Жобалау негіздері мен зауыттарды жабдықтау


Slide 1

«Жобалау негіздері мен зауыттарды жабдықтау»

әл-Фараби атындағы ҚазМУ

Химия факультеті

Slide 2

ДӘРІС №1

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Пәнді оқытудың мақсаты - студенттердің химия өндірісі саласында жұмыс істеуге даярлау үшін кәсіпорын құралдары және жобалау негіздерінің теориялық негіздері жөнінде білім беру. Курстың материалдарында химия өндірісінің кәсіпорындарын жобалау негіздері мен оның құралдарына қатысты жүйелі түрде жүргізілетін кешенді жұмыстардың реттілігі мен орындалу ерекшеліктері туралы мәліметтер беріледі.

Курсты оқу нәтижесінде студенттер химия өндірісінің кәсіпорындарына «Химик-технолог» маманы ретінде жұмыс істеу үшін химиялық технологияның жалпы ғылыми негіздері мен заңдылықтары, процестері мен аппараттары туралы білімдерін инженерлі-геодезия, архитектура, экология, төтенше жағдайлар мен техника қауіпсіздігі, экономика, инженер-конструкторлік, мемлекеттік стандарт жүйесі және т. б. бағыттарда жүргізілуге тиісті жұмыстармен ұштастырып, ол жұмыстардың орындалу реттілігін игеруге тиісті және студенттер өндірістік кәсіпорындардың өндіруге межелеген өнімінің түріне байланысты ол өнімді өндірудің химиялық-технологиясы мен қажетті аппараттарды анықтауды және осы аппараттарды іске қосып агрегатты, қондырғыны, өндірістік линияны, өндірістік кварталды (өндірісті), зауыдты және ары қарай комбинат деңгейіне дейінгі жұмыстарды ұйымдастыра алатын болуы керек. Студенттер курс материалдарын толық игерулері үшін арнайы семинарлық және практикалық сабақтар қарастырылған.

Slide 3

Тақырыптың аты: ХИМИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІ ЖОБАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. 1 Болашағы бар жоспар және технико-экономикалық негіздеме (ТЭН) .

1. 2 Жобалауға тапсырма.

1. 3 Кәсіпорынды орналастырудың ауданын және құрылыс алаңын таңдау

Slide 4

1. 1 Болашағы бар жоспар және технико-экономикалық негіздеме (ТЭН) .

Үкіметтің шешімі негізінде экономикалық аудандардың және өнеркәсіптің жеке салаларының болашақта даму жоспарын ескере отырып, жобалаушы ұйымдар кәсіпорын құрылысының техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) баяндамалық хат және техника-экономикалық есептеулер (ТЭЕ) түрінде құрастырады. ТЭН немесе ТЭЕ өндірістік жаңа кәсіпорын салудың немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңартудың қажеттілігін экономикалық тұрғыдан тиімділігін негіздейтін алғашқы жоспарлық немесе жобаалдылық құжат болып табылады.

Slide 5

1. 2 Жобалауға тапсырма.

Өндірістік кәсіпорынның жобалауға тапсырмасы дегеніміз келесі мәліметтер келтірілген негізгі бастапқы құжат болып табылады: кәсіпорынның аты; жобалау үшін негіздеме, аудан, пункт және құрылыс алаңы; өнімнің номенклатурасы және оның негізгі түрлері бойынша толықтай дамуы мен бірінші кезеңдегі өндірістің қуаты (натуралдық және ақшалай қаражатқа шаққанда) ; кәсіпорынның жұмыс істеу режимі және меңзелінген мамандандырылуы; кәсіпорынның құрылысын жүргізу және оны пайдалану (эксплуатациялау) кезінде шикізатпен, сумен, жылумен, газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етудің негізгі көздері; ағынды суларды тазарту және оларды шығару шарттары; негізгі технологиялық үдерістер мен қондырғылар; кәсіпорынның болжамдық дамуы (кеңейуі) ; құрылыстың тапсырылу мерзімі; қаржылық салымдардың меңзелінген мөлшері және кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері; тұрмыстық және мәдени-сауықтыру нысандарының құрылысын жобалауға тиесілі мәліметтер және жобалаудың сатылары; бас жобалаушы ұйымның аты; бас мердігердің құрылыс мекемесінің аты.

Slide 6

1. 3 Кәсіпорынды орналастырудың ауданын және құрылыс алаңын таңдау.

Жаңа кәсіпорындардың орналасуларының жуықтау орындары осы салалардың дамуының болашағы бар жоспарларының негізінде айқындалады. Құрылыстың ең соңғы пункті мен алаңы осы құрылыс нысанының техника-экономикалық негіздемелері мен алдын-ала ізденістену негізінде анықталады, ал таңдалынып алынған ауданда құрылысты жүргізуге өте қолайлы алаңның (белгілі бір көлемі бар жер телімі) болуы кәсіпорынның құрылысын жүзеге асыруға белгілі бір негіздемелердің бірі бола алады.

Құрылысқа арналған алаңдардың өлшемдері кәсіпорынның кеңейу мүмкіндіктерін ескере отырып, (егер мұндай мүмкіндік жобалауға берілген тапсырмада ескерілген болса) өндірістік территориялардағы құрылыстардың құрылыстық нормалары мен ережелеріне (ҚНмЕ) сай құрылыс коэффициенттеріне сәйкес болуы тиіс.

Құрылыс ауданын таңдау негізіне экономикалық аймақтардың аудандық жоспарлау сызбанұсқасы кіруі тиіс. Бұл кезде келесі шарттарды ескеру қажет: ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын жүргізуге қолайлы жердің болуы; табиғи топографиялық, гидрогеологиялық, метеорологиялық шарттар; шикізаттың болуы; темір және автокөлік жолдарының болуы; зауыдтың құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін жасалынатын құрылысқа жұмсалынатын шығындардың мөлшері; құрылыс ауданында жұмысшы күштер мен тұрмыстық қордың бар болуы; бұйымды өткізіп жіберу нарығының болуы; зауыдтың энергетикалық ресурстары; кәсіпорынды сумен қамтамсыз ету мүмкіндігінің болуы; қаланың басқада кәсіпорындарымен киілісе үйлесу мүмкіндігінің болуы.

Құрылыс ауданы таңдалынып алынғаннан кейін келесі факторларды ескере отырып құрылыс алаңын таңдау жұмыстары жүргізіледі: алаңның жеткілікті көлемі және оның кеңейу мүмкіндігі; жер телімінің конфигурациясының ыңғайлылығы; жер телімінің және оған іргелес жерлердің алаңдарын ғимараттар мен көліктік жолдарға арнап осы жерлерде жерге қатысты жұмыстарға жұмсалынатын шығынның минималды болуына ықпалдайтын топографиялық шарттары; құны қымбатқа түсетін жасанды іргелер мен терең фундаменттерді қолданбай-ақ құрылысты жүргізуді қамтамасыз ететін қанағаттанарлық деңгейдегі геологиялық және гидрогеологиялық шарттар; магистральді байланыс жолдарына (темір жол, су және автокөлік) тиімді жанасу мүмкіндіктері; алаңның су көзіне, тастанды суларды лақтырып шығару жерлеріне, энергия көздеріне және халық қоныстанған жерлерге қатысты тиімді орналасуы.

Slide 7

ДӘРІС №2

Тақырыптың аты: ХИМИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІ ЖОБАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ (ЭТАПТАРЫ) ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. 4 Химия өндірісінің ғимараттары мен қосымша құрылымдар (сооружения) жобалаудың негізгі принциптері;

1. 5 Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қатысты жобалық құжаттарды жасақтау

Slide 8

1. 4 Химия өндірісінің ғимараттары мен қосымша құрылымдар (сооружения) жобалаудың негізгі принциптері.

Ғимараттар мен құрылымдардың көлемдік-жоспарлық және құрылыстық шешімдеріне әсер ететін спецификалық ерекшеліктер:

- жұмыс істеуші қызметкерлерге, құрылыстық құрылымдар мен материалдарға әсері әр түрлі болатын агрессивтік орталардың болуы;

- локальдік немесе жалпыламалық сипаттарға ие токсинді бөлінділердің болуы;

- ықтималдылығы жэоғары деңгейлі өрт және жарылыс қауіптілігі.

Химиялық өндірісі ішкі және сыртқы кооперацияға негіздемеленілген болып келеді (шикізаттық және энергетикалық базаға байланысты болғандықтан) .

Химиялық өндірістерді химиялық емес өндірістермен бірыңғай өнеркәсіптік түйіндерге біріктіруге болады (комбинат) . Бұл кезде жұмсалынатын жер телімінің көлемі 15-30 %-ға, автокөлік жолдарының ұзындығы 20-40 % - ға, әкімшілік ғимараттардың саны 2, 0-2, 5 есеге, яғни 200-250 %-ға кемиді. Тиімді.

Негізгі және көмекші өндірістер кооперацияланады, құрылыстық параметрлер мен құрылымдар эконмдалынады және унификацияланылады.

Кешенді игерудің технологиялық сызбасы тұрғызылады және жүзеге асырылады.

Slide 9

1. 5 Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қатысты жобалық құжаттарды жасақтау

Экологиялық болжау;

Ауаның ластануына қатысты болжамды жасақтау;

Жер беткі және жер асты суларының жағдайларына қатысты болжам;

Ықтимал апат жағдайында нысанның әсерін болжау.

Slide 10

1. 5. 1 Экологиялық болжау;

Экологиялық болжау үдерісі келесі реттілікпен жүзеге асырылады:

Қоршаған орта параметрлеріне сараптама жасау. Бұл табиғи шарттарды, жобаланудағы нысанның жұмыс істеу жағдайында орналасуы және қазіргі жағдайда өзге де шаруашылық тіршіліктердің нәтижесіндегі технологиялық жүктемелерді бағалауды қамтиды.

Жобаланудағы нысанның қоршаған ортаға әсерін, оның мақсаты мен еркшеліктеріне, залал келтіруші заттардың қасиеті мен шығымына, сонымен бірге ортаның құрылыс жүру әсерінен өзгеру болжамы туралы мәліметтер.

Нысанның әсеріне душар болатын экологиялық жүйенің параметрлері мен оның құрамдас бөліктерінің шекараларын анықтау (табиғи ортаның әрбір құрамдас бөлігіне ықпал ету жағдайын бағалау кезінде жасалынады) .

Жобаланудағы нысанмен әсерлесудегі табиғи құрамдас бөліктердің жеке дара маңыздылығын анықтау.

Жобаланудағы нысанның қоршаған ортамен әсерлесуінің болжамын жасақтау.

Верификация - болжаулардың шынайылығы мен анықтығының бағалануы жасалады.

Slide 11

Құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде өнеркәсіптік нысандар ортаның әр-түрлі құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Олардың қатарына: а) құрылысқа жүргізуге бөлінген жер теліміндегі топырақ жамылғысының және жалпы территорияның көлемі бұзылады; б) жерді қазып ұңғымалар және суды қажетті бағытқа бұруға арналған бағыттағыштар салу нәтижесінде территорияның су режимінің бұзылуы жер беткі суларының жүру және жинақталу шарттарының өзгеруіне және ылғалмен қамтамасыз етіп тұрған табиғи көздерінде судың болмай қалу салдарынан территорияның құрғақшылыққа шалдығуы; в) Жер беткі және жер асты суларын нысанды сумен қамтамасыз ету үшін пайдалану; г) кәсіпорынның тастандыларымен және жасанды өзгерістерге ұшыраған жерлердің бетінен (карьерлар, хвостохранилищелар және т. б. ) желдің әсерінен көтерілетін шаң-тозаңдармен ауа бассейінінің, территорияның және сулы ортаның заладануы; д) сулы нысандардың қолданыстан кейін лақтырылып шығарылған сулармен ластануы; е) қоршаған ортаның радиациялық заладануы; ж) ауаның және судың температураларының көтерілуіне алып келетін жылудың бөлінуі, мұздың қату және еру мерзімдерінің өзгеруі, тұмандардың түзілуі және т. с. с. ; з) шуылдың, сәуленің, электромагниттік және т. б. физикалық әсерлердің іргелес маңайларда орналасқан территорияларға әсер етуі; и) өсімдік жамылғысының және жан-жануарлар әлемінің тіршілік ету орталарындағы табиғи шарттардың бұзылуы.

Slide 12

1. 5. 2 Ауаның ластануына болжамды жасақтау

Құрылыс ауданының ауа бассейнінің ластануының болжамын даярлау үшін келесі мәліметтер анықталынған болуы тиіс:

Құрылыс ауданының физика-географиялық және табиғи-климаттық (1-кестеге сәйкес толтырылатын) шарттары (орналасу орны, климаттық және өзге де параметрлер) ;

Жобаланудағы нысан туралы мәліметтер (кәсіпорынның қуаттылығы, негізгі өндірістердің тізімі, технологиялық параметрлер және сипаттамалар), негізгі өнім түрлерінің өзіндік құны, жұмыс істейтін адамдардың саны. Өндірілетін өнімдердің атаулары және түрлері;

Ауа бассейнінің фонды ластануының мөлшері (қадағалауда болатын заттардың тізімі, олардың концентрациясы, ауаны ластау мүмкіндігі зор болатын қайнар көздер жайлы мәліметтер және т. б. ) .

Жобаланудағы нысанның ластаушы заттарды бөліп шығаруының қайнар көздерінің сипаттамасы.

Нысанның ұйымдастырылмаған қайнар көздерінен және газдарды тазарту қондырғыларынан шыққаннан кейін атмосфераға түскен залалдаушылардың құрамы мен мөлшері жайлы мәліметтер.

Болашақта ауданның өзгеде инфрақұрылымдарынан атмосфераға түсетін ластаушы заттардың құрамы мен мөлшері туралы мәліметтер.

Slide 13

Кесте 1 Нысан орналасқан ауданның климаттық сипаттамасы

Көрсеткіштің аты

Бірлік

Көрсеткіштің мөлшері

1. Климаттық сипаттамалар

Климаттың типі Температуралық (t0C) режим:

ай бойынша ауаның орташа - t0C

ең суық айдағы ауаның орташа - t0C

ең ыстық айдағы ауа температурасының орташа максималды - t0C

ауа температурасының оң мәнді периодтарының ұзақтылығы

бір жыл мерзіміндегі жауын-шашынның орташа мәні

жауын-шашынның айларға шаққандағы таралымы

Желдік режим:

жел бағытының қайталанымдылығы

желдің бағыт бойынша орташа жылдамдығы

желдің максималды жылдамдығы

желдің ең жылдам жылдамдығы (осы ауданда жылдық басым түсуі 5%)

0C

0C

0C

дни

мм

ς

%

м/с

м/с

м/с

Тұмандар:

2. Аэроклиматтық сипаттамалар

3. Кешенді сипаттамалар

тұман мен түтіннің тұрақтап қалуына оңтайлы жағдайлар

Slide 14

1. 5. 3 Беткі және жерасты суларының жағдайын болжау.

Объектінің ауданының беткі және жерасты суларының жағдайына әсер етуін болжауды жасау үшін келесі мәселелер анықталуы керек:

- жобаланудағы объектіні сумен қамтамасыз ету немесе одан суды алып кетуді қамтамасыз ету үшін сулы объектілердің гидрологиялық, гидрогеологиялық және гидравликалық мінездемелері (характеристики) ;

- қазіргі уақыттағы беткі және жерасты суларының залалдану деңгейі;

- жобаланудағы объектінің суды қолдану және суды жіберу көлемі;

- объектінің суқоймалары мен ағынды суларының орналасу орындары;

- берілген уақыт аралығында ауданның басқада суды қолданушыларының қолданатын су мөлшерлері;

- құрамы және залалдаушы заттардың негізгі түрлері, олардың концентрациясы мен қауіптілік класы көрсетілген лақтырлып шығарылатын ағынды сулардың мөлшері;

- сулы ортаның жағдайына әсер ететін объектінің басқада құрылымдарының тастанды суларының орналасуы мен олардың техникалық мінездемелерінің көрсеткіштері;

- жобаланудағы объектінің әсер етуіндегі аймақтарының беткі тосымдарының параметрлерінің өзгерістері;

- белгіленген уақыт аралығында ауданның басқада объектілерінің өзендер мен су қоймаларына лақтыратын тастанды суларының құрамы мен мөлшері немесе сулы объектілердің залалдануларының келешектегі фондық деңгейі;

- қарастырылып отырған аймақтардағы суды қадағалау мекемелерінің суды қолдану режиміне қоятын талаптары.

Болжам жасау үшін сушаруашылық балансын (СШБ), ауданның инфрақұрылымының өзгерістеріменен объектіні эксплуатациялауға байланысты берілген уақыт аралығында суды қолдану режимінің өзгергендегі келешектегі суға деген сұранысты білу аса маңызды.

Slide 15

1. 5. 4 Ықтимал апаттар кезіндегі объектінің әсер ету болжамы.

Түрлі мақсаттардағы өндірістік кәсіпорындардың объектілерінде технологиялық процестерінің істен шығуы, қызмет көрсетушілердің техникалық қателігі, өртке қарсы және техника қауіпсіздігін тәртіптерінің бұзылуы, энергиямен немесе сумен қамтамасыз ету, суды алып кету жүйесінің істен шығуы секілді жағдайлар, террорлық актілер және т. б. авариялық жағдайлардың пайда болуының негізгі себептері болуы мүмкін.

Негізі, жобалық және жобадан тыс апаттар деген ұғымдар бар (проектные и запроектные) .

Жобалық апаттар үш класқа бөлінеді:

- максималды экологиялық апат - нәтижесінде халық қоныстанған пунктілерге немесе табиғи ортаға үлкен, қайта қалпына келмейтіндей катастрофалық зардап алып келетін апаттар (мысалы: гидроэнергетика тізбегінің плотиналарының бүлінуі, нәтижесінде радиоактивті және т. б. заттармен залалдау мүмкін атом- реакторларының апаты) ;

- өндіріс элементтерінің (оборудования) сынуы, қызмет көрсетушілердің дұрыс жұмыс ітемеуінен (мысалы: өндірістік объектінің ағынды суларын тазалау жүйесіндегі апат, ағынды сулардың ауқымды деңгейде сыртқы жаққа қарай шығып кетуі) ірі экологиялық апат - нәтижесі, қоныстанған халықпен табиғи орта үшін ауыр болатын апат;

- қайта қалпына келмеу жағдайы орын алмайтын және аз уақытты әсерлерімен сипатталатын технологиялы экологиялық апат - технологиялық сызбалардың элементтерінің апаты (мысалы: нәтижесінде атмосфераға залалдаушы заттардың шығып еніп кету жағдайы орын алатын жылу электростанциясының электрофилтірінің апаты) .

Slide 16

ДӘРІС №3

Тақырыптың аты: Технологиялық процестер өнеркәсіптік жобалаудың негізі

Қарастырылатын сұрақтар:

1. 1 Өндірістік технологиялық сызба нұсқа.

1. 2 Жанасу әдісі арқылы алынатын күкірт қышқылы өндірісінің сызбанұсқасы.

Slide 17

1. 1 Өндірістік технологиялық сызбанұсқа.

Өндірістік технологиялық сызбанұсқа жобаның архитектуралық-құрылыстық жасақталынуының негізі болып табылады. Өндірістік технологиялық сызбанұсқа жекелеген өндірістік процестердің арасындағы функционалдық тәуелділіктердің графикалық көрінісі болып табылады.

Өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылымдар ең тиімді технологиялық процестің талаптарын ескере отырып жобаланылуға тиіс. Өнеркәсіптік кәсіпорынның жобасын құрастырғанда ғимараттардың типтерін олардың көлемдерін, қажетті көлемдік шаршыны, жұмысшылар мен қызметкерлердің сандарын, қондырғылардың типтері мен сандарын, шикізаттың, материалдардың, энергиялар мен жағар отындардың қажетті мөлшерлерін анықтау қажет.

Кәсіпорынның жоспарын және цехтердің ішкі жақта орналастырылуларының жоспарын құрып алу керек. Осы мәселелердің барлығы өндірістің қабылданған технологиялық процесінің мәліметтерінің негізінде шешіледі. Сондықтан өнеркәсіптік ғимаратты жобаламас бұрын өндірістің қабылданып алынған технологиялық процесін жақсылап мұқият зерделеп алу қажет.

Slide 18

Технологиялық желі (ТЖ) дегеніміз аппарат (машина) немесе аппарат топтамасының құбыр жүргізілімдері мен арматуралардың оралымдармен байланыстырылған жүйесі. ТЖ-де керекті өнімдерді физикалық немесе химиялық жолдармен алынатын процестер басынан аяғына дейін толығымен өтеді.

Технологиялық сызбанұсқа (ТС) дегенімізді осындай желілердің жиынтығы деп қарастыруға болады. Технологиялық сызбанұсқаларда жиі қайталанатын ТЖ-лер:

1. әртүрлі насостар арқылы сұйықтарды тасымалдау;

2. әртүрлі компрессорлар негізінде өңделмедегі газдарды сұйықтау;

3. әртипті вакуум-насостардың оралымдары;

4. ректификациалау желісі (сұйық қоспаларды буландыру арқылы тазалау) ;

5. адсорбциалау (абсорциалау) және десорбциалау желісі;

6. кептіру және сүзу желілері;

7. жылуды пайдалану (жылу ауыстырғыш апппараттарының оралымы) ;

8. реакция компоненттерін қыздыру желісі;

9. реакторлар оралымы.

Slide 19

1. 2 Мұнай өңдеу зауытының отын алу схемасы негізінде жасалынған ағымдарының сызбанұсқасы.

Материалдық және энергетикалық ағымдар сызбанұсқасы

Екікомпонентті қоспаны бөлудің сызбанұсқасы

Мұнай өңдеу зауытының отын алу схемасы негізінде жасалынған ағымдарының сызбанұсқасы

Аппараттардың негізгі түрлері (типтері)

Химиялық кәсіпорындарды ұйымдастырудың деңгейлері

Slide 20

Материалдық және энергетикалық ағымдар сызбанұсқасы

Slide 21

Мұнай өңдеу зауытының отын алу схемасы негізінде жасалынған ағымдарының сызбанұсқасы

Slide 22

Мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысының сызбасы (ЭЛОУ-АВТ)

К-1-бензин алу колоннасы; К-2- атмосфералық колонна; К-3-булау колоннасы; К-4-тұрақтандырғыш; К-5-вакуумдық колонна; Э-1-Э-4 - электродегидраторлар; П-1, П-2 - пештер; ХК-1-ХК-4 - конденсатор-мұздатқыш; Е-1, Е-2-рефлюкстік сыйымдықтар; А-1 -буэжек торлы вакуум-насос; /-мұнай; //-тұрақтандырылған қоспа; ///- тұрақталған бензин; IV - керосин; V - дизель фракциясы; VI - вакуумндік тазартқыш; VII - гудрон; VIII- эжектордан шыққан газдар; IX-эмульсия жойғаш; Х-канализациалақ су; XI-су буы

Slide 23

Екікомпонентті қоспаны бөлудің сызбанұсқасы

1-аралық жинағыш; 2-насос; 3-жылу ауыстырғыш;

4-жылытқыш; 5-ректификациалаушы мұнара;

6-сыртқы қайнатқыш; 7-дефлегматор; 8-сепаратор (бөлу) ;

I-IХ-құбырлар.

Slide 24

Аппараттардың негізгі түрлері (типтері)

Slide 25

ДӘРІС №4

Тақырыптың аты:

ӨНЕРКӘСІПТІК ҒИМАРАТТАРДЫҢ ТИПТЕРІ

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар;

2. Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттар;

3. Қосалқы көмекші ғимараттар және химиялық кәсіпорындардың жайлары;

4. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоймалары.

Slide 26

1. Бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар.

Химиялық өнеркәсіпте бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар технологиялық процестері горизонтальді тұрғыда жүретін өндірістер үшін салынады. Мысалы: синтетикалық және жасанды талшықтар алу; шина және резинатехникалық бұйымдар; пластикалық масса; хлорлық өндірістердегі электролиз цехтері; қайта жөндеуден өткізу және механикалық цехтер; қоймалық жайлар т. с. с.

Әртүрлі өндірістердің әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету ғимараттарын ошақтау мен кооперациалау қажет. Ондай шаралар әкімшілік-қоғамдық орталықтардың территорияларын үнемдеуге және жұмысшы қызметкерлерге қызмет көрсету жүйесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Slide 27

2. Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттар

Химия өндірісінің технологиялық процесі вертикальді болып келетін түрлерін орналастыруғы тек көп қабатты ғимарттар ғана қолданылады Мысалы: аммиакты силитра өндірісі; органикалық синтез өндірісі; химиялық талшықтар зауыдтарының цехтары; пластикалық масса, органикалық еріткіштер, бояулар мен қышқылдар өндірісінің технологиялық сызбанұсқалары мен ғимараттарының келбеттері (плакаттар) .

Шатырларының түсіретін салмағына байланысты колонналарының торларының өлшемдері 9 ×6 м (1000 кг/м2), ал 6 ×6 м (2500 кг/м2) . Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттардың биіктіктері ретінде қабаттың еденінің деңгейінен биік жақта орналасақан келесі қабаттың еденінің беткі деңгейіне дейінгі аралық алынады (3. 6; 4. 8; 6. 0; 7. 2 және 10. 8) .

Химия өндірісінің көп қабатты ғимараттары: крансыз және көпірлі кранды немесе аспалы кранды болады. Жоғарғы қабаттардағы өткелдері 18 және 24 м. Жалпы химия өндірісінің көп қабатты ғимараттары үшін олардың ендері (жалпақтықтары) 18 метрден кем болмағаны дұрыс болады. Жарылыс қауіптілігі жоғары өндірістер үшін 30 метрден артық болмауы тиіс екі жағынан біркелкі әйнектелініп терезеленілген жағдайда, ал бір жағынан ғана терелеленіліп әйнектелінсе 18 метр болуы шарт

Slide 28

3. Қосалқы көмекші ғимараттар

Қосалқы көмекші ғимараттар мен химиялық кәсіпорындардың жайлары (помещениялары) тіршілік, сауықтыру және мәдени демалу мәселелерімен тікелей байланысты, яғни әлеуметтік немесе мәдени-сауықтыру нысандары (санитарлық-гигиеналық, тамақтандыру, денсаулық сақтау пункті, мед пункт, демалдыру ғимараттары, клубтық және спорт ғимараттары және т. б. ) .

Гардеробныйлар, душтар, жуыну орындары. Кептіргіштер, залалсыздандыру камералары, киімді тозаңсыздандыру камералары және т. с. с. Анилин. Қорғасын, сынап, мырыш, фосфор, радиоактивті және т. б. заттармен жұмыс істелінетін, яғни зияндылығы өте жоғары өндірістерде гардеробныйлар мен душтар өткізгіштер (пропускниктер) түрінде жобаланады.

Slide 29

4. Өндірістік кәсіпорын қоймаларының негізгі түрлері.

Қоймалар ғимараттар мен өнеркәсіппті кәсіпорындардың ерекшеліктеріне байланысты ашық немесе шатырланған; жабық (бірқабатты немесе көпқабатты) сонымен қоса арнайы жабдықталған болып бөлінеді.

Қойманың территориясының алаңы:

жүктер орналастырылған негізгі алаң (қатарланып орналастырылған материалдардың штабелдері мен стеллаждар) ;

Оперативтік аудан (өткелдер, яғни проход, сортировочный және қабылдап тармақтап таратқыш алаң, яғни өлшеу құрылғылары орналастырылған және қызмет көрсету жайлары орналастырылған) .

Конструктивтік алаң

Slide 30

ДӘРІС № 5

Қоймаларды жобалаудағы мақсаттардың орындалуы келесі шешімдерді ескеру негізінде іске асырылады :

Өнімдерді шығару үшін жүргізілетін үрдістерді (процесстерді) шикізатпен басқа да материалдармен және де ол өнім түрлеріне сұраныстағы кәсіпорындарды уақтылы, сенімді түрде қамтамасыз ету.

Өндірістегі учаскелер, цехтар т. б. құрылымдар арасындағы матариалдар ағымдарын реттеу.


Ұқсас жұмыстар
Өндірісті жобалау негіздері және жабдықтау ДӘРІСТЕР
Ақпараттық жүйе
Зауыттарды орташа жылдық негізгі қоры бойынша топтау
Электр энергиясымен қамту жүйесін жобалау және есептеу
Қоршаған орта түсінігі және сипаттамасы
Өртке қарсы жүйе
Сумен жабдықтау
Газ тарату жүйелерінің техника- экономикалық көрсеткіштері
Орман өрттері
Жылжымалы құрам - құбыр желілерінің өзі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz