық білiмдердi - жануарлардын, оны
қоршаған органикалык және бейорганикалык ортамен,
әcipece, өзiмен тiкелей немесе жанама қатынаста
болатын жануарлармен және өсiмдктермен өзара
ынтымактастық немесе қастастық, жаулық
әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінемiз.
Бip сөзбен айтқанда, экология, Дарвин тіршілік үшін
кұресті туындатушы жағдайлар деп атаған, барлық
кұрделі қарым-қатынастарды зерттеу болып
табылады».
Соңғы уақытта экология анықтамасы былай тұжырымдалып
жұр: «Экология - биосфера тепе-теңдігін жан-жақты
Эрнст Геккель
қарастыратын, оның бұзылу себептерін болжайтын, Ernst Haeckel
анықтайтын және тепе-теңдіктен ауытқудың (1834-1919)
Экология ғылымының мақсаты, зерттеу объектілері,
міндеттері
Экология ғылымының негізін мақсаты:
Биосферадағы тепе-теңдіктердің бұзылу себептерін
болжау және оны болдырмау, қоршаған табиғи ортаны
сақтау.
Экология ғылымының зерттеу объектглері мен
міндеттерін 1930 ж. Плантефоль жақсы анықтап берді:
физиолог жасанды ортаға әкеліп орналастырылған
организмдерді зерттейді де, алынған жеке-жеке
деректерді синтездейді; эколог болса, организмді
күштер әсер ететін, унемі өзгеріп тұратын табиғи
ортада зерттейді.
Экологияның міндеттері:
ағзалардың қоршаған ортамен байланысын зерттеу;
популяцияның өзара байланысы мен бейімделу
реакцияларын, олардың өмір сұру жағдайларына
байланысты зерттеу.
Тipi материяның ұйымдастырылу деңгейлерінің спектрі
Экология ғылымының жіктелуі
Экологияның зерттейтін негізгі аймағы - экожуйелер деңгейі
және ілгеpi тұрған деңгейлерді де.
Экожүйелер мен биоценоздарды зерттейді жалпы экология.
Кейде биоценологияны жеке ғылым ретінде де қарастырады.
Экологияның айрықша міндеті – тipi табиғатты экологиялық
жүйелер деңгейінде зерттеу.
Ағзалар экологиясы (аутэкология) ағзаның қоршаған ортада
тіршілік етуінің шекараларын анықтап, ағзалардың орта
факторларының әсеріне жауап беруін және олардың орта жағдайларына
бейімделушілігін зерттейді.
Популяциялық экологияның (демэкология) міндеті
популяциялардың құрлымы мен санының динамикасының, тіршілік
етуінің жалпы заңдылықтарын зерттеу.
Бірлестіктер экологиясы (синэкология) бірлестіктердің
(биоценоздардың) ұйымдасу заңдылықтарын, құрылымын және
қоректену тізбегіндегі заттардың биотиқалық зат айналымы мен
энергияның трансформациясы ретінде көрінетін қызметін зерттейді.
Зерттейтін нақты объектілері мен ортасына қарай экологияны
топталады:
адамзат және жан-жануарлар экологиясы;
өсімдіктер экологиясы;
микроорганизмдер экологиясы.
Биосферадағы тепе-теңдік бұзылса, оның:
өсімдіктерге және жануарларға әсерін – биологиялық экология;
адамдарға әсерін – медициналық экология;
қоғамға әсерін – әлеуметтік экология.
Өндіріс қалдықтарын болдырмау немесе азайту, және де бұл
қалдықтарды заласаздандыру проблемаларын инжәнерлік
экология салалары зерттейді.
Осылайша топталған экология құрылымы (структурасы) суретте
келтірілген:
Ағзалар және олардың мекендеу ортасы.
Аутэкология жекеленген тipi ағзаны - жануар, өсімдік немесе микроағза, оның
қоршаған ортамен өзара қарым-катынасын, экологиялық факторлардың
ағзаның күйі мен тіршілік қызметіне тікелей не жанама әсерін және оларға
ағзаның бейімделушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы беретін
жауаптарын зерттейді.
Сыртқы орта дегеніміз қарастырылып отырған объектіден немесе субъектіден
тыс жатқан бірақ олармен тікелей байланыстағы табиғи күштер мен құбылыстар,
оның заттары мен кеңістігі.
Экологиялық орта деген түсінік сыртқы ортамен бірдей, алайда мұнда тipi
ағзаға немесе объектілерге тipi заттардың қатысуы қосылады.
Қоршаған орта объектімен немесе субъектімен тікелей байланыста болатың
сыртқы ортамен бірдей орта.
Қоршаған ортаға - ағзаны коршап жатқан, оның күйі мен тіршілік қызметіне
тікелей не жанама әсер ететін нәрсенің барлығы жатады.
Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз Жерде пайда болған табиғи орта мен адам
колымен жасалған техногенді орта кіреді.
Кейбір өсімдіктер түрінің немесе жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайы
бар ортаны сипаттау үшін мекендеу ортасы деген терминді қолданады.
Биосферада ағзалар мекендейтін төрт орта бар: 1. су (гидросфера);
2.жер беті (атмосфера); 3. топырақ қабаты (литосфера); 4. басқа ағзаның
денелері.
Экологиялық факторлар
Табиғи жағдайда ағзалар көптеген факторлардың ықпалына
үшырап отырады.
Табиғи ортада жүретін процестерге қозғаушы куш ретінде
ықпалын тигізетін күштерді немесе жағдайларды фактор деп
атайды.
Тіршілік иелері бейімделу реакцияларымен жауап қайыратын кез
келген орта жағдайының ішкі және сыртқы күшін экологиялық
фактор дейді.
Экологиялық фактор дегеніміз - ағза бейімделушілік реакциялар
не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез
келген элементі немесе жағдайы.
Экологиялық факторлар бөлінеді:
• абиоталық - тіршіліксіз орта факторлары;
• биоталық, - тipшiліri бар ортаның факторлары;
• антропогенді факторлар - адам қызметінің қоршаған ортаға
тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға
шығарылуы, топырақ кабатының бұзылуы, табиғи
Экологиялық факторлардың жіктелуі
Ағзалардың қоршаған орта факторларының әсеріне бейімдеушiлiк
дәрежесін бағалауға негізделген (А.С. Мончадский) жіктелу бойынша
барлық экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді:
Біріншілік (первичный) периодты түрде ықпал етуші факторлар –
жердің айналуы, жыл мезгілдерінің ауысыуы, күн көзі сәулесінің
жарықтандыру құбылыстары;
Екіншілік (вторичный) периодты түрде ықпал етуші факторлар -
біріншілік периодты түрде ықпал ететін факторлар әсерінің садары:
ылғалдық, жауын-шашын, температура, суда еріген газ құрамы т.б.;
Периодты түрде ықпал етпейтін факторлар - әр түрлі стихиялық
құбылыстар (дауылды желдер, найзағай, өрттер), өнеркәсіп, өндіріс
сарқынды суларының құрамы, сонымен қатар адамның шаруашылық
қызметі.
Абиотикальқ фактор деп тipi ағзаларға тікелей немесе жанама тұрде
әсерін тигізетін бейорганикалық табиғаттың құбылыстары мен құрамды
(тіршіліксіз) бөліктері (температура, қысым, радиациялық фон,
ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың топырақтың кұрамы
және т.б.). Ортаның абиоталық факторлары Жердегі тіршіліктің
тұрақтылық шегін анықтайды, олардың табиғаты физикалық-химиялыққа
жатады.
Н.Н.Понамареваның ұсынысы бойынша (1975 ж.) ортаның экологиялық
факторлары келесідей жіктеледі:
Абиоталық факторлар
климаттық - жылу, жарық, температура, ылғал, ауа ағыны, қысым;
эдафогенді (эдафос-топырақ) - механикалық құрылымы, құрамы, ылғал
сыйымдылығы, ауа өткізгіштігі, тығыздығы;
орографиялық – рельеф, деңгейінен биіктік, беткей экспозициясы;
химиялық - ауаның газ құрамы, судын тұз құрамы, концентрация,
қышқылдық, былай айтканда – химиялық элементтерді мен
қосылыстардың әсері – болып бөлінеді.
Климаттық фактор деп Жердің бетіне күн энергиясының келу
ерекшеліктерінен, ауа массаларының айналысынан, жылу мен ылғалдың
теңдестігінен, атмосфералық қысымның динамикасынан және басқа да
метеорологиялық элементтерден тұратың факторларды айтады.
Климаттық факторларға жатады:
температура,
ылғалдылық,
жарыктык режим (жарық, жарықтың мөлшері),
қысым,
атмосфералық жауын-шашын,
күн радиациясы және т. б.
Жарыққа қатысты өсімдіктер бөлiнеді:
гелиофиттер (грек тілінен аударғанда helios - күн, phyton -
өсімдік),
сциофиттер (грек тілінен аударғанда skia - көлеңке)
факультативті гелиофиттер (көлеңкеге төзімді өсімдіктер).
Гелиофиттер (жарық сүйгіш түрлер) - жарық жақсы түсетін ашық
жерлерде өседі (бидай, қарағай, майқарағай).
Сциофиттер (көлеңке сүйгіш өсімдіктер) - күшті жарықты көтере
алмайды, үнемі көлеңкеде орманның көлеңкесінде өседі (орманда
өсетін шөп-тесін өсімдіктер, папоротниктер, мүктер, ашқылтым
шөптер).
Факультатиті гелиофиттер (көлеңкеге төзімді өсімдіктер) -
жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді
(орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман
шөптері мен бұталары).
Жануарларда ағзаны қолайсыз температуралардың әсерінен
қорғауга бағытталған морфологиялық бейімделулер қалыптасқан.
Бергман epeжeci (1847 ж.) бойынша түрдің немесе біртекті
жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі жылықанды
жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған.
Термодинамика тұрғысынан ағзаның жылуды жоғалтуы оның
салмағына емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады.
Неғұрлым жануар ipi және денесі шағын болған сайын оған тұрақты
температураны ұстап тұру жеңіл. Ал неғұрлым жануар ұсақ болса,
оның салыстырмалы ауданы жоғары және жылу жоғалтуы да, зат
алмасу деңгейі де, энергия жоғалтуы да жоғары.
Аллен epeжeci (1877 ж.) бойынша дене температурасы тұрақты
жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы
бөліктері кішірейеді.
Өз денесінің температурасын реттей алмайтың жануарлар түрлерін
пойкилотермді
Кең ауқымды температура ауытқуында белсенді тіршілік ететіндерді
эвритермді
Температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын
стенотермді деп атайды.
Абиоталық факторларға жатқызуға болады:
физикалық өрістерді (гравитациялық, магниттік, электрмагниттік),
иондаушы және өткіш радиацияны,
орта қозғалыстарын (акустикалық тербеліс, толқындар, жел, ағыс,
тасу),
табиғаттағы тәуліктік және маусымдық өзгерістерді.
Эдафикалық фактор
Эдафикалық фактор - топырақ ерекшеліктерімен анықталатың фактор,
сондықтан оны топырақтык фактор деп те атайды.
Топырақтың әр түрлі қасиетіне байланысты өсімдіктерді бірнеше
экологиялық топтарға белуге болады.
Топырақтың қышқылдығына қарай: 1) ацидофильді түрлерге - олар рН
6,7 төмен кышқылды топырақтарда өседі; 2) нейтрофильді – рН 6,7-7,0
тең топырақтарда өсетін өсімдіктер (мәдени өсімдіктердің көпшілігі); 3)
базифильді – рН мағынасы 7-ден жоғары топырақтарда өсетіндер (ұлпа
гүл); 4) индифференті – рН әртүрлі топырақтарда өсе алатыңдар
(інжугүл).
Топырақтың жалпы құрамына қарай: 1) олиготрофтыларға – коректік
заттарды (оның ішінде минералды заттарды) көп қажет етпейтін
өсімдіктер мен микроорганизмдер (мүкжидек, қызанақ, көкбұта,
қарағай); 2) эвтрофтыларға – пайдаланатың көректік заттарінің түрлері
көп, әр түрлі құнарлығы бар жерлерде күй талғамай өніп-өсетін
өсімдіктер мен жануарлар (атжалман, емен); 3) мезотрофтыларға –
коректік заттарды, соның ішінде минералды заттарды аса қажет
етпейтіндер (шырша, саңырауқұлақтар).
Нитрофільді – құрамында нитраттары көп топырақта өсуге
бейімделген, мол өнім беретін өсімдік түрлері (бидай, зығыр, күнбағыс,
қалақай, таңқурай, кейбір мүктер, балдырлар, саңырауқұлақтар).
Галофиттер - тұзды жерге бейімделіп өсетін өсімдіктер.
Гидрографиялық факторларға су организмдерінің (гидробионттардың)
тіршілігіне, таралуына әсер тигізетін судың физикалық (тығыздық, жарық
режимі, температура, ағыс жылдамдығы, қысым және т. б.) және
химиялық (тұздылық, қышқылдық, заттар түрлері, ластану, т. б.)
қасиеттері жатады.
Гидробионтгардың экологиялық жіктелуі.
Гидробионттар - су ортасын мекендейтін ағзалар. Суда тіршілік ететін
ағзалар бөлінеді: нектон, планктон және бентос.
Нектон (грек тілінен аударғанда nektos - жүзетін) - су түбімен тікелей
байланысы жоқ, еркін орын ауыстыратын, жүзіп жүретін ағзалардың
жиынтығы.
Планктон (грек тілінен аударғанда planktos- қалықтаушы) - зоопланктон
және фитопланктон.
Плейстон (грек тілінен аударғанда plein - кемеде жүзу) - денесінің бip
бөлiгi суда, екінші бөлiгi судың бетінде жүретін ағзалар (фезалия,
сифонофора). Нейстон (грек тілінен аударғанда neusteon - жүзуге
қабілетті) - су бетінде жүзіп жүретін ағзалар (бактериялар,
қарапайымдылар, су кандаласы, балдырлар).
Бентос (грек тілінен аударғанда benthos - тереңдік) - су қоймаларының
түбінде (грунтта) мекендейтін ағзалардың жиынтығы. Ол фитобентос,
зообентоз және бактериобентоска бөлінеді.
Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер бөлінеді:
1. Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда hydoг, hydatos - су) - су
өсімдіктері, денесінің бip бөлiгi немесе толығынан суға батып
тұрады (әлодея, тұнғиықгүл және т.б.).
2. Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда hydoг - су) - құрлық-су
өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады
(жебежапырақ).
3. Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда hydгos - ылғалды) -
ылғалдығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрылық
өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер),
батпактарда - батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жагалауларында
өседі.
4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos - орташа, аралық) -
коңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер.
Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның
шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл
шаруашылық дақылдары, арам-шөптер жатады.
5. Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeгos -' құрғақ) - құрғақ
жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер
және склерофиттер.
а) суккуленттер (латын тілінен аударғанда succulentі - шырынды) -
ұлпаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер
(кактустар, алоә, агава);
ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleгos құрғақ, қатты) -
құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты,
тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз
селеу).
Құрлық жануарларын ылғалға қатысты бөледі:
Гидрофилдер - ылғал сүйгіш жануарлар (маса құрлықтың
былқылдақденелілері мен амфибиялар)
2. Мезофилдер - орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін
жануарлар (көптеген бұнақденелілер, құстар, сүтқоректілер).
3. Ксерофилдер - жоғары ылғалдылық жағдайын да тipmiлiк ете
алмайтын, құрғақшылықты) сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің
кемірушілері мен бауырымен жорғалаушылары).
Антропогснді фактор
Антропогснді фактор – адамның шаруашылық кызмет
қарекетінен тікелей немесе жанама тұрде туындайтың
фактор.
Қaзipri кезде антропогеңдік факторлар әсерінің артуынан күрделі
экологиялық проблемалар: көшетхана әффектісі, қышқыл жаңбыр,
ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатыңың жұқаруы мен
тecілyi, шөлейттену, т. б. туындады.
Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық
салалары, көлік, ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы,
энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау-кен өндіріс
салалары, т. б. жатады.
Жоғарыда қарастырылған абиоталық, биоталық және
антропогендік факторлардың табиғи ресурстарды пайдалану
процестеріне ықпал ететін кез келген әсерлерін табиғи
пайдаланудағы фактор деп атайды.
Табиғи пайдаланудағы фактор объектілер түрлеріне байланысты
бөлінеді:
табиғи ресурстарға ықпал жасайтыңдар;
өндірістің өзіне әсер ететіндер (мысалы, ортаның ластануы);
табиғат пайдаланушы ретінде адамга әсер тигізетіндер.
Антропогендік өндірістік фактор (АӨФ) деп тікелей өндipic процесіне
қатысатың кызметкердің денсаулығын өте-мөте қолайсыз зардаптарға
үшырататың және белгілі өндіріс процесінің нәтижесінде қоршаған ортаны
антропогенді өзгерістерге итеруге кабылеті бар факторды айтады.
АӨФ табиғатыңа байланысты физикалық, химиялық, биологиялық,
психофизиологиялық болып бөлігіеді.
АӨФ тигізетің әсеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
• зиянды - әсерлері белгілі жағдайда өндіріс кызметшілерін ауыртатың немесе
олардың жұмыска қабілеттілігін төмендететін антропогендік өндірістік
факторлар (мысалы, шу, діріл, электрмагниттік өpicтеp, зиянды заттардың
шығарындылары);
• қауіпті - әсерлері белгілі жағдайларда өндірісте жұмыс істейтіндерді
жарақаттандыратың немесе басқа да денсаулықтарының құрт төмендеуіне
апаратың антропогендік өндірістік факторлар (электр тоғы, белгілі деңгейдегі газ
түріңдегі хлордың мөлшері, шу, діріл және т. б.);
• ерекше қауіпті - белгілі жағдайда өнеркәсіптік апаттар туғызатың, яғни
өнеркәсіптік кәсіпорындардың өзіне тиісті энергия қорының талқандататын түрі
мен мөлшерінің бөлiнyi, сонымен қатар кейбір шикізат түрлері, аралық өнімдер,
кәсіпорыннын негізгі өнімдері, өндіріс қалдықтары, өнеркәсіп алаңында
орнатылған технологиялык құрал-жабдықтар апаттық процеске тартылып
халыққа, қызметкерлерге, қоршаған ортаға және өнepкәciп кәсіпорыныңын озіне
алапаттық зардап шектіретін факторларды тудыратың (иондандыратың
сәулелену, өрт, жарылыс, көп мөлшерде газ тәрізді хлордың шығуы)
антропогендік өндірістік факторлар болып саналады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz