Дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы



Дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы

Дүниежүзінің барлық мемлекеттерімен тең құқықты және өзара тиімді қатынастарды дамытуға және нығайтуға бағытталған ҚР сыртқы саясатында, дүниежүзілік саясаттың, экономиканың, мәдениеттің басты орталақтарының бірі - Еуропамен ынтымақтастықты дамыту өте маңызды орын алады.
Қазіргі уақытта, Еуропа бұрынғыша екі топқа бөлінген мемлекеттерден тұрады, бірақ әскери - саясаттық блок принципі бойынша емес, өркендеу деңгейі бойынша. Бұл, бір бөлігі НАТО - ға және Батысеуропалық одаққа (БЕО) кіретін Еуропалық одаққа мүше - елдер, жәнеде НАТО-ның “Бейбітшілік жолындағы серіктестік”1 бағдаламасы, ассоциациялар туралы Еуропалық келісім арқылы осы ұйымдарға жақын арада кіруге ұмтылатын басқада елдер.
Халықаралық келісімдер жүйесінде маңызды орынды, құқықтық көмек мәселелерін реттейтін құжаттар алады. Еуропалық елдермен әзірше мұндай шарттар жасалған жоқ. Дегенмен, оларды жасаудың практикалық қажеттілігі күннен-күнге артуда, өйткені осы салада шарттық базаның болмауынан күн сайын, СІМ (сыртқы істер министрлігі) айналысуға тура келетін, көптеген проблемалар туып жатады, ал егерде осындай шарттар болса олар сәйкес министрліктер мен ведомстволармен шешілер еді.
Мемлекетаралық ынтымақтастықтың ары қарай дамуы, соның ықпалынан жеке азаматтар деңгейіндегі қарым - қатынастың орнығуы, сонымен қатар консулдық реттеудің және сонымен байланысты Қазақстанның шетелдермен байланысын, азаматтардың өзара жол жүруі мен рұқсатнамасыз сапар шегуі туралы келісімдер сияқты, реттеудің қажеттілігі, сәйкес халықаралық келісім шарттар жасасуды талап етеді. Мұндай құжатқа Венгриямен арада қол қойылған. Қазақстан Ұлыбритания, Франция, ГФР, Словения сияқты еуропалық елдермен білім, денсаулық сақтау, туризм мен спорт, басылым мен ақпарат мәселелерін қамтитын мәдени ынтымақтастық салаларында келісімдер жасасқан немесе ведомстволар аралық бағдарламалар қабылдаған.

ССРО-ның құлауымен, Германияның бірлесуімен, қырғи қабақ соғыстың және
Шығыс пен Батыстың арасындағы идеологиялық қарсы тұруының аяқталуымен, Еуроазиялық континенттегі геосаясаттық жағдай түбегейлі түрде өзгерді. Еуропадағы стратегиялық тепе - теңдік енді НАТО - ОВД тепе - теңдігіне сүйенбейді. Еуропалық елдердің халықаралық жағдайлары принципті басқаша бола бастады, бірінші кезекте еуропалық өлшем бойынша күшті Германияны бейтараптандыру үшін қарсы күштер мен одақтастар іздеу қажетсінуінің алдына қойылған, Франция мен Ресейдегі жағдайлар. ССРО тарапынан соғыс қатерінің болмауы біржағынан Еуроодақ мүшелері арасындағы қайшылықтарды күшейтті, АҚШ-пен және Жапониямен - екінші жағынан, сонымен бірге өз кезегінде, кіші мөлшердегі “Солтүстік - Оңтүстік” проблемасы бар, ЕО-тың өзінің ішіндегі қайшылықтарыда.
Қазақстан үшін ЕО-пен қатынасты дамытудың келешектігі мен қажеттілігі, осы одақтың еуропалық және дүниежүзілік саясатта, сонымен қатар экономикада, білім мен мәдениетте алатын орыны мен атқаратын ролімен анықталады. Атап айтқанда, дәл ЕО жақын келешекте бүкіл Еуропаның атынан, басқа аймақтың мемлекеттеріне қатысты, сөз сөйлейтін болады.
ТМД құрылыуының бастапқы кезеңдерінде-ақ Н. А. Назарбаев Қазақстанның қазіргі болмысы, географиялық жағдайы, оның халқының этникалық құрамы Батыс пен Шығысқа, жақын және алыс көршілерге көп полюсті бағдарлану қажеттігін талап ететінін айтқан еді. Қазақстанда еуроазияттық елдер қатарына жатады, яғни халықаралық қатынастар жүйесінде екі жақты жағдайда болады. Түркі-тілдес елдер қатарына жататындығы, исламдық мемлекеттермен діни ортақтығы, тарихи тамырлары мен ұлттық рухының психологиялық ерекшеліктері Шығыс құрамында болуды шарттайды. Дегенмен, біздің еліміздің еуроазияттық ретіндегі анықтамасында “еуро” бөлшегін Қазақстанның тек қана географиялық жағдайы деп деп қарастыру жеңіл-желпілік болар еді.

Біздің мемлекетіміздің сипаттында еуропалық басталымның маңыздылығын анықтайтын, көптеген демографиялық және саяси факторлардың барлығы көз алдында.
Германия Федеративтік Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ресми түрде 31 желтоқсан 1991 жылы, сыртқы істердің Федералдық министрі Ханс-Дитрих Геншер 1991 жылы қазан айының ортасында, батыс саясаткерлерінің алғашқыларының бірі болып Қазақстанда болғаннан кейін, мойындады. Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнықтырылды.
Германия мен Қазақстан бірінші үлкен біріккен мерейтой - бастауы 1992 жылдың 1 наурызында салынған дипломатиялық қатынастың орнығуының 10 жылдығы - атап өту кезінде, Қазақстан елшілігі Берлинде германиялық бизнес және мәдениет бетке ұстарларының өкілдеріне қабылдау өткізді. Олардың бірі - саясаттану докторы Айке Бракло - бұрынғыша айтқанда, ұзаққа созылған, ду қол шапалақтауға ие болды. Доктор Бракло тарихтағы бірінші Германияның Қазақстандағы төтенше өкілетті елшісі болды (1992-1995 гг. ) . Сондықтанда ұйымдастыру кезеңінің барлық қиыншылықтары соның үлесіне тиген еді. «Бұл мағанда, менің семьямада тіпті таныс емес ел еді. Оданда бұрын, менде, менің жұбайымда Кеңестер Одағында болмаған едік. Сондықтан, менің жаңа жұмысыма дайындық Қазақстан мен оның халқы туралы кітаптар іздеулен басталды. Осылай біз “картадағы ақ дақты”, сол уақытта біз үшін барлық Орта Азия солай саналатын, жабуға тырыстық.
Елші өз қызметіне кіріскен кезде, ол онымен бірге елдердің мемлекеттік, мәдениеттік, тіпті спорттық институттарыныңда арасындағы жекелей және іскерлік байланыстарының бүкіл торабын өзіне қабылдайды. Ал бұл жерде барлығын нөлден бастау керек еді, оның үстіне жаңа ғана егемендік алған ел түбегейлі өзгерістерге ұшырады.

Менің қызметке сайланған кезімде, Президент Назарбаев пен Канцлер Кольдің кездескеніне және олардың біріккен келісімге қол қойғанына бірнеше аптп ғана өткен. Осы құжатты өмірмен толтыруда көмек көрсетуі керек болатын елші ролі мен үшін өте маңызды еді. Қазақстанда менің өткізген жылдарым көрсеткендей, бұл менің болжауларым көтеріңкі емес еді. Қазақстандағы миссия менің дипломатиялық қызметімнің ең қызықты парақтары болды. Мен сол уақытты шын көңіліммен еске түсіремін және әлдеде қызығушылық білдіремін. ». [1] Бұл дипломатиялық қатынастардың бастауы еді.
Германия елшілігінің қоғаммен саяси жұмысы белгілі бір мақсатты және міндетті саясатты ұстанады:
I. «Паблик дипломаси» бұрын: дипломатия елшіліктердің қабылдайтын елдің Үкіметімен қатынасы; бүгін: «қоғамдық дипломатия» - елшіліктердің қабылдайтын елдің жұртшылығымен қатынасы;
II. Мақсаттары
Баспасөзбен және жұртшылықпен жүргізілетін жұмыс, Германияны шетелдерде көрсетудің міндеті болып табылады. Бұл жұмыс:
Германия туралы бәрін қамтитын, шындықты және қазіргі көріністі беру;
Германиялық саясатты және оның шет елдердегі мақсатын түсіндіру;
дүниежүзілік масштабтағы ақпараттар алмасуына үлес қосу;
қабылдаушы елмен арадағы достық қатынасқа ықпал ету.
III. Басты міндеттер

Басты міндеттер болып табылатындар:
жаңа мың жылдық басындағы Германияны таныстыру: елді біріктіруді аяқтау, Берлин жаңа астана және т. б.
Германияны экономикалық қызмет үшін тартымды орын ретінде көрсету (жоғары технологиялар, экологиялық таза технологиялар, әлеуметтік болжалды нарықты шаруашылық, білім жүйесі)
Германияны маңызды ел -ЕО қатысушысы ретінде көрсету
Германия үшін трансатлантикалық қатынастың маңыздылығын көрсету
бейбітшіл саясаттың бөлігі ретінде, Германияның БҰҰ-ғы және басқада халықаралық ұйымдардағы ролін көрсету
дамуға көмек көрсету бойынша ынтымақтастықтағы Германия ролін көрсету.
IV. Құзырет
Елшілік өзінің жұртшылықпен жүргізетін саясаттық жұмысында Сыртқы істер министрлігімен және Берлиндегі Федералдық өкіметтің Баспасөз және ақпарат Ведомствосының шетелдік бөлімімен тығыз ынтымақтастықта болады.
Елшіліктің жұртшылықпен және баспасөзбен жұмысының жауапкершілігі елшіге жүктеледі. Оған тікелей, баспасөзбен жұмыс жасау бойынша референт, яғни елшіліктің баспасөзбен жұмыс жасайтын бөлімінің жетекшісі (пресс - атташе) бағынады. Қабылдаушы елдегі баспасөзбен жүргізілетін жұмыс, ішкі қолдануға арналған баспасөзбен жүргізілетін жұмысқа қарағанда артықшылықты (мысалы, жарияламаларға шолу, баспасөз жарияламалары туралы баяндамалар) . V. Мақсатты топтар
Бұл анықталған топтарға арналады, бәрінен бұрын мультипликаторларға:
кәсіпқой редакторларға
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы баспагерлер мен кәсіпкерлерге
бағдарламалар редакторларына

жас редакторларға
маңызды ведомстволарға, парламентке, үкіметтік органдарға
жоғары қызметтегі партиялық және кәсіподақтық қызметкерлерге және кәсіпкерлер одағының қызметкерлеріне
экономика, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім, тәрбиелеу, ғылым және ғылыми зерттеулер, дін, жастар қозғалысы, спорт, өнер және әдебиет салаларындағы маңызды жеке тұлғаларға.
VI. Құралдар және әдістер
Типтік құрал болып Сыртқы істер министрлігінің баспасөз және ақпарат Ведомствосымен ынтымақтастық, жәнеде ақпараттық сұхбат пен Германияның және қабылдаушы елдің журналистерімен қандайда бір уақиғалардың ортасында сұхбаттасу табылады. Немістің БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) үшін жұмыс істейтін журналистер цитата ретінде қолданылуы мүмкін болатын, сөзді сөйлеу үшін Сыртқы істер Министрлігінің рұқсаты қажет. Осылай, Германияда жасалатын көрініске қатысты бірыңғай аргументтер туралы қамқорлық пайда болады. Қандай да бір консулдық қызмет көрсету болатын, азаматтардың жеке мәліметтерін жариялау принципті тиым салынған. Жұмыстың басқа құралы болып елшіліктің жарияланымдары болуы мүмкін, мысалы, «Германо-казахстанские отношения в 2001 году»[1] брошюрасы, немесе баспасөз үшін тұрақты берілетін хабарламалар. Соңғысы Федералдық үкіметтің мәлімдемесін, екіжақты мүддені көрсететін маңызды жарияламаларды тез таратуға және баспасөзбен кездесуге шақыруға арналған.
Баспасөзбен жұмыс жүргізуде үлкен маңызды орын алып келе жатқан - Интернет. Сыртқы істер Министрлігінің 1995 жылдан бері өзінің жеке сайты бар - «www. auswaertiges-amt. de». Әрбір германиялық елшілікте тура осылай өз сайтын құруы керек. Тағыда бір құрал болып табылатын - ол «Германия» журналы, ол арнайы шет елдер үшін басылып шығарылады, Қазақстандада орыс тілінде таратылады. Ол мультипликаторларға және лауазымды адамдарға тегін жіберіледі.

Әлуеттік оқырмандардың үлкен бөлігі журналды тікелей Германиядан алады. «Германия» журналында басылған статьялар проблемасыз қайта басыла береді. 1998 жылдан бері ағылшын және неміс тілдерінде «Außenpolitik» («Сыртқы саясат») журналы басылып шығарылады. Ол өзінің көптеген беттерін Германияның ТМД елдерімен қатынастарына арнайды. Ол туралы егжей - тегжейлі ақпаратты Интернет бойынша «www. außenpolitik. de» сайтынан алуға болады. Одан өзге «Германия. Фактылер» кітабы шығарылады, ол орыс тілінде басылып шығарылады, сұраныс бойынша елшіліктен алуға болады.
Шетелдерде біздің ақпараттық жұмысымызда одан ары қолданылатын құрал «Немецкая волна» радио- және телеканалы болып табылады, бұл канал қазіргі кезде неміс, ағылшын және испан тілдерінде телевизиялық хабарлар жүргізеді. Қазіргі кезеңде Солтүстік Америкада тағыда екі неміс телеканалдарының сыналу жұмыстары жүргізілуде, олардың хабарды бүкіл дүниежүзіне таратуы қарастырылған, ал олардың бағдарламалары көңіл көтеретін және көркем фильмдерден тұрады.
Баспасөз бен ақпараттың Федералдық ведомствасының фототекасы сұраныс бойынша Германиядағы көкейтесті саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірді кескіндейтін суреттер мен слайдтарды бере алады. Тапсырыспен елшілікке өтініш жасауға болады.
Баспасөз бен ақпараттың Федералдық ведомствасы өзінің кең көлемдегі документальді фильмдер жинағынан (неміс тілінде), БАҚ өкілдерін қызықтыратын бейнетаспалар бере алады, оларды БАҚ өкілдері елшіліктен жалға ала алады. Сонымен қатар, елшілік Германияға телевизиялық немесе көркем фильмдер түсіруге баруға жәрдемдеседі. Бұл кездесу мерзімі туралы алдын - ала келісім немесе қарым - қатынасты орнықтыруға көмек, жәнеде фильм түсіруші топтың болған мерзімін толыұ қаржыландыру болуы мүмкін. Соңғысы, әрине тек қана өте маңызды жобаны жүзеге асыру жағдайында, қаражаттың жетімсіздігінен іске асыруға болмайтын кезде ғана орын алады. Мұндай жобалар өте ұқыпты, жақсы дайындалған болуы керек, яғни оларды ерте бастан жоспарлау керек; фильмнің шын мәнінде эфирден көрсетілетіні туралы, үлкен телеканалдың әзірлеген концепциясы мен кепілдігін егжей - тегжейлі көрсету керек.

Федералдық үкіметтің қонақтарды қабылдау бағдарламасы Германияға шамамен бір аптаға журналисттерді, редакторларды, баспагерлерді, парламент депутаттарын және үкіметтік құрылымның жоғары лауазымды өкілдерін шақыруға мүмкіндік береді. Неміс тілін білу талап етілмейді. Бұл бағдарлама бойынша шақырылған тұлғалар бір жағынан «тағырыпты сапарларға» қатысады, яғни Германияда дайындалған және жүргізілетін бағдарламаларда және екінші жағынан шақырылғандардың арнайы тілегіне орай “жеке сапарлар” ұйымдастырылады. Алматыдағы елшілік әрбір жылы осындай “сапарларға” екі адамнан төрт адамға дейін жібере алады.
Сонымен қатар, елшіліктің Германияда жүргізілетін халықаралық конференцияларға қатысуы үшін журналисттерді шақыруға мүмкіншілігі бар. Жол қаражаты мен сол жақта болу уақытының қаражатының шығынын германиялық жақ өз мойнына алады. Дегенмен, қойылатын шарт, ол конференцияның өткізілетін тілдерінің бірін білу: неміс, ағылшын, француз және испан тілдерінің бірін.
Егер журналист оған тек қана, белгілі бір сұхбаттасушымен қарым - қатынас орнықтыруға немесе белгілі бір қалалар не болмаса мекемелерде болуға жәрдемдесу көрсетілуін қажет етсе, оған бағдарламалық көмек көрсетіле алады. Бұл кезде оған, мысалыға сұхбаттасушымен кездесуге, қонақүйден нөмір алуға, жабдықтар мен студияның, оператор қызметінің берілуі туралы келісуге көмек көрсетіледі. Мұндай бағдарламалық көмектің табысты өтуінің алғы шарты, күні бұрын тапсырысберу және қажетті қызмет көрсетудің нақты баяндалуы болып табылады. Жұртшылықпен саяси жұмыс жүргізудің тағы бір құралы - Федералдық үкіметтің дәріс оқу бағдарламасы. Жоғары лауазымды саясат, экономика және ғылым саласындағы неміс өкілдері, таңдамалы тыңдаушыларының алдында, Германиямен байланысты маңызды тақырыптарға дәрістер оқуға немесе баяндамалар жасауға шетелдерге сапар шегеді. Осымен бірге, елшілік қызметкерлеріде көп жағдайда өздері баяндамалар жасайды. Одан өзге, елшілік шет елдердегі көрмелерге және экономикалық жәрмеңкелерге қатысады және қоғамдық резонансқа есептелген өзінің дербес жобаларын өткізеді. Ол сонымен қатар, хабарландыруларменде жұмыс істей алады.

Кеңестер Одағы ыдырағаннан соң және жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болғаннан соң, Германияда Орталық Азия елдеріне қатысты “аймақтық тәсіл”[1] қалыптасты, демек саясат тек жеке алынған ел үшін емес, барлық аймаққа қатысты құрылады. Және бұл кезде германиялық саясат, менің білуімше, келесідей критерияларға сүйенеді: саяси тұрақтылық, демократиялық реформаны жақтаушылық және олардың практикалық жүзеге асуы, нарықты экономикалық реформаларды іске асыру және, соңында, неміс халқының осы немесе басқа мемлекеттерде болуы.
Ол кезде, яғнибұдан он жыл бұрын, мұндай келіс, барлық ықтималдық бойынша, ақталынды, өйткені аймақтың барлық мемлекеттері бірдей жағдайда болды және біртипті проблемаларды шешуде болды, саяси саладада, экономикалық саладада. Дегенмен өткен он жыл және олардың тәуелсіз өркендеуі Орталық Азияның әрбір елімен өз ойынша қолданылды. Мемлекеттік құрылыс процестері, қоғамды либералдау және демократтау, нарықтық рельске түсу әртүрлі өтті және әрқалай қарқындылықпен. Бүгін Орталық Азия елдерінде әртүрлі саясаттық және экономикалық моделдер қалыптасуда деп айтуға болады. Олар экономикалық процестердегі мемлекет ролі тұрғысынан қарағанда өзара кәдімгідей айрықшаланады, ал олардың қаржылы - несиелік жүйелерінде айырмашылық бұданда көп. Азаматтық қоғам құру жолында алға басу тереңдігі мен дәрежесіле әрқилы. Бұл тізімді одан әрі жалғастыра беруге болады.
Осы жағдайларда, әсіресе сауда - экономикалық ынтымақтастықта, аймақтық тәсілден дербес - елдікке өту оңтайлы болар еді.
1. 2. Ынтымақтастықтың негізін қалаушы құжаттар
Германия Қазақстанның егемендігін ССРО таралғаннан соң бірден мойындады - 31 желтоқсанда 1991 жылы. Ал бірден келесі жылы біздің жас мемлекетіміздің жетекшісінің іс сапарымен баруы мүмкіндікті болды. қыркүйекте 1992 жылы алты негіз қалаушы құжаттарға қол қойылды, оның ішінде келесідей саяси және экономикалық көзқараспен өте маңызды құжаттар: Қатынастың негіздері туралы біріккен хабарлама және Экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстан - герман кеңесін құру туралы Келісім.

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы экономика, өнеркәсіп, ғылым мен техника салаларындағы кең масштабтағы ынтымақтастықтың дамуы туралы шартта айтылады:
«Қазақстан Республикасы және Германия Федеративтік Республикасы, 1975жылғы 1 тамыздағы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Қорытынды актінің принциптері мен ережелерін, 1990 жылғы 21 қарашадағы жаңа Еуропа үшін жасалған Париж хартиясын, жәнеде СБСЕ -нің басқа құжаттарын жетекшілікке ала отырып, берік ниетпен, 1990 жылы 3 қазанда біріккен Германияны құрғаннан кейін және 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, міндетті халықаралық - құқықтық негізде қарым - қатынасты құруда және оны 1992 жылғы 22 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар негіздері туралы біріккен хабарламаға сәйкес кеңінен дамытуда, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы экономика, өнеркәсіп, ғылым мен техника салаларындағы кең масштабтағы ынтымақтастықтың дамуы екі мемлекеттіңде халқының тұрмыс жағдайын жоғарылатуға ықпал ететініне сенімділік білдіреді»[1]
Жетекшілік көзқарасымен қарағанда екі лидерде - Н. Назарбаев және Г. Коль, бір буынға, бір заманға жататын және менталитет жағдайында ұқсастықтары бар, - бір - бірімен сөз тапты, жәнеде ары қарай олардың арасындағы қарым - қатынас достыққа ұштасты. Саясат тұғырынан қарағанда Назарбаевтың мүддесі, бәрінен бұрын, неміс инвестициясы мен германдық экономикалық көмек еді, ал Кольдікі - қазақстандық немістердің тағдыры мен неміс өнімдері үшін Қазақстан рыногінің ашық болуы еді. Бірінші мен екінші ресми сапардың арасындағы кезең өте молықтырулы болды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының елшісі Андреас Р. Кёртинг (2001жылдан бері) болып табылады. Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшісі - Вячеслав Гиззатов (2000 жылдан бері) .

Германия, Франция және Ұлыбритания елшіліктері өздерінің жалпы, әкімшілікті ғимаратта орналасуымен Қазақстанмен өз мүдделерінің принципті дәл келетініне көңіл аудартады.
Қазақстанның Германиядағы стратегиялық мүддесі, басымдылығы қандай. Егер оны қысқаша тұжырымдасақ, онда ол инвестиция, технология, өзара пайдалы сауда. Бірақ, тек қана экономикамен, оның біздің сыртқы саясатты стратегиямыздағы басымдылығына қарамастан, Қазақстанның Германиядағы мүдделері шектелмейді. Біз өзіміздің Еуропалық одақпен байланыстарымызды беріктендіруді мақсат етеміз, онда Германия біз үшін, жанамалай айтсақта, тікелей айтсақта, - бұл «Еуропаға кіретін қақпа». Стратегиялық көзқараспен қарағанда, ГФР біз үшін өте маңызды мүддені көрсетеді. Тағы бір көңіл аударатын нақтылық, ол Қазақстан мен Германияның арасында саяси салада қандайда бір келіспеушілік жоқ, дәлірек айтсақ, халықаралық проблемаларға деген біздің көзқарасымыз практикалық толығымен сәйкес келеді. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық үшін, атап айтсақ, стратегиялық келешекке жақсы негіз болып табылады. Ал ол, өз кезегінде, экономикалықтан өзге, саяси проблемалардың кең көлемін қамтиды. Бүгінгі күннің ең қажет мәселесі - бұл Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыздандыру, терроризммен және есірткі саудасынмен күресу. Соңғы проблемамен германияняң үкіметі өте қам жейді. «Біз бұл салада неміс және кеңірек алсақ - еуропалық қолдауға сүйенеміз. »[1]
Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы саяси қатынастар оңынан құрылды. Қазақстан Германиядан өзінің Батыс Еуропадағы маңызды серіктесін көреді. Екі мемлекеттің арасында толық сенімділікті диалог өркендеді. Мамандар деңгейіндегі берілетін кеңес барлық пайда болатын мемлекет аралық проблемалардың масштабты және толық қаралуын қамтамасыз етеді. Жоғарғы және өте жоғарғы деңгейдегі екі жақты ресми сапарлар герман - қазақ ынтымақтастығының тереңдеуіне ықпал етті. Федералдық президент профессор д-р Роман Херцог 1995 жылы сәуірде мемлекеттік ресми сапармен бізде болды.

Ал 1992 жылы қыркүйекте, 1997 жылы қазанда және 2001 жылы қазанда Германия Федеративтік Республикасында ресми сапармен президент Нұрсұлтан Әбішевич Назарбаев болды. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі деңгейінде көптеген кездесулер өтті. Сыртқы істердің Федералдық министрі д-р Кинкель Қазақстанда 1996 жылдың мамыр айында болды, ал одан қызметті қабылдаған Йошка Фишер мырза 2001 жылдың мамырында келіп қайтты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz